Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №13 Баланың құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау технологиясы



бет28/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №13

Баланың құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау технологиясы
Лекция жоспары:

1.Отбасы тәрбиесінде баланың құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.

2.Кәмелетке толмағандардың мүліктік құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.
Лекция мәтіні:

1.Отбасы тәрбиесінде баланың құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.

Кемелденген қоғам ең алдымен адам қамын ойлаумен болады. Ол жақсы бастамаларға жетелеп, жамандықтан тосады. Осы бағыттағы ең маңызды қадамдардың бірі өсіп келе жатқан жас жеткеншектерді, яғни балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтарының үнемі сақталып отыруын қадағалау болып табылады. Өйткені, бала біздің болашағымыз. Балалар біздің көмекшілеріміз болады, біз Заң актілеріне сүйенеміз. Біздің болашағымыз және Қазақстан болашағы бала қалай тәрбие алады, қалай білім алады және осы тез өзгеретін әлеммен бірге даму дайындығынан көрінеді. Бала махаббаты үлкен адамдардың мейірімділігіне сенеді.

Кейде балаларды қорқытып, зорлық-зомбылық көрсетіледі, оларды ұрып соғады.Бақытына қарай балалардың қайғысына адамзат көңіл аударды және 1989 ж. БҰҰ бас ассамблеясының балалар құқығы туралы Конвенциясы қабылданды. Конвенция – халықаралық құқықтық құжат. Бұл құжатта балалардың туғаннан жасы кәмелетке дейінгі құқығы айтылған. Бұл құқықтар баланың өмірінде және денсаулығы үшін, оның дамуы үшін маңызды.

Ал біздің мемлекетте негізгі құжат - «ҚР бала құқығы туралы» Заңы, ол 2002 жылы қабылданды.

«Балалар қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес, бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция»,-деді Елбасы өзінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында.

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.

Бала құқығы - әрбір бала өзінің нәсіліне, жынысына, тіліне, ұлттық және әлеуметтік тегіне, мүліктік, таптық және басқа да жағдайларына қарамастан иеленуге тиісті құқықтар мен бостандықтар.

Бала денсаулығын сақтауға және әлеуметтік қорғалуға, сонымен бірге әлеуметтік сақтандырылуға құқылы.Бала өзінің жеке басының бостандығын, ақыл-ой және діни еркіндігін сақтауға құқылы.Өзінің отбасынан айырылған бала мемлекет беретін ерекше қорғау мен жәрдемдерді пайдалануға құқылы.Ең бірінші балаға өз құқығымен таныстырмай тұрып, біз балалар құқығын игеруіміз керек.

Ең бірінші мәліметті бала отбасынан алады. Содан кейін тәрбиеге мемлекет, әлеуметтік бірлестіктер қосылады.

Отбасы - туыстың ең жақын ортасы. Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.

1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні

1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.

1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті.

20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.



28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет