Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет1/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Rustemov okulik 00


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ж.А.Рүстемова
Қазақ балалар әдебиеті
Оқулық


Қарағанды - 2020
Рүстемова Ж.А. Қазақ балалар әдебиеті. Оқулық. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2020, 280 б.

Оқулықта қазақ балалар әдебиетінің пайда болу, қалыптасу кезеңдерінен бастап 90 жылдарға дейінгі тарихы ұсынылады. Қазақ балалар әдебиеті ұлттық мәдениетіміздің даму процесінің жанды бөлігі ретінде қарастырылады. Кітапта көп жылдар бойы оқулықтарға аттары енгізілмеген ақын-жазушылардың шығармашылығына да орын берілген. Оқулық филология, педагогика факультеттерінде оқитын студенттерге, мектеп мұғалімдеріне, жалпы, балалар әдебиеті мәселелері қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.




Пікір берушілер:


Б.С.Рақымов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.;
Қ.М.Байтанасова, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасынын, доценті, ф.ғ.к.;
З.Т.Жұмағали, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д..
Ж.Т.Балмағамбетова, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ғ.Ә.Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиетінің тәжірибесі мен әдістемесі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

© Рүстемова Ж.А., 2020


Алғы сөз
Қазақ балалар әдебиеті тарихын жасаушы Ш.Ахметовтің ең алғашқы еңбегі «Балалар әдебиетінің очеркі» (Октябрь революциясына дейінгі қазақ балалар әдебиетінің өсу жолдары туралы очерк) 1960 жылы жарық көрді. Одан кейін «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» (1965), «Қазақ балалар әдебиеті» (Балалар ауыз әдебиеті мен XIX және XX ғасыр басындағы әдебиет) (1974), «Қазақ совет балалар әдебиеті» (1976) оқу құралдары баспадан шықты.
Аталған еңбектерден қолдарыңыздағы оқулықтың өзгешелігі - біріншіден, құрылымында. Оқулық «Методологиялық мәселелер», «Қазақ балалар әдебиетінің негіздері», «XIX ғасырдағы балалар әдебиеті», «XX ғасырдың басындағы балалар әдебиеті», «1920-30 жылдардағы балалар әдебиеті», «1940-50 жылдардағы балалар әдебиеті», «1960-80 жылдардағы балалар әдебиеті» деген жеті бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім тараулары «Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі» және «Балалар әдебиетінің ерекшеліктері» деп аталады. Әрине, аталмыш мәселелер Ш.Ахметовтің Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» (1965) кітабының «Кіріспесінде» де сөз болады. Бірақ шолу түрінде, үстірт айтылған. Біздің әңгімеміз жекелеген талдауларға иек сүйейді. «Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі» тарауы қазақ балалар әдебиетінің 30 жылдары, 50-60 жылдары және 70 жылдардан кейін зерттелуі мәселелерін қамтиды. «Балалар әдебиетінің ерекшеліктері» тарауының мақсаты - әр жылдары балалар әдебиетінің ерекшеліктеріне қатысты жазылған әдеби-сын мақалалардағы ой-тұжырымдар мен қорытындыларды жүйелеп, талқыға салу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет