Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет35/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
а – ойыңылау барабандарында; б – бытырамен ататын камераларда; 
в – бытырамен тазалау; г – дірілді қондырғыларда; д – электр химиялық; 
е – қажақты дөңгелектермен; ж – электр түйіспелік; 
1 – барабан; 2 – құйма; 3 – жетек; 4 – бытырамен ататын бастиек; 5 – бытыра; 
6 – транспортер; 7 – тиеу-түсіру терезесі; 8 – бытыра (пайдаланылған қоспа); 
9 – айналма үстел; 10 – қажақ; 11 – жәшік; 12 – дірілдеткіш; 13 – балқытпа; 
14 – қажақты дөңгелек; 15 – болат диск 
4.35-сурет – Құймаларды тазалау және тазарту әдістері 
Ойыңылаумен тазалауды массасы бойынша орташа (50 кг дейінгі) құймаларды қолданады, 
ол үшін ішінде сауытты қаңылтырмен шегенделген барабанға 1 (4.35-сурет, а) құймаларды 2 
және ақ шойыннан жасалған беріктігі жоғары «жұлдызшаларды» тиейді. Содан соң барабанның 
айналу жетегін 3 қосады. Құймалар аударылып-төңкеріліп, бір-біріне және жұлдызшаларға 


65 
үйкеледі, нәтижесінде олар күйіктен тазарады. Жаппай өндірісте – үздіксіз әрекетті (өтпелі), 
сериялық өндірісте периодтық әрекетті барабандарды қолданады. 
Болаттан және шойыннан алынған орташа және ірі құймаларды тазалау үшін бытырамен 
ататын барабандарды немесе камераларды (4.35-сурет, б) кеңінен қолданады. Бытырамен 
ататын барабандарға құймаларды 2 тиеу-түсіру терезесі 7 арқылы қатпарлы транспортерге
тиейді. Транспортер қозғалғанда әр түрлі беттерін бытырамен ататын бастиекпен 4 берілетін, 
болат немесе шойын бытыраның ағысына қойып, құймалар 2 аударылып-төңкеріледі. Бытыра 
пайдаланылған қоспамен бірге түбінің шұңқырында жиналады да, қоспадан бөліп алған соң 
магниттік сепараторда қондырғының айналымдық жүйесіне беріледі. Массасы 50 кг жоғары 
құймалар үшін барабандардың орнына оларға құймалар ілмектерде ілініп берілетін 
камераларды қолданады. Құймалардың қозғалу барысында бытырамен ататын бастиектер 
орналасқан. 
Бытырамен тазалау кезінде (4.35-сурет, в) бытыра 5 ауа немесе су ағысымен айналма 
үстелде орнатылған құймаларға беріледі. Бұл әдістің алдыңғымен салыстырғанда тиімділігі 
аз. Қорытылатын модельдер бойынша құю әдісімен алынған ұсақ құймалар үшін дірілдік
химиялық немесе электр химиялық тазалауды қолданады. Бірінші жағдайда (4.35-сурет, г
құймаларды 2 қажақпен (корундпен) 10 бірге жәшіктерге 11 тиейді және механикалық 
дірілдеткіштің 12 көмегімен дірілге ұшыратады.
Әдіс құймалардың сыртқы бетінде шағын өлшемдердің кездейсоқ дөңестерін тегістеу 
үшін тиімді. Құйманың ішкі және қиын қол жеткізілетін қуыстарынан құйманы 2 алу үшін, оны 
400…500 
о
С дейін қыздырылған ойып түсетін сода балқытпасына 13 батыру жолымен электр 
химиялық тазалауды (4.35-сурет, д) қолданады. Кейде тығыздығы 0,05 А/м

дейінгі электр 
тогын қосады. Тазалау күйіктің сілті ерітіндісінде SiO

түрінде еруі және силикаттардың түзілуі 
есебінен жүзеге асырылады. Ток полярлылығы өзгерген кезде тазалау тиімділігі артады. 
Құймаларды тазарту жаппай өндірісте қолданылады және мысалы, бытырамен ататын 
тазалаудан кейінгі келесі операциялардың бірі ретінде пайдаланылады. Ол қажақты 
дөңгелектермен 14 орындалады (4.35-сурет, е), олардың арасында құрылғыда орнатылған 
құйма 2 өткізіледі. Құймаларды 2 электр түйіспелік тазарту кезінде қажақты дөңгелектің 
орнына болат диск 15 (4.35-сурет, ж) пайдаланылады. Өңдеу барысында қабыршақтар, құйма 
жапақшалары, дөңестер балқытылады және олар ұшқындар түрінде жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет