Лекция: 15 сағат. Лекция Сенім объектілері, архаикалық қоғамдағы тыйым салу жүйесі. Діндік сана (1 сағат)



бет11/13
Дата07.11.2023
өлшемі51.47 Kb.
#482580
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Текст лекциялар

Гомердің эпостары.

Грек әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып «Илиада» және «Одиссея» поэмалары саналады. Антик әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. «Илиада» және «Одиссеяның» шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан осы екі поэмаға байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте «Гомер мәселесі» деп қаралады.


Екі поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. «Илиаданың» аты Илион қаласының атынан шыққан (гректер Трояны солай атаған). Аңыз бойынша Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. Бірақ грек батырларының отанына қайтуы қайғылы болады: біреулері жолдан қаза табады, ал біреулері үйлеріне оралғанша түрлі теңіздерді кезіп шығады.
«Илиада» 15700 өлеңнен тұрады. Оны антик ғалымдар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша). «Илиадада» соғыстың оныншы жылындағы оқиғалар суреттеледі.Поэмада соғыстың қалай басталғаны және оның барысы айтылмайды. Поэманың тақырыбы бірінші өлеңінде айтылған: «Гнев, богиня, воспой Ахиллеса, Пелеева сына...». Ахилл (Ахиллес) – фессалиялық патша Пелей мен теңіз құдайы Фетиданың ұлы, ахейлік батырлардың ең батылы, «Илиада» поэмасының негізгі бейнесі.
Трояны ұзаққа созылған қоршаудың сәтсіз болуы мен шығынға ұшырауы жауынгерлердің рухын түсереді. Оларды жігерлендіру үшін көсемдері халық жиналысын шақырды. Троя қаласы түбінде ұрыс қайта басталады. Гректердің ішіндегі ең таңдаулы жауынгер құдіретті «желаяқ» Ахилл (Ахиллес) болатын. Троялықтардың ең күшті де батылы Гектор еді. «Илиадада» сол екеуінің арасындағы жекпе-жек пен Гектордың өлімі суреттеледі.
Поэманың әрекеті салыстырмалы планмен жүргізіледі: Олимп үстіндегі құдайлар және Трояның айналасындағы адамдар. Поэмада шайқасқа құдайлар араласқаны айтылады, олардың біреулері гректерге, екіншілері троялықтарға жақтасады.
Ұрыс үстінде Ахиллдің досы Патрокл қаза табады. «Илиада» Патрокл мен Гектордың жерлеуін суреттеумен аяқталады. Троя соғысының ақыры туралы поэмаға енбеген аңызда айтылады.
Гомердің «Одиссея» атты екінші поэмасының тақырыбы – Троя соғысынан қайтып келе жатқан Итака аралының патшасы Одиссейдің басынан кешкен шытырман оқиғалары. «Одиссеяның» негізгі сюжеті – «күйеудің оралуы». Аңыздарда осындай сюжет көп кездеседі: күйеуі ұзақ таңғажайып саяхаттан үйіне келгенде, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шығайын деп тұрған жерінде, тойдың бей-берекетін шығарады. Гомердің поэмасында Одиссейдің жоғында оның сенімді әйелі Пенелопаға көптеген батырлар құда түседі, сол себептен оның ұлы Телемах шыдай алмай әкесін іздеуге кетеді. Бұл жерде поэмаға екінші сюжет қосылады: «әкесін іздеген ұл» туралы. Бұл сюжет бойынша әкесінің жоғында туған ұлы оны іздеуге кетеді ; әкесі мен ұлы кездеседі, бірақ бір бірін танымай, ұрыс бастайды. Бір варианттарында бұл сюжет қайғымен - әкесінің немесе ұлының өлімімен аяқталады. Басқа варианттарда екеуінің татуласуымен бітеді. «Одиссеяда» бұл сюжет жартылай берілген - әкесі мен ұлының кездесуі, ұрысқа дейінгі сюжет алынған.
«Одиссея» «Илиаданың» жалғасы екені белгілі, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. «Илиададай» «Одиссея» 24 кітапқа бөлінген. «Одиссеяның» құрылысы (композициясы ) «Илиададан» күрделі. «Илиаданың» сюжеті бір ізді келсе, «Одиссеяның» әңгімесі әрекеттің ортасынан басталады. «Илиададан» гөрі «Одиссеяда» бас кейіпкер бейнесіне ерекше көңіл аударылған.
Гомердің екі поэмасы әдебиеттің ұлы туындыларына жатады, олар эпостың классикалық үлгісі болып саналады. Гомер эпосын «көне заманның энциклопедиясы» деп атайды. Жыршы тек қана өзінің кейіпкерлерінің тұрмысын емес, өзге жерлердің де таңғажайып ерекшеліктерін (түрлі халықтардың өмірін, әдет-ғұрыптарын, т.б.) көрсетті. «Илиада» мен «Одиссея» адамгершілік, өмір сүйгіш т.б. асыл қасиеттерімен дүниежүзілік әдебиетте ерекше орын алады. «Илиадада» соғысып жатқан екі жақ бірдей сүйіспеншілікпен суреттеледі. Поэмалар ерліктің, адамгершіліктің даңқын шығарады.
Гомер поэмалары халық поэмалары, өйткені олардың тамырлары грек фольклорынан тарайды. Поэмаларда грек халқының ең жақсы қасиеттері бейнеленген. Олар бүкіл Грекия аймақтарына тарап, сол кездегі тәрбиенің негізі болып есептелген. Поэмалар үлкен мейрамдарда орындалған. Оларды айтатын жыршыларды рапсод деп атаған. Гомердің поэмалары салтанатты өлең – гекзаметрмен жазылған. Гекзаметр алты стопадан құрылған, антикалық өлең шығару өнерінде ұйқас болмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет