Баланың физикалық дамуы
1 жасқа дейін І кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? **3 см
1 жасқа дейін ІІ кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? **2,5 см
1 жасқа дейін ІІІ кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? **1,5 см
1 жасқа дейін ІV кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? **1 см
Сау баланың бойы 1 жасқа дейін орташа деңгейде өседі: **25 см
1 айда баланың дене салмағының қосылуы: **600 г
2 айда баланың дене салмағының қосылуы: **800 г
6 айда баланың дене салмағының қосылуы: **650 г
10 айда баланың дене салмағының қосылуы: **450 г
Сау бала 1 жасқа дейін орташа деңгейде салмақ қосады: **7150 г
1 жасқа дейін сау баланың дене салмағын және бойын неше рет өлшеу керек? **Айына 1 рет
1 жастан 2 жасқа дейін сау баланың дене салмағын және бойын неше рет өлшеу керек? **Квартал сайын
5 жастағы баланың салмағы: **19 кг
8 жастағы баланың бойы: **130 см
Баланың салмағы 25 кг, бойы 123 см. Баланың
жасы шамамен қанша? **7 жас
Баланың салмағы 22 кг, бойы 116 см. Баланың
жасы шамамен қанша? **6 жас
Бас айналымын өлшейді: **Шүйде сүйектің дөнесі және қас үсті доғасы арқылы
Жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Ерте жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуы.
Жаңа туған нәрестенің жүйке ұлпасы неге бай? **Суға
Жаңа туған нәресте миының қай бөлігі нашар жетілген? **Мишық
Жаңа туған нәрестенің қандай сезім мүшесінің қызметтері онша жетілмейді? **Көру
Жаңа туған нәрестенің қандай сезім мүшесінің қызметтері онша жетілмейді? **Есту
1 айлық балаға жүйке-психикалық дамудың қандай көрсеткіші тән? **Жаңа туылған нәрестенің рефлекстері анықталады
Қай жастан бастап нәресте басын жақсы ұстайды? **3 айда
Қай жастан бастап нәресте гуілдеп, дыбыс шығара бастайды? **3 айда
Қай жастан бастап нәресте шалқасынан жатып етбетіне аударылады? **4 айда
Қай жастан бастап нәресте еңбектей бастайды? **6 айда
Қай жастан бастап нәресте сөздің буындарын айта бастайды? **6 айда
Қай жастан бастап баланы сұйықтықты ыдыстан ұрттап ішуге үйретеді? **6 айда
Қай жаста нәресте 8-10 сөз айта алады? **12 айда
Қай жастан бастап бала өз бетінше жүре алады? **12 айда
Баланың жасын көрсетіңіз, егер ол жеке буындарды айтса, атын білсе, ойыншықтарды қолдан қолға ауыстырса, егер оны отырғызса, өздігінен аударылады: **6 ай
Бала өзі жүре алады, қолдаусыз отырады, 8-10 сөз айта алады. Баланың жасын көрсетіңіз. **12 ай
2 жастағы баланың сөз сөйлеу әрекеті: **2-3 сөзден сөйлем құрап сөйлейді
Қай жаста бала төрт негізгі түсті айыра алады? **3 жаста
Қай жаста бала күрделі сөйлемдер құрастыра бастайды? **3 жаста
Уілдеп дыбыс шығарады, өз есіміне қарайды, сөздің буындарын қайталайды, бөлек сөздерді түсінеді. Баланың қай дамуы туралы айтылған? **Нервтік-психикалық дамуы
Баланың моторлық қызметтерін бағалау кезінде неге көңіл аудару керек? **9 айлық бала сүйеніп тұра алмайды
Достарыңызбен бөлісу: |