Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Негізгі дидактикалық міндеттер, білімді қабілет пен дағыдыны жетілдіруіге қатысты мыналар есте сақталуға тиіс



бет80/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Негізгі дидактикалық міндеттер, білімді қабілет пен дағыдыны жетілдіруіге қатысты мыналар есте сақталуға тиіс:

  • игерген білімді жүйелеу, жинақтау;

  • бұрынғы білімдерін қайталау және бекіту;

  • алған білімін тереңдету және кеңейту;

  • қабілет пен икемділікті қалыптастыру;

  • оқу материалын өтілуін бақылау; біліктілік, дағды, қабілетті жетілдіру.

Бұл сабақтың жіктемесі бірнешеге бөлінеді:

  • өтетін материалды бекіту сабағы;

  • қайталау сабағы;

  • білімді, дағдыны, қабілетті дамытудың тәсілдерін қолддануы.

Мына жағдайды ескеру керек, біріншіден, қайталау немесе қабілет пен дағдыны қалыптастыру мектеп тәжірибесінде аса тиімді. Сабақтың басқа түрлері өздігінен сабақ (репродуктивті түр – ауызша және жазбаша; жаттығу); зертхана сабағы; тәжірибе сабағы; экскурсия сабағы, семинар сабағы.
Қорыту және пысықтау сабақтары негізгі екі дидактикалық міндетті шешуге бағытталған:

  1. Оқушылардың теориялық білім деңгейлерін көрсетеді.

  2. Бағдарламаның өзекті мәселелерін меңгеруде танымдық қызметке қатысты әдістерді қолдануын бұрынғы меңгерген білімнің маңызын ашу амалдарын, барлық бағдарлама бойынша өткен материалдарды оқушылардың игерудегі біліктілік, икем және қабілеттілігін тексеру. Мұның өзі тоқсандық, жарты жылдық және оқу жылында жүргізіледі.

Қорыту және пысықтау сабақтарында барлық негізгі сабақтар жүйесі қарастырылады. Арнаулы өтілетін сабақ сайын мұғалім сұрақтарды белгілеп, қайталау мәселесін айқындап, алдын-ала оқу көздерін көрсетіп, қажетті тұстарын дәрісте келтіріп, оқушылардың білімін толықтыру үшін сыныптан тыс жұмыстар беріп, топтық жеке кеңестер жүргізіп, өздігінен жұмыс жүргізуге мүмкіндік жасайды. Аралас сабақ – мектеп тәжірибесінде кең таралған түрі. Мұнда жоғарыда берілген барлық сабақтың түрлерінде кездесетін дидактикалық міндеттер шешіледі. Аралас сабақтың (белгісі үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру). Бұл сабақтың әдістемелік құрылымын құрайтын негізгі элементтер болып мыналар жатады:

  • оқушыларды сабаққа ұйымдастыру;

  • оқушылардың біліктілігін тексеру, меңгерген білімдерінің тереңдігі мен тұрақтылығын бекітіп, алдағы өтетін сабақтың өзектілігін зерттей білу қызметінің тәсілдерін ширату;

  • мұғалімнің жаңа сабақты құруы және оқушылардың оқу еңбегін саналы меңгеруіне ыңғайлап ұйымдастыру;

  • үйге тапсырма беру, оның орындалуына нұсқау жасау;

  • сабаққа балл қою үшін қорытындыны шығару, кейбір сабақтың барысында оқушыларға жеке баға қою.

Аралас сабақтың жіктемемен берген кіші құрылымының әдістемелік бөліктері оқыту ситуациясының жағдайына бағынышты болып келеді және мұғалімнің педагогтік шеберлігі әсер етіп, көбінесе бірінен-біріне тәжірибесі ауысып отырады, сабақтың кейбір рет тәртібін өзгертеді, мұның өзі әр мұғалімнің танымдық үрдісін ұйымдастыру тәсіліне тәуелді. Мұндай жағдайда сабақ құрылымы оңтайлы, жеңіл болып мұғалім өз жұмысын жауапты қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет