Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Жоспары: 1.Плазмалемма.Плазмодесмалар. 2.Тонопласт. 3.Плазманың өткізбейтін қасиеті. Қолданылған әдебиеттер



бет11/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Жоспары:
1.Плазмалемма.Плазмодесмалар.
2.Тонопласт.
3.Плазманың өткізбейтін қасиеті.
Қолданылған әдебиеттер
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Плазмалемма, Тонопласттар мен таныстыру.
Плазмалемма

Лекция мақсаты: Клетка қабығының астар жағындағы жұқа қабықша плазмалемма деп аталады.Оның қалыңдығы 7,5-10,0нм шамасында болады.Плазмалемма қабықсыз клеткаларды сыртқы орталар мен, қабықты клеткаларды өзара және цитоплазмамен байланыстырады. Цитоплазмадағы мембраналар сияқты белокты және қос липидті екі қабаттан тұрады.


Плазмолемманың құрамында липидтердің мөлшері 40-54%.Оның ішінде стериндер мен бейтарап липидтер 30-50%.
Плазмалемманың су өткізгіштігі жоғары. Липидті қабатында диаметрі 0,4нм шамасында ,ерекше су өткізгіш молекулалық саңылаулары болады.
Сонымен қатар плазмалеммада ауксин және цитокинин сияқты қоздырғыштар (рецептор) да болуы мүмкін.
Бактериялардың плазмалеммаларында тыныс алу тізбегі орналасқан. Жоғары сатыдағы өсімдіктер плазмалеммаларында электрондардың ,флавопротеинді оксиредуктазаның және цитохромның қатысуымен жүзеге асатын тасымалдау тізбегі болатындығы анықталды.
Плазмалемма өсімдік организміндегі зәр бөліну (секреция) пройестеріне де қатысады . Плазмалемманың жартылай өткізгіштігі, құрылысы метаболиттік процестермен реттеледі.
Сонымен плазмалемма клеткада заттардың енуімен бөлінуін реттейді, клетка қабығының қалыптасуына қатысады, рецепторлық және осмостық процеске байланысты қызметтер атқарады.
Клеткадағы плазмалемма үздіксіз қозғалыста болады және қайталанып қалыптасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет