Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Жеке тұлғаның дүниетанымы - ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды-жігерлік сипаттарын топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігіне деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекеттке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.
Л. И. Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелілік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.
Б. Г. Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер "мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекетінің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқауларымен тығыз байланысты".
Құндылық бағыттары - жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ, өзіндік "Мен" деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлғаның дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелілік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет. құндылық бағыттары — адамгершілік сананың өте тиянақгы және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.
Психологтар "құндылық" ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, коллективтің) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.
Кейбір зерттеушілер құндылық деп адамның мінез-құлқында көрінетін жалпы әлеуметтік бағыттылық деп түсінеді. Ал тағы бір зерттеушілер оны жеке тұлғаның қандай да бір әлеуметтік құндылықтарға субъективті қатынасы ретінде қарастырады. Ал енді біреулері "құндылық бағыттары" ұғымын психологиялық тұрғыдан ұғынады.
Д. Н. Узнадзе құндылық бағыттарды, бір жағынан, құбылыстардың белгілі бір семантикалық сипаттамасының, объектінің субъект үшін маңыздылығының санада көрініс тауып, санада бекемделу формалары ретінде қарастырса, екінші жағынан, іс-әрекетке әзірлік формасы ретінде, тиісті жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет процестерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Құндылық бағыттар адамның мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны "заттандыруға", яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің объектісін танымайды, ал ол объекті табылуы тиіс. Тек осындайда ғана қажеттілік заттық мағынаға ие болады, ал қабылданған зат қозғаушы және бағыттау іс-әрекетіне ие болып, мотивке айналады. Сонымен, адам үшін "жеке тұлғалық мәні" бар, яғни өз алдына құндылық болып келген зат қана оның іс-әрекетінің мотиві бола алады.
Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықган, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағыттарының әлеуметтік-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.
Теориялық-таным ретінде құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол - сананың ішіндегі құндылық "бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. үшіншіден, санадағы құндылық - объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады (А. А. Микешина).
Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар - өмірдегі мінез-құлықтың бағытын тандауды, оның қоғам мен өз өзіне деген жауапкеріііілікті қатынасын анықтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |