Лекция № Акмеологияның негізгі мәселелері «Акме» феномені туралы



бет1/4
Дата18.06.2023
өлшемі34.45 Kb.
#475183
түріЛекция
  1   2   3   4
Акмеология 2




ЛЕКЦИЯ №---
Акмеологияның негізгі мәселелері

      1. «Акме» феномені туралы

      2. Акмеологияның міндеттері

      3. Акмеологияның басқа ғылымдармен байланысы

Акме феноменінің әмбебаптығын тану немесе мойындау, білім беру акмеологиясының мәнін үздіксіз білім берудің әрбір сатысында және жас кезеңінде, ересек адамның және өскелең ұрпақтың біртұтас дамуындағы шыңдарға жету заңдылықтары туралы ғылым ретінде түсіндіруді негіздейді. Білім берудегі акмеологиялық тұғыр, білім беру ортасында адамның өзін-өзі жетілдіруіне, оның дамуына, ересек адамның жеке өскелең ұрпақтың бір шыңнан екінші шыңға жетуіне деген қозғалысына, оның кемелденуінің, шығармашылығы мен денсаудығының алуан түрлі деңгейдегі АКМЕ-ге жетуіне бағытталған.


Акмеологиялық тұғыр білім берудің ізгілендіру идеясын нақтылайды және тәрбиенің қазіргі заманғы идеологиясының негізін құрайды.
Акмеология білім беру жүйесі жағдайында ересек адамның және өскелең ұрпақтың біртұтас дамуындағы жоғары жетістіктерге бағдарлайтын теориялық-әдіснамалық тұғыр ретінде болады. Акмологиялық тұғыр келесіні қамтиды:

  1. Білім беру ортасында өскелең ұрақты және ересек адамды индивид, тұлға, дарлық және өмір сүру субъектісі ретінде біртұтас зерттеу;

  2. Жетістік мотивациясы үшін педагогикалық шарттарды құру, білім беру үдерісінің субъектілерінің жетістіктерге деген қажеттілігін өзектілеу, олардың жоғары нәтижелерге, шығарашы- лыққа деген ұмтылысы;

  3. Шығармашылық қайта құраушы іс-әрекетті вариативті білім беру кеңістігі ретінде ұйымдастыру, әрбір даралық интеллек- туальды және шығармашылық әлеуетін ұйымдастыру;

  4. Синергетикалық білім беру жүйесінде педагог пен білім алушының өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруінің біріктіруші өлшемдері тұрғысында білім беру сапасын бағалау: шығармашылық – жеке адамның біртұтас дамуының жоғары деңгейі ретінде; денсаулық – адамның өмірлік күш-қуатының біріктіруші өлшемі ретінде; шығармашылық – адамның белсенділігі мен дербестігінің жоғары деңгейі ретінде; кемелдену – өскелең жас ұрпақтың ересектенуінің әрбір жас кезеңінде дамудың, білім беру

мен тәрбие бірлігінің біріктіруші өлшемі ретінде; кәсібилік – адамның кәсіби іс-әрекеттегі маңызды күш-қуатын практикалық тұрғыда жүзеге асырудың жоғары деңгейі, руханилығы ретінде.
Акмеология адамның есею сатысындағы даму механизмдерді, заңдылықтарды және феноменологияны, әсіресе осы даму кезінде оның есею сапасының қалыптасқандығын білдіретін жоғары деңгейге жету жолдарын зерттейді. Адамның есеюі оның азамат, ата-ана, белгілі бір еңбек саласының маманы ретінде теңдестірілгендіктен, акмеология саласында қызмет етуші кей ғалымдар «есею» түсінігін «ер жету» түсінігімен теңдестіреді, бірақ та бұл түсініктер эквивалентті емес.
Aкмеология ғылым ретінде психология мен педагогикада жоқ ұғымдар жүйесін құрайды. Ол ұғымдарға келесілер жатады: есеюшілік, кәсіптік іс-әрекет, шеберліктің шыңы, кәсібилік».
«Акмеология – бұл адамның шығармашылық әлеуетінің шыңына қол жеткізудің заңдылықтарын, жолдарын, тәсілдерін, шарттарын және есею кезеңінде іс-әрекет барысында оның өзін-өзі жетілдіруінің амалдарын зерттейтін кіріктірілген ғылым» (А.А.Деркач).
«Aкмеология – бұл адам туралы ғылымдар жүйесіндегі ғылыми білімнің және адамның кәсібиліктің шынына жетудің жаңа саласы»
Адамды зерттеу кезінде алынған интеграция - неғұрлым қиын және ерекше әдіснаманы құруды, сонымен қатар олардың бір- бірімен ғылыми - әдепті ұштасуын талап ететін үдеріс.
Кәсіптік дамудағы «акме» дегеніміз – осы адам үшін, оның белгілі бір уақыт кезеңіндегі кәсіптік дамуының деңгейін білдіретін психикалық қалып. Кәсіптік «акме» - бұл кульминация, шығармашылықтың шыңы мен оптимумы, ең жоғары өнімділік сәті, адам жасаған құндылықтардың ең жоғары мағыналы кезеңі деп сипаттайды (A.А.Деркач, Н.В.Кузнецов).
Ғаламдану жағдайында адамның ғана емес, табиғаттың да дамуының заңдылықтарын зерделеудің акмеологиялық заңдары таралуда, демек аталған ғылыми бағыттың дамуының жаңа іргелі кезеңі басталды деген сөз. Акмеология тіршілік іс-әрекетін, адам мен табиғаттың жаратылыстану және технологиялық өзара әрекеттестігін тарихи-философиялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік береді.
Акмеологияның нысанына есею кезеңінде даму үстіндегі тұлға жатады. Кең мағынадағы пәні – бұл есейген тұлғаның прогрессивті дамуына ықпал ететін немесе кедергі болатын объективті және

субъективті факторлар, өзінің кәсіптік іс-әрекетіндегі, шығармашылығындағы, қатынастарындағы, дамуындағы нәтиженің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізе алатын жағдайлар, шарттар.
Психология ғылымында ұзақ уақыт бойы жеке тұлғаның дамуы бұл – жеке адамның әлеуметтенуі мен тәрбиесі нәтижесінде оның әлеуметтік қасиеті ретінде қалыптасу үдерісі деп есептелген.
Жеке тұлғаның дамуы жалпы түрде адамның жаңа әлеуметтік ортаға кіруі және онымен бірігу үрдісі ретінде қарастырылады.
Бұл үрдістің үш негізгі сатысы бар:

  • бейімделу сатысы (қолданыстағы құндылықтар мен ережелерді игеру, іс-әрекеттің сәйкес құралдары мен тәсілдерін меңгеру дегенді білдіреді);

  • даралану сатысы («барлығы сияқты» болу қажеттілігі мен басқалардан өзгеше болуға ұмтылу арасындағы қарам- қайшылықтың пайда болуы);

  • бірігу сатысы (өз ерекшеліктері мен айырмашылықтары арқылы көріну және қоғамның жеке адамды қабылдау қажеттілігі арасындағы байланыс ретінде).

Жеке тұлғаның өзіндік маңыздылығы мен өзін-өзі көрсетуі гуманистік бағыттағы даралану бойынша оның бейімделуімен, даралануы және бірігуімен үйлесуі керек. Даму психологиясында диалектикалық байланыстар туралы сөз болған еді, яғни жеке тұлға даму барысында қоғамдық тәжірибені игерумен қоса дербестік пен тәуелсіздікке ие болады, бұл даралану мен әлеуметтену біртұтас тұлғалық даму үрдісінің өзара байланысты бөлігі деген сөз.
Aкмеологияның мән-мағынасынан тұлғаның үдемелі дамуымен байланысты тұрақты байланыстарды бейнелейтінін түсінеміз.
Оларға бірізділік тірегі адамның денесінің жетілуі, оның психикалық есеюі, қалыптасқан ақыл-ойы, сезімі, еркі, және интеллект пен ерікке тәуелді емес оның жеке есеюі, оның қарым- қатынасында айқындалып отырады деп айтуға мүмкіндік берді.
Белгілі болғандай, адам индивид, тұлға және іс-әрекет субъекті ретінде болатын есею сатысына білімнің барлық блоктарымен бір уақытта жету мүмкін емес.
Адамның акме деңгейіне индивид, тұлға және шығармашылық қызмет субъектісі ретінде шығу уақыты көп жағдайларда сәйкес келмейді.
Есею сатысына өту кезінде адамның денсаулығы нормаға жақын болуы мүмкін, сонымен қатар созылмалы аурулар салмақ салуы да мүмкін. Оның өзекті ниеттері жалпыадамзаттық

құндылықтар мәніне сәйкес бола алады, немесе олардың артында жалған құндылық тұруы да ықтимал. Сонда адам тіршілігі тәуелді қызмет түрінде, ол дәрменсіз, жасына сәйкес емес инфантильді немесе, керісінше, тек репродуктивтік қызметте емес, сонымен қатар шығармашылық деңгейде де өнімді жігерлі бола алады.
Әр адамға тән есею кезінде қысқа ғана уақытта болатын дамудың осы жоғары деңгейі АКМЕ, оның шығар шыңы болып табылады. Бұл шың неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мазмұнды, көп қырлы және бай болады, жасаған ісінің нәтижесі АКМЕ кезінде соншалықты әлеуметтік зор және жаңашыл болса, бұл, әрине, адамның есею кезіндегі өмір жолының ерекшеліктеріне, әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық мәніне, сол адам тап болған әлеуметтік-психологиялық жағдайға байланысты. Бірақ кей жағдайда, адамның сандық-сапалық акме көрсеткіші танымының кеңеюімен, жалпы және әлеуметтік интеллекттің қалыптасуымен, жаратушылық қабілеттің дамуымен анықталады.
Адамдар бір-бірінен жағымсыз жағдайларға қарсы тұра алу және оларға қарсы өз ниеттерін жүзеге асыра алу біліктерімен ерекшеленеді. Бұл адамдардың АКМЕ-сі олардың индивид, тұлға және іс-әрекет субъекті ретіндегі қалыптасуын әрдайым көрсетеді.
Қазіргі таңда теориялық акмеологиялық зерттеулерде тұлғалық-кәсіби дамуды, тұлғалық әлеуетті күшейтуді, кәсіби іс- әрекетте тұлғаның өзін-өзі көрсетуі сияқты акмеологиялық заңдылықтарды негіздеуге әрекеттер жасалуда.
Жеке тұлғалық даму адамның дүниетанымы кеңейіп, әлеуеттің жаңартылмалы бөлігі жүзеге асқан кезде орын алады, ең бастысы өз бетінше оқу кезінде қол жеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет