Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет14/33
Дата22.10.2023
өлшемі127.9 Kb.
#481386
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
daristin elektrond k nuskas (копия)

Жоспары:
1.Орта буын оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
2.Жоғары сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Лекция мақсаты:Әдебиет сабағын ұйымдастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін екеру жолдарын қарастыру.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап – даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы саралап – даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарда нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.
1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.
2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер.
3. Үлкен жастағыларға 9-11- сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял – ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр болып келеді. Дегенмен, алаңғасырлық, тез қабылдап, тез ұмыту да осыларда жиі кездеседі. Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар, қылмыскерлер жайындағы шығармалар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, делсалдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер де осы жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, «шіркін, ол неге былай істеледі екен, әттең, олай істегенде” деген сияқты өз қиял – ойларына да ерік беріп, толғанып жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады, себебі келесі кітапты оқығанда, ол басқаша толғанысқа тап болады. Әрине, 10-12 жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерін 2– 3 айдан кейін қайта сұрағанда, олар басыңқы дауыспен, байыпты баяндай бастайды. Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылық қарауды сезуге болады. Бұның барлығы, яғни, сондай «тұрақсыздық” – баланың жас ерекшелігі, психологиясынан туып отырған дүниелер. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары” деген шығармасынан 6-сыныпта үзінді беріледі. Осы әңгімеде, әсіресе, оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі үлкен жағдаят бар.Бірінші, Ертай мен Нұртайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі келмегендері (балаларды үй-үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата – аналарын іздеп, үсіп өлулері. «Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді, бөлмеу керек еді, солай болғанда, олар өлмес еді” деп, балалар бір ауыздан осындый пікір айтып, шуласып жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. «Жазушы болсам, өзің қалай аяқтар едің әңгімені” деген сұраққа олар түгелдей қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни тірі қалдыру. Біреуі өз қиялына ерік беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп қап, оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған «солай болса екен” деген пікірлерін айтып жатады. Олар осы кезде сезімге беріліп, балалар өліміне шынында да кім кінәлы екенін ажырата алмайды, әңгіме негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмайды. Оқушылардың осы шығарманы қабылдауларын, шығарма әсерін, оқырмандық дүниетанымын байқау мақсатында оларға шағын шығарма – толғаныс жаздырылды. Жұмысты тексеру барысында барлығы да Ертай мен Нартай өліміне қайғырғандарын жазады, қыздар «жылағымыз келді”, не «жыладық” дейді. Ал олардың қайғылы тағдырларына кім кінәлы екенін ашып жаза алмаған. Көпшілігі, жоғарыда айтып кеттік, балалардың өздерін кінәлайды, асырап алған адамдарды кінәлайды. Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды: 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті, оның көркем туынды екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды және өз түсінігі, өз сезімімен қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.
1. Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру. Төмендегі үлгіде көмекші-нұсқау жазып, оны кабинетке іліп қою (үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).
Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Балалық, «шалалық” немесе ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, «бірбеттілік”, «қайтпастық” мінездерден арыла бастайды. Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. Төменгі, кіші сыныптардағы «мен айтам”, «мен оқимын” деген самсаған қолдардың сынып жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған кітаптары туралы даурығысып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын, неге аз кездестіреміз? Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған, кемерінен асып-төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз? Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз аса абай болғаны жөн.
Балаларға әдеби шығармаларды жүйелі түрде оқыту, ынтасы, қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдарын іздестіру керек. Бұл жұмысқа мектеп кітапханасы, бүкіл мұғалімдер қауымы, тәрбиешілер жұмыла кіріскені дұрыс. Тарих, география, тіпті математика пәндерінен де қызықты, әдеби кітаптар беріп, оны оқытып отыру, баланың сол пәнге деген ынтасын арттыру үшін, аса маңызды болып табылады. Бірақ мұндай жұмыстар аса сақтықпен істелінуі керек. Баланы көп шаршатпау, басы артық тапсырмалар беріп, уақытын алмауды ойластырған дұрыс. Ол үшін барлығына да әдебиетші мұғалім бағыт-бағдар береді. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен, ол басқадай сипат алады. Көркем туынды оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да, қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, былай болу керек қой” деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді. Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтің «Қараш-Қараш” оқиғасы атты шығармасынан үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтығұлдың мына іс әрекетіне келіспейді:
а) Биені ұрлап алып, оны жасыра тұрмай, ұсталып қалуы.
ә) Жарасбайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі.
б) Жуандар арасында өзін Жарасбайдың ұрлыққа жібергенін ашып айтпауы.
в) Болысты жасырып өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.
Оқушылар неге Бақтығұлды осы мәселелерде ұнатпайды? Оның бір себебі, олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па – ойланады, бұрынғыдай тек сезімге беріле бермейді, талдау жасап, саралап оқиды. Екіншіден, бұрынғы оқыған шығармалары, көрген киноларында бас кейіпкер жеңіп шығады, алданбайды, әсіресе, барлаушылар туралы шығармаларда. Бұған бұрын оқыған шығармалары, кинолары да әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қарап 12-14 жастағыларға көркем туындыны өз беттерімен толық оқитын оқырмандар деп қарауға болмайды.
Көркем туындыны өнердің бір саласы деп толық түсіну, оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса, тұтас дүние деп қабылдау оларға әлі де ерте. Осы кезде, әсіресе, оларға мұғалім көмегі, ақыл-кеңесі ерекше қажет. Себебі, осы «тұрақсыз” жастағылардың ішінен көркем туындыға «салқындау” қарап, одан бой тарту жиі кездеседі. Оның себептері көп. Бір себебі, бұл жасмтағыларда кітаптан басқа да қызықтыратын дүниелер пайда болады. Біреуі спортқа ден қоюы, екіншісі әнге, не басқаға бой ұрады. Мұғалім оны да түсініп, баланың не себепті кітапқа салқындауын зерттеуі керек. Оқушының қызығатын дүниелеріне тоқтау салу – кешірілмес күнә.
Олар осылай толқып жүргенде, әсіресе, сыныптан тыс оқитын кітаптар жайында жиі тексеру, жазалау педагогикалық әдепке, білімділікке сәйкес келмейді. Керісінше, шыдамдылық көрсетіп, көркем әдебиетті оқудың бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтінін, әр түрлі кәсіп, өнер саласындағы ұлы адамдардың барлығы әдебиетті сүйгендеріне, өйткені әдебиет рухани азық, көл-көсір байлық, білім көзі екндігіне сендіре білу керек.
1.Бұл жастағы балалармен жұмыстың ең бір маңызды түрі — әдеби, көркем тілдерін жетілдіру: «жазбаша, ауызша”.
2. Оқыған шығармаларын талдай білуге баулу.
3 . Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл жастағылар өзін еркін сезінеді. Көп нәрсені өз беттерімен шешкенді ұнатады, «бас бостандықтарын” сүйеді, әрі оны қызғыштай қорғауға дайын тұрады. Өмірге, айналаға өзіндік көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұл шақ, психолог тілімен айтқанда, адам болып қалыптасудың гүл атқан шағы, жастық щағының бастауы. Романтика, қиял, мұрат іздеу, алғашқы махаббат – бәрі-бәрі, әсіресе, осы шақта құлпыра түседі. Күш жағынан болсын, ақыл жағынан болсын, сезім жағынан болсын, оларда жетілу, гүлдеу басталады. Бұл жаста көркем туындыға деген олардың көзқарасында да даму айқын көрінеді. Әр баланың өз сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады.Мұғалім жетелеуінсіз – ақ, өзі сүйетін тақырыптағы шығармаларды өз беттерімен оқи береді. Төменгі сыныптардағыдай, бар оқығандарына сеніп, қабылдай бермейді, қиял-ғажайып оқиғаларды қумайды, өзіндік талғамы, эстетикалық сезімі қалыптасқан оқырманға айнала бастайды. Оқығандарына сынмен қарайды, көркем туындыны тұтастай алып қарастырады. Оны өмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан «жоғын” іздейді. Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?
1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.
2. «Сенің пікірің, ойың қате” деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше , талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, ділелді түрде, шындыққа жетелеу.
3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.
4. Бұл жастағы оқушыларға «алдындағы бала” деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасауға жағдай туғызу. Ол үшін қосымша материалдардағы жазылған дүниелерді, ғалымдар пікірін, оқулықтағы мәселелерді ортаға салу. Осылар арқылы шындықтың, құбылыстың бетін ашуға еңбектендіру.
5. Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру үшін, әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениеті, әдебиеті терең білетін, әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлесі болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет