Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет3/19
Дата13.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#133703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Лекция № 6


Тақырыбы: Клетка органелларын бөлу және қызметін зерттеудегі маңызы.

(1 сағат)



Жоспары:

1. Гольджи аппараты.

2.Эндоплазмалақ тор, Рибосомалар.

3.Пероксисомалар, Лизосомалар, Вакуольдер.

4.Митохондрия, Пластидтер.

Қолданылған әдебиеттер

а) негізгі

1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г

2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.

3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж

4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.

5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.

6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.

7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.

8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.

9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.

10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г

11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.



б). қосымша:

12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.

13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.

2000 г.


14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.

15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.


Лекция мақсаты: Гольджи аппараты, Эндоплазмалақ тор, Рибосомалар, Вакуольдер мен танысу.

Лекция мәтіні: Голдьжи аппараты – Цитоплазмада түтікшелердің тағы бір жүйесі кездеседі, бұл жүйе оны ашқан ғалымның есімімен гольджи аппараты деп атаған.Гольджи аппараты бірнеше жалпақ цистерна сияқты түтікшелерден және олардың шеттеріне орналасқан әр түрлі өлшемді көпіршіктерден тұрады. Түрі жөнінен түтікшелер табақша тәрізді иілген пластиналар жиынтығын еске салады, мұндай табақшалардың шетінен көпіршіктер бөлініп шығады. Бүкіл жүйенің полюсті сипаты болады, оның проксимальды немесе түзуші деп аталатын бір полюсінде жаңа түтікшелер түзіледі, ал дистальды немесе секрет түзуші деп аталатын екінші полюсінде – көпіршіктер бөлініп шығады. Гольджи аппаратынан бөліне келе, көпіршіктер жол жөнекей бірігіп және көлемі арта отырып, жасушаның бетіне қарай қозғалады.Олар плазмалеммаға жеткен соң онымен қосылады да, ішіндегі заттарын экзоцитоз жолымен сыртқа бөліп шығарады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде Гольджи аппаратының эндоплазмалық тор мембранасымен немесе ядро қабықшасынан түзілетіні байқалады. Соған қарамастан, тор мембранасы Гольджи аппаратымен бірікпейді.Себебі Гольджи аппаратының қабықшалары тор мембраналарына қарағанда зор өзгеріске ұшырайды.Гольджи аппараты жасушадағы судың мөлшерін реттейді. Ішіне су толған оның түтікшелері ісінеді де, бұдан соң плазмалемма мен қосылып, суды сыртқа бөліп шығарады.Плазмалеммаға Гольджи көпіршіктерінің қосылуы есебінен плазмалемманың беті өте тез ұлғаяды. Қабықша көмірсуларының синтезделуі де Гольджи аппаратының атқаратын қызметіне жатады. Гольджи көпіршіктерінен гемицеллюлоза мен пектинді заттардан тұратын матрикс заттары, сондай –ақ целлюза фибрилдері табылған.Құрамында осы компонентер бар Гольджи көпіршіктері плазмалемаға жақындап, онымен қосылады да, ішіндегі заттарды сыртқа ығыстырып шығарады.Олар жасуша қабықшасын құруға қажетті материалды осылай жеткізеді. Гольджи аппаратының қызметі плазмалемманың реттеуші қызметімен бірдей. Плазмелемма бұл қызметін жасушаның бетінде атқарса, Гольджи аппараты- жасушаның терең іщкі қабатында тақарады.

Эндоплазматикалық тор - Портер 1945 жылы жануарлар жасушасынан, ал кейінірек өсімдіктер жасушасынан цитоплазманың ішіне батып тұратын, тармақталған аса жіңішке торды ашты. Ол цитоплазманың бүкіл қабатын торлап жатады, ал ядроның аймағында ерекше жиі тор түзеді. Сондықтан оны эндоплазмалық тор немесе ретикулум деп атайды. Эндоплазмалық тор түтікшелер мен өзекшелер жүйесінен тұрады, бұл жүйенің қабырғасы плазмалемма мембранасына қарағанда айтарлықтай жұқа, қарапайым мембрана болып табылады.

Эндоплазмалық тор түтікшелерінің ішінде түссіз, мөлдір энхилема деп аталатын сұйықтық болады. Бұл сұйықтықтың құрамында тұздар мен еритін ақуыздар бар. Кейбір жерлерінде эндоплазмалық тордың беті тегіс, басқа учаскелерінде оларға рибосомалардың бекінуіне қарай кедір-бұдыр болып келуі мүмкін. Эндоплазмалық тор ядроның сыртқы қабықшасы есебінен түзіледі, сондықтан тор энхилемасы мен ядро қабықшасының арасындағы перинуклеар сұйықтығы бірдей деп санауға болады. Кәрі жасушалардан жас жасушалар түзілгенде эндоплазмалық тор мембраналары жойылып кетпестен, ұрпақтан-ұрпаққа ауысады, ал ядро мембранасы әр жолы қайтадан түзіледі.

Кейбір авторлар плазмалемма мен эндоплазмалық тор мембраналары бірігіп, іс-жүзінде мембраналардың үздіксіз торын құра алады деп санайды. Алайда бұл пікір дұрыс емес. Плазмалемма мен эндоплазмалық тор бір-біріне үлеспейді, бұл плазмодесмадан жақсы көрінеді. Плазмодесманың көлденең кесіндісінен плазмалемма мен эндоплазмалық тордың мембраналары еш жерде бірікпестен, пора арқылы өтетіні көрінеді. Сонымен, көршілес жасушалардың эндоплазмалық торы жалғасып, бірыңғай үздіксіз жүйе құрайды. Соның арқасында жасушалар арасында энхилема алмасады.

Эндоплазмалық тор өзектерінің бойымен заттар тасмалданады. Цитоплазманың барлық қабаттарын аралап, ядро мембраналарымен қосыла келе және плазмодесмадан өте отырып, эндоплазмалық тор ядро мен цитоплазманың, жасушасының әр түрлі учаскелерінің, сондай-ақ көршілес жасушалардың өзара байланысуын қамтамасыз етеді.

Эндоплазмалық тордың рибосом бекінетін кедір-бұдырлы бөлігі ақуыз синтезіне қатысады. Рибосомалар мұнда уақытша бекінеді. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор учаскелерінде синтезделген ақуыз оның өзекшелеріне, энхилемаға өтеді. Энхилема ақуыздардың, нуклеотидтер мен тұздардың ерітіндісі болып табылады, ол қан сарысуын еске түсіреді және қоректендіру қызметін атқаратын болса керек. Тор энхилемасы арқылы жасушаның өсуіне, жаңа органоидтар құруына, зат алмасу реакцияларына қажетті заттар жеткізіледі.

Рибосомалар - рибосомаларды 1955 жылда Паллада ашқан олар рибонуклеопротеидті бөлшектер болып мембраналары болмайды. РНК және ақуыздан құралған әр бір жасушада бірнеше он мыңдық рибосомадан құралған. Ол ядрошықта синтезделіп, цитоплазмада еркін және эндоплазматикалық торда жайғасқан. Рибосомада ақуыз және өте кем мөлшерде липедтер кездеседі. Рибосома ядрода, пластидаларда, және митохондряда болып, тек қана ақуызды синтездейді.

Рибосомалар - клеткадағы белоктың биологиялық синтезделуін іске асыратын, химиялық құрамы нуклеопротеидтерден тұратын, диаметрі 20-30нм шамасында, үлкен және кіші екі бөлікшеден құралған денелер рибосомалар деп аталады. Өсімдік клеткаларында рибосомалардың үш түрі кездеседі: цитоплазмада –80S рибосомар, хлоропласта –70S рибосомалар, ал митохондрияларда –80S рибосомалар. Рибосоманың құрамында рРНҚ және белоктар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет