Лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары


Цементті бетон төсемелері құрылысына қажетті материалдарға



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2022
өлшемі260.92 Kb.
#455942
1   2   3   4
лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары

 
2. Цементті бетон төсемелері құрылысына қажетті материалдарға 
қойылатын талаптар және жол бетонының құрамын жобалау. 
2.1 Цементті бетон төсемелері құрылысына материалдар таңдау 
 
Жол бетонының құрылымының құрылуы және қасиеті көптеген деректерге 
байланысты: 
- берілген материалдардың түрлері мен сапасы; 
- бетонның жобаланған құрамы
- қолданылытын химиялық қосымшалар; 
- дайындау технологиясы; 
- бетон қоспасын жаю және нығыздау; 
- төсемені арматуралау тиімділігі; 
- дайын бетонды күту сапасы. 
Жол бетонын дайындауға қажет негізгі материалдар: цемент, ұсақ толтырғыш (құм), 
ірі толтырғыш (қиыршық немесе малтатас), су. 
Құм негізі үстіне бетоннан төсеме құрылысында, автомобиль жолы батпақ 
аудандардан өткенде немесе жер үйіндісінің биіктігі 5 м-ден биік болса, цементті бетонды 
тақталарды шығыны 1,8...4 кг/м
2
болаттан жасалған мерзімдік кескінделген сырықтармен 
торлау қарастырылады. Бұдан басқа металл тігістер әстіктері үшін де пайдаланылады. 


Аралық материалдар ретінде жұмсақ жынысты ағаштар тақталары, гидроизол,битум 
сіңірілген асбесті картон және синтетикалық материалдар қолданылады. Тігістер 
мастикамен толтырылады. 
Бетон қоспасының және жол құрылысына қажетті бетон сапасын анықтайтын негізгі 
материалдардың бірі – цемент. Жол төсемелеріне қажетті бетонға қойылатын жоғары 
талаптар минералдық және заттық құрамы нормаланған арнайы цементтерді қолдануға 
негізделген. Стандартқа сәйкес клинкер негізінде дайындалған, маркалары ПЦ 500-Д10-Н, 
ПЦ 400-Д20-Н және ПЦ 500-Д20-Н цементтер қолданылады. Цемент маркасын таңдау 
бетонның жобалық беріктілігін анықтау бойынша тағайындалынады. 
Цементтің 
ұсталынуы (
гидратация
нәтижесінде цемент қамырының қозғалмалылығын қайтарымсыз 
жоғалтуы) басталуы, оның сумен қатаюынан кейін 2 сағаттан кейін басталуы тиіс.
Ұсақ толтырғыштар ретінде табиғи немесе ұсақталған, байытылған және фракцияға 
бөлінген құмдар қолданылады. Құмдардың негізгі сипаттамаларының бірі – олардың 
дәнділік құрамы. Дәнділік құрам М
к
құмның ірілік модулы және 0,63 өлшемді елеуіштегі 
толық қалдықпен сипатталынады. Ірілік модулы стандартты елеуіштерде құмды (фр. 
0...5мм) елеу негізінде формуламен анықталынады. 
М
к
=(А2,5+А1,25+А0,63+А0,315+А0,14)/100 
мұнда А2,5; А1,25; А0,63; А0,315; А0,14 – тор өлшемдері 2,5; 1,25; 0,63; 0,315; 0,14 мм-лі 
елеуіштердегі толық қалдықтар. 
Ірі толтырғыштар ретінде тау жыныстарын, малтатастарды және домналақ 
қождарды ұсатудан алынған қиыршықтастар қолданылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет