Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тұлғаның
сана – сезіміне анықтама бергендер кімдер?
2. Сана – сезімнің құраушы қандай компоненттер?
3. Жаңсақ нанымдар мен этностық жаңсақ нанымдар
дегеніміз қандай феномен?
4. Ұлттық бағыт, таптаурындар мен нанымдар
арасында қандай байланыс бар?
Қарастырылатын
сұрақтар (дәріс жоспары):
Тұлғаның этноәлеуметтенуі
және мәдениеттенуі
Тұлғаның автономдылығы әлеуметтік
тәжірибиесі мен әлеуметтік
байланыстар жүйесін өзектендіріп қана
қоймайды, сонымен қатар
жаңа индивидуалдық тәжірибиелердің құрылуына
әкеледі. Әлеуметтік тұрпылану және
тұлғалық автономдылық тенденциялары әлеуметтің қоғамдық өмірде
адамның нышандарын, қабілеттерін рухани
және субьективтік жағынан өндірілуін
көрсетеді.
Әлеуметтену – үздіксіз
үдеріс. Оның әр
кезеңі анықталған
тапсырмаларды шешу барысында
бөлінеді. Әр өзіндік
тапсырмалар адам бойында белгілі
ережелер негізі – жаңсақ
нанымдар қалыптасып отырады да,
соңында адамның мінез- құлық нәтижесін
байқататын өзіндік сана
құрылымын құрайды.
Сонымен, әлеуметтену
адамның болмыстық ортада
референтті және индиферентті өзін өзі
дамытуынан көрінеді. Әлеуметтенудің кезеңдерін анықтау, оның еңбек
іс әрекетінде
жүретіндігінен басталатындығын
көрсетуге мүмкіндік береді.
Еңбек іс әрекетіне байланысты, әлеуметтенудің келесі
кезеңдерін көрсетуге болады.
1) еңбекке дейінгі,
яғни адамның еңбек
іс-әрекеті басталғанға дейінгі өмір сүру
аралығы
2) еңбектік, адамның
есейгендігін көрсететін кезең.
Еңбек уақытының
демографиялық шекаралын бөліп
көрсету қиынға соғады.
Себебі, тұлға әлеуметтік
бағытын, құндылықтарын еңбек
ету барысында қалыптастырады.
3) еңбек етуден
кейінгі уақыт, яғни
еңбектік іс-әрекеттің тоқтатылған кезі. Бұл
зейнеткерлік қарсаң , мүгедектік
бойынша еңбектен қалуы
. Әлеуметтену процесі
адамның әртүрлі әлеуметтік
рөлдерді атқарып, өзін әр
қырынан көрсетуіне мүмкіндік
береді. Осыған байланысты тұлғаның мәртебелік
рөлдік қатынаста өзара
әрекет етуі туралы
мағлұмат алуға болады
Тұлғаның
этноәлеуметтену процесін Тежфел
мен Тернердің әлеуметтік біртектілену теориясымен
түсіндіруге болады. Олар
адамның өз пікірін анықтаудың екі
жолын көрсетеді: бірі өз
жетекшілері арқылы, екіншісі өзінен өзі
нақтылы топқа жатқызуы
арқылы: Менің істеген
әрекеттерім өзіме ұнап, өз
жетістіктеріме негізделіп, солар
арқылы өзіме өзім
ұнауым негізгі мақсатым
болуы. Әрине, бұл жағдайда
өзім өз жетістігімнің қызуымен
жүремін.
Басқа және О.О кәсіби ортасы
Тұрмыстық салт дәстүр
Қарым қатынас
Танымдық іс әрекеттер
Сурет 2- Тұлғаның этностық әлеуметтену
факторы
Әрине, бұл кезде
адам өзін белгілі
әлеуметтік ортада біртектіленуін сезінуі қажет.
Яғни, әлеуметтік ортада
өз орнымды табуға
тырысуым керек. Соған орай,
өзіндік бағам өз
пікіріме негізделген қажеттіліктердің қанағаттануы деген
жаңсақ нанымдар пайда
болмақ.
Таптаурындану мен жаңсақ
нанымдар әлеуметтік қабылдауға байланысты болғандықтан жаңсақ
нанымдардың пайда болу
негізі де сонда дей
аламыз. Ендеше, этностық
жаңсақ нанымдар тұлғаның этноәлеуметтенуінен туындайды.
Тұлға өзінің этноәлеуметтену барыснда
өз халқына тән
мінез бітістерін, мінез-құлық
таптауырындарын,
эмоцияналдық мотивациялық
ерекшеліктерін, талғамын, басқа
да тұлғалық қасиеттерін
өз бойына сіңіреді. Осыған орай
ұлттық тұлғаның этностық
әлеуметтену процестері
қоғамдағы тарихи- әлеуметтік ,
саяси-экономикалық жағдайларға
байланысты, этномәдени құндылықтардың, қарым-қатынастың сонымен қатар танымдық іс-әрекеттердің
тұлға санасына әсе етуі негізінде жүзеге асады.
Сонымен, қазіргі кезде
ұлттық тұлғаны қалыптастыру оның әлеуметтену және
мәдениеттану жүйелерімен сабақтастырыла қаралуда. Себебі, оның
мінез құлқы, келбеті
өмірлік бағыт бағдары
жоғарыда көрсетілген
құндылықтыр негізінде қалыптасады.
Бұл суреттен ұлттық
тұлғаны қалыптастырудағы негізгі
факторлар тарихи- әлеуметтік , саяси-экономикалық жағдайлар, тұлғаның күнделікті кездестіретін, біріккен іс-әрекетке
түсетін әлеуметтік ортасы,
этномәдени құндылықтар
және қарым қатынастар
мен танымдық іс-әрекеттер екендігін
көреміз.
Мәдениет ұлттық сана сезімнің бір біріне деген қатынасы
белгілі-бір халықтың ұлттық сана сезімімен оның
ұлттық мәдениетінде ең кең және
нақты көрінеді. Ал осы
мәдениетті меңгеру арқылы
жанның және этностық қауымдастықтың жаңа
ұрпақтарының ұлттық сана
сезімі қалыптасады. Тек
қана рухани мәдениетке
ұлттық сана сезімнің
бүкіл жақтары көрінеді, басқаша
айтқанда халық тарихының
бірлігі, туған жер, туған тіл,
яғни, халықтың негізгі
ерекшеліктері туралы түсінік.
Кейбір зерттеушілердің
айтуынша ұлттық сана
сезімге мәдени қауымдастықтарға саналы
түрде қатынасы да
кіреді.
ХХғасырдың II ші
жартысында мәдениет психиканың
ұлтаралық ерекшеліктерді қалыптастырудың негізгі факторы екендігі
барлықтарға мәлім. Мәдениеттің көптеген
қызметтерінің ішінде оның
адамдардың мінез-құлқын
анықтайтын реттеушілік қызметі,
Ю.М. Лотман «қоғам үшін индивидтің
барлық қылықтары орын
алады».- деген.
Сонымен мәдениет әлеуметтік
мінез-құлыққа әсер етіп, тұлғаның социопсихологиялық мінез
құлықын негіздейді. Бұл мінез
құлық осы мәдениеттің типтік
бағдарламаларын анықтап және
осы қауымдастыққа тән жағдайлардағы мінез-құлқын реттей
отырып, индивидті өзіндік
дара шешімдерді қабылдаудан босатады.
/Асмолов/
Мәдениеттің типтік бағдарламалары салт-дәстүрлерде, әдет ғұрыптарда және басқа
рухани құндылықтарда өз
көрінісін табады. Әр мәдениеттің салт-дәстүрі ұлттық
сана сезімді қалыптастыру механизмдері болып табылатын бір-бірімен
тығыз байланысатын элементтерден, әдет-ғұрыптардан, құндылықтардан, нормалардан, пікірлерден, наным-сенімдерден тұратын
тұтас күрделі жүйе
болып табылады. Ол әлеуметтену процесінде
жүзеге асады.
Жеке адамдық немесе
даралық адамның әлеуметтілігі, әлеуметтік дамуы және
нәтижелі саналы іс- әрекетке дайындығы деп
анықталады. Тұлғаның мазмұнын
осылай түсінуге, оның
қалыптасуына қоғамның барлық әлеуметтік
қатынастар жүйелері және
әлеуметтік өндірістік бүкіл түрлері үлкен
әсер етеді. Әрбір
индивид өзінің дамуында екі
жақты детерминацияға ұшырайды: мәдени обьективті
және мәдени психологиялық.
Достарыңызбен бөлісу: |