Лекция №26
Волонтерлердің іс-әрекеті
Лекция жоспары:
1.Волонтерлермен жұмыс жасау жүйесі.
2.Волонтерлердің іс-әрекеті.
Лекция мәтіні:
1.Волонтерлермен жұмыс жасау жүйесі.
Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңдіре білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.
Мұқтаж адамдарға көмек қолын соза алатын кез-келген адам волонтер бола алады. Волонтерлі қызметтің мақсатты бағытталған тобы түрлі көмекке мұқтаж жандар болуы мүмкін: ауру жəне ауру балалар, нашақор немесе маскүнем ата-ана балалары, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне кедей адамдар, сонымен қатар жануарлар, табиғат жəне т.б.
«Асар» – бұл ерте уақыттағы «көмек сұраған» адамдарға ерікті көмек көрсету түрі. Бұл шақыруға келушілер, қыстақ салуда, той жəне жерлеу рəсімдерін ұйымдастыруға көмек берген. Асар түрлі жастағы жəне əр түрлі əлеуметтік статусқа ие адамдарды бір істе біріктірген мұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол жеке бір индивидуалдық емес, қоғамдық игілік үшін қажет. Уақыттар өтті, асар əлі де бар, алайда оған паралельді көмектің түрі пайда болды, ол - волонтер.
Қазақстан Республикасында волонтерліктің дамуы жəне дамудағы проблемаларға тоқталардан бұрын волонтерліктің пайда болуына тоқталайық. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі секілді. Адам тарихында ерікті жəне дүниеқорлық мақсатта емес көмекке ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда əрдайым қоғам игілігі үшін еңбек етуші адамдар болған.
Тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін адамдар бірлесіп өнім жинаған, үй соққан, жол жөндеген. Мүмкін, XIX ғасырда индустрализация, ақша рөлінің жоғарылауы, анонимділіктер, бір-біріне көмек беру жəне ынтымақтастық секілді құндылықтарды үзді.
1920 жылы бұл құндылықтар қайта пайда болды, ол жеккөрушілікке қарсы дəру ретінде Бірінші Дүние Жүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия, Англия, Германия жəне Швециядан волонтерлар, соның ішінде бұрынғы сарбаздар, Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған болатын. Міне осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет етуде. Ол французша атауға ие Service Civil International (Халықаралық Азаматтық Көмек), қысқаша S.C.I. Волонтерлік көмек тез таралды. 1920-1930 жылдары S.C.I. жалғастырушылар көбейді. Сол уақытта мұндай ұйымдар түрлі еуропалық елдердің жастарының достық қарым-қатынас құру тəсілі ретінде бағаланды. 1929 жылғы қатаң экономикалық кризис кезінде АҚШ-тан бастап Болгарияға дейінгі елдер волонтерлік жұмыстарын жұмыссыз жастарды бос жүргізбей əлеуметтік қажет іспен айналыстырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қаматамасыз етілуі үшін ұйымдастырды.
Өкінішке орай, бұл халықаралық ұйымдардың идеялары неміс жұмысшы бригадасы Hitlerjugend Arbeitsdienst жəне өзге тоталитарлық елдердегі ұйым əсерлерінен бұрмаланушылыққа ұшырады жəне өзге ағымға бұрылды.
1934 жылы S.C.I. төрт еуропалық волонтерлерді Үндістандағы кедейлерге көмек беруге жіберді. Бұл команда British Volunteer Programme, US Peace Corps, Deutsche Entwiklungsdienst секілді ұйымдардың жəне өзге топтардың бастамашысы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін жас волонтерлер Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Олар мынадай проекттерде жұмыс жасады: Варшава орталығын соғу, батыс Еуропадағы қираған қалаларды қайта қалпына келтіру, Югославиядағы Bratsvo-Edinstvo көлік магистралін құруда. Волонтер халықтар арасында достық қарым-қатынас орнауына өз септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |