Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын (ауыспалы) талдау материалдары мен олардың көрсеткіштері



бет99/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын (ауыспалы) талдау материалдары мен олардың көрсеткіштері (Хмель Н.Д.):

  • оқушылардың үлгерімі,

  • оқушылар коллективінің қалыптасқандығы,

  • оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі,

  • оқушылар отбасының әлеуметтік психологиялық портреті, психологиялык,

  • ұжымның жәй-күйі

Педагогикалық процестің аталған бес сипаттамасының (ауыспалы) әрқайсысының бірқатар көрсеткіштері бар, олардың негізгілері төмендегідей:
1."Оқушылардың үлгерімі" сипаттамасының көрсеткіштері: оқушылар үлгірімінің жалпы пайызы; үлгерім сапасының пайызы; орта тоқсандық балл; оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы (оқу бағдарламасының бөлімі, тақырыбы бойынша); оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.
2."Оқушылар ұжымының қалыптасқандығы" сипаттамасының көрсеткіштеріне мыналар жатады: сыныптағы сайланған және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы; "оңашаланған" балалар пайызы, теріс тәрбие алған баллаар пайызы; қоғамдық міндеттерін орындайтын оқушылар пайызы.
Бұл сипаттама бойынша материалдарды талдау сынып ұжымы ішіндегі тұлға аралық қатынастар, белсенділердің мәртебесі туралы мағлұмат алуға жол ашады. Тәжірибе көрсеткендей, ұжым неғұрлым ұйымшыл болса, солғұрлым ондағы формальді емес көшбашылардың сәйкестік пайызы жоғары, "ешкіммен араласпайтын" балалар аз болады, демек, "қиын балалар" да аз.
3."Оқушылардың коғамдық (әлеуметтік) белсенділігі" сипаттамасының көрсеткіштері: қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы, өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы; міндетті орындауда есеп беретін оқушылар пайызы; міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік, тағы басқа); есеп беру түрі және қоғамдық міндеттің орындалуы туралы есеп беруді кім қабылдайтыны (мұғалім, сынып жетекшісі, сынып, сынып белсенділері).
Бұл сипаттама көрсеткіштерін "оқушылардың үлгірімі", "оқушылар ұжымының қалыптасқандығы" сипаттамаларымен өзара байланыста зерттегенде анықталады: қоғамдық белсенділік жоғары болған сайын оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі де,"үлгірім" сипаттамасынцң барлық көрсеткіштері де жоғары болады.
4."Оқушылар отбасының әлеумрттік-психологиялық портреті" сипаттамсыңың көрсеткіштері: отбасы құрамы (толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, кызығуы (кітап оқуы, көңіл көтеруі, бос уақытын өткізу түрі); толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы.
Мұғалім осы мағлұматтың бәрін білуі тиіс, өйткені, мектептің педагогикалық ұжымы отбасының педагогикалық процесімен өзара тығыз байлаңысты. Мектеп пен отбасының тәрбиелік мақсаттары сәйкес келеді, себебі, отбасы - қоғамның кішкентәй "ұясы" бірақ отбасы мен мектептің міндеттері үнемі үйлесе бермейді, оның үстіне, ата-аналардың бәрінің мамандығы педагог болмауы мүмкін. Соңдықтан, мектептің педагогикалық процесі отбасының педагогикалық процесіне оң ықпал етуі қажет. Аталған сипаттаманың жоғарыдағы барлық көрсеткіштері барынша жағымды нәтиже алынған болса, сол отбасының жағдайын да жағымды деп есептеу керек.
5."Педагогикалық ұжымның жағдайы" сипаттамасының көрсеткіштері: мүғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің объектісін осы заманға лайық үға білуі: педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу; педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық; оқушының отбасымен жұмыс істеуге дайындық; дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге дайыңдық, мұғалімңің өздігімен білім алу жұмысы.
2.Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары (ауыспалы) бойынша шынайы диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикадық зерттеу әдістерін кешенді түрде пайдалану қажет олар:
- оқушы әрекетінің өнімін зеттеуді сауалдаманы,
- сабақты, оқу мең оқудан тыс әрекеттің басқа да түрлерін талдау мен өз бетінше талдауды,
- бақылауды,
- әңгімелесуді,
- социометрлик талдауды,
- әр түрлі диагностикалық карталар толтыруды,
- тестілерді, т.с.с.
Педагогикалық зерттеу әдістерімен алынғаң мәліметтер салыстырмалы түрде талдануы маңызды, яғни. Уақыт жағынан бөлек нәтижелерді (үлгірімнің диагностиқалық "кесінділер", сыныптағы жылына екі реттік социометриялық зерттеулер, т.б.) салыстыру керек, Бұл шартты орындауда диагностикалық мәліметер педагогикалық процесті әр түрлі қезеңдеріңде жөнге келтіруге, сондай-ақ, мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшісінің, мұғалімнің жұмыс жоспарының барлық түрлерін түзетуге негіз болып табылады. Педагогикалық продестің сипаттамаларын зерттеп, мектеп әкімшілігі мен педагогтер ұжымы оқу-тәрбие процесінің қызметі мен жай-күйін өзгертуге бағытталған тиісті басқару шешімдерін әзірлеу үшін ақпаратты іріктейді.
Осылайша, педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қәзіргі деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі мұғалімнің жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагностикалау болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет. Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды (ауыспалы) және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет