Лекция: 15 сағат СӨЖ: 15 сағат обсөЖ: 15 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат


- лекция. Жеткіншектердегі мінез-құлық акцентуациясының типтері



бет3/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#134099
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5- лекция.

Жеткіншектердегі мінез-құлық акцентуациясының типтері.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Акцентуация туралы түсінік.

2. К.Леонгардтың теориясы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. 2. И.В.Дубровиной. М.,1987.

  2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.

  3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.

  4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.

  5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.


Қосымша:

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.

  2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.

  3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.

  4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.

  5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.


Лекцияның мәтіні:
Ж.Пиаже ойын процесінде балалардың кооперациясы қалай дамитынын көрсетті; онда индивид өзін басқалармен теңмін деп қарайды, мұның өзі өзара тексеру мен ережелерді сақтауға, қоллегиялыққа, келісімге жетуге бастайды. Нақ осының өзі Пиаженің бала өз теңдестерімен кооперацияланса, ол ендігі жерде ересек болады деген маңызды қорытынды жасауына негіз болды. Совет психологтарының зерттеулерінде мынадай жайлар анықталды: біріншіден III—IV кластардың өзінде-ақ жолдастық нормаларын (көмек, адалдық, сыйластық) сақтау, жолдасы мен досының қасиеттерін бағалау критерийі болады; екіншіден, балалардың мазмұнды қарым-қатынастарының ұлғаюы мен тереңдеуінің және олардың осы қарым-қатынастарға қоятын талаптарының арасында тікелей тәуелділік болады (адалдық пен теңдік нормаларының маңыздылығы артады, осы нормалар қолданылатын жағдайлардың саны көбейеді). Өте-мөте маңызды жай сол, бұл нормалардың бәрі ересектердің карым-қатынасының барынша маңызды нормалары болып табылады. Нақ осы себепті баланың құрдастарымен, жолдастарымен, қарым-қатынасы өзіне тән ерекше міндет атқарады: бұл қарым-қатынастардың практикасында ересектердің моралы игеріледі (осы арқылы баланың әлеуметтік-моральдық есеюі дамиды), осының өзінде бұл моральдың басты мазмұны - теңдік пен коллегиялылық нормалары - бала мен ересектің қарым-қатынасына арналған тіл алу моралының нормаларына антагонистік тұрғыда болады.

Экстернализацияланған мінез-құлық ассоциалды мінез-құлықтың соңғы жағдайы болып табылады. Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі - негізі, - мен олардың ерекше жағдайларға талпынуы, мектепте танымды болғысы келуі. Невский И.В. жасөспірімнің ерекше мінез көрсетуіне негіз болатын психологиялық жағдайларды атап көрсетеді. Олар:



  1. Жасөспірімдердің құрбандықты қажетсінуі.

  2. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды тұрақсыздық білдіруі.

  3. Агрессиясының анық байқалуы.

  4. Акцентуация түрлерінің анық байқалуы.

  5. Психикалық дамудағы ауытқулардың жиі кездесуі.

  6. Өзін-өзі төмен бағалауы.

7. Өзін бейадекватты төмен бағалау.

Бұл жағдайларға әсер ететін факторлар:

1. Микроәлеуметтік фактор - бұған жасөспірімнің іс-әрекетінің негізгі
үш сферасы кіреді: отбасы, мектеп және қатарларының референтті группасы:
отбасылық тәрбие сферасында психологтар оның гипер және гипосүйемелдеу
сияқты тәрбие стильінің дұрыс емес жақтарының болуын көрсетті. Айта
кететін нәрсе истереоидты және гипертандты сипаттағы акцентуацияның
қалыпты емес типі үшін қатерлі болатын гиперсүйемелдеу, ал гипосүйемелдеу-шизоидті және эмоционалды мобильді тип үшін қатерлі болып келеді (Трудные судьбы, 1991). Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеудің Александров А.А. «фрустрациялау» деп атап оның екі типін көрсеткен.

1. Агрессивті қорғану типі - бұл отбасындағы эмоционалды итерілуден


қалыптасады;

2. Оппозициялы тип - «бұл отбасы кумирі» тәрбиесі негізінен


қалыптасады.

Аграссивті қорғану типі - ерекше қиын агрессивті сипатпен ерекшеленеді. Мұндай балалар төбелескіш, жаушыл, конфликтігі түскіш, тұрақсыз, мектептегі тәртіптің дезорганизаторы болып, бұл балалар дөрекі бұзылысқа барады. Алкогольдікке салынуы мүмкін. Мұның негізгі себебі баланың туылуы қажетсіз болған жағдайда ол соны сезінеді. Баланың қағылып тастауы түрлі формаларда көрінеді, құпиялық өті. Ата-аналардың -олардың қатты сөйлесуінен көрінеді. Бұл негізінен конфликтідегі, достығы жоқ отбасыларда көрінеді. Бала барлық уақытта нервті жағдайда жүреді, отбасыдағы үлкендерді өкпелетуінен қорғанудан агрессивті қорғану қалыптасады. Балалар айналадағыларға сенбеушілікпен қарайды, «біреу барлығына қарсы» позициясы отбасыдан тыс уақытта да қалыптасады, осының негізінде айналадағы адамдармен де конфликтіге түседі, олар оны қаға бастайды, оны эгоист қатал деп есептейді, бірақ ол мұның бәріне өзін кінәлімін деп есептемейді, барлығына басқаларды кінәләйді.

Оппозициялы тип бұл ата-аналардың өз балаларын "соқыр махаббатпен" жақсы көруі, балалардың барлық еркеліктерін көтеруі, кемшілігіне мән бермеу, оларды аспанға көтеру т.с.с. Осының негізінде олар әлеуметтік ортаға тиісінше бейімделе алмайды. Сондықтан да оларда "ішкі конфликт" туады. Бұл сонымен бірге, тіктелген, жоғары өкпелегендік, айналамен конфликтілік қатынас туады. Мұғалімдер оларды дұрыс бағаламайды, мұндай оқушылар өзін көрсеткісі келіп тұрады. Сондықтан қанағаттанбаған олар кері мінез-құлық көрсете бастайды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлық жасөспірімдерге ата-аналарының тәуелсіз өмір сүргісі келгеннен және олардың шектен тыс қаталдығынан туады. Сондықтан жасөспірімдерде олардың көңілін өзіне аударғысы келіп тұрады. Осы себептен оппозициялы типтегі балалар қалыптасуы мүмкін.

Микроәлеуметтік фактор-қазіргі уақытта жасөспірімдердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл негізінен қоғамның идеологиялық тенденциясынан экономикалық тенденцияға өтуінен көрініп отыр. Сондықтан жасөспірімдерде статистикалық тұрғыдан кері мінез-құлық кең деңгейде көрініп отыр. Оған бірден бір себеп "орта" болып отыр. Бұларда олардың бір сезімдердің орнына потологиялық сипаттағы келесі бір сезімдердің келуі мүмкін.

Жалпы, оқушылардың мінез-құлқының ауытқып немесе бұзылып келе жатқанын неден байқауға болады. Мәліметтерге сүйенсек бала тырнағын тістеп отыруы мүмкін, ол ішкі мазасызданудың пайда болуынан да және түнгі шытырман жағдайлардан да көрінеді, яғни мінез-құлықтың өзгеруінің көріністері болып табылады.

Сонымен қорыта келе жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік кезең бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға әсер ететін себептердің мазмұны да бірдей және бұл екі жас бір-біріне тәуелді. Мысалы, жеткіншектік кезең психикалық процестермен, жекелік дамуын, ағзаның физикалық жетілуімен сипатталса, жасөспірімдік кезеңде ағзаның жетілуі аяқталады, жасөспірімнің ішкі позициясының күрт өзгеруімен сипатталады.

Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жағдайлар жеткіншектер мен ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар, түсінбеушіліктер. Олар ересек адамның жеткіншектерге әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталуы, өз мәселелерін өз бетімен шешуге үлкендердің мүмкіншілік бермеуі, жолдастарымен қарым-қатынас жасауға себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен үлкендердің балаға деп қойған талабы олардың арасындағы қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі, үлкендердің талабына қарсы шығуы, дөрекілік көрсетуі арқылы белгі береді.

Психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлығында осы ауытқулардың орын алуына қарсы алдын-алудың (профилактикилық жұмыс жүргізу) маңызы үлкен. Бұл мәселені зерттеу үшін акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификация бар. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:



  1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

  2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты - жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, ұзақ уақыт шат болып жүреді. Махаббатта қатты ренжігіш, бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

  1. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабыр-шу шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерін өте көп деп есептейді. Паталогияда эпилептикалық психопатия.

  2. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз қабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.

  3. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

  4. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда эпилептоидты психопатия.

  1. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз , жалғыздықты жақсы көреді.

  2. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңілін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.

  3. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бұл түрі көрініс бергендер майда-шүйдә сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетіндер.

  4. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жағдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда параноялды психопат.

Жеткіншектерде кездесетін акцентуацияны және мазасыздануын көптеген түрлерге бөліп қарастырады. Оның түрлерін нақты анықтау үшін Шмишек, Басса-Дарки т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады. Олардың бірнешуі төменде берілген. Сонымен іс-тәжірибе барысында мектептегі оқитын бастауыш сынып оқушыларының қарым - қатынас барысында шешілмеген мәселелермен жиі кездесіп отыратындығымен соқтығыстық. Егерде кіші мектеп жасында мұндай дефектілер белгілі бір бұзылысқа әкелмегенімен жеткеншектік немесе жасөспірімдік кезеңде белгілі бір қарама - қайшылықтарға келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, өтпелі кезеңнің балалардың педагогтар назарынан тыс барлық мәселелерін тереңдетіп жіберетіндігі белгілі. Бірақ, әрбір «мәселені» бала өздерінің ерекшеліктерімен де, басынан кешіріп отырған қиындық сипатымен де, дамуының әлеуметтік жағдайымен де дара. Сондықтанда оларға жүргізілетін диагностикалық бағдарлама баланың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған болуы керек.
6- лекция.
Жеткіншектердің мінез-құлық ерекшеліктерін психодиагностикалаудың маңызы.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Жеткіншектің мінез ерекшеліктері мен мазасыздануын зерттеу әдістері.

2. Темпераментті Айзенк тестімен зерттеу.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. 2. И.В.Дубровиной. М.,1987.

  2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.

  3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.

  4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.

  5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.


Қосымша:

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.

  2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.

  3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.

  4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.

  5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.


Лекцияның мәтіні:
Жеткіншектердің мінез ерекшеліктері мен мазасыздануын зерттеу әдістері

Жеткіншектер өздерінің дамуындағы балалық шақтан жаңа сапаға өтуі, барысында кездесетін қырсық мінез көрсету, темперамент ерекшеліктерін басқара алмау, акцентуация, мазасыздану және басқа дағдарыстың орын алуымен байланысты оларды анықтауға арналған көптеген әдістемелер жасалған. Психолог осы жастағы балалармен жүргізген жұмыстарын олардың темпераментінің ерекшеліктерін зерттеуден бастағаны дұрыс. Өйткені мінез ерекшеліктері және оның көрініс беретін ерекшеліктері темпераментпен тікелей байланысты. Темперамент ерекшеліктерін анықтауға Айзенк және Стреляу ұсынған тестерді пайдалануға болады.



Темпераментті Айзенк тестімен зерттеу.

Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.

Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.

Орындау ережесі: «сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия немесе «жоқ деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз.

Сауалнама.

1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?



  1. Сізді түсінетін, жұбататын және көңіліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?

  2. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?

  3. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?

  4. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?

  5. Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?

7. Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?

8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?

9. Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?

10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?

11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?

12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағдай болады ма?

13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма?

14. Өзіңіздің айтқаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?

15. Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?

16. Сіздің намысыңызға тию оңай ма?

17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?

18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?

19. Кейде күшіңіз тасып, тауды қопаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?

20.Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?

21.Арманға жиі бөленесіз бе?

22. Сізге дауыс көтергендерге солайша жауап бересіз бе?

23.Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?

24.Сіз өзіңізді кіналы деп сезінуіңіз жиі болады ма?

25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?

26. Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?

27. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейді ме?

28.Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді деген ойға бөленесіз бе?

29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

30. Сіз өсек айтатын кездер болады ма?

31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?

32.Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?

33. Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?

34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

35. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?

36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?

37. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?

38. Сіз ашушаңсыз ба?

39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма?

40. Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?

41. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?

42. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?

43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?

44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?

45. Бір жеріңіз ауырады ма?

46. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?

47. Сіз шыдамсыз адамсыз ба?

48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?

49. Өзіңізге сеніміңіз күшті ма?

50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?

51. Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләзаттанасыз ба?

52. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсыз ба?

53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?

54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?

55. Өзіңіздің денсаулығыңыз туралы қам жисіз бе?

56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?

57. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?

Нәтижесін бағалау кілті.

Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:

Ия - 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56

Жоқ - 5, 15, 20, 29, 32, 37, 41, 51.

Шкаласы:


0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз;

15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз;

11-14 балл - амбиверт көрсеткіші болып табылады.

Невротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:

Ия - 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 57;

Шкаласы:


0-10 эмоционалдың жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;

11-16 сезімталдық белгісі;

17-22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар;

23-24 невротизм патологияға жақындаған.

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:

Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады.

Ия - 6, 24, 36; жоқ - 12, 18, 30, 42, 48, 54.

0-3 балл жинасаңыз сізге барлық уақытта сенуге болады.

4 - 5 - жалғандығыңыз көрініп тұр;

6 - 9 - жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей ақ қойсада болады.


невротизм



20

18



1
меланхолик

холерик
6

14

1


интроверт

экстраверт
2


0 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20

8

6
невротизм



невротизм

4

2



0
невротизм


Эмоционалдық тұрақтылық

Бағалау шкаласы бойынша анықталған баллдарды жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына эктраверсия түсіріп, ал невротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек. Сол нүктелерден түсірген перпендикулярлардың қилысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.






Оқушы аты

қозу

тежелу

Ара қатынасы

Темперамент

1

Айжан

13

9

1,4

Экстраверт-холерик

2

Ақнұр

14

12

0,9

Экстраверт-холерик

3

Әлия

13

12

1,1

Экстраверт-холерик

4

Бану

10

12

0,9

Экстраверт-холерик

5

Данабек

9

9

0,9

Интроверт-флегматик

6

Ғалия

13

11

1,1

Экстраверт-холерик

7

Ғалым

10

9

1,1

Экстраверт-холерик

8

Гулдана

13

12

1,1

Экстраверт-холерик

9

Қадиша

10

12

0,9

Амбиверт-сангвохолер

10

Карима

9

11

0,9

Интроверт-флегматик

11

Заррина

13

13

1

Экстраверт-холерик

12

Мәдина

11

9

1,1

Экстраверт-холерик

13

Мақсат

10

10

1

Интроверт-флегматик

14

Марина

13

9

1,2

Экстраверт-холерик

15

Маржан

13

13

1

Экстраверт-холерик




16

Марс

9

12

0,8

Интроверт-меланхолик

17

Мәнсур

8

9

0,9

Интроверт-флегматик

18

Нағима

11

10

1

Амбиверт-сангвохолнр

19

Назерке

13

10

1

Амбиверт- сангвохол

20

Нұрсұлу

9

9

1,1

Амбиверт-сангвохол

21

Ораз

13

11

1,1

Экстроверт-холерик

22

Өмірзақ

9

11

0,9

Интроверт-мелонхолик

23

Шәрипа

13

9

1,2

Экстроверт-холерик

24

Шәмші

10

10

1

Амбиверт-сангвохол

25

Фатима

11

9

1,1

Амбиверт-сангвохол

26

Фархат

10

12

0,9

Амбиверт-сагвохаол

Зерттеу нәтижелері.



Темперамен типі

Балалар саны

Экстраверт-холерик

11

Амбиверт- сангвохолерик

7

Интроверт-флегматик

3

Интроверт-меланхолик

2

Психикалық жағдайдың көрсеткіші жоғары болған оқушылардың уайымдай алуын дамыту қажет. Ол үшін зерттеуші анықталған оқушылардың

өздері туралы не ойлайтынын, мәселенің себебі қандай екенін, сол жағдайда ол дұрыс түсті ме, не істеу керек деген сияқты мәселелерге баса назар аударып оның шешімін мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесе отырып шешкен абзал. Сондықтан да бұл сыныптағы оқушылардың" жекелік мінез-құлық ерекшеліген жете түсіну үшін белгілі бір мақсатқа бағытталған нақты психиодиогностикалық жұмыстар ұйымдастырып, оларды тереңдеп зерттеуге тырыстық. Ол үшін біз бақылау, әңгіме әдістерімен қатар бірнеше пікіржинау сауалнамаларын, проективтік әдістемелер арасынан «Табиғатта жоқ жануар» және «Жаңбыр астындағы адам» пиктограммаларын жүргіздік. Осы жүргізілген әдістемелерді толығымен сипаттап өтейік.

Олардың ішінде «Табиғатта жоқ жануар», «Жаңбыр астындағы адам» оқушылардың қызығушылығын тудырды.

Келесі кезеңде "табиғатта жоқ жануар" әдістемесін жүргіздік. Бұл әдістеменің ерекшелігі балаға беретін тапсырманың белгісіздігінде. Оларға табиғатта жоқ жануарды салу тапсырылады. Ол жануарға ат беріп, оның барлық ерекшеліктерін сурет арқылы көрсету қажет. Нәтижесін талдау барысында балалардың мазасыздану деңгейін, эгоцентризмін, танымдық қызығушылығын және басқа ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туады.

«Табиғатта жоқ жануар» әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі



I Балалар аты

I Балалар аты Талдау нәтижесі




1. Айжан

Эгоцентризм, басқалардың өзін бағалауына ерекше көңіл аударады, танымдық қызығушылығы жоғары.




2. Ақнүр

Эгоцентризм, мазасыздану, ойшыл, эмоционалдық

Тұраксыздық, Тұраксыздық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.






3. Әлия

Өзін бағалауы жоғары, әлеуметтік ортадағы өзінің Орнына қанағаттанбайды, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, мазасыздануы анық байқалады.




4. Бану

Рефлексияға жақын, ойшыл, «іс-әрекет адамы емес»,

танымдақ қызығушылығы жоғары, рационалим анық байқалады.






5 .Данабек

Басқалардың пікірін бағалайды, өзіне көңлі толмайды, танымдық қызығушылығы жоғары

6 .Ғалия

эгоцентризм, сенімі төмен, қорқақ, мазасыздануы жоғары
ойшыл, инфантилизм, рационалим.

7 .Ғалым

Қорғаныс агрессиясы анық, іс-әрекетке ойланып істейді шешім қабылдауы қиын, танымдық қызығушылығы жоғары.

8. Гүлдана

Эгоцентризм, қорқақ, танымдық қызығушылығы жоғары,
Іс-әрекетте сабырлы ойланып істейді, сезімтал, теалист

9 . Қадиша

Рефлексияға жақын, ойшыл, сабырлы, сезіитал, тұйық, Рацаналист, танымдық қызығушылығы жоғары

10. Карима

Өзін бағалауы жоғары, эгоцентризм, қорқақ ешкімге сенбейді агрессия анық байқалады, эмотция ұстамсыз.

11. Заррина

Сасқалақ, рефлексияға жақын, ойшыл, агрессия анық

байқалады, сезімтал, ойшыл, мазасыздануы анық,



тұнжыраған, танымдық қызығушылығы жоғары.

12. Мәдина

Байсалды, шешім қабылдауда асықпайды, сенімі төмен

төмен, басқалардан сескенеді, басқалардың пікірін

бағалайды, танымдық қызығушылығы жоғары


13. Мақсат

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына !

қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы


жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.

14. Марина

Өз іс-әрекеттеріне қанағаттанады, қорқақ, сенімі төмен,

ойшыл, басқаларға сенімі күшті.

15. Маржан

Эгоцентризм, корқақ, интроверт, тұйық, танымдық

Қызығушылығы жоғары.

16. Марс

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, қорқақ, | эмоционалдық тұрақсыз, тұйық.

17. Мәнсүр

Ойшылдыққа тенденциясы бар, танымдық қызушылығы жоғары, рефлексия, сасқалақ, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

18. Нағима

Ойшылдыкқа тенденциясы жақсы, рефлексиясы жақсы, шешім қабылдауы қиын, рационализмі күшті.

19. Нәзерке

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысык, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

20. Нұрсұлу

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

21. Ораз

Өзін бағалауы жоғары, өзінің статусына қанағаттанбайды, эгоцентризм, танымдыққызығушылығы жоғары, өзінің іс-әрекеттеріне пысық.

22. Өмірзақ

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде

23. Шәрипа

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім


қабылдауға пысық, тұйык, эмоционалдық тұрақсыз,
инфантилизм, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз,
инфантилизм.

24. Шәмші

Ойшылдыққа тенденциясы жақсы, рефлексиясы жақсы, шешім қабылдауы қиын, рацианализмі күшті.

25. Фатима

Өзін бағалауы жоғары, әлеуметтік ортадағы өзінің орнына қанағаттанбайды, эгоцентризм,танымдық қызығушылығы жоғары, мазасыздануы анық байқалады.

26. Фархат

Өзіне сенімі төмен,бақаларға тәуелді,эгоцентризм, сезімтал,эрудицияныжоғарыбағалайды,тұйық,эмлоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

бұл әдістеме бойынша зерттеу нәтижесі балалардың агрессиясы мен мазасыздану деңгейі жоғары, ал өзіне деген сенімі төмен екенін байқатты. Мұндай жағдай жеткіншектер жасына тән сипат екенін көптеген ғалымдар дәлелдеген. Сондықтан осы оқушылармен өзіне деген сенімін жоғарылату шараларын жүргізу қажет екені анық байқалды. Бұл шаралар коррекциялык машықтар немесе тренинг элементтерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Зерттеу нәтижелері сенімді болу үшін балалардың мазасыздануын зерттеуге арналған тестердің тағы бірнешеуін пайдаландық. Бұл жерде «Жаңбыр астындағы адам» пиктограммасының нәтижесін келтіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет