Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Тұлғааралық шиеленістің алдын-алу мен шешу технологиялары



бет27/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
ӘПЖТ Лекция

2.Тұлғааралық шиеленістің алдын-алу мен шешу технологиялары.

Жалпы конфликт дегеніміз - адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. "Конфликт" ұғымы И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын күй" деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.

"Конфликт" термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан да барлық конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән.

Әрбір конфликтте оның қатысушылары - конфликттантар болады. Оларда ерік, жігер, сана бар және өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға жауап бере алады. Әрбір қатысушы - субъект болып табылады, субъект бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір-біріне оппонент болады, олардан басқа да субъекттер болуы мүмкін. Бақылаушылар екі жақ арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ олар тез арада оппонент болып кетуі мүмкін. Конфликт даму үшін инцидент керек. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп қарастыру қиынға соғады, өйткені көптеген толықтырушы мәнжайлар көбейіп кетеді. Сонымен қатар мәні жоқ конфликттер де болады. Егер жағдай айқындалмаса, онда оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді.

Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты:

1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт инициаторына қарсы әрекет етеді;

2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады;

3. Үшінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады.

Конфликт элементтері:

Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы

Жақтардың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі

Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез-құлық

Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану

Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы

Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы

Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік

Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы.

Конфликт критерийлері:

1. Жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір адамның белсенділігі басқа адамның әрекетін анықтайды, ал бұл әрекет бірінші субъектінің жауап реакциясын тудырады.

2. Жағдайды конфликтілік деп ұғыну, яғни екі жақ бір-бірінің әрекетін мақсатына жетудегі, әдейі жасалынған қастық деп бағалайды.

Тұлғааралық конфликтердің ерекшелігі мынада: Адамдардың қарама-қарсылығы, олардың жеке мотивтердің соқтығысуынан болады. Белгілі барлық себептер спектрі көрінеді: жалпы және жеке, объективті және субъективті. Тұлғааралық конфликт мінезді, темпераментті, интеллектті және де басқа да индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін тексеретін өзіндік полигон болып табылады. Конфликтке түскен субъектілердің барлық қатынастары және жоғары эмоционалдылығымен ерекшеленеді.Қоршағандардың қызығушылығын қамтиды. Конфликт тұлғалық және топтық қызығушылықтар негізінде туады. Оның туу себебі, топтың ойына қарсы шыққан жеке тұлға болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда өндірістік жағдайлардың конфликтісі-әлеуметтік факторлардан туындайтыны белгілі болды.

Конфликтінің түрлері.

1. Ашық және жабық конфликт

2. Мотивациялық конфликт

3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті

4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт

5. Статустық конфликт

6. Жеке және топтық конфликтілер

7. Таңдау конфликтісі

8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті

9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті

10. Қажеттілік конфликтісі

11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі.

Конфликттің құрылымдық шешілуінің критериі: қарама-қайшылықтардың шешілу деңгейі болып табылады. Қайшылықтардың толық шешілуі болашақтағы қатынастардың жақсы болуына мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет