Этностық өзіндік сезім.
Этностық
сана сезім бұл – этностық қоғамдастықты құрайтын адамдардың басқа
емес, дәл сол қоғамдастыққа жататынын сезінуі. Этностық сана сезімнің мәні
адамның өзін орыс, жапон, испан, қазақ және т.б. деп сезінуінде. Ол өзінің ұлттық
қоғамдастығының басқа өкілдерімен генетикалық байланысын сезінеді. Индивидтің
этностық сана сезімі оның өзінің шығу тегі жайлы түсінігіне негізделген. Ол өзін
нақты этностық топқа жататын ата тегінің алдыңғы ұрпақтардың қатары деп
есептейтіндіктен дәл сол топтың мүшесі ретінде сезінеді. Қайсыбір этностық қоғамдастықтың
мүшесі екенін сезінуі адамның толықтай ақылы мен еркіне тәуелді қайсыбір таза
субъективті нәрсе ретінде қарастыруға болмайды. Ол қажет компонент ретінде
этностық ерекшелік сезімін қамтиды. Ал адамның сезімдері оның ақыл-есінен тәуелсіз
қалыптасады. Этностық ерекшелік сезімі адам өмірінің объективті жағдайларының
ықпалынан қалыптасады да, пайда болғаннан кейін, оның санасымен еркінен тыс
тіршілік етеді. Этностық топтардың арасындағы қарым-қатынас жағдайы адамның өзінің
және басқа да этностық топтардың едәуір көбірек мүмкіндіктерін табыс етеді.
Этностардың арасындағы түсіністіктің дамуына және коммуникативті дағдылардың қалыптасуына
ықпал етеді. Моноэтностық жағдайдағы ауылдың өкіліне қарағанда көп ұлтты
Алматыда өмір сүретін қазақ баласы өзінің этностық ерекшелігін тезірек
сезінеді. Себебі этностардың арасындағы қарым-қатынастың жетіспеуі сол тектес
қатынастарға деген ұқсастығын міндеттейді.
2.
Психология тұрғысындағы ұлттық психиканы түсіндіру
Этностық бірлік өкілдері әдетте
мына белгісімен: тарихи дамуы, территориясы, тіл, мәдениеті, психикалық ділі
бар адамдар жиынтығы болып түсіндіріледі.
Ұлттық психика – адамдардың қоғамдық
сананың (қоғамдық өмір) құрамы, оның негізгі компоненті – қоғамдық психология.
Ол шынайы, адамдардың мінез-құлығы мен топтарынан көрінеді және сананың барлық
формаларымен (саясат, құқық, мораль, дін, ғылым, өнер, философия) байланысты.
Этностық психология –
адамдардың ұлттық психикасын зерттейтін саласы.
Түрлі этностық бірлік өкілдері этностық психологияның ғылым ретіндегі
объектісі болып табылады.
Адамның ұлттық психикасын қалыптастыратын
факторлар: оның бар ерекшеліктерінің шығуы мен қызметтерін алдын ала келісіп
алады. Нақты зерттейтін құбылыстар мен процестер этностық психологияның
категорияларына жатады.
Ұлттық психологиялық құбылыстар
ұлттық таптаурындарда және ұлттық ұстаным механизмдерінде байқалады.
Ұлттық психологиялық құбылыстардың
нақты қасиеті – олардың заңдылықтарының арнайы көріністерінің бейнеленуі,
оларға мыналар жатады:
1. барлық басқа психикалық құбылыстардың
себептері болады (әрбір ұлттық бірлік өкілдері ойлайды, сезінеді, өзін-өзі ұстай
алады, пікірлеседі, әрекеттеседі, өйткені өзінің этностық ортасы және ежелден
дамыған ұлттық тәжірибесі бар);
2. көптүрлілігінің айқындығы (әрбір нақты қауымның
психикалық күйі мен процестерінің ұлттық ерекшеліктері, өзара әрекеттестігі, өзара
қарым-қатынастары ерекше сипатқа ие, оларға қабылдау, зерттеу және түсіну қиындық
туғызады);
3. олардың ерекшеліктерін бір жүйеге
келтіру мүмкін емес (өйткені түрлі этностық бірлік өкілдерінің психикалық көріністері
айрықша);
4. басқа психикалық құбылыстармен салыстырғанда,
тұрақтылығы мен кертартпалығы (консерватизім) басым.
Достарыңызбен бөлісу: |