Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет40/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөздерді топқа бөлу ежелден келе жатқан құбылыс па?

  2. Қазақ грамматикасында сөздерді топқа бөліп қарастыру қашан басталды?

  3. Қ.Жұбанов сөздерді қалай таптастырды?

  4. Еліктеуіш сөздер сөз таптарының қатарына қашан енгізілді?

  5. Модаль сөздер сөз табына қашан енгізілді?

  6. Қазіргі қазақ тілінде қандай сөз таптары бар?

  7. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың себебі неде?

  8. Сөздерді үш топқа бөлудің ғылыми негізі бар ма?

  9. Атауыш сөздердің белгісін атаңыз.

  10. Көмекші сөздерге қандай ерекшеліктер тән?

  11. Одағай сөздерге қандай ерекшеліктер тән?



Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Көмекші сөз түрлерінің пайда болу және зерттелу тарихы (кейс).


Қажетті әдебиеттер

  1. О.П.Суник. Общая теория частей речи. - М.Л. 1966, 9-10 стр., 113-116 беттер.

  2. А. Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. -А, 1964, 322-323, 376-377 беттер.

  3. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -А, 1967 , 1 –кiтап.


Лекция №23
Лекцияның тақырыбы: Сөз таптары
Лекцияның мақсаты: Сөз таптарының пайда болу, даму тарихымен, сөз таптарының түрлерімен таныстыру.
Лекцияның жоспары:
1. Сөз таптары, оларды бiр-бiрiнен ажырату принциптерi.
2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы.
3. Сөздiң бiр сөз табынан басқа сөз табына ауысуы.
Лекцияның мазмұны
Лексика- грамматикалық топтарына қарай сөздердi 9 сөз табына бөлемiз: зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiк, үстеу, елiктеуiш сөздер, шылау, одағай.
Сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлi көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бiрi бойынша, сөз таптары сөздiң лексика-грамматикалық категориялары болып санал-са, екiншiлерi бойынша, формальды-грамматикалық катего-рия, ал үшiншiлерi бойынша сөздiң таза грамматика-лық топтары болып саналады.
А.А.Шахматов., В.В.Виноградов, Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щербалар сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп таниды.
А.А.Шахматов пiкiрi бойынша әр бiр сөз табының мағынасы сөздiң лексикалық мағынасы мен грамматикалық ұғым, грамматикалық категория жиынтығынан құралады.
В.Виноградов ‘‘Сөз лексикалық және грамматикалық мағынаның iшкi конструктивтi бiрлiгi болып табылады” десе, А.И.Мещанинов ‘‘Семантикалық жақтан да, форма жағынан да сипатталатын лексикалық топтар сөз таптары деп аталады” дейдi.
Ф. Ф. Фортунатов сөз таптарын формальды-граммати-калық категория деп қарап, сөздердi ‘‘түрленетiн” және ‘‘түрленбейтiн” сөздер деп топтастырса, О. П. Суник пен А. А. Реформатский сөз таптарын таза грамматикалық категория деп есептеп, басты белгiге грамматикалық мағы-наны қояды.
Сөз табына бөлгенде оның беретiн мағынасы есепке алынады, мысалы, зат есiмге- заттылық мағына, сын есiмге –атрибутивтiк мағына, етiстiктер тобына –процессцуалдық мағына тән. Сөз таптары бiр-бiрiнен жалпы категориялды мағына жағынан ажыратылады.
Екiншiден, грамматикалық белгiлерi, үшiншiден синтак-систiк белгiлерi есепке алынады.
Графикалық белгi 2 түрлi болады: морфологиялық, синтаксистiк. Мысалы, -шы, -шi, -ым, -iм, зат есiмге тән болса, -лы, -лi, -сыз, -сiз, сын есiмге , -ла, -ле, -да, -де, етiстiкке тән .
Синтаксистiк белгi арқылы сөздердiң сөйлемде атқара-тын қызметi аңғарылады. Сол арқылы әр сөз табы бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Зат есiмдер сөйлемде көбiнесе бастауыштың қызметiн атқарса, кейде баяндауыш, анық-тауыш, пысықтауыш, толықтауыштың қызметiн атқарады. Сын есiм анықтауыш қызметiн атқарады, кей жағдайда бастауыш, толықтауыш, баяндауыш қызметiн атқарады.
Орыс тiлiнде сын есiмдер зат есiм секiлдi түрленiп отырады. Сын есiм анықтауыш қызметiн, кейде бастауыш, толықтауыш, баяндауыш қызметiн атқарады. Орыс т. сын есiмдер зат есiм секiлдi түрленiп отырады. ¶стеудiң негiзгi қызметi – пысықтауыш болу. Етiстiкке-баяндауыш болу немесе көсемше формасында пысықтауыш болу тән. Кейде етiстiктер бастауыш,толықтауыш қызметiн де атқарады.
Әр сөз табының атқаратын қызметiне қарай сөйлемде алатын орны бар. Сын есiм заттың сынын бiлдiрiп, зат есiмнiң алдынан орын алады. Етiстiктер қимылды бiлдiруi себептi сөйлем соңында, ал үстеу етiстiктiң алдынан орын алады. Көмекшi есiм, предлог, артикльдер, септеулiктер зат есiмге қатысты да, елiктеуiш сөздер, көмекшi етiстiктер етiстiкке тән сөздер болып табылады.
Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк сөздерінің әрі зат есім (жас келсе іске, ертең көкке шығалық) , әрі сын есім (жас бала көк шөп) болуы сол көне кұбылыстың ізі екендігін көрсетеді. Тілімізде әрі зат есім, әрі сын есім болатын сөздер (ыстық, жарық, салқын, суық) ғана емес, әрі зат есім, етістік болатын сөздер де бар. Мысалы: көш (көш келе жатыр, бүрсігүні жайлауға көш) той, тоң, ық, т.б. Кейде тіпті бір сөздің өзі үш түрлі сөз табына жатуы мүмкін. Мысалы: ауыру — зат есім (ескі ауру), ауыру — сын есім (ауру жүрек) ауыру — етістік (ішінің ауыруы жанына қатты батты). Бұлар — лексикалық омонимдер. Бұлардың зат есім сыңары - зат есімдерше, сын есім сыңары — сын есімдерше, етістік сыңары —етістіктерше түрленеді, олардың әр қайсысына тән категориялармен сипатталады.
Бұл нені көрсетеді?
Бұл— зат есімдер мен сын есімдердің, етістіктердің, үстеулердің дамуы барысында біртіндеп жігі ажырап, дербес лексика-грамматикалық категориялар ретінде қалыптасқандығын көрсетеді.
Яғни сөздер қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне, мағынасына карай сараланады, топтасады. Осылайша дамудың барысында сөз таптары жасалады.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи даму барысында біртіндеп жасалатындығын үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуынан да көрінеді. Мысалы: қазақ тілінде босқа, зорға, бірге (барыс сеп.); кейде, қапыда, бірде (жатыс сеп.) жүресінен, кенеттен, (шығыс сеп.); жайымен, ретімен (көмектес сеп.); орыс тілінде: вечером, порой, издавна, вплотную т.б. Бұлар — үстеулер. Олардың түбірлері — зат есімдер (қапы, жайы, реті), сын есімдер (бос, зор), сан есімдер (бір), есімдіктер (кей). Бұл есім сөздерге септік жалғаулары жалғаньш, пысықтауыш қызметінде жұмсалу барысында үстеулерге айналған. Көрсетілген үстеулердің құрамындағы жалғаулары сол сөздердің айрылмайтын бөлшегіне айналып, көнеленіп кеткен. Оларды сөздердің түбірінен бөліп алып қарастыруға болмайды. Олар түбірге сіңісіп кеткен. Сөйтіп, сөз лексикаланып, пысықтауыштық қызмет атқарып, басқа сөз табына айналған.
Яғни есімдерден үстеу сөздер жасалыну үшін үш түрлі шарт керек екен. Олар:
1) есім сөздерге септік жалғауларының біреуі жалғанып, оның әбден орнығып калыптасуы және көнеленуі;

  1. олардың мағына жағынан әуелгі төркіндерінен алшақтауы;

  2. пысықтауыш қызметінде жұмсалынуы.

Қазақ тілінде көсемше формалы етістіктердің пысықтауыш қызметінде үнемі жұмсала келіп, әбден қалыптасуынан және ондай формалардың көнеленуінен жасалған үстеулер де бар. Мысалы: аздап, аз-аздап, қайыра, жағалай, таласа-тармаса, т.б. Бұлардың көсемшелерге тек форма жағынан ғана ұқсастығы бар. Әйтпесе олар — үстеулер.
Олардың үстеу екендіктерін мыналардан көруге болады:
1) бұларға тікелей жіктік жалғаулары жалғанбайды;
2) олар сөйлемде баяндауыш болып қызмет аткармайды;
3) бұл сөздерде етістіктерге тән шақтық, жактық т.б. қасиеттер жоқ;
4) бұлар сөйлемде тек пысыктауыш болып қызмет атқарады;
5) бұларға етістіктерге жалғанатын болымсыздық жұрнағы (-ма, -ме) қосылмайды.
Қазақ тіліндегі сүзеген, тебеген, қабаған, жатаған тәрізді сөздер формасы жағынан — есімшелер. Бірақ бұлар тілдік табиғаты жағынан - сын есімдер. Өйткені олар ұдайы анықтауыш қызметінде жұмсала келіп, өздерінің есімшелік мағыналарынан айырылып калған да, сын есімдерге айналып кеткен.
Сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөздің лексикалық мағынасының өзгеруімен тығыз байланысты. Лексикалық мағынада өзгеріс болмай тұрып, бір сөз табының басқа бір сөз табына ауысуы мүмкін емес. Мәселен, жоғарыда айтылғандай, ауыру деген тұйық етістік семантикалық жақтан дами келіп, бұл күнде сын есім мағынасында да (ауру адам), зат есімі мағынасында да (ауруды емдеу) қолданыла береді. Қазір зат есімдер болып қалыптасып кеткен егеу, көсеу, бояу, жабу деген сөздер де тұйық етістіктердің заттануынан жасалғандар. Бұл сөздер, сонымен бірге, етістік қалпын да сақтап қалған. Сондай-ақ, батыр, ер, қарт деген сын есімдер субстантивтеніп, зат есім түріңде де қолданыла береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет