Лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері, зерттеу әдістері


Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы



бет13/26
Дата15.03.2024
өлшемі315 Kb.
#495646
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Даму психологиясы дәрістер жиынтығы Office Word.doc Лиясова

Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы

Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Іс -әрекеттің әртүрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен қарым- қатынас формаларының даму ерекшеліктері.


Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты. Шетел психологиясындағы ойын теорияларын сынды талдау (К.Гросс, Г.Спенсер, К.Бюлер, С.Холл, В.Штерн).
Мектепке дейінгілердегі психикалық процестері дамуының негізгі заңдылықтары. Баланың психикалық дамуы үшін сенсорлық процестерді мақсатты қалыптастырудың мәні (А.В.Запорожец, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер). Сөздік және грамматикалық сөздің дамуы; сөз функцияларының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы. Мінездің, қабылеттердің қалыптасуы.
Баланы мектептегі жүйелі оқытуға дайындау (Е.Е.Кравцова). Дайындық түрлері, олардың сипаттамалары. Жеті жастағы дағдарыс ұғымы.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы – баланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы. Соңында балада мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас) ерте балалық шақтың онтегенетикалық дамудың тікелей жалғасы болып табылады. Бұл кезең балалардың жақын ересек адамдармен қарым- қатынас жасау арқылы, сонымен қатар құрдастарымен ойын және шынайы қарым- қатынас жасау арқылы әлумттік кеңістікті меңгереді. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.Кофка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Э.Шпрангер, Ж.Пиаже, В.М. Бехтерев, Д.М.Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский, Р.Р. Лурия, А.Н. Лентьев, П.Л. Гальперин және тағы басқалар.
Алайда, сол бір объектіні зерттей отырып – психикалық даму – генетикалық және баланың психикасының екі әр түрлі психикалық ғылымдар болып табылады. Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуына және дамуын зерттейді. Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға және ересектерге жүргізілуі мүмкін. Алайда, генетикалық зерттеу объектісі бала болып табылады.
Генетикалық психологгияның негізгі стартегиясы – психикалық құбылысты жасау, пайда қылу қалыптастыру болып табылады. Л.С. Выготский қалыптастыру жайлы алғаш айтқан. «Біз қолданатын әдіс эксперименталды генетикалық деп аталуы мүмкін. Себебі, ол жасанды түрде психикалық дамудың генетикалық тұрғыда жасап шығарады. Әрбір қатып қалған психологиялық форманы ерітіп, оны қозғалғыш ағынға айналдыру қажет. Анализдей келе, жоғарғы форманы зат есекбінде емес, процесс есебінде алып, заттың оның бөлшектеріне емес, ол прцестен бөлек сәттеріне бару.»
Баланың психикасынан басқа психологиялық саланың айырмашылығы – ол ерекше бірліктермен жұмыс жасайды, олар – жас немесе даму кезеңі болып табылады.Мектепке дейінгі кезеңде бала жаңа принципиалдық жетістікке жетеді. Бала ересектермен және құрдастармен қарым- қатынастың қиын- қыстау кезеңінде басқа адамдардың рефлекциясын меңгереді. Бұл кезеңде ересектермен қарым- қатынас жасау барысында идентификация қабілеті қарқынды дамиды. Кейінгі жастық шақта бала бір мезгілде позитивті және негативті даралануды меңгереді. Мектепке дейінгі кезеңде өз дене мүшелерін белсенді түрде басқара алады. Бұл шақта балада дене мүшелерінің құрылымына, соның ішінде жыныс мұшелерінің ерекшеліктеріне қызығушылық пайда болады. Осы кезңде баланың тілі қарқынды түрде дамиды. Осы кезеңде бала жаңа жаңа құбылыстарды меңгеруге үзілді- кесілді қарсы, ол бұрынғы меңгерген білімдерін қайта жаңғыртады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет