Баќылау с±раќтары:
1. ХХ ғасырдың бірінші жартысында шетелдік психологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарының ішінен дау-дамайлар қалац іріктелді
2. Психоаналитикалық бағыт ең алдымен, адамға тән даудың алғашқы тұжырымдамаларын кім жасды?
3. Джекоб Морено (1892-1974) жасаған социометрия теориясы бойынша, тұлға аралық дау-дамайлар адамдар арасындағы эмоционалдық қатынастар күйімен, олардың бір-бірімен қатынасына байланысты симпатиялары және антипатияларымен қалай анықталады
4. Американдық психотерапевт Эрик Берннің (1902-1970) еңбектері қашан жарияланды
3- лекция. Таќырыбы: Дау-дамайдың мәні туралы қазіргі көзқарастар
Жоспары: 1. Дау-дамай психологияның нысанды-пәндік аясы
2. Қазіргі шетел психологиясында дау-дамайларды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары
Лекция маќсаты: Дау-дамайлар психологияның даму тарихын қарастыра отырып, осы құбылыстың қазіргі психологиялық тұжырымдарын зерттеуде шетелдік және ресейлік психологияның ролін түсіндіру
Лекция мєтіні
1. Дау-дамайлар психологияның даму тарихын қарастыра отырып, осы құбылыстың қазіргі психологиялық тұжырымдарын зерттеуге көшеміз. Шетелдік сияқты Ресейдегі психологияда да дау-дамай мәні мен маңызы туралы қабылданатын жалпы түсінік әлі қалыптасқан жоқ. Авторлардың бір бөлігі оны қақтығысу, қарама-қарсы әрекет, қайшылық ретінде түсіндіреді. Кейде дау-дамайлы қарым-қатынас түрі, жағдаяттағы сәйкессіздіктер, тығырықтан шыға алмау жағдайлары, бәсекелестік өзара әрекеттесу түрі ретінде түсіндіріледі.
Дау-дамай мәселесіне байланысты психологиялық әдебиетте бірнеше бағыттар бөлініп көрсетіледі. Оларды жүйелеуге байланысты алғашқы әрекеттер Р.Л.Кричевский мен Е.М.Дубовскийдің «Психология малой группы» (1991) атты еңбегінде мазмұндалған. Тұлға аралық дау-дамайды талдаудың «ұйымдастырушылық жұмыс – бірлесіп жүзеге асырылатын әрекет – мақсаттылық – когнитивті үрдіс» сызбасын негізге ала отырып, төрт бағыт бөлініп көрсетіледі: ұйымдастырушылық, іс-әрекеттік, мотивациялық және когнитивтік. Мотивациялық бағыт тек қана батыс психологтарының еңбектерінде көрініс тапқан. Ұйымдастырушылық және іс-әрекеттік сияқты бағыттарды бөліп көрсету сәтті болып табылады. Ал, мотивациялық және когнитивті бағыттарға келер болсақ, орыстың дау-дамай психологиясында оларды ерекшеліктеріне қарамастан, тұлғалық деп атауға болатын бір бағыт болып табылады. Дау-дамайлар қазіргі ресейлік психологияда аталмыш құбылыстың мәнін қарастырудың ұйымдастырушылық, іс-әрекеттік және тұлғалық сияқты үш негізгі бағыты бөлініп көрсетіледі.
Ұйымдастырушылық бағыттың мәні дау-дамайды ұйымның қызмет атқаруындағы белгілі бір алауыздықтардың, аталмыш жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін байланыстардың бұзылу үрдісі немесе салдары ретінде қарастырудан тұрады. Мұндай ұстанымды С.И.Ерина, А.Г.Ковалев, Ю.И.Мягков, А.А.Ершов т.б. сияқты белгілі психологтар ұстанды.
Іс-әрекеттік бағыттың өкілдері (А.И.Донцов, Т.А.Полозова, М.А.Иванов, Е.В.Первышева, В.В.Волков және т.б.) дау-дамайларда бірлескен іс-әрекеттерге тән заттық-іскерлік байланыстардың көрінуін зерттеуге көңіл бөледі.
Тұлғалық бағыттың жақтаушылары Н.В.Крогиус, Н.И.Фрыгина, Л.А.Петровская, Н.В.Гришина және басқа да психологтар тұлғаны даулы өзара әрекеттесудің орталық бағдары ретінде қарастыруға сүйенеді. Дау-дамайды зерттеудің әр түрлі бағыттарына қарамастан, ресей психологтарының басым көпшілігі мойындайтын оның негізгі мәнді белгілерін бөліп көрсетуге болады. Мұндай белгілердің қатарына төмендегілер жатады:
1. Дау-дамайлар субъектілерінің (оппонентердің) арасындағы мәнді қайшылықтың болуы;
2. Олардың қарама-қарсы әрекеттері;
3. Бір-біріне қатысты жағымсыз әсерлер .
Сонымен, әлеуметтік дау-дамай дегеніміз әлеуметтік өзара әрекеттесу процесінде пайда болатын, дау-дамай субъектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі. Егер дау-дамай субъектілері қарама-қарсы әрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда немесе керісінше, жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпей, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, бұл дау-дамай алдындағы жағдай болып табылады.
Әлеуметтік дау-дамай анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы дау-дамай психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді. Оның зерттеу нысаны тұтас дау-дамай, ал пәні – олардың пайда болу, даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады. Дау-дамай психологиясын қарастырылатын құбылыстың үш түрі қызықтырады, яғни тұлға ішілік дау-дамайлар, әлеуметтік және жануарларға тән дау-дамайлар.
Дау-дамай психологиясының орталық нысаны – әлеуметтік дау-дамайлар, ал олардың өзегі – тұлға аралық дау-дамайлар болып табылады. Басқа әлеуметтік дау-дамайлармен салыстырғанда аса күрделі емес болып табылатын тұлға аралық дау-дамайларды зерттеу даулы өзара әрекеттесудің негізгі себептерін ашуы мүмкін. Психикада болып жатқан және адамның даулы мінез-құлқын анықтайтын үрдістерді зерттемей, әлеуметтік дау-дамайлардың мотивтерін ұғыну (қиындық туғызады) ауыр болады.
Ресейде психологияда әр түрлі дау-дамайды зерттеуде белгілі бір теңсіздік қалыптасты. Еңбектердің 83%-ға жуығы тұлға аралық дау-дамайларды зерттеуге байланысты болып келеді. Тұлға ішілік дау-дамайларға 8%-ға жуық жарияланымдар арналған. Шағын, орта және үлкен топтар арасындағы дау-дамайлардың, халықаралық дау-дамайлардың психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбекте келтірілген. Сондай-ақ, ресейлік психологтар адамның әр қилы іс-әрекет түрлеріндегі және қатынастар салаларындағы дау-дамайларды зерттейді. Нысаны еңбек қатынастары мен оларды қамтамасыз ету шарттары болып табылатын әлеуметтік дау-дамайдың түрі:
– еңбек дау-дамайлары (Н.В.Гришина, Т.М.Данькова, С.И.Ерина, А.А.Ершов, А.Г.Ковалев және т.б.)
– ғылыми-зерттеу ұжымдарындағы дау-дамайлар (А.Г.Аллахвердян, В.И.Антонюк,В.В.Бойко,М.А.Иванов, Г.А.Моченов)
– құқық қорғау ұйымдары қызметіндегі дау-дамайлар (Б.Ф.Водолазский, В.В.Волков, М.Л.Гутерман, Л.Я.Драпкин, Е.В.Евменова)
– әскери ұжымдардағы дау-дамайлар (А.Я.Анцупов, Е.Г.Баранов, В.П.Галицкий, М.П.Крапивин, Ю.А.Канатаев, И.А.Ламанов, Ю.И.Мягков, В.В.Синеок, Н.Ф.Феденко, А.И.Шипилов)
– спорттағы дау-дамайлар (Г.Д.Бабушкин, А.С.Горбатенко, Н.В.Крогиус, В.Н.Петровский, Е.И.Рогов және т.б.)
– сотталғандар арасындағы дау-дамайлар (А.Д.Глоточкин, А.В.Дулов, В.Ф.Пирожков, А.Н.Сухов)
– педагогикалық іс-әрекеттегі дау-дамайлар ( Б.С.Алишев, И.М.Вереникина, Э.И.Киршбаум, М.М.Рыбакова, Л.В.Симонова және т.б.)
– отбасы-неке қатынастарындағы дау-дамайлар (В.Владин, Д.Капустин, Г.А.Навайтис, А.И.Тащева, А.И.Ушатиков, С.Г.Шуман және т.б.)
Дау-дамайлар тұлға әлеуметтенуінің әр түрлі кезеңдерінде зерттеледі :
– мектепке дейінгі шақта (Б.П.Жизневский, Я.Л.Коломинский, А.А.Рояк, Т.И.Юферова және т.б.)
– мектеп жасында (В.М.Афонькова, Н.В.Жутикова, Л.С.Славина, М.М.Хвиль, Б.А.Шульгина, С.Г.Якобсон және т.б.)
– жасөспірімдік кезеңде (Т.В.Драгунова, И.А.Ламанов, Е.В.Первышева, С.Н.Хоружий және т.б.)
– жастар мен білімгерлер топтарында (В.М.Басова, В.В.Новиков, А.И.Шкиль және т.б.)
Конфликтологтар еңбегінің нәтижелілігін арттыру үшін ғылым дамуының әрбір кезеңінде негізгі мақсаттар мен міндеттерді барынша нақты анықтау қажет. Қазіргі кезде конфликтологияның негізгі мақсаттары болып біріншіден, ғылым нысаны болатын барлық дау-дамайларды зерттеу, осы кезеңде конфликтологиялық теорияларды қарқынды дамыту, екіншіден, елдегі конфликтологиялық білім беру жүйесін құру, қоғамда конфликтологиялық білімдерді насихаттау, үшіншіден, дау-дамайларды болжау, алдын-алу және реттеу бойынша конфликтологтардың практикалық жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру.
2. Қазіргі шетел психологиясында дау-дамайларды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары
Қазіргі шетел психологиясында дау-дамайларды зерттеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- теориялық-ойын (Мортон Дойч);
- ұйымдастырушы жүйелер теориясы (Р.Блейк, Дж. Мутон, К. Томас);
- келіссөз үрдісінің теориясы мен практикасы (Роджер Фишер, Уильям Юри).
Теориялық-ойын бағытының өкілдері негізгі міндеті даулы жағдайда өзара әрекеттесудің әмбебап сызбасын құру мен оны шешу деп санайды. Даулы жағдайдағы мінез-құлықтың әр түрлі стильдері мінез-құлықтың екі негізгі түріне топталады: кооперативті және бәсекелестік.
Аталмыш бағыт жүйелі түрде американдық әлеуметтік психолог М.Дойчтың еңбектерінде көрініс тапқан. Оның тұжырымдамасы дау-дамай психологияның әлеуметтік-психологиялық бағытын тұтас жасау болып табылады. Автордың пікірінше, дау-дамайдың негізінде тұлға аралық өзара әрекеттесуге қатысушылардың мақсаттарындағы келіспеушілік жатыр. Қарама-қарсы жақтардың мотивтеріне (назар аудартуына) көңіл бөлінетіндіктен, осы тәріздес еңбектер көбінесе мотивациялық тұжырымдамаға жатады. Теориялық-ойын бағытының жақтаушылары дау-дамайлар конструктивті, сондай-ақ деструктивті жолмен шешілуі мүмкін деп санайды. Қатысушылары алға қойылған мақсаттарға қол жеткізгендігіне сенімді болатын дау-дамай өнімді деп саналады.
Дойч идеяларын дамыта отырып, қазіргі батыс зерттеушілері нақты топтарда эксперименттік жағдаяттар туғызады, оның түрлерінің арасынан бәсекелі, кооперативті және аралас жағдаяттарды бөліп көрсетеді. Оқыту үрдісінде бәсекелестік жағдайлардың мотивациялық әсерінің болуы мүмкін. Кооперативті оқыту жағдайы дәстүрлі дербес оқытуға қарағанда әлдеқайда тиімдірек.
Қазіргі психологияда дау-дамайды зерттеудің екінші бағыты ұйымдастырушылық жүйелер теориясы болып табылады. Бұл тұжырымдама ойын теорияларының баламасы ретінде пайда болады. Ұйымдастырушылық жүйелер негізінде тұлғааралық дау-дамай мәселесіне қатысты Блейк, Мутон және Томас жасаған бағыт нақты жағдайларда адамдардың қақтығысқа бейім мінез-құлқын зерттеудің өзіндік бағдарламасы болып табылады. Бәсекелестік адаммен қатынаста және өз мақсаттарына жету бағдарларын үйлестіруде авторлар даулы жағдайда мүмкін боларлық: бәсекелестік, бейімделу, бойын аулақ салу немесе қашқақтау, мәмілеге келу, ынтымақтастық сияқты мінез-құлықтың бес стратегиясын анықтады.
Адамдардың дау-шарға жақын мінез-құлық анықтауға мүмкіндік беретін тест америкалық психолог К.Томастың есімімен аталған. 60-70 жылдардың аралығында даулы өзара әрекеттесудің бөлігі ретінде келіссөз үрдісін зерттеуге байланысты дербес бағыт қалыптаса бастайды. Қазіргі кезде келіссөз үрдісінің теориясы мен практикасы қолданбалы психологияның ең мүмкіндігі зор бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Зерттеу екі мәселені шешуге бағытталған: 1) дау-дамайға қатысушы жақтардың келісімге келу шешімін қабылдауға мүмкіндік беретін жағдайлардың жиынтығын анықтау; 2) келіссөздер үрдісін зерттеу. Келіссөздер үрдісінің әжептәуір технологиясы жасалған.
Қорытынды ретінде қазіргі кезде конфликтологияның басқа салаларының арасында дау-дамай психологияның рөлі үздіксіз артып отыратындығын баса айтып кету қажет. Сонымен, дау-дамай психологиясы – дау-дамайлардың пайда болуы мен дамуын, конструктивті реттеу мен аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін конфликтологияның жетекші салаларының бірі.
Баќылау с±раќтары:
1. Ұйымдастырушылық бағыттың мәні дау-дамайды ұйымның қызмет атқаруындағы белгілі бір алауыздықтардың, аталмыш жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін байланыстардың бұзылу үрдісі немесе салдары ретінде қарастырудан тұрады деген ұстанымды қандай белгілі психологтар ұстанды.
2. Дау-дамай психологиясының орталық нысаны
3. Нысаны еңбек қатынастары мен оларды қамтамасыз ету шарттары болып табылатын әлеуметтік дау-дамайдың түрі
4. Қазіргі шетел психологиясында дау-дамайларды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары
4- лекция. Таќырыбы: Әдіснама, дау-дамайлардың диагностикасы мен психологиялық зерттеу әдістері
Жоспары: 1. Әдіснама ұғымы. Дау-дамайларды зерттеудің әдіснамалық принциптері.
Дау-дамайларды сипаттаудың әмбебап ұғымдық сызбасы
2. Дау-дамайларды психологиялық зерттеудің кезеңдері, бағдарламасы және негізгі әдістері
Лекция маќсаты: Дау-дамайларды психологиялық зерттеудің кезеңдері, бағдарламасы және негізгі әдістерін, әдіснама ұғымын, дау-дамайларды зерттеудің әдіснамалық принциптерін, дау-дамайларды сипаттаудың әмбебап ұғымдық сызбасы студенттерге таныстыру
Лекция мєтіні
Ғылымның қалыптасу кезеңінде оның даму сапасына әдіснамалық мәселелерді шешу сипаты елеулі ықпал етеді. Егер теория таным үрдісінің жинақталып қорытындыланған нәтижесі болып табылса, ал әдіснама білім алу тәсілдерін анықтайды. Жинақталып қорытындыланған дау-дамайларды ғылыми талдауды өзара бір мақсатқа, яғни дау-дамайлар жайлы нақты білімдерді реттеуді тәжірибеде әрі қарай қолдану үшін әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық процедуралардың жүйесі ретінде анықтауға болады.
Әдіснама – бұл теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі, сондай-ақ осы жүйе жайлы білім. Дұрыс тұжырымдалған бастапқы әдіснамалық принциптер ғылымының дамуын айтарлықтай жеделдетеді. Дау-дамайларды нәтижелі зерттеуді қамтамасыз етуде әдіснаманың түрлі деңгейдегі: философиялық, жалпы ғылыми және нақты ғылыми принциптерін қолдану маңызды. Дау-дамайларды зерттеудің философиялық және жалпы ғылымилық принциптері төмендегіше анықталады:
1. Даму принципі. Аталмыш принцип дау-дамайларды зерттеу кезінде олардың эволюциясы мен динамикасындағы беталыстарды анықтауды талап етеді. Дау-дамай эволюциясы дегеніміз – дау-дамайды талдаудың негізгі категорияларының бірі, оның қарапайымнан күрделі формаға қарай бірте-бірте, үздіксіз дамуы. Дау-дамайды бағалай отырып, оның бұрын басқаша болғанын және ары қарай да сөзсіз өзгеріп отыратындығын есте ұстаған жөн.
2. Жалпы ортақ байланыстар принципі. Бұл гносеологиялық мәні дау-дамайды зерттей отырып, оның жекелеген элементтерін қарастырумен шектелмей, дау-дамайдың басқа құбылыстармен және оның құрылымдары арасындағы барынша көп байланыстарды зерттеуге талпыну қажеттігімен сипатталады.
3. Теория, эксперимент және практиканың диалектикалық бірлігі принципі, ғылыми таным үрдісінде біздің біліміміздің ақиқатқа қарай қозғалыс диалектикасын және таным үрдісіндегі практикалық рөлін ашады.
Дау-дамайларды зерттеу үрдісінде теория, эксперимент және практиканың өзара байланыс логикасы маңызды мәселе болып табылады. Дау-дамай психологиясын зерттеуді келесі түрде жүргізсе, онда ол анағұрлым динамикалық түрде дамитын болады. Дамудың үш деңгейінің (сипаттаушы, түсіндіруші, басқару) әрқайсысында дау-дамай психологиясы үш түрлі мазмұндық модельдерді құруға жүгінеді:
-
Теориялық (тұжырымдамалы)- КМ
-
Процедуралық (ғылым әдістері )- ПМ
-
Эмпирикалық (сенімді эмпирикалық білім)- ЭМ
Барлық үш түрдің модельдері бір-бірімен тығыз байланысты болуы тиіс (1-суретті қараңыз). Дәлелденген процедуралық және эмпирикалық модельдер болмаса, жақсы тұжырымдамалы модельдерді құру мүлде мүмкін емес. Алайда, дау-дамай психологиясында, тіпті диссертациялық зерттеулерде көбінесе тек теориялық талдаулар жарияланады, ал оларға негіз болатын эмпирикалық база көрсетілмейді. Тәжірибе дәлелденген білімдермен салыстырғанда, осылайша алынған білімдердің құндылығы анағұрлым төмен болады.
Психолог үнемі практикаға жүгінуге, алынған нәтижелерді олардың шындыққа сәйкестігі тұрғысынан бағалауға, талдау әдістемесін және зерттеу үрдісі барысында алынатын жаңа ақпараттарға сәйкес болжамдарды жетілдіруге тиіс. Дау-дамайларды зерттеуді осы құбылыстар көрініс табатын қағаздарға немесе пікірлерді талдауға әкелмеген жөн.
Анағұрлым құнды ақпарат нақты дау-дамайларды тек тікелей зерттеу кезінде алынады. Практиканың таным үрдісінде ерекше орын алуы, оның біздің білімнің негізгі бастауы болып табылатындығымен байланысты. Практика алынған білімнің шынайылық өлшемі және сондай-ақ танымның соңғы нәтижесі ретінде көрінеді.
4. Жүйелі бағыт принципі. Дау-дамайларды иерархиялық түрде байланысқан жүйешелерден тұратын күрделі ұйымдасқан нысандар ретінде қарастыру қажет.
5. Нақты-тарихи бағыт принципі. Дау-дамайларды зерттеу үрдісінде олардың дамуына ықпал ететін барлық нақты жағдайларды: орын, уақыт, нақты ұжымдығы нақты жағдайларды ескерудің қажеттігін көрсетеді.
6. Объективтілік принципі. Конфликтологтан жеке және топтық мүдделердің, бағдарлардың (мақсаттардың), басқа да субъективті факторлардың дау-дамайларды зерттеу үрдісі мен нәтижелеріне әсерін мейлінше азайтуды талап етеді.
Дау-дамайларды зерттеу үрдісінде зерттеу жүргізудің жоғарыда қарастырылған алты факторына және жалпы ғылыми принциптеріне сүйене отырып, сонымен қатар пәнаралық, сабақтастық, эволюционизм, тұлғалық бағыт, дау-дамайдағы мінез-құлықтың ашық және жасырын ықпалдарының бірлігі сияқты дау-дамай психологиясының өзінің әдіснамалық принциптерін ескеру маңызды.
Пәнаралық принципі психологты конфликтологияның барлық салаларының жетістіктерін барынша кең пайдалануға бағыттайды. 200-ге жуық диссертацияның әдебиеттер тізімін талдау авторлардың конфликтологияның басқа салаларындағы бар жарияланымдардың 1%-ға жуығын қолданатындығын көрсетеді. Бұл зерттеудің нәтижелігіне теріс әсерін тигізеді. Пәнаралық принциптің маңызды ерекшелігі конфликтологияның барлық ғылым саласындағы теңдік принципі болып табылады. Конфликтология дамуының аталмыш кезеңінде психология жүйе құрушы ғылым рөлін атқарады.
Сабақтастық принципі психологтан дау-дамай мәселесіне байланысты ғылымда жасалғанның барлығын барынша толық білуді талап етеді. Ғылыми еңбектер жазу барысында авторлар өз ғылымы бойынша дау-дамай мәселесіне байланысты бар жарияланымдардың тек 9,8%-н ғана пайдаланады. Бұл зерттеулердің қайталануына әкеледі және ғылыми дамуының қарқынын бәсеңдетеді.
Эволюционизм принципі дау-дамайларды зерттеу кезінде олардың нақты түрлерінің эволюциясының заңдылықтарын ескеру қажеттілігімен сипатталады. Дау-дамайлар эвалюциясын білмей тұрып, олардың динамикасын түсіндіру, даму болжамын жасауға және реттеуге байланысты ұсыныстар беру қиынға соғады.
Тұлғалық бағыт принципі дау-дамайлардың барлық деңгейінде орталық аясы болатын нақты адамдардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау және ескеру қажеттігі ретінде тұжырымдалады. Дау-дамайлардың алғашқы себебі объективті әлемнің өзгеруі болып табылады. Дегенмен, бірдей жағдайға ұшыраса отырып, әр түрлі адамдар өздерін түрліше ұстайды. Біреулері даулы әрекеттер жасаса, басқалары дау-дамайлардан бойын аулақ ұстайды. Сыртқы әсерлер осы сыртқы әсерлердің ықпалында болғандардың ішкі жағдайлары арқылы түсіндіріледі. (Рубинштейн, 1957).
Дау-дамайларды зерттеу принциптерін қарастыру барысында байқағанымыздай, қарастырылатын құбылыстың зерттеудің жүйелі бағыты оны сипаттаудың әр түрлі ғылымдар үшін ортақ түсінікті сызбасын анықтауды ұйғарады. Өзіндік ұғымдық-категориялы аппарат жасау, оны үнемі дамыту, практикамен сәйкестікке келтіру дау-дамай психологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Дау-дамайдың жалпы және жекелеген теорияларының дамуы ең алдымен, осы құбылысты сипаттайтын түсінікті сызбаларды кеңейту мен тереңдетуден, дау-дамайдың бұрын зерттелмеген жоқтарының анағұрлым терең мәніне назар аударатын бір ұғымнан екіншілеріне көшуден көрінеді.
Дау-дамай психологиясында оны сипаттаудың түсінікті сызбасын Л.А. Петровская (1977) ұсынды. Сызбаға дау-дамайды талдаудың әлеуметтік-психологиялық деңгейін сипаттайтын төрт категориялы топ енгізілді: дау-дамай құрлымы, оның динамикасы, қызметі мен типологиясы. Кейінірек А.Я.Анцупов (1992) схеманы ұғымдардың жеті тобына дейін кеңейтті: дау-дамайдың мәні; генезисі; жіктелуі; қызметі; құрылымы; динамикасы; дау-дамайды зерттеу әдістері. Содан кейін ол дау-дамайды сипаттаудың 11 ұғымдық-категориялы топтарынан тұратын жүйені ұсынды. Қазіргі кезде дау-дамай психологиясында ұғымдық-категориялы сызбасының 11 негізгі категориялы топтардан тұратын келесі нұсқасы қолданылады, яғни дау-дамайдың мәні; оның жіктелуі; құрылымы; қызметі; эволюциясы; генезисі; динамикасы; дау-дамай жайлы ақпарат; алдын алу; дау-дамайдың аяқталуы; диагностика және зерттеу.
2. Дау-дамайларды психологиялық зерттеудің кезеңдері, бағдарламасы және негізгі әдістері
Дау-дамайларды талдау кезеңдері. Ғылымның көп ғасырлы тарихы кез-келген құбылысты зерттеу үрдісінің өзіндік қисыны бар екендігін және оның бірнеше кезеңдерден тұратындығын көрсетеді. Психологтың дау-дамайларды зерттеу кезеңдерін білуі, ғылыми зерттеу қисынының талаптарын сақтауы оған жұмыстың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді. Дау-дамайларды ғылыми талдаудың белгілі де негізгі сегіз кезеңі бар (2-суретті қараңыз).
I саты
-
II саты
-
III саты
-
Дау-дамайларды талдау әдістемесін жасау
|
IV саты
-
Сынамалы зерттеу, бағдарламалар мен әдістемелерді анықтау
|
V саты
-
Алғашқы ақпараттарды жинау
|
VI саты
-
Жиналған мәліметтерді сапалық және сандық өңдеу
|
VII саты
-
Алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру
|
VIII саты
-
Қорытындыларды, практикалық ұсыныстарды негіздеу және тұжырымдау
|
1-сурет. Дау-дамайларды зерттеудің негізгі кезеңдері
1. Бағдарлама құру. Құбылысты талдаудың әдіснамалық бағыттары мен әдістемелік тәсілдерінің айтарлықтай анық теориялық негіздерін көрсетеді. Бағдарлама зерттеудің стратегиялық құжаты, оның міндетті алғашқы кезеңі болып табылады. Ол психологтың алдына қойған мақсаттарына жетуде өте маңызды рөл атқарады.
2. Зерттеудің (сұрыптау) нақты нысанын анықтау. Психолог өзін қызықтырған даулы өзара әрекеттесудің таратушысы болып табылатын дау-дамайлардың барлығын зерттей алмайды. Егер оны ұйымдағы қызметкерлердің өзара қатынастарының дау-шары қызықтырса, онда оның барлық қызметкерлердің арасындағы өзара қатынастарды зерттеуге тиісті мүмкіндіктері болмайды. Ұйымдағы ара қатынастар дау-дамайын олардың бірнеше құрылымдық бөлімшелерін зерттей отырып, жан-жақты бағалауға болады.
Зерттеу нысаны болып табылатын және теориялық түрде зерттелуге тиісті дау-дамайлардың көпшілігі басты жиынтықты құрайды. Біздің үлгіде басты жиынтықты ұйымның барлық қызметкерлері арасындағы өзара қатынастар көрсетеді. Сұрыптау – нақты зерттелетін басты жиынтықтың бөлігі. Қарастырылатын үлгіде сұрыптауды психологтың өзара қатынастардың даулылығын талдайтын құрылымдық бөлімшелер құрайды.
Сұрыптаудың маңызды қасиеті оның репрезентативтілігі, яғни басты жиынтықтың сипаттамаларын қайта өңдеу қабілеттілігі болып табылады. Сұрыптау негізгі жиынтықтың қасиетін мүмкіндігінше толық модельдеуді және оның қойылған міндеттерді шешудегі маңызды сипаттамаларын ескеру тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |