Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері


Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері



бет4/33
Дата22.10.2023
өлшемі127.9 Kb.
#481386
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
daristin elektrond k nuskas (копия)

Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері. Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнін оқытуда қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады. Бағдарламадағы материалды өтуде көзделетін қорытынды нәтиже бір болғанымен әрбір мұғалім бұл мақсатқа әртүрлі әдіс-тәсілмен жетеді. Негізгі мақсатқа қызмет ететін жол мен әдіс-амалды таңдап алу мұғалімнен аса жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Себебі әдеби материалдың ерекшелігіне қарай әрбір сабақтың ӛзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал - жабдықтары, әдіс-тәсілдері, құрылысы мен сабақтың жүйесі, мазмұны болады. Сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне байланысты, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне сай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын құбылысқа, күрделі оқу-тәрбиелік үдеріске жатады. Әрбір сабақтың жақсы немесе сәтсіз ӛткенін дұрыс бағалау үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар есепке алынады. Сол факторлардың нәтижесінде ғана әрбір сабақтың сапалы және сапасыз жақтарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сөйтіп, әдебиет әдістемесінің негізгі міндеті: мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін ұстанымдық жолмен негіздеп беру. Бұл әдебиет әдістемесінің ең басты мәнмазмұны болып табылады.
Әдеби білім кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептердегі әдеби білім бағдарламасы екі кезеңге бағытталған: 5-9 және 10-11 сыныптар. Бұлай бөлінуі психологтардың еңбектеріндегі оқушылардың даму кезеңдерінің сипатына байланысты. Бағдарламада әдеби білім компоненті және орташа білімнің уақытша стандартының мазмұны көрсетіледі. Әдеби білімнің басты мақсаты отандық және әлемдік классикалық әдебиетті, рухани байлықты қабылдау, көркем мәдени түйсік және тәрбие, оның негізінде адамшылық, эстетикалық талғам, сөйлеудің мәдениеті қалыптасады. Әдеби білімнің мазмұнының негізі көркем мәтіндерді әдеби, этико-философиялық және тарихи-мәдениетті компонеттер түрінде оқу және зерттеу болып саналады. Қазіргі бағдарламалар әр тақырып бойынша бөлінетін уақыт мөлшері жөніндегі нұсқаулардан ғана тұрмайтыны белгілі. 11 сынып түлектері өз таным-түсінігі мен пайымына қарай шығарманың тақырыбын, жетекші ойын тұжырымдайды және көркем мәтіндердің ішкі құрылымдық жүйесін талдайды.
Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі. Бастауыш сыныптарда негізінен оқу мәдениетінің бастапқы білімі қалыптасады, мәтінді жүргізіп оқу, мәнерлеп оқудың алғашқы дағды, машығы және көркем шығарманы түсініп оқу, ішінара (элементтік) талдаулар жүргізіледі. Кӛркем мәтін негізгі білім беру кӛзі ретінде танылады. Кӛркем мәтін айналасында кӛптеген оқу әрекеттері жүзеге асырылады: дүниетанымдық, шығарманы эмоциялық қабылдау, сӛйлеу тілі дағдылары – барлығы мәтін оқу әрекеті тӛңірегінде іске асады. Мектеп оқушысы мектепке дейінгі тәжірибесіне сүйене отырып кӛркем шығарманы тұтас құрылым ретінде таниды әрі жеке автордың туындысы ретінде қабылдай бастайды. Әдеби білім негізі орта буын сыныптарда қаланады. Алғаш көркем шығарма әлемін тануға күш салынады. Әдебиет пәні көркем мәтіндерді негізгі құрал ретінде пайдалана отырып, алғаш ӛнердің үлкен саласының бірі әдебиеттану сабақтарын бастайды. Әдебиет теориялық білімнің де бастапқы негізі осы орта буын сыныптардан қаланады. Шығарманы мақамына келтіріп оқу дағдылары орта буында толық қалануы тиіс. Шығарма композициясын таныту мақсатындағы мәтінге жасалатын жоспар түрлері, оқушының жазба тілі мен сӛйлеу тілін дамыту әрекеттері, сөз образы мен көркем кейіпкер образына талдау жұмыстары, шығарманың тілдік ерекшеліктерін ажыратып тану, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырату, шығарманың кӛтерген басты мәселесі, қосалқы тарырыптар, шығарма өзегіндегі авторлық көзқарас, автор поэтикасы, шығарма идеясын таныту жұмыстары 7-9 сыныптарда белсенді жүргізіледі. Оқушылардың сӛйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға, көркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды қайырымдылық, өз басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын сыныптарда қалыптасады. 5-9 сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламалары қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын шоғырландыру ұстанымы және хронологиялық жүйе бойынша құрылған. Сонымен қатар әлем әдебиеті үлгілері де ұсынылған. Әдетте орта буын сыныптарда қаламгердің өмірбаяндық деректері беріледі. Орта буын (5-9) сыныптарда қаламгер өмірбаянын дербес сағат кӛлемінде оқыту жоспарланбаған. Өмірбаяндық деректер оқылатын мәтін мазмұнын ашуға қызмет жасайды. Әдеби-теориялық білім мен әдебиеттің тарихи курсын оқуға даярлық та орта буында жүргізіледі. Ал автор өмірбаянын жеке сағат көлемінде оқыту әдебиеттің тарихи курсын, автор шығармашылығын монографиялы түрде оқитын 10-11 сыныптарға тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет