2. Қобылан ақын шығармашылығының зерттелуі, жариялануы. Импровизациялық өнердің өкілі Қобылан ақынның табан асты суырып салып айтқан өлеңдерінің көп болғанына күмәндауға болмайды. Кезінде хатқа түспегеннен кейін олардың көбісінің сақталып жетпегені анық. Біздің дәуірімізге жеткен көркем әдеби туындылары соншалықты көп емес. Оларының көбісі ақынның өмірінің соңғы кезеңдерінде шығарған туындылары.
Қобылан ақынның өлеңдері кеңес дәуірінде 1967 жылы шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты жинақта тұңғыш рет жарық көрсе, кейінгі жырлары «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «XIX ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991), «Екімыңжылдық дала жыры» (2000), «Жеті ғасыр жырлайды» (2004), «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинақ кітаптарында жарияланды. Шығармалары жеке жинақ түріндеде де (Қобылан Бәрібайұлы. Баянаула. -Алматы: Фолиант, 2001. -89 б.) жарық көріп, Қазақ Совет энциклопедиясынды (1975. 12 т., 110-б.) деректер берілді. Белгілі ғалым Х.Сүйіншәлиевтің қазақ әдебиетінің тарихына арнап жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997), «ҮІІІ – ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» оқулықтары мен «Қазақ ақындарының поэзиясы» атты оқу құралында (1982) Қобылан ақын шығармаларына талдаулар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |