Internet Explorer программасы Web-парақтарды қарауға арналған. Ол бейнелейтін ақпараттың дыбыстық жəне бейне сүйемелдеулерімен қоса парақтарды құрастырушылар жинақталған барлық жаңа мүмкіндіктерді қамтиды. Internet Explorer программасымен танысу үшін компьютерде Интернетпен байланыс орнатылуы тиіс.
Тақырыптан кейінгі жолда меню орналасқан. Менюдің көмегімен Internet Explorer
программасының кез-келген командасын таңдау мұмкіндігі бар.
Саймандар тақтасының төменгі жағында өзіңіз қарағыңыз келетін парақ адресін енгізуге арналған өріс орналасқан. Адрес енгізуге арналған өріс орнына Web -парақтарға бірқатар сілтеме бар тақтаны орналастыруға болады. Сілтеме (Ссылка) - бұл Интернет желісіндегі кандайда бір Web-парақтың адресі бекітілген белгіше. Сілтемелер тақтасын шығару үшін тышқан көрсеткішін Сілтемелер өрісіне орналастырып шерту қажет.
Қайтадан адрес енгізу өрісін шығару үшін Адрес өрісінде тышқанды шертеміз.
Қалып-күй қатары (Строка состояния) дəл сол мезетте Internet Explorer программасы орындаған эрекеттерді көрсетуге (индикациялауға) арналған. Internet Explorer -де кəсіби жұмыс істеу үшін осы қатардағы жазуды міндетті түрде дұрыс талдай білу қажет. Интернетпен жұмыс кезінде калып-күй қатарына акпараттар көзінің адрестері, күту режимі жөнінде, тапсырыс берген құжаттың дайындығы жəне басқа да пайдалы мəліметтер үнемі шығып тұрады.
Internet Explorer программасымен жұмыс істеудің негізгі принциптері
Интернет желісіндегі акпараттық ресурстарды іздеу жəне қарауды жеңілдету үшін Іпіегпеі; Ехріогег броузерімен жұмыс істеудің бірқатар тəртібін меңгеру қажет. Интернет желісін қарауды үй парағын, яғни Internet Explorer іске қосылған кезде ашылатын алғашқы парақтан бастауға болады.
Басқа параққа ауысу үшін осы парақгағы кез - келген сілтемені тандау қажет. Парақтың белгілі бір элементі сілтеме екендігіне көз жеткізу үшін оған тышқан көрсеткішін орналастырамыз. Сілтеме көрсеткіш орналасқан мезетте таңбаға (қолдың суреті) айналады да, қалып-күй қатарында сол сілтеме көрсететін ресурстың адресі шығады. Сілтеме - сурет, көлемді бейне немесе ерекшеленген мəтін болуы мүмкін. Сол мезетте навигатор терезесіндегі Web-парақ екпінді (активті) деп аталады.
Интернет ресурстарын қарау. Интернет желісінен қандайда бір ресурсты (мəліметті) алу үшін, адрестік қатарға оның URL адресін енгізіп, мысалы http://www.bilim.kz немесе ftp://ftp.ifmo.ru одан кейін Ауысу (Переход) батырмасын немесе Enter пернесін басу қажет.
Қажетті адрестер анықтамалықтан алынады немесе тұтынушының адрестер құрылымын өз түсінігі бойынша анықтау арқылы, əйтпесе Интернетте ақпаратты іздеудің арнайы құралдары көмегімен жасалады. Тұтынушы URL-ді адрестік қатарға енгізе бастағанда, қажетті адресті таңдап алуға мүмкіндік беретін соған ұқсас адрестердің тізімі беріледі. Ресурс адресі дəл сондай болмаса да, Internet Explorer ұқсас адрестердің ішінен қажетгісін іздеуді орындайды (соңынан түзетіп алу керек). Web-парақка ауысқан соң, оның ішінен нақты мəтінді Тузету (Правка) менюінен Осы парақтан табу (Найти на этой страннце) бөлімін таңдау арқылы тауып алуға болады.
Соңғы қаралған Web-парақтарды ашу. Қаралған парақтардың ішіндегі
соңғысына оралу үшін саймандар тақтасындағы Артқа (Назад) батырмасын, ал бұл батырманы басқанға дейінгі парақты қайта көру ушін Алға (Вперед) батырмасын шерту керек. Бұрында қараған бірқатар парақтардың тізімін шығаруға да болады. Ол үшін Алға немесе Артқа батырмасының тұсындағы төмен бағытталған бағыттауышты басу керек.
Үйдегі Web-параққа ауысу. Internet Explorer программасын іске қосқан кезде ашылатын параққа ауысу үшін Үйге (Домой) батырмасын басу жеткілікті.
Таңдалған парақтар тізімін Web-параққа ауысу. Таңдалған парақтар тізіміндегі қажетті Web-параққа ауысу үшін Таңдағандар (Избранное) батырмасын басу қажет.
Бұрын қаралған Web-парақтардың тізімін шығару. Соңғы кезде ашылған парақтарға сілтемелер журналда сақталып тұрады. Бұрын қаралған парақтардың тізімдерін шығарып оған жылдам ауысу ушін - Журнал батырмасын басамыз. Журналда сонымен бірге сол компьютерде навигатор көмегімен ашылған файлдар мен бумалар тізімі беріледі. Навигатор терезесінде қажетті Web-парақты көрсету үшін соған сəйкес сілтемеде тышқанды шерту жеткілікті.
Web-парақ ашылмаған жағдайда орындалатын əрекет. Web-парақтың ашылуын өте көп уакыт күту қажет болған кезде Тоқтату (Остановить) батырмасын басу керек. Web- парақты ашуға мүмкіндік жоқтығы жөніндегі мəлімет алу немесе парақтың соңғы нұсқасы жүктелгендігіне көз жеткізу үшін Жаңарту (Обновить) батырмасын басамыз.
Жиі оқылатын парақпен қатынас құруды жеңілдету. Қажетті Web-парақты қараған соң, оларға жасалған сілтемелерді келешекте сол парақтарды ашуды жеңілдету мақсатында сақтап қоюға болады. Қажетті Web-параққа көшетін сілтемені сақтауға мүмкіндік беретін үш тəсіл бар.
Web-параққа көшетін сілтемені - сілтемелер тақтасына қосу. Сілтемелер тақтасы адрестік қатардың тұсында орналасқандықтан, жиі қолданылатын Web-парақтарта жасалған сілтемелерді оған орналастыру ыңғайлы. Парақты шақыру үшін оған жасалған сілтемені таңдау жеткілікті. Парақты сілтемелер тақтасына қосудың біркеше тəсілдері бар:
Таңдалған парақтың белгішесін адрестік қатардан сілтемелер қатарына тасымалдау;
Web-парақтағы сілтемені сілтемелер тақтасына тасымалдау;
Сілтемені Таңдамалар (Избранное) тізімінен Сілтемелер бумасына тасымалдау;
Егер сілтемелер тақтасы жоқ болса, Түр (Вид) менюінен Саймандар тақтасы (Панель инструментов) командасын таңдап, Сілтемелер қатарында тышқанды шертеміз.
Үй парағын ауыстыру. Үй парағы – бұл Internet Explorer программасын іске қосқан сайын бірінші оқылатын парақ. Бұл парақтың тұтынушы жиі ұолданатын парақ болғаны абзал. Үй парағы ретінде кез - келген ақпаратты жылдам іздеп тауып алуға болатын, мысалы http://www.bilim.kz (Білім беру сұрақтарына қатысты Сорос-Қазақстан Қорының сайтын) парағын алуға болады.
Үй парағы үшін келесі əрекеттерді орындау қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |