Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет39/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Атаушы сөздердiң өзiне тән дербес мағыналары болып, кейде түрленiп, кейде түрленбей жұмсалып, өз алдына дербес мүше ретiнде қолданыла алады. Атаушы сөздердiң қатарына зат есiм, сын есiм, етiстiк, және шартты түрде сан есiм мен есiмдiк жатқызылып жүр.
Көмекшi сөздер мағыналық дербестiгi болмағандықтан, тек атауыш сөздермен тiркесiп қолданылады. Олар сөйлемде жеке мүше бола алмайды, бiр мүшенi екiншi мүшемен байланыстырып тұрады. Көмекшi сөздер қатарына әр түрлi тiлдердегi артикльдер, предлогтар, жалғаулықтар, септеулiктер, демеулiктер енедi.
Одағай сөздер деп ешқандай ақиқат ұғымды бiлдiрмей-тiн, тек адамның әр алуан көңiл күйi мен сезiм райларын бiлдiру үшiн қолданылатын сөздердi айтамыз. Одағайлар өзге сөздермен қарым –қатынасқа түспейдi, жарыспалы сөйлем ретiнде жұмсалатындықтан сөйлем мүшесi бола алмайды.
Модаль сөздер қатарына мынадай сөздер жатады: мүмкiн, әрине, бәлки, зайыры, рас, шамасы, әлбетте, керек т.б.
Атаушы сөздi есiмдер және етiстiктер деп екiге бөлемiз. Есiмдердi атаушы есiмдер және үстеуiш есiмдер деп екi топқа бөлемiз. Атаушы есiмдер – зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiктер, үстеуiш есiмдер- үстеу және елiктеуiш сөздер.
Тілдің сөздік құрамындағы бар сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуге бірден-бір таяныш болатын тірек – лексика-семантикалық белгі. Сондықтан тілдегі сөздерді топтастырғанда мынадай мәселелер ескерілуі керек: Мәселен, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер топтастырғанда, олардың лексикалық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздердің лексикалық жағын ескеру деген сөз – олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз тобына енетін сөздер лексика-семантикалық тұрғыдан қаралып талдану қажет. Бұл үш топқа бөлінуде морфологиялық белгілердің еш қатысы жоқ. Себебі, атауыш сөздердің түрленетіні, түрленбейтіні, сол сияқты көмекші сөздердің де түрленетіні, түрленбейтіні бар. Осыған байланысты С.Исаев сөздерді топтастыру мен таптастыру мәселесін ашып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет