Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №4 Әлеуметтік педагогтың мамандандырылуы



бет7/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №4

Әлеуметтік педагогтың мамандандырылуы
Лекция жоспары:

1.Әлеуметтік педагогтың жалпы және өзіндік қызметтері.

2.Әлеуметтік педагогтың мамандандырылуына сәйкес әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті моделдеу.

3. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет пен жұмыстың нормативті-құқықтық негіздері


Лекция мәтіні:

1.Әлеуметтік педагогтың жалпы және өзіндік қызметтері.

Әлеуметтік педагогиканың мақсаты. Әлеуметтік педагогика жеке тұлғаның өзгешеліктері мен ол өмір сүретін мемлекеттің (қоғамның) әлеуметтік мәдениетін ескере отырып, әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына жағдай жасауы қажет. Бұл ортаның және адамның жасы мен басқалардан өзгешеліктеріне қарай өзара әрекетін үйлестіруді жолға қояды. Басқалардан өзгешелік – бұл бір адамның басқа адамнан айырмашылығы. Бұл адамның ерік күші ерекшеліктерінен, жеке мүмкіндіктерінен (мысалы, мүмкіндіктері шектеулі, ерекше күтім қажет адамдар), қалыптасқан ұстанымдарынан, өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға деген көзқарастарынан көрінеді. Мұндай міндеттерді әлеуметтік педагогика топтар деңгейінде де шешеді.

Әлеуметтік педагогика әлеуметтік-мәдени ортаның жеке тұлғаға және топқа жасайтын ықпалын зерделеуге және ол ықпалдың оң және теріс салдарларын анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік педагогикадағы бұл бағыт орта педагогикасы деп аталады.



Әлеуметтік педагогика объектісі. Зерттеуші-педагогтар мыналарды анықтайды:

- әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектісі (әлеуметтік педагог жұмысының объектісі) – адам, жасына (балалар, жасөспірімдер, жастық, ересек, егде адамдар), сондай-ақ, тобына, отбасына тәуелсіз түрде;

- нақты әлеуметтік педагогика объектісі (әлеуметтік педагогика тікелей зерттейтін) – тиісті құбылыстар немесе үдерістер.

Әлеуметтік педагогиканың оқу пәні әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді, оны іске асырудың шарттарын, сондай-ақ, адамның, топтың, тұтастай қоғамның әлеуметтік қалыптасуына елеулі түрде әсер ететін ортаның (қауымның) факторларын анықтайтын зерттеудің мазмұны, нысаны мен әдістері болып табылады. Пәннің мазмұнды құрауышы әлеуметтік-педагогиканың бөлімімен анықталады.

Әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын оның міндеттері анықтайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нақтылы бағыттағы мазмұнына сәйкес ерекшелігін көрсетеді. Әлеуметтік-педагогиканың міндеттері оның мақсатын сипаттайды, мазмұнын түсінуге көмектеседі.

Зерттеушілер әлеуметтік-педагогиканың жалпыпедагогикалық (әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын білдіретін) және әлеуметтік-педагогиканың нақты әлеуметтік-педагогикалық міндеттерін айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет