7.
Іс тамамдалды. Жаман емес болған секілді, бірақ мен ойлағаннан да жақсы шығыпты.
Осындай жағдайдың жиі қайталанатынына келісесіз ғой? Жиһаз
жарнамаларында
айтқандай, «Бұл – бітті деген сөз емес!» Əркез есте
сақтау керек тағы бір кезең бар. Біз бұны шеберліктің эмоционалды
циклі деп атайық.
Не себепті адамдар бастаған ісін орта жолда тастап
кетеді?
Жақында бірнеше жыл көркем гимнастикамен айналысқан жап-жас
қызбен сөйлескенмін. Одан барлығы жарқын болашақ күткен, себебі
ол спорт шебері кандидатының дəрежесіне тез жеткен. Ең қызығы,
қызымыз кейін гимнастиканы тастап кетіпті, əрине, мұндай əрекетті
одан ешкім күтпеген еді. Бала секілді ойнап болды,
қызығы кетті
деуіңіз мүмкін. Бəлкім, еркіндікті қалады. Бірақ олай да емес.
«Мен олимпиадалық құрамаға енгім келген, бірақ соңғы айларында
қолымнан түк келмей қойды. Мен бір түпке келіп, тұрып қалғандай
күй кештім. Менің қолымнан келер биік шыңым осы ғана болар, бұл –
менің ақтық шегім. Бұдан үлкен белесті бағындыра алатыныма
күмəнім бар».
Осылайша ол өзіне сылтау тауып, ақтап алыпты.
Діттеген нысаналарына жеткенге дейін ғана арпалысып, тырмысатын
көптеген таныстарым бар. Бір нəрсе қолдарынан
келмей қалса болғаны
немесе нəтиже көрмесе, бірден беріле салады.
Оларға не болды? Адамдардың 90%-ы бір салада шеберлік деңгейіне
жетуге талпынады, кейін «шұңқыр» деген кезеңге тап болады.
Бұл былайша көрініс табады. Мəселен, сіз би билеп үйренгіңіз келіп,
би мектебіне бардыңыз. Алғашқы сабақтарында жақсы нəтиже көрсете
алмадыңыз. Кейін тағы бірнеше мəрте дайындалдыңыз. Сіз лезде
кəсіпқой бишілердей қалыпқа келе қойдыңыз, ел сізді мақтаудың
астына алып, «Сен бірден жетістіктер толқынына қосыла кеттің,
барлық
сабақты өн бойыңа өткізіп, лезде үйреніп жатырсың!
Жарайсың!» деуде. Аз ғана уақыт өткен соң сіз биге жаңадан қосылған
қыз үшін тамаша нəтижелер көрсеттіңіз, сізді бұрынғыдан бетер
мақтауда.
Уақыт өтті. Дүйім жұрт сізді жаңадан келген қыз деп қабылдауды
қойды. Сіз біртіндеп «шұңқырға» құлдилап құлап бара жатырсыз: сіз
жаңадан келген қыз үшін керемет билейсіз, бірақ сіз жаңадан
келмедіңіз ғой. Бұған қарамастан, кəсіби
шеберлік деңгейіне тым
нашар билейсіз. Яғни, сіз шамамен ортасындасыз. Сіз өзіңізді кəсіби
бишімін деп санайсыз, алайда өз істерінің мамандарының арасында сіз
ең жаманысыз.
Осындай сəтте сізде ұзақ уақыттар бойы нəтиже болмаса, барлығын
тастаймын деген ой басым болады. Құттықтаймын, сіз шұңқыр
ішіндесіз!
Шұңқыр кейде жұптардың қарым-қатынасында болады. (Алғашқыда
тұтанған ғашықтық оты басылып, ал жұп одан үлкен қарым-қатынасқа
дайын емес кезде). Мұндай шұңқыр – бизнес саласында да, кез келген
жаңа істі зерттегенде де болатын қалыпты жағдай. Біз шұңқырда жиі
боламыз.
Адамдардың көпшілігі шұңғымаға түскен бетте бастағанын тастай
жөнеледі де, басқа бір іске не адамға алмастырады. Егер одан да
нəтиже көрмесе, басқа бір жаңа тартымды істі бастай кетеді. Нəтиже
көрінбей жатса да тырмысып, талпынатындар тым сирек кездеседі, бұл
іс тек санаулы адамдардың қолынан келеді. Міне, əдетте дəл осы
адамдарды нағыз жеңімпаз, нағыз көшбасшы деп атайды.
Бұл жағдайда бізге бұл шұңқырдан шыға алу ептілігі ғана жəрдемші
болады. Кез келген сүйікті ісімізде,
қарым-қатынаста, білім алуда,
сапалы дəрежеге көтерілуімізге көмектеседі. Ең алдымен, шұңқырда
екенімізді түсіне білу керек жəне уайымға салынбастан алға қарай
жылжи беру керек.
Есіңізде болсын: «
Түннің ең қараңғы жері таңсəрінің алдында».
Достарыңызбен бөлісу: