Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл


- лекция. Таќырыбы: Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы



бет6/10
Дата17.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#142176
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

8- лекция. Таќырыбы: Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы.
Жоспары: 1. Тұлға ішілік дау-дамайларды түсінудің негізгі бағыттары

2. Тұлға ішілік дау-дамайлардың түрлері


Лекция маќсаты: Адамдар арасында болатын ішкі дау – дамайлардың негізгі бағыттарын және түрлерін студенттерге ұғындыру
Лекция мєтіні

1. Тұлға ішілік дау-дамайларды ғылыми зерттеу XIX ғасырдың соңында басталды. Моральдық тұлға ішілік дау-дамай категориясы философиялық әдебиеттерде айтарлықтай көрнекті көрініс тапқандықтан, философ-этиктер бұл тұрғыда психологтардан көш ілгері деп саналады. Сыни жағдаяттарды бастан кешіру нәтижесінде адамның психикасы мен ағзасындағы патологиялық өзгерістер проблемалары психиатрия мен биологияда бұрыннан қарастырылып келеді (Донченко, Титаренко, 1989). Психологияда жиырмасыншы ғасырдың ішінде тұлға ішілік дау-дамайлар мәселесіне байланысты бірқатар теориялық және эмпирикалық материал жинақталған.

Тұлға ішілік дау-дамай мәселесі шетел психологиясында белсенді түрде қарастырылып келеді. Шетел зерттеулерінің ерекшелігі сол, тұлға ішілік дау-дамайлар тұлға түсініктеріне сүйене отырып, белгілі бір қалыптасқан психологиялық мектептердің шеңберінде қарастырылады.

Психоаналитикалық бағыт шеңберіндегі тұлға ішілік дау-дамай тұжырымдамасында оның биопсихологиялық түсіндірмесіне ерекше көңіл бөлінеді. Тұлға ішілік дау-дамай адамның тілек-қалауларының қайшылығынан туындайды, тұлғаның бір бөлігі талап-тілекті орынды деп тапса, екіншісі оларды қабылдамайды (Фрейд, 1991). К.Юнг теориясында (1967) тұлға ішілік дау-дамай бұл психиканың тым төмен деңгейіндегі кері кетушілігі, яғни, ол санадан тыс аймақта жүреді. К.Хорниде тұлға ішілік дау-дамай екі ұстанымда талданады. Біріншіден, бұл тілектерді қанағаттандыру мен қауіпсіздікке деген ұмтылыстардың қайшы келуі. Екіншіден, тұлға ішілік дау-дамай «невротикалық қажеттіліктердің» қайшылығы болып табылады, оларды қанағаттандыру басқалардың фрустрациясына әкеп соқтырады (1993).

Гуманистік психология аясында тұлға ішілік дау-дамайдың басқа теориясы ұсынылады. К.Роджерс (1994) бойынша, дау-дамайдың негізінде тұлғада саналы, бірақ тіршілік ету барысында ол меңгерген жалған және саналы түрде меңгерілмейтін деңгейдегі өзіндік бағалау арасында пайда болатын қайшылық жатыр. Аталмыш бағыттың екінші бір өкілі А.Маслоу, тұлға ішілік дау-дамайдың мәнін адамның өздігінен маңызды етіп (1965) жүзеге аспаған қажеттілігі ретінде қарастырады.

К.Левин бойынша, тұлға ішілік дау-дамай бұл субъектіге бір мезетте бірдей мөлшердегі қарама-қарсы бағытталған күштер әрекет етеді де, субъект жағымды мен жағымсыз бағыттар арасында; жағымсыз бен жағымсыз бағыттар арасында таңдау жасауға мәжбүр болатын жағдаят (1926).

Тұлға ішілік дау-дамайдың мәні логотерапияның негізін салушы Ф.Франклдің пікірінше, өмірдің мәнін жоғалту болып табылады (1969).

Когнитивті психология тұлға ішілік дау-дамайды когнитивті диссонанс арқылы қарастырады (Фестингер, 1967). Диссонанс – білім мен мінез-құлықтың сәйкессіздігі немесе екі білімнің үйлеспеу жағдаяттарында пайда болатын жағымсыз күй. Субъективті когнитивті диссонанс жайсыздық ретінде бастан өтеді. Сондықтан тұлға оны жоюға тырысады.

Бихевиоризм аясында тұлға ішілік дау-дамай жаман әдет, қате тәрбие нәтижесі ретінде түсіндіріледі (Скинер,1986). Необихевиористер Н. Миллер мен Дж. Доллардтың (1941) еңбектерінде дау-дамай фрустрация, яғни кедергіге кері әсер ретінде анықталады.

Интеракционизм тұлға ішілік дау-дамайды талдау кезінде оның рөлдер дауы ретіндегі түсініктеріне сүйенеді (Голднер, 1955).

Психосинтез тұжырымдамасының негізін салушы Р.Ассаджоли (1994) тұлға ішілік дау-дамайдың мәнін тұлға ішінде «Мен» тұтастығын төмендететін өткір қайшылықтардың болуынан көреді.

Тұлға ішілік дау-дамайдың шетелдік теорияларының көпшілігінде оның негізін қайшылық, ішкі күрес категориясы және психологиялық қорғаныс (дау-дамайды жеңу) ұғымы құрайды. Тұлға ішілік дау-дамайдың өтуі жағымсыз сезімдермен, уайымдаулармен байланысады.

ТМД елдеріндегі психологтардың арасында ішкі дау-дамайларды алғашқы боп зерттегендердің бірі А.Лурия (1930) болды. Тұлға ішілік дау-дамай ретінде ол жеке адамның мінез-құлқында екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы қақтығысып қалатын жағдаятты түсінді.

Тұлға ішілік дау-дамай теориясын дамытуға психологтар С.Мерлин (1951), В.Мясищев (1960), Н.Левитов (1964), Л.Славина (1966) елеулі үлес қосты. В.Мерлин тұлға ішілік дау-дамайды «тұлғаның терең және басты түрткілері мен қатынастарын қанағаттандырмау нәтижесі» ретінде қарастырды. Егер іс-әрекет үрдісінде түрлі жақтардың қасиеттерінің, қатынастары мен әрекеттерінің арасындағы қайшылықтардың шиеленісуінен байқалатын тұлғаның ұзаққа созылған кіріктірмелілікті теріске шығару күйі пайда болса, онда ол тұлға ішілік дау-дамай болып табылады (Мерлин, 1964).

Дау-дамайдың ұзақтығы мен қарқындылығы бұзылған антагонистік қатынастардың адам қатынастарының барлық жүйесінен қандай орын алатындығына тәуелді болады. Орталық қатынастардың қайшы келуі кезінде дау-дамай ғаламдық өлшемдерді қабылдайды, тұлғаны тұтастай қамтиды. В.Левитов бойынша, ішкі дау-дамай рухани алауыздықты (ішкі сезім араздығын) бастан кешіру ретінде ұғынылатын түрткілердің күресі болып табылады.

Осы идеялар арасында тұлға ішілік дау-дамай мәселесін Т.Немчин мен С.Цицарев (1983), Е.Кузьмин мен В.Семенов (1987), И.Родных (1993), А.Скалепов (1995), Е.Фанталова (1992), Т.Юферова (1975) зерттеді. Рөлдік тұлға ішілік дау-дамай М.Гомелаури (1964, 1966), С.Ерина (1982, 1988), И.Конның (1981) еңбектерінде талданады. Соңғы жылдары тұлға ішілік дау-дамайларды Ф.Василюк (1984, 1995), Т.Титаренко (1989, 1993), Ю.Юрлов (1993, 1995) белсенді түрде зерттеуде. Ф.Василюк (1995) ішкі дау-дамайды өте қиын өмірлік жағдаят (күйзеліс, фрустрация және дағдарыс) түрлерінің бірі ретінде қарастырады.

Сонымен, тұлға ішілік дау-дамайды тұлғаның ішкі дүние құрылымдарының ұзаққа созылған күресі туғызған, әлеуметтік ортамен қайшылықты байланыстарды көрсететін және шешім қабылдауды тежейтін өткір жағымсыз сезім ретінде анықтауға болады.

Психологияда (Анцупов, Шипилов, 1997; Донченко, Титаренко, 1989; Василюк, 1984; Юрлов, 1995) тұлға ішілік дау-дамайдың көрсеткіштерін бөліп көрсетеді.



Когнитивті сфера: «Мен» бейнесінің қайшылығы; өзін-өзі бағалаудың төмендеуі; өз қалпын психологиялық дағдарыс, шешім қабылдаудың кідірісі ретінде ұғыну; құндылықты таңдау мәселесінің болуын субъективті мойындау, субъект бұрынырақ басшылыққа алған түрткілер мен ұстанымдардың шынайылығына күмәндану.

Эмоционалдық сфера: психоэмоционалдық қысым; бірқатар маңызды жағымсыз сезімдер.

Мінез-құлықтық сфера: іс-әрекеттің сапасы мен қарқындылығының төмендеуі; іс-әрекеттің төмендеуі; қарым-қатынастың жағымсыз эмоционалдық ахуалы.

Интеграциялық көрсеткіштер: бейімделудің қалыпты механизмінің бұзылуы; психологиялық стрестің күшеюі.

2. Тұлға ішілік дау-дамайлардың түрлері

Теориялық тұжырымдардың көпшілігінде тұлға ішілік дау-дамайлардың бір немесе бірнеше түрлері келтірілген. Психоанализде тұлғаның қажеттіліктері арасындағы, сондай-ақ қажеттіліктер мен әлеуметтік нормалар арасындағы дау-дамайлар басты орын алады. Интеракционизмде рөлдік дау-дамайлар талдауға түседі. Алайда шынайы өмірде көптеген басқа тұлға ішілік дау-дамайлар кездеседі. Олардың бірыңғай типологиясын құру үшін бір негіз қажет, соған сәйкес әр түрлі ішкі дау-дамайларды жүйеге біріктіруге болады. Тұлғаның құндылық-мотивациялық төңірегінде осындай негіз бар. Адам психикасының осы маңызды мәселесі мен оның ішкі дау-дамайына байланысты, өйткені ол тұлғаның қоршаған дүниемен әр түрлі байланыстары мен қатынастарын көрсетеді (Василюк, 1984; Донченко, Титаренко, 1989; Мерлин, 1971; Мясищев, 1960; Столин, 1983). Осыған сүйене отырып, тұлғаның дау-дамайға түсетін ішкі дүниесінің негізгі құрылымдары мыналар болып табылады (Шипилов, 1997).

А. Әр түрлі деңгейдегі тұлға ұмтылыстарын көрсететін (қажеттіліктер, қызығушылықтар, мүдделер, тілектер, құштарлықтар және т.б.) түрткілер. Олар «қалаймын» («Мен қалаймын») ұғымынан байқалуы мүмкін.

Б. Қоғамдық нормаларды көрсететін және соның арқасында міндет өлшеміне айналған құндылықтар. Біз бұл жерде тұлғалық құндылықтарды, яғни ол қабылдаған, сондай-ақ, тұлға қабылдамайтын, бірақ қоғамдық немесе басқа маңыздылығына қарай тұлға оларды орындауға мәжбүр болатын құндылықтарды айтып отырмыз. Сондықтан олар «қажет» («Мен тиіспін») ретінде белгіленеді.

В. Өзіндік құндылық тұлғаның мүмкіндіктерін, сапаларын және басқа адамдар арасынан алатын орнын бағалау ретінде анықталатын өзін-өзі бағалау. Тұлғаның талаптану деңгейлерінің көрінуі сияқты, өзін-өзі бағалау белсенділіктің, мінез-құлықтың өзінше бір түрткісі болады.Ол «Істей аламын» немесе «істей алмаймын» ретінде көрінеді.

Тұлғаның ішкі жан дүниесінің қандай жақтары ішкі дау-дамайға түсетіндігіне байланысты тұлғаішілік дау-дамайдың алты негізгі түрлерін бөліп көрсетеді. (1-кестені қараңыз).



1. Мотивациялық дау-дамай. Тұлға ішілік дау-дамайдың жиі зерттелетін, оның ішінде психоаналитикалық бағытта көп зерттелетін түрлерінің бірі. Бейсаналық ұмтылыстар (Фрейд, 1903) арасындағы, меңгеруге және қауіпсіздікке деген ұмтылыстар арасындағы (Хорни, 1943), екі жағымды тенденцияның арасындағы «Буриданова осла» классикалық дилеммасы (Левин, 1939) немесе әр түрлі мотивтердің қақтығысуы ретіндегі (Кузьмин, Семенов, 1987) сияқты дау-дамайларды бөліп көрсетеді.

2. Адамгершілікті дау-дамай. Этикалық ілімдерде оны көбінесе моральдық дау-дамай деп атайды. (Бакштановский, 1972; 1983; Арницане, 1978; Федоркина, 1970). Ол әлеуметтік сферадағы немесе жеке адамның санасындағы адамгершілікті қайшылықтардың негізінде пайда болатын және бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы әрекеттесулерімен сипатталатын айқын адамгершілікті компоненті бар дау-дамай ретінде қарастырылады.

А.Спиваковская тілекке сәйкес әрекет етуге талаптану мен ересектердің немесе қоғамның талаптары арасындағы дау-дамайды бөліп көрсетеді (1988). Кейде міндет және оны орындау қажеттілігіне күмәндану арасындағы дау-дамай ретінде қарастырылады (Василюк, 1995; Франкл, 1990).



3. Жүзеге аспаған тілектер дау-дамайлары немесе кемшілікті сезіну ыңғайсыздық дау-дамайы (Юрлов, 1995). Бұл көңілдің қалауы, нәпсі және оларды қанағаттандыруды бөгейтін шындық (ақиқат) арасындағы конфликт. Кейде оны «олар сияқты болғым келеді» (референттік топ) мен оны іске асырудың мүмкін еместігі арасындағы дау-дамай ретінде түсіндіреді (Захарова, 1982). Дау-дамай тек шындық тілектерді жүзеге асыруды тоқтатуда ғана емес, сондай-ақ, адамның оны жүзеге асыруға дене күші мүмкіндігінің жоқтығының нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Бұл өзінің сыртқы келбетіне, түр-тұлғасына, қабілеттеріне қанағаттанбаушылыққа байланысты пайда болатын дау-дамайлар. Аталмыш түрге сексуалдық патология негізіндегі тұлға ішілік дау-дамайлар да жатады (Кратохвил, 1991; Свядощ, 1991; Харитонов, 1996).

4. Рөлдік дау-дамай бір уақытта бірнеше рөлдерді іске асырудың мүмкін еместігімен байланысты, (рөларалық тұлға ішілік дау-дамай) сондай-ақ, тұлғаның бір рөлді атқаруға қойылатын талаптарды түрліше түсінуімен байланысты (ішкі рөлдік дау-дамай) сезімдермен айқындалады. Бұл түрге екі құндылық, стратегиялар немесе өмірдің мәні арасындағы тұлға ішілік дау-дамайлар жатады (Родных, 1993; Скалепов, 1995).

5. Бейімделушілік дау-дамай кең мағынада, яғни субъект пен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық ретінде ал тар мағынада әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу үрдісінің бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық ретінде түсіндіріледі. Бұл шындық талаптарымен адамның мүмкіндіктері (кәсіби, дене күші, психологиялық) арасындағы дау-дамай (Сенокосов, 1989). Тұлға мүмкіндіктерінің орта немесе іс-әрекет талаптарына сәйкес келмеуі уақытша даяр болмау ретінде, сондай-ақ қойылған талаптарды орындауға қабілетсіздік ретінде қарастырылуы мүмкін.

6. Өзін-өзі бағалаудың сәйкессіздігі туралы дау-дамайы. Тұлғаның өзін-өзі бағалау адекваттылығы оның сыншылдығына, өзіне талап қоюшылығына, табыстар мен сәтсіздіктерге деген қатынастарына тәуелді. Талаптанулар мен өз мүмкіндіктерін бағалау арасындағы айырмашылықтар адамда жоғары мазасыздану, көңіл-күйге әсер етуші олқылықтардың және т.б. пайда болуына әкеп соқтырады (Петровский, Ярошевский, 1990). Адекватты емес өзін-өзі бағалау дау-дамайларының ішінен тым жоғары өзін-өзі бағалау мен өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау ұмтылыстарының арасындағы (Юферова, 1975), өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен адамның объективті жетістіктерін ұғыну арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, барынша көп табысқа жету үшін талаптануды көтеруге, ал екінші жағынан, сәтсіздіктерге ұрынбау үшін талаптануды төмендетуге ұмтылыстың арасындағы (Хекхаузен, 1986) дау-дамайларды бөліп көрсетеді.


Баќылау с±раќтары:

1. Өзін-өзі бағалаудың сәйкессіздігі туралы дау-дамайы

2. Рөлдік дау-дамай

3. Жүзеге аспаған тілектер дау-дамайлар

4. Адамгершілікті дау-дамай.

5. Мотивациялық дау-дамай.

6. Психологияда (Анцупов, Шипилов, 1997; Донченко, Титаренко, 1989; Василюк, 1984; Юрлов, 1995) тұлға ішілік дау-дамайдың көрсеткіштерін бөліп көрсетеді.

7. Тұлға ішілік дау-дамайды түсінудің негізгі бағыттары


9- лекция. Таќырыбы: Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы
Жоспары: 1. Тұлға ішілік дау-дамайлардың генезисі мен салалары

2. Тұлға ішілік дау-дамайларды шешудің психологиялық факторлары мен

механизмдері
Лекция маќсаты: Тұлға ішілік дау-дамайлардың генезисі мен салаларын, тұлға ішілік дау-дамайларды шешудің психологиялық факторлары мен механизмдері студенттерге таныстыру
Лекция мєтіні

Тұлға ішілік дау-дамайлардың қоршаған орта мен оның ішінде әлеуметтік ортаның тұлғаға тікелей ықпалын тигізбей пайда болмайтындығы белгілі. «Таза» тек қана ішкі әрекеттер себебіне байланысты пайда болатын тұлға ішілік дау-дамайлар болмайды.

Дау-дамай негізінде жатқан қайшылықтардың табиғатына сүйене отырып, оларды екі топқа бөлуге болады:

1. Адамға қатысты сыртқы объективті қайшылықтардың ішкі әлемге өту нәтижесі ретінде пайда болатын тұлға ішілік дау-дамайлар (мотивациялық, бейімделушілік, дау-дамайлар және т.б.)

2. Тұлғаның қоршаған ортаға қатынасын көрсететін, ішкі жан-дүниесінің (ішкі әлемінің) қайшылықтарынан пайда болатын тұлға ішілік дау-дамайлар (мотивациялық дау-дамайлар, адекватты емес өзін-өзі бағалау дау-дамайы). Е.Донченко мен Т.Титаренко (1989) психологиялық қайшылықтар дамуының үш деңгейін бөліп көрсетеді:

- тұлғаның ішкі жан-дүниесінің психологиялық тепе-теңдігі;

- тепе-теңдіктің бұзылуы, іс-әрекеттің негізгі түрлерінің шиелінісуі, қиындауы, психологиялық жайсыздықтың жұмыста бейнеленуі, қоршағандармен қарым-қатынас (тұлға ішілік дау-дамай);

- жоспар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың мүмкін болмауы, «өмірдің үзілуі», қайшылық (өмірлік дағдарыс) жойылмайынша, өзінің өмірлік міндеттерін атқарудың мүмкін еместігі.

Осы деңгейлердің әрбіреуінде қайшылықтарды шешу мүмкін болады. Бұл мүмкіндік адамның қалыпты өмір сүруіне не қажеттігіне, оның қандай мұқтаждықтарына орындалмау қаупі төніп тұрғандығына байланысты былай болуы да мүмкін, яғни адам бүкіл өмірін қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыруға арнап, «ішіп-жедік, енді ұйықтауға болады: ұйықтадық, енді ішіп-жеуге болады» сызбасы бойынша өмір сүре отырып тұлға ішілік дау-дамайға дейін жетпейді. Бірақ, көбінесе қайшылық әрі қарай дамиды, ішкі дау-дамайға ұласады. Неліктен былай болады?

Тұлға ішілік дау-дамайдың пайда болуы үшін тұлғаға қатысты тығырыққа тірелген жағдайлардың болуы қажет екен. Тұлғалық жағдайлардың арасынан, әдетте мыналарды атап көрсетеді: жеке адамның ішкі жан дүниесінің күрделі болуы және осы күрделіліктің қажеттілігі; қажеттіліктер мен ықпал етуші түрткілердің күрделі де сатылай бағынуы; жоғары деңгейде дамыған сезімдер мен құндылықтардың болуы; күрделі ұйымдасқан және дамыған танымдық құрылымның жеке адамның өзін-өзі талдауға және өзін-өзі рефлексиялауға қабілеттерінің болуы.

Тұлға ішілік дау-дамайға маңыз беретін тығырыққа тірелген жағдайлар В.Мерлиннің еңбектерінде зерттелген (1970). Бұл – сыртқы және ішкі жағдайлар. Дау-дамайдың сыртқы жағдайлары тұлғаның қандай да бір терең және белсенді түрткілері мен қатынастарын қанағаттандырудың мүлде мүмкін еместігіне немесе қауіп жағдайында болатындығына саяды.

Біріншіден, табиғатпен күрестің өзінде тұлғаның түрткілері мен қатынастарын қанағаттандыру үшін қиындықтар мен кедергілер пайда болады.

Екіншіден, бір түрткілердің нәтижесіз болуы, жаңа, әлі қанағаттандырылмаған түрткілердің пайда болуына әкеледі.

Үшіншіден, қоғамдық өмір әр түрлі, кейде өте мықты түрткілерді шектеуді талап етеді, мысалы: өмірді сақтауға ұмтылыс.

Тұлға ішілік дау-дамай тек сыртқы жағдайлар белгілі бір ішкі жағдайларды туғызғанда ғана пайда болады. Дау-дамайдың ішкі жағдайлары тұлғаның әр түрлі қарсы жақтар арасындағы қайшылыққа саяды. Біріншіден, бұл жақтар үшін маңызды болуы тиіс; екіншіден, олардың тұлға үшін шамамен маңыздылығы болуы тиіс. Үшіншіден, тұлға жағдаятының субъективті түрде шешілмейтіндігін ұғынады. Адам өзінің тығырыққа тірелген жағдайды шешуге мүмкіндігінің аз екенін немесе жоқ екенін білгенде ғана пайда болады. Нәтижесінде, адам таңдау мүмкіндігін қатты сезініп, оған көңіл-күй әсеріне берілген түрде енеді.

Тұлға ішілік дау-дамайлардың салдары. Тұлға ішілік дау-дамайдың жағымды және жағымсыз салдары бар. Тұлға ішілік дау-дамайлар құрамалы (өнімді де оңтайлы) және деструктивті (адамның тұлғалық құрылымдарын бұзушы) болуы мүмкін.

Дауласушылардың барынша дамуымен және оны шешуге мейлінше аз тұлғалық шығындардың жұмсалуымен сипатталатын дау-дамай конструктивті болып табылады. Конструктивті түрде жеңуге болатын тұлға ішілік дау-дамай тұлғалық дамуды үйлестіру механизмдердерінің бірі болып табылады.


2. Тұлға ішілік дау-дамайларды шешудің психологиялық факторлары мен механизмдері

Адам өмірі тұлға дамуының қолайлы үрдісі мен оның ішкі жан дүниесінің бұзылу қаупін төндіретін жағдайлар ықтималдығы өте көп болатындай етіп құрылған және адамның оған даяр болмауы тіпті қиын. Тұлға ішілік дау-дамайларға кездеспейтін адамды елестету қиын. Дегенмен, деструктивті ішкі дау-дамайлардан аулақ болу қажет, ал егер олар пайда бола қалса, онда оларды денсаулыққа зияны аз болатындай етіп шешу қажет. Тұлға ішілік дау-дамайларды шешу дегеніміз тұлғаның ішкі жан дүниесінің келіспеушілігін қалпына келтіру, сананың бірлігін орнықтыру, өмірлік қатынастар қайшылықтарының шиеленісін төмендету, жаңа өмірлік сапаға қол жеткізу. Тұлға ішілік дау-дамайды шешу конструктивті және деструктивті болуы мүмкін. Тұлға ішілік дау-дамайды конструктивті (жеңу) жою кезінде рухани тепе-теңдікке қол жетеді, өмірді түсіну тереңдейді, жаңа құнды сана пайда болады. Тұлға ішілік дау-дамайды шешуді мыналар арқылы ұғынуға болады, яғни болған дау-дамаймен байланысты жанға бататын ауыртпалықты күйлердің жоқтығынан; тұлға ішілік дау-дамайдың жағымсыз психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторлардың көрінуінің төмендеуінен; кәсіби іс-әрекеттің сапасы мен тиімділігінің артуынан.



Тұлға ішілік дау-дамайларды конструктивті шешу факторлары. Дербес ерекшеліктеріне қарай адамдар ішкі қайшылықтарға түрліше қатынас жасайды. Біреулері ойға шамады, екінші біреулері бұл уақытта әрекет ете бастайды, үшіншілері оларды шарпыған эмоцияларға беріледі. Тұлға ішілік дау-дамайларға дұрыс қатынас жасаудың бірыңғай рецепті жоқ. Адам өзіне өзінің дербес ерекшеліктері жайлы есеп бере отырып, ішкі қайшылықтарды шешудің өзіндік стилі мен оларға конструктивті қатынас жасағаны жөн.

1. М.Ширманованың (1993) пікірінше, тұлға ішілік дау-дамайды жеңу тұлғаның терең дүниетанымдық бағдарларына, оның мазмұнына (сенімдер), өзін жеңу тәжирбесіне тәуелді.

2. Ерік сапаларының дамуы адамның ішкі дау-дамайларды ойдағыдай жеңуіне мүмкіндік береді. Ерік адамның өзін-өзі реттеуінің барлық жүйесінің негізін құрайды. Қиын жағдаяттарда ерік әдеттегідей сыртқы талаптар мен ішкі тілектерді сәйкестікке келтіреді.

3. Дау-дамайды шешу тәсілдері, оған кететін уақыт темпераменттің әр түрлі типіндегі адамдарда өзгеше болады. Холерик екі ұштылықты жоюды қалай отырып, барлығын тез шешеді. Меланхолик қандай да бір әрекеттерге кірісуге бел бумай тұрып, ұзақ ойланады, ақылға салып таразылайды, шамалайды. Алайда мұндай азапты рефлексивтік үрдіс қалыптасқан жағдаятты түбегейлі өзгерту мүмкіндігін жоймайды. Темперамент қасиеті тұлға ішілік қайшылықтарды шешудің динамикалық жағына: уайымдардың шапшаңдығына, олардың тұрақтылығына, өтудің дербес ырғағына, қарқындылығына, сыртқа немесе ішке бағытталуына әсерін тигізеді (Донченко, Титаренко, 1989).

4. Тұлға ішілік дау-дамайларды шешу үрдісіне тұлғаның жыныстық жас ерекшеліктері ықпал етеді. Жас ұлғайған сайын тұлға ішілік қайшылықтар аталмыш индивидке тән шешу формаларын табады.

Ерлер мен әйел адамдарда дау-дамайлардан шығу тәсілдері әр түрлі. Ер адамдар анағұрлым рационалды, олар әрбір жаңа тұлға ішілік уайымдар мен қиын жағдаяттарды шешу құралдарының өзіндік жинағын байытады. Әйел адамдар әр жолы жаңаша қуанады және қамығады, қиналады және шаттанады. Әйел адамдар тұлғалық, ал ер адамдар рөлдік сипаттамалармен ерекшеленеді.



Тұлға аралық дау-дамайларды шешудің механизмдері мен тәсілдері. Тұлға ішілік дау-дамай психологиялық қорғаныс механизмдерінің пайда болуы және әрекеті арқылы шешіледі (Бассин, Бурлакова, Волков,1988; Зейгарник,1981,1986; Налчаджян,1980,1988; Романова, Гребенников,1996; Соколова,1976,1989; Мягер,1983). Психологиялық қорғаныс жеке тұлға шілік дау-дамайды сезінуімен байланысты мазасыздық сезімін азайтуға немесе жоюға бағытталған, қалыпты, күнделікті қызмет етіп отыратын психиканың механизмі.

  1. Теріске шығару («оны байқама») – қорғаныстың онтогенездегі ерте және едәуір қарапайым механизмдерінің бірі. Мойындамау адамның қысылтаяң жағдайға тап болуынан туындаған жағымсыз эмоцияларды тыю мақсатында дамиды. Теріске шығару, мойындамау, жаңа жағдайларға байланысты әрекеттерге қатысты инфантильді шешім қабылдау деп түсіндіріледі.

2. Проекция («оны кінәла») қиындықтарды жеңе алмаудан өзін-өзі жақтырмау сезімін тыю үшін онтогенезде салыстырмалы түрде ерте дамиды. Проекция қиындықтардың бастауына өзін-өзі жақтырмаудың негізі ретінде әр түрлі жағымсыз қасиеттерді жатқызуды болжайды.

3. Кері кетушілік («ол жайлы жыла»)- бастама танытумен байланысты сәтсіздік қорқынышынан және өзіне деген сенімсіздік сезімін тыю үшін ерте жастан дамиды. Кері кетушілік мінез-құлықтың балалық таптаурындарына ішкі даулы жағдайына қайта оралуын болжайды.

4. Орнын басу («оның орнын басатын қандай да бір нәрсеге шабуыл жасау») - күшті немесе маңызды субьектіге жауапты басқыншылық немесе қарсы тұрудан қашу мен байланысты, ашу эмоциясын тыю үшін дамиды. Жеке адам басқыншылықты әлсіз нысанға немесе өзіне аудара отырып күйзелісті төмендетеді. Орнын басудың белсенді де енжар түрлері болады және жеке адамдардың даулы жауап қайтару типтеріне тәуелсіз қолданылуы мүмкін.

5. Басу («бұл туралы есіңе алма») - өзін-өзі дұрыс қабылдау үшін тиімсіз болып табылатын қорқынышты тыю үшін дамиды және басқыншылыққа тікелей тәуелді болуды болжайды. Қорқыныш оның негіздерін, сонымен қатар онымен ассоциативті байланысты жағдайларды ұмыту арқылы күшін жояды. Басуға оған жақын механизмдер оқшаулану және интроекция жатады.

Изоляция («мұны сезінбе») – жанын жаралайтын ситуацияларды мазасыздану сезімінсіз қабылдау немесе еске түсіру. Интроекция ( «мұның сенде қайдан болғанын білме) - өзге адамдардың тарапынан болатын қауіптерді алдын-алу үшін олардың құндылықтары мен мінез-құлықтарының сипаттарын өзіне иемдену.

6. Интеллектуализация («оны ойла») - ерте жас өспірімдік шақта дамиды. Жағдаяттарды субъективті басқару сезімін дамыту үшін оқиғаны өз бетінше талдауды болжайды. Қолданылатын тәсілдері: қарсы келетін беталыстарды салыстыру; әрбір беталыстың «+» мен «-» нің тізімін құру және оларды талдау; әрбір беталыстағы әрбір «+» тер және «-» ды шкалалау және қосу. Бұл тәсілдерге сонымен қатар жоқ қылу, сублимация және рационализация жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет