Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет11/33
Дата22.10.2023
өлшемі127.9 Kb.
#481386
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
daristin elektrond k nuskas (копия)

Сабаққа талдау жасау жобасы.
1. Сабақты ұйымдастыру:
- сыныптың сабаққа дайындығы
- уақыттың сабаққа мөлшерлену
2. Сабақтың мазмұны
-сабақтың мақсаты және оның жүзеге асуы.
-бағдарлама мен оқулықтың байланысы.
-өткен материалмен байланыс
-жаңа материалдың берілуі, логикалық түйінділеу, эмоциялылығы
-сабақтың ғылыми жағы
3. Оқытудың әдіс-тәсілдері
-өткен материалды қайталау ерекшелігі
- оқушылардан сабақ сұрау жүйесі және бағалауы.
-жаңа материалды беруде оқушылардың қызығушылығын арттыру.
-көрнекі құралдарды қолдану.
-оқушы білімін бақылау және тексеру.
-оқулықты пайдалану.
-сабақ істеу.
4. Оқушылардың сабақ үстіндегі жұмыс істеуі.
-оқушылардың белсенділігін арттыру
-оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстың мазмұны.
5. Мұғалімнің сабақ үстіндегі жұмысы
-сыныпты меңгеру қабілеті.
-дикция, ырғақ, стиль
-сауаттылық
-педагогикалық такт
6. Сабақ нәтижесі.
-сабақ жоспарының орындалуы және сабақ мақсатының жетуі.
-оқушылардың білім сапасы.
-сабақтың тәрбиелік мақсаты.

Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың өзгерместей қатып қалған түрі емес. Педагогикалық тәжірибеде және педагогикалық ой-пікір әрқашанда сабақты үнемі жетілдірудің жолдарын іздестіреді. Әр бір сабақ оқу бағдарламасындағы тақырып бойынша құрылатын бірнеше сабақтар жүйесіне енеді.


Сондықтан қазіргі заманғы педагогикалық процеске қойылатын талаптар:

  1. әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын – ала белгілі болуы тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің және оқушылардың сабақтағы жұмысын ұйымдастырады. Сабақ мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекет екенін ескеріледі.Сабақта оқылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне ал оқыту әдістері дидактиканың ең жақсы жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы керек.

  2. оқыту процесінің негізгі мақсаты білім беру, тәрбие беру және дамушылықтың бірлікте болуы ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы қажет.

  3. сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай, проблемалық ситуацияларды туғызу. Танымдық процестің логикасын сақтап, оқу процесінің дайындаушылық сипаты қажет ететін пікірмен ой қорытындыларын жасауға үйрету.

  4. әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластырылуы керек

  5. оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, танып білу қажеттілігін қалыптастыру. Сабақтың өн бойында жағымды эмоцияның жағдай болуына назар аудару.

  6. оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен оқу материалының қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау оқытуды дифференциялау және даралау.

  7. оқушылардың жастарының ерекшеліктеріне сай, оларға шамадан тыс күш түсірмеу, жағдайын есептеу

  8. қазіргі қоғамның үздіксіз білім беру бағытына сай жас ұрпақты ғылым негіздерімен қаруландыру ғана емес, оларды білімді өздігінен меңгерудің әдіс-тәсілдеріне қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың оқулықпен дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың оқулықпен, оқу құралдарымен, анықтама, сөздік, энциклопедиялық және ғылыми – көпшілікке таралған әдебиеттерінен, мерзімді, баспа, ақпар, деректі материалдармен жұмыс істеуге үйрету, олардың интеллектілік және рухани дамуына ықпал жасау

  9. қазіргі сабаққа – білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды анықтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет