Тәрбиелілікті диагностикалаудың төрт деңгейі. Жоғары деңгей: тұлға қарым-қатынас пен әрекет етуде өзіндік әрекетімен ерекшеленеді, өзін-өзі дамытуға қабілетті; жеткілікті деңгей: балада мінезінің ішкі реттеуіштері негізінен қалыптасқан, бірақ оған сын сағаттарда көмек қажет; төменгі деңгей: тұлға өз дамуында тоқтап қалған, педагогикалық қолдаусыз өзін-өзі жетілдіруге қабілетсіз; қанағаттанаралықсыз деңгей: ала-бөтен мінез-құлыққа бейім, өзін-өзі бұзушы тұлға.
Тәрбиелік жағдаят. Педагогикада мінез-құлықты диагностикалауда тиімді амалдарды қолданады. Мысалы, тәрбиелік жағдаят әдісі: 1) талап етілетін сапа деңгейін диагностикалауға қол жеткізеді; 2) сол сапаны тәрбиелейді. Тәрбиелік жағдаят – бұл табиғи немесе алдын-ала жасалынған жағдай, онда тәрбиеленуші әрекет етуге мәжбүр болғандықтан, өзінің қандай да бір деңгейін көрсетеді. Соңғы жылдары педагогикада проблемалық жағдаяттар ойластырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |