Құлбайтегі Б. С. “ Мемлекеттік бюджет ” пәнінен бақылау жұмыстарын жазуға арналған



жүктеу 297.88 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі297.88 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Салық және салық салу» кафедрасы

Құлбайтегі Б.С.

Мемлекеттік бюджет ” пәнінен бақылау жұмыстарын жазуға арналған



әдістемелік нұсқау

Шымкент 2008ж.


ӘОЖ 330.322.1(083.13)

ББК 65.9(2)262;65.88

Құрастырған:

Құлбайтегі Б.С..– аға оқытушы «Салық және салық салу» кафедрасы
“Мемлекеттік бюджет” пәнінен бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент:М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2008ж. 22б.
Әдістемелік нұскау оқу жоспарына және «Мемлекеттік бюджет пән бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Рецензент:

Кафедра мәжілісінде хаттама №_4_ «27» қараша 2008ж.

және Институттың әдістемелік бюросында хаттама №_5 «18» желтоқсан 2008ж. қаралып және талқыланып ұсынылды.

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды.


Хаттама №6 «16» қаңтар 2008ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2008



Мазмұны
Алғы сөз..........................................................................................................4
Жалпы әдістемелік нұсқау..................................................................................5
Бақылау жұмыс варианттары.............................................................................6
Теориялық тапсырмалар.....................................................................................6
Практикалық тапсырмалар.................................................................................7
«Мемлекеттік бюджет» курсының әр бір бөлімі бойынша әдістемелік нұсқау.................................................................................................................10
Ұсынылған әдебиеттер тiзiмi...........................................................................24

Алғы сөз
"Мемлекеттік бюджет" курсы мемлекеттік бюджетті экономикалық категория ретінде экономиканы басқару үшін мемлекет қолданылатын және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде қарастырады.

Мемлекеттегі каржылық-экономикалық реттеу әдістері мен нысандарының өзгеруі мемлекеттік және аумақтық қаржылар мәселесін егжей-тегжейлі және жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Бұл курста әрі қарай ҚР-ның бюджет жүйесі, бюджеттердің жеке түрлерінің мазмұны мен мақсаттары, бюджет жүйесін басқару бойынша қаржы органдарының жұмысы қарастырылады.

"Мемлекеттік бюджет" деген курсын оқудың ең маңызды жағы бюджет жіктелуін оқу болып табылады. (функционалдық топ, функция, ішкі функция, мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, санат, сынып, ішкі сынып және ерекшелік).

Курстағы ерекше орынды жоспарлау әдістемесі негізгі функционалдық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығындарының әдістемесі алады. (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және т.с.с).

Бұл жағдайда бюджет акшаларын қайта бөлу арқылы қарастырылады, яғни Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы халықты бюджеттік қамтамасыз етуінің бірқалыпсыз болуы, бюджеттік теңестірудің, бюджет ақшаларын үнемдеу режимін енгізудің ғылыми негізделген әдістемесін қажетсінеді.

Мемлекеттік бюджет" пәнін өткізудің мақсаты мен міндеті — бюджет жүйесін құру теориясы сияқты, сол бюджеттің өзін қальптастыру жөне атқарылу процесін де қамтитын барлық мәселелерді қарау және талқылау.

Бюджет жүйесінің мынадай мәселелері ашылған: құру принциптері, бюджет құрылысы мен процессі, барлық деңгейдегі бюджеттердің кірістері мен шығыстары, бюджеттің кассалық орындалуы.




ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Әдістемелік нұсқау сырттай оқитын студенттер үшін қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында, нақты шаруашылық практикада нарықтық ең алдымен экономика және қаржы салаларында инвестициялық процестерді жүргізу тәртібі жөнінде білімдерін жетілдіруде пайдаланылады.

Студент ұсынылған әдебиеттермен танысқаннан кейін бақылау жұмысын орындау қажет. Бақылау жұмыс теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Оны орындағаннан кейін қойылған сұрақтың мәні ашылады және ұсынылған тапсырмалар мен тесттер шешімі табылады.

Бақылау жұмыс тақырыптары 4 вариант бойынша берілген және 28 сұрақ бойынша мазмұндалған. Бақылау жұмыс варианты студент фамилиясының бас әріпі бойынша 1-кестеден анықталады. 1-кесте екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде студент фамилиясының бас әріпі және вариант номері көрсетілген, екінші бөлімде вариант бойынша тапсырмалар номері көрсетілген. Мысалы, студенттің фамилиясы Абаев болатын болса, онда “А” әріпі студент 1-кесте бойынша 1-вариант 1/15 таңдайды. Бұл теориялық бөлімде 1-сұрақ және практикалық тапсырмалар бойынша 15 –сұраққа жауап беруі керек.

Студент вариантты анықтағанда дұрыс көңіл бөлу керек, егер студент өзінің вариантын орындамағна болса, онда тексерусіз өзіне қайтарылады.



Бақылау жұмыс варианттары
1-кесте

Теориялық және практикалық тапсырмалар (т/пр).


Студент фамилиясының бас әріпі

Варианттар бойынша тақырыптардың номері

I вариант

II вариант

III вариант

IV вариант

I вариант

II вариант

III вариант

IV вариант

А

В

Д

Ё

1/15

14/13

15/12

28/1

Ә,І

Ғ,Ұ

Қ,Ы

Ө,Ү

2/25

13/14

16/11

27/2

Б

Г

Е

Ж

3/24

12/15

17/10

26/3

З

К

М

О

4/23

11/16

18/9

25/8

И

Л

Н

П

5/22

10/17

19/8

24/4

Р

У

Ц

Щ

6/21

9/18

20/7

23/7

С,Т

Ф,Х

Ч,Ш

Э,Ю,Я

7/20

8/19

21/6

22/5

Теориялық тапсырмалар


  1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны.

  2. Бюджет түсімдері және олардың көздері.

  3. Бюджетті жоспарлау принциптері.

  4. Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні.

  5. Бюджетаралық қатынастарды реттеу әдістері.

  6. Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі.

  7. Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері.

  8. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру.

  9. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру.

  10. Республикалық бюджеттің мазмұны мен мәні.

  11. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері.

  12. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру.

  13. Бюджетті жоспарлау мен блжаудың рөлі мен мақсаттары.

  14. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы.

  15. Өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалануға арналған шығыстарды қалыптастыру.

  16. Бюджет түсімдерін есепке алу тәртібі мен мерзімі..

  17. Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындар құрылымының ерекшеліктері.

  18. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері.

  19. Орман, су және балық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру.

  20. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету.

  21. Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі .

  22. Түсімдерді бюджеттік жүйе деңгейлері арасында бөліп тарату.

  23. «Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша шығындар құрамы мен құрылымы.

  24. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру.

  25. Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру.

  26. «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» атты функционалдық топ бойынша бюджет шығыстарын қалыптастыру.

  27. Бюджетаралық қатынастардың түсінігі, принциптері және оларды реттеу формалары.

  28. «Көлік және коммуникация» функционалдық топ бойынша бюджет шығыстарын қалыптастыру.

Практикалық тапсырмалар

Бақылау жұмысының практикалық бөлімінде есептер берілген.Студенттің варианты бойынша практикалық бөлімдегі тапсырма варианттың теориялық бөлімінде жазған тапсырмаға ұқсас келеді. Әрбір шешілген есептің толық жауабы болуы қажет. Есептің жауабында қажетті формулалар, есептеулер, түсініктемелер және қысқаша қорытынды болуы қажет.


Есептер:

  1. Есеп. 2007 жылдың нәтижесі бойынша «Отау» ЖШС тұрғын үйлерді халыққа ұсынудан тапқан табысы 54500,0 мың теңгені құрады. Шығындары: құрылыс материалына 52300,0 мың теңге; еңбекақы қорына 420,0 мың теңге; Корпорациялық табыс салығын есептеңіздер.

  2. Есеп. “Ютекс” АҚ-ның жіп және тоқыма өнімдерін сатудан алған табысы 90000000 теңге болды. Шығындары: шикізатты сатып алуға 70000000 теңге, мүлік салығы – 150000 теңге, жанар-жағар май – 370000 теңге. Бюджетке төленетін: корпорациялық табыс салығы.

  3. Есеп. №13 Мукими атындағы орта мектеп директорының табысы 60000 теңге. Бюджетке төленетін: жеке табыс салығын есептеңіз.

  4. Есеп. «Төржан» гимназиясының иелігінде оқушылар таситын 25 орындық автовус және «Камаз» көлігі бар жүк көтергіштігі- 5 тонна. Бюджетке төленетін көлік салығының сомасын анықтаңыз.

  5. Есеп. №9 Жолдасбеков атындағы лицей директорының табысы 50000 теңге, директордың тәрбие –ісі жөніндегі орынбасарының табысы 40000 теңге. Бюджетке төленетін жеке табыс салығын есептеңіз.

  6. Есеп. Аудандық аурухананың иелігінде науқастарды таситын 12 орындық «Жедел жәрдем» көлігі және 20 орындық микроавтобусы бар. Бюджетке төленетін көлік салығының мөлшерін есептеңіз.

  7. Есеп. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыс істейтін Қамбарова Сәуленің меншігіндегі мүліктерінің құны 1800000 және 8000000 теңгені құрады. Бюджетке төленетін мүлік салығының сомасын есептеңіз.

  8. Есеп. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемесінде жұмыс істейтін тұлғаның табысы 35000 теңге. Бюджетке төленетін жеке табыс салығын есептеңіз.

  9. Есеп:“Дәулет” медициналық орталығының меншігінде 4 автотұрағы бар. Шымкент қаласының орталығында орналасқан және жалпы ауданы 20500 м2.Бюджетке төленетін жер салығының сомасын есептеңіздер.

  10. Есеп. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы 200 га. Бонитет балы- 92. Бюджетке төленетін жер салығының мөлшерін анықтаңыз.

  11. Есеп. №24 С.Ерубаев мектебінің «Қарабұлақ» ауылында қара топырақты жерде ауданы 25 га егістік алқабы бар. Бонитет балы – 87. Бюджетке төленетін жер салығының мөлшерін анықтаңыз.

  12. Есеп.Мектепте жұмыс істейтін тұлғаның меншігінде 1998 жылы шыққан МЕRСЕDES BENZ G 320 маркалы автокөлігі бар. Оның двигателінің көлемі 3 200 текше см. 2008 жылғы көлік салығын есептеңіз.

  13. Есеп.Ауруханада қызмет атқаратын тұлғаның меншігінде 1999 жылы шыққан Volga 310221 маркалы автокөлігі бар. Оның двигателінің көлемі 2 500 текше см. 2008 жылғы көлік салығын есептеңіз.

  14. Есеп. Берілген мәліметтер бойынша бюджетке төленетін көлік салығының сомасын анықтаңыздар: “Сұңқар” медициналық орталығының меншігіндегі көлік құралдары: 1-ВАЗ-21099 (1500см3); ВАЗ –21015 (1700см3).

  15. Есеп. Облыстық аурухана иелігінде науқастарды таситын 13 орындық Газель және 25 орындық микроавтобусы бар.Бюджетке төленетін 2008 жылғы көлік салығын есептеңіз.

  16. Есеп: Орман қорының жалпы ауданы -120 га. Бонитет балы- 80. Бюджетке төленетін жер салығының мөлшерін анықтаңыз.

  17. Есеп: Су қорының жалпы ауданы- 180 га. Бонитет балы- 60. Бюджетке төленетін жер салығының мөлшерін анықтаңыз.

  18. Есеп. Ауруханада қызмет істейтін Төлепов Егеннің меншігіндегі мүліктерінің құны 2000000 және 5700000 теңгені құрады. Бюджетке төленетін 2008 жылғы мүлік салығын есептеңіздер.

  19. Есеп. Берілген мәліметтер бойынша бюджетке төленетін 2008 жылғы көлік салығының сомасын анықтаңыздар: КАДИЛАК-ЭСКАЛАДА ДК= 6000 см3 2005ж; МЕРСЕДЕС G400DI ГЕЛЕНДВАГЕН ДК=4000 см3 2002ж; ЛЕХСУС-RX300 ДК=3000 см3 2005ж; ФОЛЬКСВАГЕН-ГОЛЬФ IV ДК=2300 см3 2003ж; МЕРСЕДЕС-СМАРТ ДК=600 см3 2001ж.

  20. Есеп. Берілген мәліметтер бойынша бюджетке төленетін 2008 жылғы көлік салығының сомасын анықтаңыздар: ЛИНКОЛЬН-НАВИГАТОР ДК=5400 см3 2005ж; МЕРСЕДЕС S500 ДК=3700 см3 2004ж; ТОЙОТА-ЛЕНД КРУЗЕР ПРАДО ДК=2700 см3 2005ж; ФОЛЬКСВАГЕН-ПАССАТ ДК=2000 см3 2002ж.

  21. Есеп. №17 орта мектепте жұмыс істейтін тұлғаның меншігіндегі мүліктерінің құны 3000000 теңге және 2600000 теңгені құрады. Бюджетке төленетін мүлік салығының сомасын есептеңіз.

  22. Есеп. Берілген мәліметтер бойынша бюджетке төленетін 2008 жылғы көлік салығының сомасын анықтаңыздар: МЕРСЕДЕС G500 ДК=5000 см3 2003ж; МИЦУБИСИ-ПАДЖЕРО ДК=3600 см3 2003ж; МЕРСЕДЕС С260 W203 АВАНГАРД ДК=2600 см3 2001ж; МАЗДА-6 ДК=1800 см3 2003ж.

  23. Есеп. Берілген мәліметтер бойынша бюджетке төленетін 2008 жылғы көлік салығының сомасын анықтаңыздар: ЛЕХСУС-LX470 ДК=4700 см3 2004ж; ХАММЕР-H3 ДК=3500 см3 2005ж; СУБАРУ-АУТБАК ДК=2500 см3 2006ж; ШЕВРОЛЕТ-НИВА ДК=1700 см3 2004ж.

  24. Есеп. Берілген мәліметтер бойынша бюджетке төленетін 2008 жылғы көлік салығының сомасын анықтаңыздар: ТОЙОТА-ЛЕНД КРУЗЕР ДК=4200 см3 2006ж; ТОЙОТА-ЛЕНД КРУЗЕР ПРАДО ДК=3400 см3 2005ж; ТОЙОТА-КАМРИ 35 ДК=2400 см3 2006ж; НИССАН-КУБ ДК=1400 см3 2002ж.

  25. Есеп. Мектепте жұмыс істейтін Икрамов Саматтың меншігіндегі мүліктерінің құны 1 200 000 теңге, 4 000 000 теңге, 7 000 000 теңге, 10 000 000 теңгені құрады. 2008 жылғы мүлік салығын есептеңіздер.


«Мемлекеттік бюджет» курсының әр бір бөлімі бойынша әдістемелік нұсқау
1-тақырып: Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні.

2. Бюджетттің сипаттама белгілері қоғамдық тұрғыдан ерекше категория ретінде.

3. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық және ұйымдастырушылық формалары.

4. Бюджет - мемлекеттің қаржы жоспары ретінде.


5. Мемлекеттік бюджеттің функциялары және олардың ерекшеліктері
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



Тақырып бойынша әдістемелік ұсыныс


Осы тақырыпты оқуда келесідей түсініктемелерге толық тоқталу қажет: мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. Мемлекеттің қолында бюджеттік ақшаларды орталықтандыру қажеттілігі. Ерекше бюджеттің арналымы. Бюджетттің сипаттама белгілері қоғамдық тұрғыдан ерекше категория ретінде. Бюджеттік қор. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық және ұйымдастырушылық формалары. Бюджет - мемлекеттің қаржы жоспары ретінде. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Осы тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер:

  1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні.

  2. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық және ұйымдастырушылық формалары.

  3. Мемлекеттік бюджеттің негізгі қызметтері

2-тақырып. Мемлекеттік бюджет - экономиканы басқару құралы ретінде

1. Мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі экономиканы басқару құралы ретінде.

2. Бюджет - негізгі қаржы жоспары ретінде, оның орны мен мәні,

3. Мемлекеттік бюджет - жалпымемлекеттік басқару құралы ретінде.

4. Бюджеттік бақылаудың мәні мен рөлі.

5. Бюджеттік бакылаудың жіктелуі. Оны жүргізудің формалары мен әдістері.



Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

Тақырып бойынша әдістемелік ұсыныс:

Осы тақырыпты оқуда келесідей түсініктемелерге толық тоқталу қажет:

бюджет - негізгі қаржы жоспары ретінде,оның орны мен мәні, экономиканы реттейтін басқа да қаржылық құралдар арасында бюджеттің басты рөлін анықтайтын факторлары. Мемлекеттік бюджет - жалпымемлекеттік басқару құралы ретінде. Бюджеттік бақылаудың мәні мен рөлі. Бюджеттік бакылаудың жіктелуі. Оны жүргізудің формалары мен әдістері. Қаржылық ресурстарды бөлудің сандық және сапалық сипаттары.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Осы тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер:


  1. Бюджет - негізгі қаржы жоспары ретінде,оның орны мен мәні.

  2. Мемлекеттік бюджет - жалпымемлекеттік басқару құралы ретінде.

  3. Бюджеттік бакылаудың жіктелуі. Оны жүргізудің формалары мен әдістері.

3-тақырып. Бюджет жүйесі

1. Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы.

2. Бюджеттік қатынастар және бюджет аралық байланыстары.

3. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері.

4. Унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері.

5. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер.


Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



Тақырып бойынша әдістемелік ұсыныс


Осы тақырыпты оқуда келесідей түсініктемелерге толық тоқталу қажет: бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы. Бюджеттік қатынастар және бюджет аралық байланыстары. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері. Унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері. Бюджет құрылысы. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер. Бюджеттің құрылымы. Бюджеттік құқықтар. Бюджеттік қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының құзіреті. "Бюджет жүйесі туралы", "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы", "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы", "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары.

. Өзін - өзі бақылау сұрақтары:


Осы тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер:

1. Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы.

2. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері.

3. Унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері. Бюджет құрылысы.



4-тақырып. Жекелеген бюджет түрлерінің сипаттамасы мен экономикалық мазмүны

  1. Республиканың бюджетінің мазмұны мен мәні, бюджет кірістері мен шығыстарының құрылымы.

  2. Нарықтық экономика жағдайындағы республикалық бюджеттің атқаратын рөлі.

3. Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымының ерекшеліктері.

4. Әртүрлі дсңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістер мен шығыстардың бөлінуі.

5. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы.
Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

5-тақырып. Бюджеттік жіктелу

1. Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні, оның құрылымы.

2. Бюджеттік жіктелудің жалпы принциптері.

3. Бюджеттік жіктелудің өзгертулері, жаңа бюджеттік жіктелудің құру принциптері.

4. Бюджет кірістерінің жіктелуі.

5. Бюджет шығыстарының экономикалық жіктелуі.


6. Бюджеттердегі тапшылықты қаржыландыру кездерінің жіктелуі.
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



6-тақырып. Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі

  1. Билік органдарының заң шығару негізі мен құзыры.

  2. Бюджетаралық катынастардың жүйесі.

3. Реттеушілік кірістер. Бекітілген кірістер.

4. Аударымдар нормативтерін анықтау әдісі. Квоттау әдісі. Ставкаларды біріктіру әдісі. Трансферттер механизмі. Трансферттер сомасын есептсу әдісі.

5. Жергілікті бюджеттер бойынша жан басына шаққандағы табыстардың көлденең тсндестірілуі.

Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



7-такырып. Бюджет жүйесін басқару механизмі

1. Бюджет жүйесін басқару деңгейлері. Бюджет жүйесін басқару аппаратының сипаттамасы. Басқару объектілері мен субъектілері.

2. Бюджет жүйесін басқаруда қызмет ету элеметтері (жоспарлау, жедел басқару және бақылау).

3. Каржы органдарының құрылымы, жеке бөлімшелерінің құқыктары мен міндеттемелері.

4. Мемлекеттің қаржысын басқарудағы Қаржы министрлігінің құқыктық жағдай мен маңызы.

5. Қаржы министрлігі, жеке бөлімшелерінің және қазынашылық органдарының жүмысының мазмұны.



Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



8-тақырып. Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны

1. Бюджеттің кірістері және олардың қайнар көздері.

2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы..

3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салықтар, алымдар жәнс түсімдер сипаттамасы.

4. Ресми трансферттер.

5. Бұрын берілген несиелерді өтеу — бюджет қаражаттарына түсім көздерінің бірі ретінде.



Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



9-тақырып. Бюджетке түсетін кіріс түсімдерін жоспарлау негіздері

1. Бюджеттің кірістерін басқару. Бюджеттің кірістерін басқару элементтері мен шарттары.

2. Бюджет кірістерін қалыптастырудың негізгі кезендері.

3. Бюджет жүйесінің деңгейлері арасындағы кірістерді бөлудің негізгі принциптері.

4. Бюджеттің кірістерін болжау әдістері, болжау кезендері, кірістерді болжау кезінде қолданылатын кұжаттар.

5. Салықтық түсімдер контингентінің есептеу әдістерінің сипаттамасы.


Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



10-тақырып. Салықтық түсімдерді болжау

1. Табыс салығын болжамдау әдісі мен тәсілдері.

2. Меншік салығы, оның салық салу базасын анықтау.

3. Тауарларға, қызметтерге мен жұмыстарға ішкі салық бойынша түсімдерді болжауды қальштастыру: ҚҚС, акциздер.

4. Халықаралық сауда мен сырткы операцияларға салынатын салық, оны есептеудің ерекшелігі мен тәртібі.

5. Салық реформысы және жергілікті бюджеттің кіріс базасын нығайту проблемалары.



Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



11 - тақырып. Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді болжау

1. Мемлекеттік баж, ставка мөлшерін анықтау әдісі, төлеу механизмі.

2. Әкімшілік алымдар мен төлдер, коммерциялық емес және ілеспе сауда табыстарымен және басқа да салықтық емес түсімдерді есептеу ерекшеліктері. 3. Айыппұл мен санкциялар бойынша түсімдер.
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



12-тақырып. Капиталмен жасалынатын операциядан түсетін табыс, ресми трансферттер, бюджеттен берілген несиелерді жабу

1. Капиталмен жасалған операциядан бюджетке түсетін түсімдерді жоспарлау ерекшелігі.

2. Ресми трансферттер. Субвенциялар, бюджеттік алулар.

3. Ерте берілген несиелерді жабу.

4. Мемлекеттік кепілі бар, қарыздар бойынша және үкіметтің кепілінде төленген талаптарды қайтару.

Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



13-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі

1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны.

2. Бюджет шығыстарының жүйесі мен жіктелуі.

3. Бюджет түрлері бойынша шығыстардың қалыптастыру ерекшеліктері.

4. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметасын құру тәртібі мен бекітілуі және оларға енгізілетін өзгертулер.
Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

14-тақырып. Жалпы мемлекеттік сипаттағы қызметтерге жұмсалатын бюджет шығыстарын жоспарлау мен қаржыландыру

1. Қаржылық жәнс фискалдық кызметтегі заңды органдарды ұстауға байланысты шығыстарды жоспарлау.

2. Бюджеттің сыртқы экономикалық қызметтері мен жалпы сипаттағы қызметтер шығыны.

3. Ғылыми зертгеулерге арналған бюджет бағдарламасы.

4. Берілген функционалдық топтар бойынша мекемелерді қаржыландыру, осы мақсаттарға бюджеттен бөлінген қаражаттардың жұмсалуын бақылау.
Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

15-тақырып. Қорғаныс, қоғамдық тәртіппен қаупсіздік

соттар мен прокуратураларға арналған шығындарды

қалыптастыру


  1. «Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша шығындар құрылымы мен кұрамы.

2. Қорғаныс шығыстарын жоспарлау. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау.

3. « Қоғамдық тәртіп және қауіпсізд і к» функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарының құрылымы мен құрамы.

4. Мемлекеттің құқык қорғау, құқықтық, соттық қызметтерін қаржыландыру.

5. Бюджеттің табыстылығы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған шығыстары.

6. Мемлекеттік қарулы күштер кұрылымы мен сот жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттары.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

16-тақырып. Білім беруге арналған бюджет шығыстары


  1. Білім беру шығынының құрамы мен құрылымы.

  2. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері: бастапқы және орта білім беру; кәсіби техникалық білім беру; орташа арнайы білім беру; жоғары білім беру. Оларды қаржыландыру көздері.

  3. Кадрларды кәсіби дайындау. Жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы.

  4. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі.

  5. Бюджеттен білім беруге бөлінгсн қаржының жүмсалуын бақылау.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

17-тақырып. Денсаулық сақтауға арналған бюджетшығыстары

1. Денсаулык сақтау арналған шығыстардың құрамы мен құрылымы. 2. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қаржыландыру кездері..

3. Кең профильді ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру, халыктың денсаулығын сақтауға байланысты шығыстар.

4. Мамандандырылған медициналық жәрдем корсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері.

5. Бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінген қаржының жұмсалуън бақылау.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

18-тақырып. Әлеуметтік қамтамасыз ету жәнс әлеуметтік

көмекке арналған бюджет шығыстары


  1. Зейнетақы төлеу аумағындағы мемлекеттік саясат.

  2. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарның құрамы мен құрылымы.

  3. Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау. «Қазақстан Республикасынын Зейнетақымен қамтамасыз сту туралы» заңы.

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары (мүгедектікке байланысты, жасы бойынша және асыраушысынан айырылғанда).
Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев
19- тақырып. Бюджеттің түрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстары.

1. Бюджет шығыстарының түрғын үй шаруашылығына, коммуналдык шаруашылығына, сумен қамтамасыз етуге, санитарлық қызметтер жүргізуге, қала көшелерін жарықтандыруға, қалалар мен тұрғындарға құрылыс салалардың орташа құрамы мен құрылымы.

2. Мемлекеттің жаңа түрғын үй саясаты, түрғын үй заң нормасы.

3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жергілікті бюджеттен жұмсалатын шығыстардың құрылуының ерекшеліктері.

4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа байланысты жүргізілетін реформалары, негізгі бағыттары мен принциптері.
Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

20-тақырып. Мәдениет және спорт, ақпараткеңістігіне арналған бюджет шығыстары

1. Ақпарат кеңістігі, туризм, спорт, мәдениет саласындағы қызметтерін ұйымдастырудағы шығыстарының құрамы мен құрылымы.

2. Осы шараларды қаржыландырудағы бюджеттің рөлі.

3. Елдегі мәдени үрдіс құру ерекшелігі.

4. "Қазақстан Рсспубликасының мәдениет туралы" заңы.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

21-тақырып.Өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалануға арналған бюджет шығыстары

1. Өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану шығыстарын қаржыландырудағы бюджеттің рөлі.

2. Қорғаныс өнеркәсібін залалсыздандыру.

3. Құрылыс пен өнеркәсіпті дамытуға арналған шығыстардың құрамы мен құрылымы.

4. Инвестициялық жобалар, осы аймакқа сырттан тартылған қаржының орналастырылуы, оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмі.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

22-тақырып. Көлік және байланысты қаржыландырудағы

бюджеттің рөлі

1. Көлік және байланысты қаржыландырудағы бюджеттің рөлі. Осы мақсаттарға арналған бюджет шығыстарының құрылымы мен құрамы.

2. Жол жүйесіне темір жол, су және автокөлік, байланыс жүйесіне арналған шығындарын есептеу ерекшелігі.

3. Әуе көліктсрі және оларды қаржыландыру срекшеліктері.


Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

23-тақырып. Табиғатты қорғау іс-шаралары және ауыл, орман, су, балық шаруашылықтарын қаржыландыру

1. Ауыл шаруашылығын қаржыландырудағы бюджеттің ролі. Осы мақсаттарға арналған бюджет шығыстарынын, құрамы мсн құрылымы.

2. Ветеринарлық қызмет көрсетуді қаржыландыруга байланысты, өсімдікті қорғау шараларына арналған, ауыл-шаруашылық саласындағы зерттеу тәжірибелер жасауға арналған, бюджет шығыстары.

3. "Қазақстанның орманы" атты бағдарламаны қаржыландыру.

4. Су және балық шаруашылықтары.

5. Қоршаған ортаны қорғауға арналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы.



Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

24-тақырып. Бюджеттің теңестірілуі. Бюджет тапшылығы.

Профицит

1. Бюджет тапшылығының экономикалық мазмұны.

2. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері.

3. Қарыздану формалары. Ішкі және сыртқы қаржыландыру көздері.

4. Мемелекеттік бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің саясаты.
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



25-тақырып. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз алу механизмі

1. Қарыз алу саясаты. Ішкі және сыртқы қарыз алу механизмі.

2. Үкіметтің қарызы мен жергілікті атқарушы органдардың қарыздарына сипаттама.

3. Сыртқы қарыз алу көздерінің дивсрсификациясы, сыртқы және ішкі қарыздардың кірісінің ара-қатынасы, қаржы тартудың шарттары мен мерзімі.

4. Қазақстан Республикасының атынан несиелік ұйымдармен, шет мемлекеттермен және халықаралық қаржы ұйымдармен несиелік келісім мен келісім шарттар.
Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев


26-тақырып. Бюджет процесін үйымдастырудың негізі Бюджетті құру, қарау, бекіту және атқару

1. Республикалық бюджетті құру, қарау және бекіту.

2. Жергілікті бюджетті құру, қарау және бекіту.

3. Бюджет процесін үйымдастырудың негізі.

4. Бюджетті болжау мен жоспарлаудың міндеттері мен рөлі. Брутто-бюджет және нетто-бюджет.

5. Бюджет процесінің кезендері. Бюджет шығыстары мен кірістерінің тепе-теңдігі.

6. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті құру және бекіту. Бюджет көрсеткіштеріне экономикалық талдау.
Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

27-тақырып. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі

1. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі, функциясы мен міндеттері.

2. Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі принциптері.

3. Бюджет шығыстары және кірістерінің жазбаларының түсінігі, кепілді қаржылык мінтеттемелердің лимиті.

4. Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі процедурасы мен технологиясы.

5. Қазынашылык бюджеттің атқарылуындағы каржылық және банктік құрылымдардың өзара әерекеті.



Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



28-тақырып. Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру


  1. Бюджеттік бақылаудың мазмұны, мәні мен міндеттері.

  2. Бюджетті бақылаудың жіктелуі. Оның жүргізудің формалары мен әдістері.

  3. Ревизия — бюджеттік бақылаудың басты формасы ретінде.

  4. Бюджеттік бақылау органдары


Әдебиеттер:
1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев



Ұсынылған әдебиеттер тiзiмi:


  1. ҚР Бюджет кодексі

  2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

  3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

  4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев

  5. Қаржы және экономика бойынша заңнамалық нормативтік кесімдер

  6. Қазакстан Республикасының зандары

  7. Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясы мәліметтері мен қаулысы

  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы мен жарлықтары

  9. Қаржы министрлігі, Улттык банк, Министрліктер мен ведмстволарының нусқаулық мәліметтер.

  10. Бюджетная система Российской Федерации. Учебник /М.В.Романовский. Государственный кредит: прошлое и пастоящее. М.:Фшансы и статистика, 1992і.

  11. Государственные и территориальные финансы. Учебник.Под общей редакцией профессора Л.И.Сереева, Янтарный сказ, Калинишрад, 2000 г.

  12. ІІ.Бюджетный процесс в Россиской Федерадии: Учебное пособие / Л.Г. Баранова, О.В.Врублевская и др.-М:

  13. Перспектива, ИНФРА-М,1998.-222 с. 12. Зейнельгабдин Л.Б. Финансовая система : экономическое содержание и механизм использования.-Алматы, Каржы-каражат, 1995.

  14. Мельников В.Д- Государственное финансовое регулироваиие экономики Казахстан.-Алматы, Каржы-Каражат, 1995

  15. Статистический ежегодник Агентства по статистике РК

  16. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. другие. Государственный бюджет. - Алматы, РИК,1994.

  17. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы, Каржы и каражат 2001 год.

  18. Прикладной бюджетный анализ/ Колектив авторов год редакции Белова А.А. Москва, 2003




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет