Бас Ассамблея барлық мүше елдер өкіл ететін жалғыз орган болып табылады. Бас Ассамблеяда маңызды мәселелер бойынша шешімдер қатысып отырған және дауыс беріп отырған мүшелердің үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Бас Ассамблея кезекті жыл сайынғы отырыстарына қыркүйектің үшінші сейсенбісінде жиналады.
Бас Ассамблеяның БҰҰ ішкі өміріне қатысты бірнеше өкілеттіктері бар: Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесін сайлайды, сонымен қатар Экономикалық және әлеуметтік кеңестің 54 мүшесін, Халықаралық соттың 15 мүшесін сайлайды, бірқатар басқа органдар, комиссиялар, комитеттер құрады. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен жаңа мүшелерді қабылдайды және БҰҰ – ның Бас хатшысын тағайындайды.
Қауіпсіздік кеңесі. БҰҰ мұшелері Қауіпсіздік Кеңесіне «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөнінде басты жауапкершілікті» жүктеді. Ол БҰҰ барлық мүшелерінің атынан жұмыс істейді. Ұйымның мүшелері Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне бағынуға және Жарғыға сәйкес міндеттерді орындауға міндетті.
Қауіпсіздік Кеңесі Ұйымның 15 мүшесінен тұрады: 5 тұрақты және 10 тұрақсыз. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне: Қытай Халық Республикасы, Ресей, Франция, Англия және АҚШ жатады.
Экономикалық және әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС) – 1946 жылы құрылған БҰҰ – ның органы. Ол 54 мүшеден тұрады және олардың үштен бірі жыл сайын Бас Ассамблеяда сайланып отырады. Кеңестің көмекші органдарына 5 аумақтық комиссия жатады: Еуропалық экономикалық комиссия, Азия мен Тынық мұхит ұшін экономикалық комиссия, Африка үшін экономикалық комиссия, Батыс Азия үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Латын Америка мен Кариб үшін экономикалық комиссия. ЭКОСОС – тың жоғары органы – жылына үш рет шақырылатын сессия.
Қамқорлық бойынша Кеңес – БҰҰ Бас Ассамблеясы басқармасымен жұмыс істейтін БҰҰ – ның органы. Ол 1946 жылы құрылған және оның мақсаты – қамқорындағы аймақтар басқарылуы үшін жауап беретін үкіметтер олардың өзін - өзі басқару мен тәуелсіздігіне дайындау үшін тиісті шараларды қабылдауын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |