Лабораториялық жұмыстар



бет1/7
Дата27.10.2022
өлшемі109 Kb.
#463512
  1   2   3   4   5   6   7
Лаборатория-1


Лабораториялық жұмыстар
І-Модуль.



  1. Жер бедерінің морфографиясы мен морфометриясы туралы түсінік.

Жер бедері пішіні биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер бетінің жекеленген көлемді категоиясы көлемді құрылым түріндегі жер бетінің тегіс емес бөлігін құрайды. Жер бедері пішіндері жәй, (төбе, жыра) және күрделі (жазықтық жота) болып бөлінеді. Олар әр түрлі көлемде: ұсақтан бастап планетарлық көлеміне дейін болады. Жер бедерінің ірі пішіндері күрделі болып саналады. Жер бедерінің оң және теріс пішіндері болады.


Оң пішіндері - бұл белгілі аумақтың орташа гипсометриялық деңгейінен көтерілетін жер бетінің дөңес беті (тау жотасы, шоқы, төбе, қырат және т.б.).
Жер бедері пішіндері - бұл қарастырылған аумақтың орташа гипсометриялық деңгейінен төмен орналасқан ойыстау келген жер беті (шұңқыр, өзен аңғары, жыра, карст шұңқыры және т.б.).
Жер бедері пішіндері жеке элементтерден – беттерден (тау, төбе, тау беткейі), олардың түйісу сызығнан (тау, төбе етегі) және нүктелерден (тау, төбе шыңы) тұрады.
Сондай-ақ элементтер де пішіндер тәрізді жәй және күрделі болып бөлінеді.
Жер бедерінің генетикалық типі бұл генезисі тұрғыдан бірдей жер бедерінің оң және теріс пішіндерінің заңды түрде үйлескен табиғат құрылысы (жер бедерінің мұздықты, эолды түрлері және т.б.).
Жер бедерінің элементтерін, пішіндерін, және типтерін зерттеудегі негізгі маңызды белгілер: морфологиясы, морфометриясы, генезисі және жасына байланысты жүргізіледі.
Морфография - жер беті бедерінің сандық сипаттамасын зерттейтін геоморфология саласы. Морфометрия – жер беті жер бедерінің сандық сипаттамасын зерттейтін геоморфология саласы. Морфографиялық және морфометриялық сипаттамалар – жер бедерін, жер бедерін құрушы процестерді сапалық және сандық бағалауда үлкен маңызға ие. Жер бедерінің бейнесінде оның пайда болуы мен жасының ерекшеліктері айқын көрініп тұрады, яғни жер бедері пішінінің сыртқы түрі бойынша біз олардың пайда болу уақыты мен генезисін анықтай аламыз. Жер бедерінің бұл қасиеті топографиялық карталарды талдауға аэрофотоматериалдарды, ғарыштан түсрілген суреттерді геоморфологиялық зерттеу.
2. Жер бедерінің құрылымдық негізі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет