Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер




ЛЕКЦИИ каз по ТПМП 
 
 
1-дәріс. Кіріспе 
Технологиялық әдістерді зерделеу базасы тетіктерді алудың сәйкес процестерінің физика-
химиялық негіздерін меңгеру болып табылады. Машина жасау өндірісінің технологиялық 
процестері (МӨТП) – оқу пәні, оның тақырыбы дайындамаларды алудың және оларды өңдеудің 
технологиялық әдістері болып табылады. Әрбір технологиялық әдіс технологиялық жүйенің 
шеңберінде іске асырылады, оның астарында қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз 
ететін материалдық элементтердің (жабдық, құрал-сайман, дайындама, құрылғы) жиынтығын 
түсінеді. 
Оқулықтың бірінші бөлімінде машина жасаудың әр түрлі салаларында тетіктерді жасау 
үшін пайдаланылатын конструкциялық материалдарды жіктеу келтірілген. Екінші бөлімде 
металдарды әр түрлі металлургиялық агрегаттарда балқыту кезінде болатын физика-химиялық 
процестер баяндалған. Кейінгі бөлімдерде металдарды өңдеудің үдемелі әдістері берілген. Оқу 
пәнін толық бағалы меңгеру үшін дайындамалар конструкцияларын әзірлеу жүйелілігі, оларды 
жасау және механикалық өңдеу технологиялары қарастырылған.
Машина жасау тетіктерінің нобайлары және дайындамаларды (құймаларды, 
соғылмаларды, штампталған қабықшаларды және т.с.с.) алу технологиясын және 
дайындамаларды механикалық өңдеу тәсілдерін әзірлеу бойынша технологиялық есептерді 
шешу мысалдары келтірілген. Бекітуге және қайталауға арналған сұрақтар, сондай-ақ 
ізденістік-зерттеуші, шығармашылық және танымдық сипатты тапсырмалар көзделген. 
Берілген курсты зерделеу барысында алынған білім болашақ маманның материалды 
физика-механикалық қасиеттері бойынша таңдау, дайындамаларды алу және оларды жүргізудің 
оңтайлы режимдерін іріктеп, оларды өңдеу сияқты мәселелерді шешуіне мүмкіндік береді.
Оқулықта берілген материалдың көлемі табысты зерделенген және меңгерілген жағдайда 
студенттерге қойылатын кәсіби білім талаптарына сәйкес келетін қажетті білім деңгейін 
қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет