Лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2022
өлшемі260.92 Kb.
#455942
1   2   3   4
лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары

Ұлғаю тігістері (2 – сурет) сыртқы ауа температурасының төсеме құрылысы 
кезіндегі ауа температурасынан артуына байланысты цементті бетонды төсемелер 
тақталарының температуралық ұзару мүмкінділігін қамтамасыз етеді. 
Жасау технологиясы: төсемені бүкіл ені және қалыңдығы бойынша кеседі; ағаштан, 
резеңкеден немесе басқа да материалдардан аралық қабатпен толтырылады; үстіңгі бөлігін 
су өткізбейтін материалдармен толтырады (мастика, герметик). 


2 – сурет – Көлденең ұлғаю тігістерінің типті конструкциялары: 
а – төсемелерде; б – жасанды құрылымдар алдында: 
1 – істік; 2 – диаметрлері 4 мм-ден үлкен сырықтардан жасалған қаңқа кәрзеңке; 3 – 
серпінді, қатты аралық қабат (қарағай, шырша немесе басқа да материалдардан); 4 – 
битуммен майлау; 5 – полиэтиленді қақпақ; 6 – мастика; 7қақпақтағы саңылау; 8 – 
герметикалық материалдар немесе резеңкелі аралық зат; 9 – жеңіл қысылатын кеуекті 
материал (полистирол) 
2.1 – кесте – Ұлғаю тігістері арақашықтары 
Төсеме түрі, климат 
Төсеме 
қалыңдығы, 
см 
Ұлғаю тігістері арасындағы қашықтар, м, бетондық 
жұмыстар кезіндегі ауа температурасы, 
°С 
көктемде және 
күзде 
жазда 
5-тен аз 
5-тен 15-
ке дейін 
10-нан 25-ке 
дейін
25-тен артық 
Төмендегі шартта 
сырықталмаған 
төсемелер: 
қоңыржай 
24...22 
25...28 
50...56 
80...90 
90...110 
20 
24...25 
35...42 
50...54 
80...90 
18 
18...20 
25...30 
30...35 
40...45 
континенттік климат 
24...22 
20...24 
40...48 
80...90 
90...110 
20 
18...20 
32...36 
40...45 
60...66 
18 
16...18 
22...25 
25...28 
36...40 
Барлық климатта 
сырықталған 
төсемелер 
24...20 
28...40 
76...80 
жасамайды 
жасамайды 
18 
21...40 
35...40 
40...60 
60...80 
Қысылу тігістері (4 – сурет) сыртқы ауа температурасының төсеме құрылысы 
кезіндегі ауа температурасына қарағанда төмендеуіне байланысты цементті бетон 
тақталарының қысқаруын қамтамасыз етуге арналған. Тақта ұзындығы қысқаруынан 
төсеме мен негіз арасындағы үйкеліс күші керілу кернеулерін туғызады. Бұл тігістер осы 
кернеулердің әсерлерін төмендетеді және қысылу тігістері арасында көлденең 
жарықшақтар пайда болу мүмкінділігін төмендетеді. 
Қысылу тігістерін төсемені бүкіл ені бойынша, тереңдігі төсеме қалыңдығының 1/4 
бөлігінен кемітпей кеседі. Бұл кертіктерді төменгі жағында артынан жарықшақтар пайда 
болады. Тігістердің жоғарғы бөлігін су өткізбейтін материалдармен толтырады. 


3 – сурет – Төсеме тігістерінде істіктер орналастыру сұлбалары: 
1ұлғаю тігісі; 2 –тұтқырғыштармен беріктірілген топырақтардан немесе минералды 
материалдардан тұрғызылған негіз үстіндегі төсемедегі қысылу тігісі; 3 – 
тұтқырғыштармен беріктірілмеген минералды материалдардан тұрғызылған негіз үстіндегі 
төсемедегі қысылу тігісі; 4 – істіктер 
Қысылу тігістері арсындағы қашықтық тақта қалыңдығы мен табиғи климаттық 
шарттарға байланысты есеппен тағайындалады (1 кесте). 
1 кесте 
Климат 
Төсеме қалыңдығы, см 
18 
20 
22 
24 
Тақта ұзындығы, м 
Қоңыржай 
4,5-5 
5-6 
5-6 
5,5-7 
Континенттік 
3,5-4 
4-5 
4-5 
4,5-6 
Қисаю тігістері төсеменің бойлық орнықтылығын, жарықшаққа беріктілігін және 
көлік пайдалану сапасын арттырады, тақталардағы температуралық кернеулерді азайтады. 
Қисаю тігістерін екі қысылу тігістерінің арасына жасайды. Тақта ұзындығы 6 м-ден артық 
болса қисаю тігісі жасалынбайды. 
Жұмыс тігістерін ұлғаю тігістері жұмыс аяғында немесе бетондау 
жұмыстарындағы үзілістер 3 сағатан артқанда қолданады. Бұл тігістерді ұлғаю немесе 
қысылу тігістерімен сәйкестіруге тырысқан жөн. Жүктемелерді бір тақтадан екінші тақтаға 
жартылай бөлу үшін, тақталар арасында баспалдақ пайда болдырмау үшін тігістер 
сырықталынады (4 – сурет). 


4 – сурет – Көлденең қысылу тігістері мен бойлық тігістер конструкциялары: 
а) жаңа жайылған бетонда; б) құрама тәсілде; в) қатайған бетонда; г) бойлық тігіс; үзік 
сызықтармен істіктерді битуммен майлау көрсетілген 
2 кесте – Тегіс сырықтардан жасалынған істіктер өлшемдері 
Тігіс 
Тақта ұзындығы, мм 
Істіктер 
ұзындықтары, мм 
Істіктер диаметрлері, 
мм 
Ұлғаю 
180 
200-240 
500 
500 
22 
25 
Қысылу 
180-240 
450 
20 
Бойлық 
180-240 
750 
16 
Тігістер цементті бетонды төсемелер үшін негізгі бөлік болып саналады. Тігіс 
конструкциялары өздерінің негізгі мақсаттарынан басқа қамтамасыз етуі керек: 
1) бір тақтадан көрші тақтаға жүктемені беру үшін; 
2) тігіске түйісетін телімдерде тегістілік пен беріктілікті; 
3) су өткізбеушілік қабілеттілігі. 
Істіктердің бетонмен ілінісін болдырмайтын жеке бөліктерде, көп жағдайда істіктің 
сол жерлерін 0,2 – 0,3мм қабатпен битуммен майлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет