Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


«Мен ештеңе таңдамаймын» немесе мен



Pdf көрінісі
бет42/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

«Мен ештеңе таңдамаймын» немесе мен
неліктен шешім қабылдауым керек?
Мынадай бір əзіл бар. Балалар ойнайтын алаңда ерекше бір диалогқа
куə болдым. Анасы өзінің төрт жасар ұлына дауысын көтеріп:
– Сен қазір ойыншықтарыңды дереу жинайсың да үйге барасың
немесе бір апта тырп етпей үйде отырасың!
Баласы өз ісінен бас көтерместен:
– Мен ешқайсысын таңдамаймын, – дей салды.
Бұл жайт – ешқандай шешім қабылдамайтын кейбір сəтте күлкілі
естілер, бəлкім. Алайда шынайы өмірде бəрі де басқаша.
Əрине, сіздің айналаңызда шынымен спортзалға барғысы келетін, өзі
сүймейтін жұмысын ауыстырғысы келетін, өздерінің мақсат-мұратын
күл-талқан қылар қарым-қатынастан құтылуды қалайтын достарыңыз
бар, бірақ... Олар мұны жасамайды.
«Мен əлденені қалаймын» – бұл жігерлендіретін сөз емес. Жақсы
жігерлендіретін сөз – «Мен таңдаймын!» деген ұстаным.
Мен қазір сізге спорттық азық-түлік сататын дүкенде жұмыс істейтін,
бірақ əрқашан фитнес жаттықтырушысы болғысы келетін досым Света
туралы əңгімелеп беремін.
Ол өз кезегінде керемет нəтижелерге қол жеткізді жəне басқаларға да
жəрдемдескісі келді. Десе де, Света өзгеруді таңдаған жоқ. Ол бір
өзгерісті қажет етті, бірақ бұны ол жүзеге асырмады.
Күн сайын ол 12 сағатын жаны сүймейтін дүкенде өткізіп, іштей
қапаланатын, өйткені досым өзін тыныс тарылтар тұңғиықтың ішіне
батып бара жатқан жандай сезінетін. Əңгіменің не жайында баяндалып
жатқандығын білесіз бе? Əрине білесіз.
Сіз ақша үшін таңертеңнен кешке дейін өзіңіз қаламайтын жұмысты
жасайсыз. Сол жұмысты сүймегендіктен осы бір ғана күннің өзі сіздің
бар қуатыңызды түтікшемен тартқандай сорып алады. Бұдан кейін сіз
кешке «көмірсуға толы қуанышты» алу үшін бірнеше шоколад жегіңіз
келеді. Содан соң бар қиындықты ұмытып кетуге көмектесетін сүйікті
сериялыңызды тамашалайсыз. Сосын ұйықтауға жатасыз, бірақ
жатпастан бұрын оятқышты ойыншық қып, əлеуметтік желілердегі
парақшаларды қарап шығасыз (Бірақ мен бір кездері осылай өмір
сүрдім. Абақты, бұл – нағыз абақты. )


Тумблер «таңдау/ таңдамау»
Өзгеру туралы шешім қабылданбаса, сіз бір нəрсенің жетіспейтіндігіне
назар аудара бастайсыз. Мысалы, сіз: «жұмыста тек бəрі жаман, ұзақ
бөгеліп отыруым керек, бастық болса – арамза біреу. Демалыс күндері
де бітпейтін жұмыс болғандықтан да басқа ештеңеге уақыт қалмайды.
Бұл – тар қапаста қамалудың бір түрі» деп ойлайсыз.
Айтпақшы, егер ұзақ уақыт бойы осы жайттарға бас қатырыла беретін
болса, аурудың ауылы алыс емес екенін ұмытпаңыз! Оның үстіне, бұл
қарапайым тұмаудың да, кез келген жерден жалмап алар аты жаман
аурудың да түрінен болуы ғажап емес. Мəселен, менің бір досым ұзақ
мерзімді демалысынан кейін жұмысқа барғысы келмегендігінен болар
əйтеуір арқасын «жарақаттап», тағы екі апта жатты.
Жаның сүймейтін жұмыста темекі қорабындағыдай: «Ерте
қартайтады», «Ұнамсыз жұмыс азапқа барады», «Жақтырмас жұмыс
өлтіріп тынады». Бұны «Өзін-өзі жоқ қылу» деп жазу керек-ау.
Қайталап айтамын: «таңдау емес» дегеніміз – əлдене сізге сай болмаса
да, сіз басқа жағдайдың орын алмауы үшін соған көнесіз. Өмірімнің
еш мəні жоқ деп құлазып жүргенде, сіз бұл фактіні немен растауға
болатынын іздейсіз.
Өзгерту туралы шешім қабылдағанда, сіз өз жағдайыңыздан «ақ
дақтарды» іздей бастайсыз. Біртіндеп олардың саны арта береді. Кім
қаласа амалын табар еді. «Кімнің қалауы жоқ болса, сылтауын іздейді»
деген нақыл осыған қаратып айтылған.


Сенім мен ми жұмысының серпілісі
Мен сенім серпілісі жайында əлдеқашан жазғам. Бұл – сіздің ешқандай
кепілдігіңіз болмаса да, жаңа өмірге «секіріс» жасап, бəрі жақсы
болады деген сенімде болуыңыз.
Сенімнің бұл серпілісін супермаркеттегі кəдімгі автоматты есіктермен
салыстыруға болады. Сіз тоқтап тұрғанда есіктер жабық. Енді алға
қадам жасауыңыз керек. Сонда автомат жұмыс істейді де, жабулы
тұрған есіктер алдыңызда айқара ашылады.
Осы сезгіш автомат – біздің таңдауымыз болуы керек. Ал əзірге сіздің
басыңыздағы тумблер іске қосылмаса, сіз тек жабық есіктерді ғана
көретін боласыз.
Айтпақшы, бұл механизмдердің бəрі дерлік мидың көзқарасы
бойынша өте оңай түсіндіріледі. Біздің миымыз – көп іске
машықтанған мүше жəне «еріншектеу» ерекше құрылым. Нақтылық
болмаса, оны бір нəрсе жасауға мəжбүрлеу қиын. Бізде таңдау пайда
болған кезде, қараңғыдан жарыққа жетелегендей ми реокустық
бағдарламаны негативінен бастап, қиындықтан шығар мүмкіндіктерді
іздеуді бастайды. Осы тұста бізге энергия келеді. Түрлі жағдайда
нақты шешім қабылдау арқылы сіз əрқашан алдын-ала қуат көзін
аласыз.
Міне, бұл туралы Гете былай дейді:
Өзіңіз толық шешім қабылдағанға дейін, сізге күмəн атты кесел
кедергі жасайды. Ал сіз осы кезде кез келген жағдайда кері қарай
бұрылуға мүмкіндік бар екенін еске аласыз. Тиісінше, бұл сізге тиімді
жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Алайда ниетіңізді түзу қып, өз
жұмысыңызға бар ынтамен кіріскіңіз келсе, бар мүмкіндік сіздің
тарапта деуге болады. Десе де, бастапқы кезде қолыңызға алған істе
орын алуы мүмкін емес болған жайттар кездесе бастайды... Бастысы
не нəрсеге қабілетті болсаң да, нені армандайтын болсаң да, оны
ақырындап жүзеге асыра баста. Батылдық бойыңа қуат сыйлайды, иə?
Расында, батылдық сенің қарқыныңның қарыштап, үдей түсуіне сеп
болады. Ендеше, қимылда!
Светаның жағдайы не болды? Оның оқиғасы қалай аяқталды? Ол екі
жыл «таңдаусыз» жұмыс істеді жəне соның іштей зардабын тартты.
Содан кейін, əдеттегідей, өзі батқан тұңғиықтың түбіне жеткенде
қазіргі өмірінің еш мəні жоқ екенін түсінді.


Ақырында, оның жұмыстан қолы қалт еткенде адамдарды салауатты
өмір салтын ұстауға үйрететін мағлұматтарды оқи алатындығына көзі
жетті. Сол кезде небəрі үш айдан кейін өзі істейтін дүкенге келуші
тұтынушылар оның көп нəрсені білетінін байқап, Светадан
жаттығулар мен тамақтану жоспарын қалайша дұрыс құруға
болатындығын сұрай бастады.
Содан кейін мекеме басшысы тұтынушылар Светаны қалай жақсы
көретінін байқап, күтпеген жерден оған өзіне ыңғайлы кесте жасауға
мүмкіндік берді. Бұдан соң оның клиенттерін спортзалға апаратын бос
уақыты болды. Тағы алты айдан кейін тұтынушы адамдар жақсы
нəтижеге қол жеткізді. Əрине, бұл жаңалық олардың достарының да
қызығушылығын оята бастады. Сөйтіп, ауыздан-ауызға тараған
«керемет көрсеткіш» – Светаның алдына көп адамды шақырусыз алып
келді. Ол осылайша қызметінен босай алды.
Түйін: Екі жылдық құлазу мен «таңдаусыз шешім». Жағдайды өзгерту
үшін бір жарым минут жұмсап, кез келген мүмкіндікті пайдалана
отырып, Мюнхгаузенше айтқанда, «батпақтан шашты тартқандай»
өзіңді кез келген қиындықтан алып шығуыңа болады. Таңқаларлық
ештеңе жоқ. Жай ғана Света қабылдаған шешімнің нəтижесі. Бұл
қажет қасиеттерді күшейте түсуге мүмкіндік берді.
Осы орайда мен сізге белгісіз бір автордың мына бір сөзі туралы
ойлануға кеңес беремін: «Егер сіз шешім шығаруды кейінге
қалдырсаңыз, онда сіз бəрін түк өзгеріссіз бұрынғы қалпында
қалдыруға шешім қабылдадыңыз».
Аз-кем мотивация. Бұл өз-өзіне сенбейтіндерге арналған
ақпарат.
Шабытымды шарықтататын Эрик Ларсеннің «Өзін-өзі аямау» атты
кітабында айтқан мына əңгімесі маған қатты ұнады.
Мен Қарулы Күштерде қызмет етуге келгенімде, менің алғашқы
сабақтарымның бірінде əскери авиация мектебінің офицері тақтаға
бормен тік сызық сызды.
Төменгі жаққа ол 0 цифрын жазды. Содан кейін жоғарғы тұсқа
масштабты белгілеп, бөліктерді өсу тəртібі бойынша нөмірледі.
Максимум онға дейін жазды.
Ол 4 қатарға нұсқап: «Сіз мұны осыншалық көп жасай аламын деп
ойлайсыз», – деді.


Содан кейін ол саусағын 2-ге тигізді: «Аяулы анаңыз сізді соншалықты
қабілетті деп санайды».
Ол тағы да 7 нөмірін көрсетіп: «Біз офицерлер сіздің бұдан əлдеқайда
деңгейі жоғары көп іске дайын екеніңізді білеміз», – деді де, бізге
қарап тұрып: «Ақиқаты осы», – деді саусағы 10-ды нұсқап кілт
тоқтаған офицер. Сіз расында тіпті, ойыңызға кіріп-шықпайтын біраз
нəрсеге қабілетті екеніңізді біліңіз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет