Әлеуметтік өзара әрекет ету . Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.
Тиімді топтық қарым-қатынас. Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу
• белсенді тыңдау
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау
• көмектесу және көмек сұрау
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу
• талқылаудың қорытындысын шығару
• дәйекті айғақтар келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |