4. Шығармаларының көркемдiк сипаты.
Үмбетей өзінің шығармалары арқылы жыраулық дәстүрді жалғастырды. Үмбетей шығармалары халық поэзиясының қасиетін бойына жақсы сіңірген. Өлеңдері шешендік сөздерге жақын тұрады. Арнау, толғаулары, негізінде жыр үлгісіндегі 7-8 буынды болып келеді. Образдар ажарлы көркемдік құралдармен айшықты бейнеленеді.
5. Бақылау сұрақтары:
Үмбетей жыраудың өмірі мен шығармашылығына байланысты деректер.
Толғауларының тақырыптық, идеялық-көркемдiк ерекшелiгi.
Жыраудың арнаулары, ерекшелігі, мәні.
Бұқар жырауға арнаған шығармаларының ерекшелiгi.
Үмбетей жыраудың Бөгембай батыр өлiмiн Абылайға естiртуiндегi жыраудың өзiндiк өрнегi.
Бөгембай батыр бейнесiнiң көрiнуi, дәрiптелуi.
Шығармаларының көркемдiк сипаты: құрылысы, тілі.
Жыраудың өмiрi мен шығармашылығының жариялануы.
Әдебиет тарихындағы алатын орны.
Достарыңызбен бөлісу: |