Лабораториялық жұмыстар


Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру



бет7/7
Дата27.10.2022
өлшемі109 Kb.
#463512
1   2   3   4   5   6   7
Лаборатория-1

15. Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру

Жалпы геоморфологиялық карта әдетте ежелгі геоморфологиялық процестер арқылы қалыптасқан бедер пішіндерін қағаз бетіне бейнелейді. Ал, қазіргі геоморфологиялық процестер жоғарыда айтылғандай қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын процестер. Оларды картаға түсіру алдында ең алдымен бір жүйеге келтіріп жіктеу қажет.


Әр түрлі ұстанымдарға негізделген қазіргі физикалық-географиялық процестердің топтастырылуын көптеген зерттеушілер ұсынған еді.
Осы топтастырылулардың ішінде іс жүзінде ең көп таралғаны геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі. Бұл жіктелудің ерекшеліктерінің бірі – геоморфологиялық процестердің пайда болу себептерін, яғни генезисін тікелей көрсетеді және осы зиянды процестерге қарсы күрес жүргізу үшін тура бағаларын беріп, тиісті шаралар қолдануға мүмкіншілік туғызады(Э. Палиенко, 1978).
Қазіргі геморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі


Экзогендік прцестер
Үгілу (элювий және топырақ түзілу)
Делювийлік (алаңдық шаю және үйілу)
Гравитациялық (опырылу, жылжу, солифлюкация)
Флювийлік (тұрақты және уақытша ағын суларының эрозиялық және аккумуляциялық әрекеттері);
Жер асты сулары мен атмосфералық жауын-шашынның әрекетіне байланысты (карст, батпақтану, саздану, суффозиялық, шымтезек жиналуы)
Теңіздер мен көлдердің жағалық процестері (абразия және аккумуляция)
Эолдық процестер (дефляция, корразия, аккумулция)
Криогендік (аяздық үгілу, топырақтың бөртіп ұлғаюы және шөгуі)
Гляциалдық (мұздықтың экзарация мен лимногляциалдық аккумуляциялық әрекеті)
Флювогляциалдық (мұздық суларының эрозиялық және аккумуляциялық әрекеті)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет