Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 б.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы: «Nurpress», 2011. – 228с.
3.Педагогика: Учебник. Алматы,2009 – С.341
4.Подласый И.П.Педагогика Учебник для бакалавров Гриф УМО: Юрайт, 2012. -574 с
5.Ахметова Г.К., т.б Педагогика: Оқулық – Алматы: Қазақ университеті., 2006,-217б.
Лекция №2
Тақырып: Педагогика ғылымының әдіснамасы және әдіснамалық мәдениет. Педагогика ғылымының әдіснамасы және әдіснамалық мәдениет.
Жоспар:
1. Педагогика ғылымының әдіснамасы және әдіснамалық мәдениет.
2. Педагогика әдіснамасының деңгейлері.
3. Философиялық заңдар мен заңдылықтар.
4 Педагогикадағы теориялар
1." Әдіснама" (Методология) грек тілінен аударғанда "әдіс туралы ғылым" деген мағынаны береді. "Метод" "әдіс" термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықган методология - зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, кұбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті зандарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді.
Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіреді;
бірлік және қарама - қайшылықтардың күресі;
саннан сапаға көшу;
теріске шығаруды теріске шығару
мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп салдар , қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. анықталады.
Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың зандылықтарын ашады.
Сонымен, материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді.
Қазіргі уақыттағы ғалымның методологиялық мәдениеті - оның интеллектуалдық мәдениетінің бір бөлігі болуы тиіс.
Методологиялық мәдениетті қалыптастырудьщ қайнар көздерінің бірі - іс-әрекет тәсілдерін, үлгілерін меңгеру және іс-әрекет құралдарын қалыптастыратын, ғылымның жалпы методологиясын білу болып табылады.
Ал, методологиялық іс-әрекет құралдарына - ғылым туралы жалпы түсінік, оны қалыптастыру және дамыту заңдылықтарын білуі, жаңа білімнің пайда болу механизмі туралы, жаңа ғылыми идеяларды ұсыну жайындағы түсініктер жатады.
Методологиямен тек жекелеген көрнекті ғылым қайраткерлері ғана айналысады - деген кең тараған ұғым ескірді. Қазір жаңа міндеттерді шешіп жатқан әр ғалымға методологиялық қажыр-қайрат, методологиялық іс-әрекет керек.
Бұл іс-әрекет тәжірибесі іс жүзінде тіркелмеуде, ғалымдардың өздері оны актуалды міндет ретінде ескермеуде.
Шамасы, ғалымды методологиялық іс-әрекетке үйретуге болмайтын сияқты. Ал, методологиялық іс-әрекеттің алғы шарты ретінде, онын методологиялық мәдениетінің қалыптасуына көмектесуге болады.
Бұл мақсатқа жетудің бір құралы-әр типтегі методологиялық іс-әрекеттің жалпы схемаларын білу деп есептейміз.
Оларды меңгеру нәтижесінде зерттеушіде айқын бағдар пайда болады.
Біздің түжырымдауымызша методология:
1) зерттеудің негізгі бағыттары мен бағдарламаларын анықтау;
2) проблеманың дұрыс қойылуын қамтамасыз ету;
3) ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдарын жасау;
4) нысананы, зерттеудің жалпы жолдарын анықтау;
5) ғалымдарды ғылыми іс-әрекеттің интелектуалды техникасымен қамтамасыз ету;
6) ғылыми ізденістің жалпы стратегиясын белгілеу;
7) зерттеуші қозалысын нысаналық мазмұн бойынша түзету;
8) зерттелетін объектідегі принципиалды құрылым мен негізгі, өзара байланыстарды шешу;
9) зерттеу нәтижелерін бағалау үшін - критерийлер жасау;
10) ғылыми зерттеудің нысаналығын негіздеу және құру міндеттерін қояды.
Бұл міндеттер ғылым методологиясының ұғымдарын меңгеруді талап етеді. Сондықтан, төменде педагогикалық зерттеулердің ғылыми ашіаратын жасау және сипаттау кезінде қолданылатын кейбір категориялар мен ұғымдарды ілгері ғылыми еңбектер мен ғылыми баспасөзден іріктеп алып, жүйелеп және қажетті түсініктермен беріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |