Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар


- параграф. Автоцистерналарды құю-қотаруға



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#131183
1   2   3   4

6 - параграф. Автоцистерналарды құю-қотаруға

қойылатын талаптар
168. Автоцистерналарға арналған құю-қотару құрылғыларын алаңдарда (ашық немесе шатыр астындағы) орналастырады.

169. Автоцистерналарға арналған құю-қотару құрылғылары ғимарат алдында шұңқырлармен кемінде 6 м қашықтықта, шұңқырсыз қашықтық регламенттелмей орналастырылады.

170. Алаңның төгілген өнімнің агрессиялы әсеріне қарсы жабыны және авариялы төгілу кезінде өнімді жинауға арналған ойығы (жинағыш) болады.

7 - параграф. Құюға, өлшеп орауға, таратуға қойылатын талаптар
171. Құю, өлшеп орау, тарату климаттық жағдайға және өнім түріне байланысты ғимаратта немесе алаңда (ашық немесе шатыр астында) орналастырылады.

172. Құю, өлшеп орау, тарату үй-жайларын ЖТС мен ЖС және сорғылық үй-жай қоймаларымен қосуға рұқсат беріледі.

173. Үй-жай бір қабатты және құйылатын өнім түріне қарай оңашаланған секцияларға бөлінеді.

174. Ыдысқа сұйық өнімді құю өлшегіш құрылғылар (көлемдік, салмақтық) және сұйықтық есептегіштер көмегімен жүзеге асырылады. Құю орындары жақындатылған желдеткіш сорғыларымен, ал орау агрегаттары (камералар) жергілікті сорғылармен жабдықталады.

175. Тиеу және түсіру бойынша жұмыстарға ыңғайлы болу үшін құю орындары стационарлы сатылармен және пандустармен жабдықталған тиеу рампаларымен (ені 4,5 м және биіктігі 1,2 м кем емес) жабдықталады.

176. Құю үй-жайларында үй-жайды құрғақ жинау (трап құрылғысынсыз) қарастырылады.



8 - параграф. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды ыдыста сақтауға арналған қоймалық ғимараттарға қойылатын талаптар
177. ЖТС және ЖС ыдыста сақтау климаттық жағдайға және өнімнің физика-химиялық қасиетіне байланысты ғимаратта немесе алаңда (ашық немесе шатыр астында) қарастырылады.

178. Ғимарат бір қабатты және жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) әрбірінің сыйымдылығы ЖТС үшін 200 м3 артық болмайтын және жанатын сұйықтар үшін 1000 м3 артық болмайтын қоймалық секцияларға бөлінеді.

179. Бір қоймалық ғимараттың жалпы сыйымдылығы ЖТС үшін 1200 м3, ЖС үшін 6000 м3 аспайды.

180. ЖТС және ЖС бір уақытта сақтау үшін қоймалық ғимараттың сыйымдылығы ЖТС сақтау үшін 1 м3 ЖС үшін 5 м3 теңестірілетін есеппен анықталған сыйымдылық бойынша белгіленеді.

181. Қоймалық ғимараттарды өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен жабдықтау кезінде әр секцияның сыйымдылығын және бір ғимараттың жалпы сыйымдылығын стеллаждарға шикізат пен дайын өнімі бар (механикаландырылған төсем кезінде) тұғырықты алты қатарға дейін төсеумен үш есе үлкейтуге рұқсат беріледі.

182. Теміржол арту-тиеу рампалары үстінен арту теміржол осьін 0,5 м, ал автомобиль рампалары үстінен рапма шеттерінен кемінде 1,5 м жабады.

183. Тиеу-арту рампалардың кемінде екі ыңғайланған сатысы немесе пандаусы болады.

184. Тиеу-арту рампалары еденінің көлденең еңісі 1 % тең болып қабылданады.

185. Қоймалық ғимараттар мен рампалардың едендері жанбайтын материалдан жасалады.

9 - параграф. Спирттелген коллоксилин мен

құрғақ үгітілген пасталарды оның негізінде сақтау
186. Коллоксилин және құрғақ үгітілген пасталарды (бұдан әрі – ҚҮП) қоймалары тағайындалуы бойынша базистік және шығындық болып бөлінеді.

187. Коллоксилин және ҚҮП базистік және қоймалық қоймаларының ғимараттары бір қабатты.

188. Ғимараттар отқа тұрақтылығы 0,75 с шамасында өртке қарсы бітеу қабырғалармен жеке секцияларға бөлінеді.

189. Ғимараттар жабындарының ғимараттың әр секциясында құрылыс нормалары мен ержелеріне сәйкес жеңіл лақтырылатын бөліктері болады.

190. Ғимараттың әр секциясынан кемінде екі шығатын орны болады. 36 м2 дейінгі үй-жайлар үшін бір шығатын орын болуға рұқсат беріледі.

191. Күн жаққа шығатын ғимараттың терезелерінің шынысы күңгірт немесе ақ сырмен боялады. Терезелер алдына шыны бояу орнына күнқағар құрылғысына рұқсат беріледі.

192. Едендер ұшқын шығармайтын және шаңданбайтын материалдардан жасалады.

193. Базистік және шығындық қоймалардың жұмыс және авариялық жарықтандыруы болады.

194. Авариялық жарықтандыру ретінде жарылыстан қорғалған аккумулятор шамдарын пайдалану ұсынылады.

Қоймаларда электр желісінен қоректененетін қолмен тасымалданатын шамдарды қолдануға рұқсат берілмейді.

195. Базистік және шығындық қоймалардың ғимарат-қоймаларын, коллоксилинді өлшеп орайтын үй-жайларды жұмыстық жарықтандыру бұл үй-жайлардан тыс (ғимараттың сыртында) шыныланған терезе жақтаулар арқылы қабырғада орнатылған шамдармен жүзеге асырылады.

196. Жұмыс беттерінде жарықтандыру үлкендігі 5 лк кем емес.

197. Коллоксилин және ҚҮП қоймалары найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықталады.

198. Базистік қоймалар ғимараттары және шығындық қоймаларда сақтау үй-жайлары жылытылмайды.

199. Коллоксилинді өлшеп-ораудың шығыстық қоймасы жылытылады.

200. Бұл үй-жайларды жылыту ауалық, ауаның айналуына рұқсат берілмейді.

201. Коллоксилинді өлшеп-орау үй-жайында жылыту жүйесі ауа температурасын + 16°С қамтамасыз етеді.

202. Базистік қоймалар ғимараттары мен коллоксолин және ҚҮП шығыстық қоймаларын сақтау үй-жайларында жабында дефлектор орнатумен табиғи желдету және торлы шарбақ немесе терезе жақтаулары арқылы қамтамасыз етіледі.

203. Коллоксилинді өлшеп орау үй-жайында желдету механикалық. Бұл ретте ауа жоғары аумаққа беріледі. Үй-жайдың жұмыс аумағында ауаның жылжуы 0,3 м/с артық емес.

204. Үй-жайда ауа алмасудың қысқалылығы:

коллоксилинді өлшеп орау – 3 - 4 кр/с;

коллоксилин мен ҚҮП сақтау – 1 - 1,5 кр/с.

205. Коллоксилинді өлшеп орау орындары ұшқын пайда болудан жоғары қорғаныспен орындалған аспирационды жүйемен жабдықталады.

206. Базистік қоймалар коллоксилин мен ҚҮП қабылдауға, оларды сақтауға және шығын қоймаларына беруге арналған.

207. Базистік қоймалар жеке тұрған қоршалған бөліктерде орналасады.

208. Базистік қоймалардан елді мекен (ауыл, қала) шекарасына дейін сыртқы қауіпсіз қашықтық, адамдардың көп жиналатын орындары:

коллоксилин немесе коллоксилин мен ҚҮП бірге сақтау қоймасы үшін – 1500 м кем емес;

ҚҮП қоймасы үшін – 1000 м кем емес.

Өндірістік құрылыс үшін:

коллоксилин мен ҚҮП қоймасы үшін – 600 м кем емес.

Үйілу болған кезде көрсетілген қашықтық екі есеге қысқарады.

209. Базистік қоймаларды сақтау ғимараттарынан көмекші тағайындаудағы ғимаратқа дейін барынша аз қауіпсіз қашықтық:

адамдар үнемі жиналатын ғимараттар қойманы қоршау аумағынан – 200 м кем емес;

адамдар үнемі жиналмайтын ғимараттар – 50 м тыс орналасады.

210. Базистік қойма аумағында теміржол торабының тұйығы құрылғысына рұқсат беріледі.

Жақын маңдағы сақтау ғимараты қабырғасынан тұйық торап шекарасына дейінгі қашықтық 15 м кем емес.

211. Тұйық тораптың соңында металл және тас заттармен соғылған кезде ұшқын шығармайтын жабындармен тиеу алаңдары - рампа құрылғысы қарастырылады.

212. Базистік қоймаларда сақтау нормалары бір сақтау ғимаратында ұйымның жиырма тәуліктік қажеттілігінен артық болмай құрайды: коллоксилин – 200 т немесе ҚҮП –500 т.

213. Бір сақтау ғимаратында, бірақ өзара өртке тұрақтылық шамасы 0,75 с өртке қарсы бітеу қабырғалармен бөлінген әр басқа секцияларда бір уақытта сақтаудың рұқсат берілетін нормасы: коллоксилин – 100 т; ҚҮП – 250 т.

214. Әр секцияда сақтау нормасы: коллоксилин – 50 т; ҚҮП – 125 т аспайды.

215. Шығын қоймалары коллоксилин мен ҚҮП-ді базистік қоймадан қайта ыдысқа салу және тұтынушы цехқа жіберу үшін қабылдауға арналған.

216. Шығын қоймалары ұйым аумағында жеке тұрған ғимаратта орналасады.

Шығын қоймаларының ұйым аумағынан тыс орналасуына рұқсат беріледі.

217. Базистік қоймадан шығындыққа түсетін коллоксилин мен ҚҮП түсіру үшін шығын қоймасынан 15 м кем емес қашықтықта орналасқан алаң қарастырылады.

218. Коллоксилин мен ҚҮП сақтау нормасы шығын қоймаларды ұйымның екі тәулікті қажеттілігінен артық емес және коллоксилин үшін – 25 т, ҚҮП үшін – 60 т аспайды.

219. Коллоксилин мен ҚҮП шығын қоймаларын бір ғимаратта бұғаттауға мынадай шартта рұқсат беріледі:

әрбір материалды сақтау өзара өртке тұрақтылық шамасы 0,75 с өртке қарсы бітеу қабырғалармен бөлінген әр түрлі секцияда жүргізіледі;

әр материал үшін қайта ыдысқа салуға жеке үй-жай қарастырылған.

220. Шығын қоймаларынан сырттай қауіпсіз қашықтықтар.

Елді мекен (ауыл, қала) шекарасына, адамдар үнемі жиналатын орындарға дейін:

коллоксилин қоймасы үшін – 800 м;

ҚҮП қоймасы үшін – 300 м.

Жеке тұрған тұрғын, қоғамдық және өндірістік шаруашылық ғимараттар мен құрылыстарға дейін:

коллоксилин қоймасы үшін – 500 м;

ҚҮП қоймасы үшін – 200 м.

221. Шығын қоймалары ғимараттары және зауыттың өндірістік ғимараттары мен құрылыстары арасындағы сақтаудың бір уақытылы қорына байланысты барынша аз қауіпсіз қашықтық:

коллоксилин үшін (25 т артық емес) – 50 м;

ҚҮП үшін – (60 т артық емес) – 50 м.

Қойма ғимараттары алдындағы үйілу құрылғысы кезінде 220 және 221- тармақтарда көрсетілген қашықтық екі есеге қысқарады.

222. Шығын қоймаларынан қосымша ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі барынша аз қауіпсіз қашықтық.

Жеке тұрған асхана, медициналық пункт, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар және басқаларға дейін:

коллоксилин қоймасы үшін – 100 м;

ҚҮП қоймасы үшін – 50 м.

өндірісішілік теміржолға дейін – 15 м.

өндірісішілік автожолға дейін – 10 м.

223. Колоксилин өндірістік ыдыстан түсірілетін, қопсытылатын және аралық ыдысқа резеңке қаптарға немесе резеңкелі матадан жасалған қаптарға салынатын коллоксолиннің шығын қоймасы құрамында ыдысқа қайта салатын жылытылатын үй-жайы (бөліп орау) қарастырылады.

224. Ыдысқа қайта салу үй-жайында коллоксолинді қапта бір артуда бір технологиялық аппаратта, бірақ 1 т артық болмай сақтауға рұқсат беріледі.

225. Өлшеп орау үй-жайында және коллоксолин мен ҚҮП қоймасында соғу кезінде ұшқын шығаратын затты пайдалануға рұқсат берілмейді.

226. Коллоксилинді қопсыту үшін ағаш қопсытқыштар пайдаланылады.

227. Коллоксилинді ашық ыдыста қысқа уақытта да сақтауға жол берілмейді.

228. Бос ыдыс коллоксилиннің қалдығынан тазартылады, дымқыл шүберекпен сүртіледі және жабық күйінде бөлінген алаңдарда сақталады.

229. Колоксилинді ыдысқа салу аяқталған соң, барлық жабдықтар (аспап, шұңғыма, торлы жәшік және т.б.) тазаланады, дымқыл шүберекпен сүртіледі және бөлінген орынға орналастырылады.

230. Статикалық электр зарядтарын разрядтау кезінде ұшқынданудың алдын алу үшін қоймалар мен бөліп орау үй-жайларының едендері үнемі сумен дымқылданады.

231. Коллоксилин және ҚҮП дайындаушы талабына сәйкес оралған жеткізушы қоймасында ыдыста сақталады.

232. Мырышпен қапталған қораптар мен торкөздерге салынған коллоксилин үш қабатты ағаш стеллаждарда сақталады. Бұл ретте ыдыс әр сөренің биіктігі бойынша бір қатарға және ені бойынша екі қатарға орналастырылады.

233. Коллоксилинді қорапта және үш қабатты штабель торкөзде, әрбір қатары ағаш төсеуішті екі қабатты штабель бөшкелерде сақтауға рұқсат беріледі.

234. Коллоксилині бар қораптар торкөзде стеллаждар мен штабельдер арасындағы өтетін жерлерге қақпағымен қаратылып орналастырылады.

235. Қоймалардағы жұмыстар үшін жарылыстан қорғалған орындауда электркарлар мен электр артқыштар және қол арбалар пайдаланылады.

236. Коллоксилин мен ҚҮП тасымалдау үшін алдыңғы тұншықтырғышпен жабдықталған автомашиналар пайдаланылады.

237. Базистік және шығындық қоймалар үй-жайы, сонымен қатар бөліп орау бөлімдері қосалқы қолмен іске қосқышы бар, автоматты сумен істейтін дренчерлі қондырғылармен жабдықталады.

238. Автоматты дренчерлі қондырғы жарылыстан қауіпсіз орындауда автоматты өрт дабыл бергіші көрсеткішімен бұғатталады.

239. Қоймалар үй-жайының сыртқы қабырғаларында электрлік өрт дабылдамасын қолмен хабарлағыштар орнатылады.

240. Базистік қоймалар тәулік бойы күзетіледі.

241. Қоймаларда өткізу режимі орнатылады және қорғаудың техникалық құралдарымен (қоршау, жарықтандыру, байланыс, дабылдама) қамтамасыз етіледі.



10 - параграф. Органикалық тотықтар мен

сутегі тотықтарының қоймасы
242. Теміржол цистерналарынан изопропилбензол гидрототығын құю соған арналған эстакадаларда жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайлар да ғана гиперизді ЖТС пен ЖС арналған эстакадада құюға рұқсат беріледі; бұл мақсаттар үшін арнайы жабдықталған құю құрылғысы пайдаланылады.

243. Авариялық төгілу кезінде гиперизаны жинау үшін эстакада астына төгілген гиперизді сорғымен резервуарға айдайтын немесе пайдаланатын шұңқыр немесе жинағышы бар тұғырық орнатылады.

Жабын материалы гипериздің агрессивті әсеріне қарсы төзімді және оларға гипериза түскен кезде жарылыс пен тұтануды болдырмайды.

244. Гиперезбен жұмыс істеу кезінде құю-қотару операциялары, сақтау және құбыр өткізгіш бойынша айдау кезінде пайдаланылатын жабдықтың тазалығына қойылатын талаптар сақталады. Қышқыл, сілті және кейбір металл (мыс, темір, қорғасын) және оның тотықтары іздерінің болуы жарылыспен ілесетін гиперизаның қатты жайылуын тудырады.

245. Гиперизаны құю ағызу бөлігі таттанбайтын болаттан жасалатын сорғылармен жүзеге асырылады. Гиперизаны құюға арналған сорғылар сорғылықта орналастырылады. Сорғыны құю эстакадасы астына сорғы астында, сорғы үстінде тұғырық болу шаралары сақталған кезде орнатуға рұқсат беріледі.

246. Гиперизді жер үстілік те, сол секілді жер астылық та сыйымдылығы 60 м3 артық емес, оттың алдын алғыштармен, тыныс алу клапандарымен, деңгей мен температураны тіркеуге арналған аспаптармен, өнім деңгейі мен температурасы артқан кездегі дабылдама құралымен жабдықталған резервуарларда сақтайды.

247. Ыдыстар мен құбыр өткізгіштер:

гипериза үшін 12Х18Н10Т, 08Х18Н10Т, 08Х22Н6Т маркалы таттанбайтын болаттан;

сутегі тотығы үшін алюминийден дайындалады.

248. Гиперизді сақтауға арналған резервуарлар тұғырықта орнатылады және тікелей күн сәулесі мен атмосфералық қалдықтардың түсуінен қорғалады.

Сыртқы ауаның барынша жоғары температурасы + 40°С және одан жоғары көтерілуі мүмкін климаттық аудандарда резервуарларды сырттай суыту қарастырылады.

Сутегі тотығын + 30°С жоғары болмайтын температуралы қоймалық үй-жайларда немесе ашық алаңдарда изотермиялық құрылғылы өнім температурасын + 30 °С жоғары және – 30 °С төмен болмайтын температураны қамтамасыз ететін алюминий ыдыстарда сақтайды.

249. Гиперизді ыдысқа құяр алдында оны сүзгіден өткізу арқылы алдын ала механикалық қоспалардан тазаланған азотпен үрлейді.

250. Қоймада сақтағыш ыдыстың барынша көп сыйымдылығынан кем болмайтын авариялық ыдыс қарастырылады.

251. Органикалық тотықтарды ыдыста сақтау осы мақсатқа арналған жеке тұрған ғимараттарда жүзеге асырылады.

Тотықтар қоймасы тотық ерітіндісін дайындау, құю және бөліп орау үй-жайымен бұғатталады.

252. Әртүрлі топтар мен түрлі тотықтарды сақтауға әр түрлі сақтау ғимараттарында немесе бір ғимараттың өзара өртке қарсы бітеу қабырғаларымен бөлінген әр түрлі секцияларында ғана рұқсат беріледі.

253. Органикалық тотықтарды сақтау:

тұғырларда – бір қатарда;

стеллаждарда – шыны бөтелкеде еденде бір қатарда сақталатын бензоил тотығынан басқа, үш қабаттан артық болмай жүргізіледі.



6 - тарау. Технологиялық процесстерді автоматтандыру және бақылау жүйелері

1 - параграф. Жалпы талаптар
254. Сенімділік, жылдам әрекет ету бойынша, өлшеу жүйелерінің рұқсат берілетін деңгейі және басқа техникалық сипаттарымен бақылау, басқару, байланыс жүйесін таңдау технологиялық процесс ерекшелігін есепке алумен жүзеге асырылады. Таңдалған жүйелердің оңтайлылығы жобалық құжаттамада негізделеді.

255. Электр құралдары мен бақылау және басқару, өндірістік үй-жайлар мен сыртқы қондырғылардың жарылыс қауіпті аумақтарын жарықтандыру мен байланыс жүйесі элементтерін орналастыру, сыртқы қабықты қорғау деңгейі электр қондырғы құрылғысына қойылатын талаптарға сәйкес болады.

256. АТЖ бойынша пайдаланылатын автоматтандыру құралдары технологиялық регламентте көрсетіледі.

257. Бақылау, басқару, байланыс және жарықтандыру жүйесі олардың функционалдық тағайындалуы, орналасқан қорғаныс үлкендігі, бақыланатын өлшемдердің мәні нақты көрсетілетін жазбалар енгізумен таңбаланады.

258. Пайдалануды қауіпсіз деңгейде ұстау және бақылау, басқару, байланыс және жарықтандыру жүйелерін жөндеу бойынша, қауіпсіздік талабын сақтауды қамтамасыз ету бойынша, өндірістік бақылау туралы ережемен, міндеттер мен техникалық қызметтер (механикалық, энергетикалық, технологиялық, БӨАжА және басқалар) арасында жауапкершілік шекарасын бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

2 - параграф. Технологиялық процессті басқару жүйелері
259. Есептеу техникасы құралдары базасында технологиялық процесстерді автоматты басқару жүйесі:

процесс параметрлерін тұрақты бақылауды және олардың регламенттелген мәндерін ұстау үшін тәртіпті басқаруды;

объект аумағында ауа ортасының жағдайын тұрақты бақылауды;

өлшемдердің критикалық мәнге қарай өзгеруіне тұрақты талдау және болуы мүмкін аварияны болжауды;

авариялық жағдайды жайылтпау құралдарының әрекеті, оңтайлы басқару әсерлерін таңдау мен жүзеге асыруды;

авариясыз түсу операциясын, тоқтау және технологиялық объектіні қайта іске қосуды жүргізуді;

басқарудың жоғары тұрған жүйесіне объектіде қауіпсіздік жағдайы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

260. Технологиялық процессті басқару жүйелері олардың технологиялық процесстің қалыпты жүрісінің бұзылуында тосын және қысқа мерзімде сигналдың, сонымен қатар резервтік немесе авариялық электрмен қоректендіру көзіне қайта қосу жағдайында іске қосылуын болдырмайды.

261. Сыйымдылығы 0,63 м3 артық ЖТС бар ыдыстық аппаратура кемінде екі деңгейді көрсеткішпен жабдықталады, оның біреуі жоғары шекті деңгей сигналына арналған.

3 - параграф. Газды талдаудың автоматты құралдары
262. Өндірістік үй-жайларда газдануды бақылау үшін шекті рұқсат берілген деңгейден арту туралы дабылдамамен автоматты газды талдау құралы қарастырылады. Бұл ретте барлық газдану жағдайы тіркеледі.

263. Көрсеткіштерді немесе алынған аспаптарды орнату орындары мен саны жобамен анықталды.



4 - параграф. Бақылау және басқару жүйелерін

энергетикалық қамтамасыз ету
264. Электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша электр қабылдағыш санаты жобамен анықталады.

265. Бақылау және басқарудың пневматикалық жүйесі үшін қысылған ауаның жеке желілері және қондырғылары қарастырылады.

266. БӨА жА жүйесі үшін ауа шаңнан, майдан, дымнан тазартылады.

Қысылған ауа сапасы технологиялық регламентке сәйкес болады.

267. Қысылған ауаның қоректендіру желісінің бақылау және басқару жүйесін компрессор тоқтаған кезде кемінде 1 с бойы ауамен қамтамасыз ететін буферлі ыдыстары немесе резервті авариялы іске қосатын (бұдан әрі – РАІҚ) құрылғысы бар резервті компрессоры болады. Қысылған ауаны тағайындалмауы бойынша пайдалануға рұқсат берілмейді.

268. Цехқа кірер кезде қысылған ауаның ластануына талдау жасау үшін сынама алу құрылғылары қарастырылады.

269. Технологиялық блоктарды басқару үй-жайлары және ауаны сығымдау қондырғылары қысылған ауа қысымының түсуі туралы жарықтық және дыбыстық дабылдамамен жабдықталады.

270. БӨА жА жүйесі қоректендіру үшін инертті газды пайдалануға рұқсат берілмейді.



5 - параграф. Бақылау және басқару жүйелерін

метрологиялық қамтамасыз ету
271. Бақылау, басқару және АҚҚ жүйесіне кіретін өлшеу құралдары және ақпаратты өлшеу жүйелері (бұдан әрі – АӨЖ) сыналуға және тексерілуге (калибрленуге) жатады.

6 - параграф. Басқару үй-жайлары мен талдау үй-жайларын орналастыру және құрылғылары
272. Басқару және талдау үй-жайлары жарылыс қауіпті аумақтан тыс жеке орналасады. Сәйкес негіздеме кезінде жекелеген жағдайда оларды жарылыс қауіпті аумақ ғимараттарына тіреуге рұқсат беріледі. Бұл ретте:

оларды жарылыс қауіпті үй-жай үстіне (астына) орналастыруға;

химиялық белсенді және қауіпті орталы: дымқыл процесстермен үй-жайларымен;

ағынды және сору желдету камераларымен;

технологиялық процессті басқару жүйесімен байланысты емес жабдықтар мен басқа да құрылғыларды орналастыруға;

құбыр өткізгіштерді, ауа өткізгіштерді, басқару үй-жайларынан кабельдерді транзитті төсеуге;

булы немесе сулы жылыту құрылғысына;

өрт су құбырларын, импульсті желі және басқа жанатын, жарылыс қауіпті және зиянды өнімдері бар құбыр өткізгіштерді енгізуге рұқсат берілмейді.

273. Басқару үй-жайы келесі талаптарды қанағаттандырады:

басқару үй-жайында терезелер ашылмайтын;

басқару щиттері артындағы шамдардың жеке ажыратқыштары және ашалы розеткалары болады;

ауалық жылыту және ауаны баптандыруға арналған қондырғылары (негізгі жағдайларда электронды аспаптары жоқ басқару үй-жайларында сумен жылыту құрылғысына рұқсат беріледі) болады;

басқару үй-жайына берілетін ауа газдан, будан және шаңнан тазартылады және технологиялық регламентке сәйкес болады;

басқару үй-жайының едендері жылы, электр желілі емес;

өрт сөндіру құралдарымен және жүйелерімен қамтамасыз ету жобаға сәйкес;

өндірістік үй-жай және орнату аумағының газдануы туралы жарықтық және дыбыстық дабыл бергіш қарастырылады.

274. Талдау үй-жайы келесі талаптарға сәйкес болады:

1 м3 үй-жай көлемінің 0,05 м2 кем емес шыныланған ауданы немесе осындай көлемді жеңіл лақтырылатын жабыны болады;

Талдау үй-жайының көлемі және желдету жүйесінің техникалық сипаттамасы үй-жайда 1 с шамасында шығынды шектегіш болған кезде оның ғимараттағы санына және осы өнімдердің қысымына тәуелсіз талдаудың бір түтігінің толық жарылған кезінде талданатын өнімнің жарылыс қауіпті шоғырлануы пайда болуын болдырмайтын шарттан анықталады; негізгі (жұмыс) желдетуден басқа бұл шартты жабдықтау мүмкін болмаған кезде үй-жайда газдану жағдайында, жұмыс желдеткіші тоқтаған (ажыратылған) жағдайда автоматты іске қосылатын үй-жайда резервті немесе авариялы желдету жүйесі қарастырылады.

275. Талдау үй-жайларына талдау жұмысы үшін қажет етілетін қысымнан жоғары сынама алу түтіктерін енгізуге рұқсат берілмейді.

Сынама алу құрылғыларындағы шығын мен қысымды шектегіштер талдау үй-жайынан тыс қауіпсіз орындарда орналастырылады.

Талданатын заттар таладудан кейін техгнологиялық жүйеге қайтарылады немесе пайдаланылады.

276. Тексеру газдары мен қоспалары, газ тасымалдағышы, эталондары бар баллондар құрылғыға және қысыммен жұмыс істейтін ыдысты қауіпсіз пайдалану мен құрылғыға қойылатын талаптарға сәйкес болады.

Оларды талдау үй-жайларында орналастыруға рұқсат берілмейді.

Баллондарды пайдалану, сақтау, орналастыру орындары мен тәртібі жобамен анықталады.

277. Талдау үй-жайларында адамдардың үнемі болуына рұқсат берілмейді.




7 - параграф. Байланыс және жарықтандыру жүйелері
278. Жарылыс қауіпті технологиялық объектілер байланыс жүйесімен жабдықталады. Байланыс орнатылатын өндірістік құрылымдар, байланыс түрі жобамен анықталады.

8 - параграф. Бақылау және басқару, байланыс

және жарықтандыру жүйелерін пайдалану
279. Өндірістік персонал тарапынан бақылау және басқару жүйесін дұрыс пайдалануға бақылау орнатылады.

280. Жабдықтың ақаулы немес ажыратылған бақылау және басқару жүйелерімен жұмысын және технологиялық процесстерді жүргізуге рұқсат берілмейді.

281. Ұйымның техникалық жетекшісінің немесе осыған ұйымның техникалық жетекшісімен уәкілденген инженерлі-техникалық жұмыскерлер тұлғасының жазбаша рұқсатымен техникалық регламентпен немесе жобамен анықталған сөндіру мерзіміне тек күндізгі уақытта жекелеген өлшемдер бойынша қорғанысты қысқа мерзімге сөндіруге рұқсат беріледі. Бұл ретте технологиялық процесстің қауіпсіздігін және жұмыс өндірісін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралар, жұмысты ұйымдастыру жобасы өңделеді.

Алдын ала дабыл беруді сөндіруге бұл жағдайда рұқсат берілмейді.

Технологиялық процессті автоматты басқару жүйесінде қолмен бұғаттауға рұқсат берілмейді.

282. Бақылау және басқару жүйесінің элементтерін ауыстыру кезеңіне қолмен істеу тәртібінде процесс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар мен құралдар қарастырылады.

Жобада, технологиялық регламентте қолмен істеу тәртібінде басқаруға рұқсат берілмейтін процесс сатысы немесе жекелеген өлшемдер анықталады.

283. Ауысымдық технологиялық персоналға жекелеген аспаптар мен автоматтандыру құралдарын тек автоматты сөндіруге технологиялық регламентке сәйкес рұқсат беріледі.

Бақылау және басқару жүйесін жөндеу мен реттеуді БӨАжА қызметінің жұмыскерлері жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет