Лекция: 15 сағат Семинар: 11 сағат СӨЖ: 64 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет6/7
Дата14.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#135794
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

1. Қарапайымдар-денесі бір ғана клеткадан тұратын өте ұсақ организмдердің біріктіретін жәндіктер типі. Бұлар 4 сыныпқа бөлінеді, солардың ішінде саркодтылар сыныбының ғана палеонтология үшін маңызы зор. Қарапайымдардың саркодтылар сыныбы фораминиферлер және радиолярийлер деп. аталатын сынып бөлімшелеріне жіктеледі. Фораминиферлердің басым көпшілігі теңіз жәндіктері, олар бентос тар немесе планктон дар қатарына жатады. Бұлардың бақалшалары әдетте әктерден тұрады, қазба күйінде сақталатын да сол бақалша қалдықтары. Фораминиферлер кембрий кезеңінен бастап ұшырасады, слайда олардың қаулай өсу уақыттары таскөмір, пермь,бор және палеоген кезеңдеріне сәйкес келеді. Сондықтан да фораминеферлердің қалдықтары палеозойдық, мезозойлық жне кейнозойлық түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтау мақсатында жиі пайдаланылады.Планктон организмдерге жатанын радиолярийлердің қаңқасы кремнийден тұрады. Кембрий кезеңінен

бастап тіршілік еткен бұл организмдердің бақалшалары әр түрлі кремнийлі жыныстарды түзуде маңызды рөл атқарған.



2. Губкалар –көп клеткалы қарапйым жәндіктер типі. Бұлардың жөнді ткандары да жақсы жетілген органдары да болмайды. Губкалар бентостарға жатады. Губкалардың қаңқасы жалқаяқ заттардан тұрады, сондықтан да қазба күйінде олардың әктен немесе кремнийден тұратын қаңқа элементтері- шнелері, немесе губка спикулдары ғана сақталады. Губкалар бағзы заманнан тіршілік еткен, протерозой шөгінділерінен губка спикулдарының табылуы осы айтқанымыздың дәлелі. Бірақ бұл организмдердің қаулай өсу уақыттары юра және бор кезеңдеріне сәйкес келеді. Губкалардың палеонтологиялық маңызы шектеулі болып табылады.

  1. Археоциаттар –губкаларды еске салатын , жекеше немесе үймелеме түрде ұшырасатын теңіз жәндіктерінің типі. Бірақ археоциаттардың құмыраға ұқсайтын немесе байырғы диск тұрқылас пішіндерді иемденген тұтас қаңқасы болады. Теңіз түбіне жабыса тіршілік еткен. Алғашқы кембрийде қалыптасқан түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда өте маңызды рөл атқарады.

  2. Ішекқуыстылар- тұщы суларды және теңіз алаптарын мекендеген көп клеткалы біршама қарапайым жәндіктердің түрлі-түрлі топтарын біріктіретін жәндіктер типі. Жыртқыштарға жатады, өзінің қорегін ауыз тесігі жанында арнайы орналасқан ұзын түрткімелері көмегімен аулап дағдыланған. Ішекқуыстылар құрамында медузалар сыныбы және маржан полиптерінің сыныбы дараланады. Медузалар ер кін жүзетін жәндіктер, маржан полиптерінің үймелемелері есебінен әкті кедертастар(рифы) қалыптасады. Маржан полиптері сыныбы үш түрлі сынып бөлімшелеріне- табуляттарға, хететидтерге және төртсәулелеі маржандарға жіктеледі. Медузалар венд түзілімдеріне ұшырасады,кембрій кезеңінде тасбуляттар, ордовикте хетеидтер мен төртсәулелі маржандар пайда болған.Ішекқуыстылар типінің палеонтолоиялық маңызы зор, бұлар әсіресе палеозойлық түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда үлкен рөл атқарады. 5 . Буынаяқтылар-көптеген жәндік түрлерін біріктіретін типтердің бірі. Бұлардың алғашқы өкілдері фанерозой эонына дейін-ақ пайда бола бастаған. Түрлі-түрлі орталарда- суда , құрлықта және ауа қабатында тіршілік ете алады. Буынаяқтылар типі бес түрлі тип бөлімшелеріне дараланады, олардың әрқайсысы бірнеше сыныптарға жіктеледі. Палеонтологиялық тұрғыдан шаянтектестер мен насекомдардың рөлі мейлінше төмен, бірақ трилобиттер сыныбының палеонтологиялық маңызы айта қаларлықтай. Трилобиттер теңіз түбіне тіршілік ететін жәндіктер , олардың Денисі үш буыннан- басынан, кеудесінен және құйрығынан- тұрады. Триболиттер сырт қаңқалы жәндіктер , сондықтан қазба күйінде біршама жақсы сақталады. Олар кембрий кезеңінен пермь кезеңіне дейін тіршілік еткен , кембрий, ородовик және силур түзілімдерінің геологиялық көнелігін анықтауда өте маңызды.

6. Тіржандар(молюски)-бунақталмаған, яғни тұтас денелі жәндіктер типі. Бұлардың көпшілігі әкті бақалшаларды иемденген . Тіржандар типі 10сыныпқа бөлінеді, бірақ палеонтологиялық тұрғыдан ең маңыздылары үш-ақ сынып өкілдері- бауыраяқтылар, басаяқтылар және қосжармалылар. Бауыраяқты тіржандар сыныбы, немесе гастроподтар теңіз суында , тұщы суларда және құрлық бетінде тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар бүрмелене үшкірленген сырт бақалшаларға иелік ететін жәндіктер, осыған сәйкес оларды әдеттежай ғана”ұлулар” деп. те атайды. Бауыраяқтылардың бақалшалары әдетте әкті заттардан тұрады, сондықтан олар қазба қалдықтар түрінде біршама жақсы сақталады. Бауыраяқтылар кембрій кезеңінде пайда болван, бірақ олардың қаулай өсуі кайнозой эрасына сәйкес келеді. Сондықтан да бұлардың қазба қалдықтары палеоген, неоген, және антропоген түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда пайдаланылады. Басаяқты тіржандар сыныбы , немесе цепалоподтар омыртқасыз теңіз жәндіктері. Бұлардың қатарына күні бүгінге шейін тіршілік ететін каракатицалар, сегізаяқтар, кальмарлар және наутилустар жатады. Басаяқты тіржандардың құрып кеткен өкілдері – аммониттер мен белемниттер. Аммониттер дегеніміз бақалшасы жайпақ пішінді бүрмелерге бүрмеленген тіржандар, сирегірек ұлу тұрқылас бақалшалары да ұшырасады. Юра кезеңінен бор кезеңіне дейін тіршілік еткен. Белениттердің бақалшалары саусақ тұрқылас болып келеді. Қос жармалы тіріжандар - жеке дара тіршілік ететін қосжақты – симметриялы жәндіктер, теңіз алаптарын және тұщы суларды мекендеген. Бұлар кембрий кезеңінде пайда болған. Олардың кеңінен таралуы мезозой эрасында ғана басталған, қаулай өсуі кайнозой эрасына сәйкес келеді. Олардың тау жыныстарының геологиялық көнелігін анықтауда маңызы өте зор.

7. Мшанкалар – су алаптары түбінде үймелеме түрде жабыса тіршілік ететін су жәндіктерінің типі. Теңіз суында да, тұщы суларда да кезігуі ықтимал. Мшанкалар өздерінің сырт көрінісі жағынан балдырларды, мүктерді еске салады. Олар сан мыңдаған өте ұсақ жеке түрлерді топтастыратын үймелемелер түрінде ұшырасады. Олар қазба күйінде жақсы сақталған. Мшанкалар ородовик кезеңінен бері мәлім, алайда қаулай өсуі тас көмір кезеңіне және алғашқы пермь дәуіріне сәйкес келеді. Мшанкалардың палентологиялық маңызы онша жоғары емес. 8. Брахиоподтар немесе (иықаяқтылар) – жеке түрде теңіз түбіне жабысқан күйде тіршілік ететін қосжармалы – симметриялы жәндіктер. Брахиоподтар екі сыныпқа – құлыпты және құлыпсыз брахиоподтарға дараланады. Құлыпсыз брахиоподтар біршама қарапайым болып келеді, бұлардың қаңқасында екі жарманы бір-бірімен топсалай жалғайтын құлып атаулы арнаулы құрылыс элементі болмайды, әкті бақалшаны иемденетіндері сирек кездеседі. Құлыпты брахиоподтарға әкті бақалшалар тән, олар бір-бірімен құлып арқылы топсаланған. Брахиоподтар кембрий кезеңінен бүгінге шейін тіршілік етеді. Олар палеозойлық түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда маңызды рөлді атқарады.

9. Тікентерілілер – бес сәулелі симметриямен және арнаулы су айдаушы жүйемен сипатталатын омыртқасыз жәндіктер типі. Тікентерілілер су түбіне жабыса отырып тіршілік етуіде (бентостар), су ағынымен қалқи қозғалуыда (планктондар) мүмкін. Жәндіктердің бұл типі 20 сыныпқа жіктеледі, бұлардың үшеуі палеонтологиялық тұрғыдан біршама маңызды болып саналады.

  1. Теңіз көпіршіктері сыныбы – бентостарға жататын құрып біткен тікентерілілер. Олар таскөмір кезеңінде түгелімен құрып кеткен.

  2. Теңіз лалалары сыныбы бентостық тікентерілілер ішіндегі ең көп тарағаны. Олардың денелері тек ішкі органдары ғана емес, кәдімгі қолдарға ұқсайтын бес бірдей тарамдары бар әкті табақшадан тұрады. Аталған тарамдар жәндікке өз қорегін жинақтауға мүмкіндік береді. Олар ордовик кезеңінен бүгінге шейін тіршілік етеді.

  3. Теңіз кірпілері сыныбының көне түрлері де, қазіргі түрлері де белгілі. Көне теңіз кірпілері ордовиктен пермьге шейін тіршілік еткен, ал қазіргі теңіз кірпілері триас кезеңінде пайда болып, бүгінге шейін тіршілік етуде. Мезозойлық және кайнозойлық кірпілер, бор, палеоген және неоген түзілімдерінің геологиялық көнелігін анықтауда кеңінен қолданылады.

10. Жартылай желілілер – омыртқасыздармен нағыз желілілер аралығына сәйкес келетін жәндіктермен хаюандар типі. Олар жеке түрде де үймелеме күйдеде тіршілік еткен, тіршілік мекендеріде түрліше (бентостардан планктондарға шейінгі аралықта). Жартылай желілілер үш сыныпқа бөлінеді, олардың ішінде тек қана граптолиттер сыныбының палеонтолиялық маңызы ерекше.

1. Граптолиттер құрып біткен жәндіктер өкілі, үймелеме тіршілік еткен. Олар ортаңғы кембрий дәуірінде пайда болып тас көмір кезеңінің бас шенінде құрып кеткен. Қаулай өсу мерзімі ордовик және силур кезеңдеріне сәйкес келеді, бұл кезеңдерде граптолиттер жер шарының бүкіл теңіздерімен мұхиттарын жайлаған болса керек. Граптолиттердің кейбір түрлері ордовик және силур түзілімдерінің геологиялық көнелігін анықтауда шешуші рөлді атқарады.

11. Желілілер – ішкі қаңқа білігімен, желісімен сипатталатын жәндіктермен хаюандар типі. Желілілер үш тип бөлімшелеріне жіктеледі.

  1. қабыршақтылар

  2. бассүйексіздер

  3. омыртқалылар

қазба күйінде тек қана омырқалылардың кейбір түрлері ұшырасады, оларда палеонтология тұрғысынан онша маңызды емес. Омырқалылар үш түрлі сыныптар жиынтығына топтастырылады.

  1. жақсыздар

  2. балықтар

  3. төрт аяқтылар

балықтар үш сыныпқа бөлінеді

  1. сауыттерілі

  2. шеміршекті

  3. сүйекті балықтар

төртаяқтылар төрт сыныпқа бөлінеді

  1. қосмекенділер

  2. бауырымен жорғалаушылар

  3. құстар

  4. сүтқоректілер.


Лекция №15

Тақырыбы: Геотектоника (тектоника) негіздері

(1сағат)

Жоспар:

1. Геотектоника ғылымы

2. Тектоникалық қозғалыстар

3. Тектоникалық қозғалыстар және олардың түрлері



Лекцияның мақсаты:Геотектоника (тектоника) негіздерін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Геотектоника – Жердің бағдарды түрде дамуына байланысты оның құрлыс ерекшеліктерін зерттейдін ғылым саласы; ол Жердің жоғарғы қатты қабықтары ( жер қыртысы ,литасфера, атмосфера) өңірлеріндегі ірі – ірі құрлымдық элементтерді, олардың уақыт пен кеңістікте геологиялық дамцу ерекшеліктерін зерттейді. Геотектониканың басты мақсаты жер қыртысы мен литасфера өңіріндегі қозғалыстардың көрініс беру себебін , сипаттап және бағыт – бағдарын анықтау , сол қозғалыстардың нәтижесінде ірі – ірі құрлымдық элементтер қалыптасуын ың сабақтастық ретін, уақытын және жағдайын ашып көрсету болып табылады . Жер қыртысы тұрғысынан алғанда “ ірі – ірі құрлымдық элементтер “ деген түсінікке жер бетіндегі әлемдік және ммейлінше ірі құрлымдар кіреді , олардың басты – басты өкілдері – континенттер, мұхитт ар және мұхиттан континенттерге ауысу белдемдер ( бірінші дәрежелі құрлымдар ) , геотектоникалық тұрғыдан мейлінше қозғалмалы болып келетін қатпарлы, немесе орогендік облыстар мен белдеулер, сол сияқты геотектоникалық тұрғыдан марғау платформалық облыстар (екінші дәрежелі құрлымдар Жекелеген құрлымдық - формациалық белдемдерден бастап тектоникалық қозғалыстар нәтижесіде дараланған жер қыртысының жекелеген шағын үлескілеріне дейінгі аралықтағы жоғарғы дәрежелі геологиялық құрлымдарға келсек, олардың геологиялық дамуы ерекшеліетерін тектоника ғылымы зерттейді.Тектоника дегеніміз жер қыртысының тектоникалық бұзылыстар жиынтығымен және өзіне ғана тән геологиялық даму тарихымен сипатталатын белгілі біер үлескісінің геологиялық құрлысы, немесе жер қыртысының құрлысы, геологиялық құрлымдар және олардың даму және орналасу заңдылықтары жайлы ғылым.
Келтірілген анықтамалар тұрғысынан алғанда “ тектоника” түсінігі “ геотектоника” түсінігінің құрам – бөлігі болып шығады, тек қана бірінші Жердің беткі қабаттарына тән кішігірім геологиялық құрлымдардың даму тарихын зерттесе, геотектоника жер қыртысының ірі – ірі құрлымдық элементтерінің жиынтығын және бүкіл планетаны тұтасымен зерттеуге мүдделі.

Солай бола тұрса да, бұл екі түсінікке де ортақ бір нәрсе бар: бұлардың екеуі де, сайып келгенде , жер қойнауларындағы қозғалыстарды және сол қозғалыстардың әр түрлі дәрежелі геологиялық құрлымдардың қалыптасуындағы рөлін зерттейді . Ал геологиялық құрлым түсінігіне келер болсақ , геологияда бұл терминмен негізінен алғанда тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қалыптасатын тау жыныстары мен олардың ірі-ірі брлестіктерінің кеңістікте таралуын, сол сияқты

Тау жыныстарының жекелеген қабаттар мен олардың жинақтарының бір – бірмен астасу сипатындағы бұзылыстарды белгілейді . Келтірілген түсініктер үрдісінен алып қарағанда , “геотектоника» және тектоника ұғымдарының анықтамалары бір арнаға тоғысады , оны былайша анықтауға болады ; геотектоника ( тектоника ) – жер қыртысының оның ірі – ірі құрлымдық элементтерден бастап тау жыныстарының жекелеген қабаттарына шейінгі аралықтардағы қрам бөлікткрін деформацияға ұшыратып қозғалыстарды және осы қозғалыстардың жер қойнауында көрініс беру заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Келтірілген анықтамалардан ұғынатынымыз геотектониканың басты зерттеу пәні қатты Жер болмысындағ қозғалыстар болып шығады , бұлардың кһрініс беру ерекшеліктері жекелеген тау жынысы қабаттарының және олардың жинақтарының формациялық ерекшеліктерін және Жер дамуының әр түрлі дәуірлерінде туындаған қозғалыстар нәтижесінде кейінірек кһрініс берген деформациялар сипатын сатылай отырып қадағалау арқылы анықталады.

2. Геотектоника қатты Жердегі қозғалыстарды зерттейтін болғандықтан да динамикалықгеологияның құрам – бөлігі болып табылады . Оқулықтың бірінші тарауында аталып көрсетілгендей , динамикалық геология құрамына сейсмалогия және вулканология ғылымдарыда кіреді деп есептелінеді, және де бұлар динамикалық геологияның геготектоникамен деңгейлес таулары ретінде тараланады . Мұндай түсінік күмәнсіз емес екендігін ескерген жөн: жерсілкіністтерін зерттейтін сисмология да, жанартаулар әрекетін саралайтын вулканалогия да , түптеп келгенде геотектоника ғылымының құрам – бөліктері десе де боғандай , себебі жерсілкіністер мен жануарлар әрекеті тектоникалық қозғалыстармен тығыз байланысты және де олардың жер қойнауларында көрініс беру себептері, сайып келгенде, сол қозғалыстардан туындайды.

Жер қойнауындағы тектоникалық қозғалыстарды тудырушы күштер табиғатты бұл оқулық көлемінде сөз етілмейді , бірақ мұндай күштердің қайнар көзі Жер планетасының өз қойнауында екендігіне баса назар аударамыз. Екіеші сөзбен айтқанда тектоникалық қозғалыстар планетаның бағдарлы түрде даму барысын қамтамасыз ететін бүкіл эндогендік геологиялық процестердің басты “ себепкері” болып табылатын планетаның ішкі энергиясының туындауы.

Планетаның терең қабаттарындағы қозғалыстар жер қойнауларындағы геологиялық процестердің етек алуына ғана емес , оның беткі келбетін өзгертуге де айтарлықтай үлес қосқан. Мәселен , жербедерінің қалыптасуы эндогендік және эгзогендік процестердің бір – бірімен тоқайласу нәтижесі екендігі белгілі. Планетаның ішкі күштері оның бетбедерін дәйім бұдырлай түсуге тырысса , сыртқы күштер керісінше, оны тегістей түсуге твырысады. Эндогендік және эгзогендік күштердің бір – бірімен байланысы жебедер қалыптасу процесін қамтамасыз етеді , бұл мәселелер динамикалық геологияның тығыз бір таралуы болып табылатын геолгоиялы – географиялық ілім саласы геоморфологияның зерттеу пәні болып табылады. Геомарфологияның мазмұны бұл оқулық көлемінде сөз етілмейді, себебі бұл оөу курсы жеке пән ретінде , немесе “Жалпы жертану” деп аталатын арнаулы оқу курстары ауқымында бөлек оқылады.

3. Сонымен , жер қойнауларында етек алған геологиялық процестердің ең басты себебі тектоникалық қозғалыстарды туындататын тектоникалық кернеулермен байланысты екендігін ұғындық. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз литосфераның, соның ішінде жер қыртысының аумағындағы геологиялық денелер құрылымын өзгертетін, Жердің астеносфера және літосфера қабаттарында етек алған механикалық қозғалыстар. Бұл қозғалыстар жер бетінің бедеріне өз әсерін тигізеді, олар Жер планетасы қимасының әр түрлі деңгейлерінде болып жататын физикалық-химиялық процестермен байланысты. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз литосфераның, соның ішінде жер қыртысының аумағындағы геологиялық денелер құрылымын өзгертетін, Жердің астеносфера және литосфера қабаттарында етек алған механикалық қозғалыстар . Бұл қозғалыстар жер бетінің бедеріне өз әсерін тигізеді, олар Жер планетасы қимасының әр түрлі деңгейлерінде болып жататын физикалық-химиялық процестермен байланысты. Тектоникалық қозғалыстарды тудырушы күштер ретінде әдетте жер қойнауларынан бөлінетін жылу энергиясы және планетаға тән гравитациялық энергия аталады; Күн мен Айдың Жерге тигізер әсерін, өзге де галактикалық энергия көздерін де естен шығаруға болмайды.

Тектоникалық қозғалыстарды бірнеше типтерге(түрлерге) бөлуге болады, олардың ең бастылары- эпейорогендік (тербелмелі), оргендік (қатпарлы), изостазиялық тектоникалық қозғалыстар, континент тер дрейфі, мұхит түбінің спредингіт.б.



Эпейорогендік (тербелмелі) тектоникалық қозғалыстар-өте жай және ұзақ уақыттар бойына етек Ала отырып, Ірі-ірі аймақтардың жоғары көтерілуін немесе төмен жылжуын қамтамасыз ететін, бірақ сол аймақтардың ішкі құрылымын өзгертпейтін қозғалыстар. Эпейорогендік қозғалыстар нәтижесінде тұтас континент тер, сол сияқты мұхиттық және континеттік үстірттер қалыптасады. Орогендік (қатпарлы) тектоникалық қозғалыстармен салыстырғанда бұлар өздері қамтыған аймақтың ішкі құрылысын өзгертпейді деп. есептеледі,яғни бұл қозғалыстар нәтижесінде аймақты құрайтын тау жынысы қабаттары қатпарлы деформацияға және жыртылыстарға ұшырамайды. Бұл қозғалыстар негізінен алғанда жоғары-төмен бағытталған (тік бағытта өрбиді), олардың масштабы, қамту ауқымы, қозғалыс жылдамдығы мен амплитудасы түрліше болып келеді.

Орогендік (қатпарлы) тектоникалық қозғалыстар-тау жүйелерін қалыптастыратын қозғалыстар. Бұл қозғалыстардың өздеріне тән сипаттары олардың қысқа мерзімділігі (геологиялық ақыт масштабымен есептегенде) , бір сәттілігі, өте жоғары қарқындылығы және орогендік белдеулер мен жүйелер аумағында ғана көрініс беруі. Эпейорогендік қозғалыстармен салыстырғанда орогендік қозғалыстар өздері қамтыған аймақтағы тау жыныстары мен олардың жиынтықтарын өте кошті деформациялық өзгерістерге ұшыратады, яғни олар қарқынды түрде қатпарланады. Және әр түрлі дәрежедегі жыртылыстармен шатынай бөлшектенеді. Қатпарлар жүйесін, сол сияқты жыртылыс құрылымдарын қалыптастыруда бүйірлік қысым да , тік бағыттағы қозғалыстар да атсалысады деп. есептелінеді.

Изостазиялық тектоникалық қозғалыстар-литосфераның изостазиялық теңдестігін қамтамасыз ететін қозғалыстар; түзілімдердің қалыптасуы және олардың қатпарлануы нәтижесінде өз массасы (салмағы) есе лей өскен аймақтардың төмен қарай сұғына түсуін, мұжылған және мұжылу материалдары аласталған аймақтардың өз массасын (салмағын) азайтуына байланысты жоғары қарай саумалдана көтерілуін қамтамасыз етуімен сипатталады. Бұл қозғалыстар тек қана тік бағытта өрбиді.

Континенттер дрейфі-тұтас континентердің (материктердің) көлбеу бағытта алыс-алыс қашықтықтарға жылжып кету ін қамтамасыз ететін жалпыпланеталық тектоникалық қозғалыстар . Континент тер дрейфінің қозғаушы күші жер мантиясы аумағындағы конвекциялық ағындар деп. есептелінеді.

Мұхит түбінің спредингі-Орталық – мұхиттық жоталар деп. аталатын аймақтарда жаңадан қалыптасқан мұхиттық литосфераның континенттерге қарай көлбеу бағытта дәйім жылжуымен сипатталатын мұхит түбінің көмкерілу процесі; бұл қозғалыстардың да қозғаушы күші жер мантиясы қимасындағы конвекциялық ағындар деп. саналады.

Тектоникалық қозғалыстардың Жер планетасының және оның литосфераның (жер қыртысының) геологиялық дамуын қамтамасыз етудегі ең бастр рөлі сол жер қыртысы аумағында әр түрлі дәрежелі тектоникалық құрылымдарды қалыптастыруы болып табылады, бұл құрылымдар тау жынысы қабаттарының нақтылы жиынтықтарымен (геологиялық формациялармен) және олардың түрлі-түрлі деформацияларға ұшырауымен сипатталады. Деформация түсінігі геологияда былайша анықталады: деформация дегеніміз жер қыртысының әр түрлі үлескілеріне тән тау жыныстарының тектоникалық күштер әсерінен өз піші ні мен көлемін өзгерту процесі. Дислокациялардың (деформациялардың) екі түрі болады, олар – пликативтік, немесе қатпарыл дислокациялар және дизьюнктивтік, немесе жыртылыс дислокациялары.





  1. Семинар сабақтарының жоспары (11)



Тақырыбы мен мазмұны



Сағат саны

Бақылау түрі

Әдістемелік қамту

1

Кіріспе

1.Жер қыртысы мен литосфераның заттық құрамын зерттеу

2. Геологиялық процестерді зерттеу

3.Өлі организмдердің қалдықтарын және олардың тіршілік белгілерін пәрменді түрде зерттеу нәтижесінде органикалық тіршіліктің жер бетінде пайда болуын, көрініс беру ерекшеліктерін және даму барысын зерттеу

4. Геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын зерттеу

5.Жер қойнауларын игеру және шаруашылық нысандарын тұрғызу мәселелеріне байланысты іс – тәжірибе шараларын;

6.Пайдалы қазба кендерін зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және геологиялық –экономикалық әрекеттерін анықтау.


1

Бақылау сұрақтары

1,2,3,4,5,6

2

Геологияның танымдық және халық шаруашылықтық маңызы

1.Геология ғылымы жер қойнауындағы минералдық ресурстарды игеру барысында жүргізілетін барша жұмыстар тізбегіндегі орны.

2. Геология ғылымының алдына қойған маңызды жаңа проблемалары

1


Баяндама


1,2,3,4,5,6

3

Қазақстанда геологиялық ғылым мен өндіріс салалары дамуының басты кезеңдері

1.ХХ ғасырдың 20-40 –шы жылдардағы Қазақстан территориясын зерттеу жұмыстары

2.Қазақстан геологиялық ғылым және өндіріс салалары дамуының соғыстан соңғы жылдардағы социалистік сатысы

3.Қазақстан геологиясы дамуының бүгінгі сатысы.


1


Картамен жұмыс

Бақылау сұрақтары



1,2,3,4,5,6

4

Геология пәні және оның негізгі бөлімдері

1.Минералогия.

2.Литология

3.Тектоника

4. Петрология

5.Петрография

6.Кристаллография

7.Палеонтология

8.Стратиграфия


1


Глоссарий

Тест


1,2,3,4,5,6



5


Жер жайлы жалпы мәліметтер

1.Жердің ішкі құрылысын зерттеудің басты –басты геофизикалық әдістері

2.Жер ядросының, оның қатты қабықтарының құрылысы мен құрамы

3. Жер ядросы

4.Жер мантиясы

5.Жер қыртысы


1



Жазбаша бақылау

Тест

1,2,3,4,5,6




6


Минералдар туралы жалпы мәліметтер және олардың жіктелуі

1.Минералдардың негізгі топтары және оларға жеке сипаттама

2.Табиғи таза элементтер

3.Сульфиттер

4.Сульфаттар

5.Карбонаттар

6.Силикаттар

7.Галоидтар

8.Тотықтар және гидрототықтар

9.Фосфаттар және органикалық қосылыстар

10.Моос шкаласы


1


Бақылау сұрақтары

Реферат



1,2,3,4,5,6




7

Тау жыныстары туралы жалпы мәліметтер және олардың шығу тегіне қарай жіктелуі

1.Магмалық тау жыныстары және олардың жіктелуі

2.Шөгінді (тұнба) тау жыныстары және олардың жіктелуі

3. Метаморфизм және метаморфтық тау жыныстары


1

Реферат

Тест



1,2,3,4,5,6

8

Геохронолгиялық және стратиграфиялық кесте

1.Жер және жер қыртысының геологиялық даму тарихын анықтайтын геохронологиялық және стратиграфиялық кестеге сипаттама

2.Эратема, Жүйе, Ярус

3.Белдем,Кешен, Серия

4.Свтиа, Тасбуда

1

Геохронологиялық картамен жұмыс

Тест

1,2,3,4,5,6


9

Экзогендік процесстер және Эндогендік процесстер

1.Борпылдақ жыныстардың шығу тегі( аллювий, делювий, пролювий, элювий, колювий)

2. Желдің, беткі ағынды судың, жер асты суының қалыптасуы және таралуы

3.Мәңгі тоңның, мұздықтардың, теңіздер және мұхиттардың геологиялық әрекеті, мұхиттық шөгінділердің қалыптасуы және таралуы.

4.Эффузивтік магматизм

5.Интрузивтік магматизм

6.Тектоникалық қозғалыстар

7.Континентер қозғалысы.


1

Бақылау сұрақтары

Тест

1,2,3,4,5,6,7


10

Кембрийге дейінгі (криптозойлық) кезеңдегі палеогеографиялық өзгерістер. Жер қыртысының кембрийге дейінгі (криптозойлық) кезеңдегі даму.

Палеозой эрасы кезінде жер қыртысында болған палеогеографиялық өзгерістер туралы

1.Архей эрасы кезінде жер қыртысында болған палеогеографиялық өзгерістер туралы

2.Жер қыртысының протерезой эрасындағы дамуы және осы кезеңнің басты ерекшеліктері мен ұзақтығы, палеогеографиялық өзгерістері.

3.Алғашқы және соңғы палеозой кезіндегі климаттық ерекшеліктер, өсімдік және жануарлар дүниесінің таралу ерекшеліктері

4. Жер қыртысының каледондық және герциндік құрылымдары


1


Геохронологиялық картамен жұмыс

Реферат


1,2,3,4,5,6



11

Мезозой эрасы кезінде жер қыртысында болған палеогеографиялық өзгерістер. Кайнозой эрасы кезінде жер қыртысында болған палеогеографиялық өзгерістер

1.Лавразия, Гондвана материктерінің бөлінуі

2.Жаңа материктердің пайда болуы

3.Альпі – Гималай қатпарлы жүйесі 4.Кайнозой эрасы кезіндегі климаттық жағдайдың басты ерекшеліктері

5.Адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы.


1


Геохронологиялық картамен жұмыс

Тест


1,2,3,4,5,6




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет