Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90


Лекцияның тақырыбы. Мазмұндау формасы



бет4/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#3584
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекцияның тақырыбы. Мазмұндау формасы.


Жоспар:

1.Тарихи деректердің ерекшеліктері.

2.Жылнамалық материалдың проблемалары.
Лекцияның мәтіні.

1. Тарихи дерек дегеніміз – объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі болып табылады.

Тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады.Деректану тарихи деректер туралы ғылым ретінде әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процесстерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі.Тарихи ақпараттарды іріктеу және талдау тәсілдеріне баса көңіл аударуға байланысты, деректану қазіргі уақыт талабына сай маман тарихшы дайындаудың маңызды буыны болып табылады.

Жылнамалық ақпараттардың шынайылық және өкілеттілік проблемалары тарих ғылымында орыс жылнамалары 300 жылға жуық зерттелініп келеді. Осы уақыт аралығында жылнаматану негізі қалыптасты.Жылнаматану – тарихи дерек ретінде жылнаманың өзіндік ерекшелігімен тікелей байланысты зерттеу проблематикасы. Тарихи деректердің ерекшеліктері. Жылнамалық материалдың проблемалары. Ғамид ад дин „Жылнамалар жиыны”. И.Н.Березиннің аудармалары.Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс жылнамалық тарихының ролі. „Алтын орда” тарихының В.Г.Тизенгаузен, Қыдырғали Жалаири „Жами ат-тауарих” материалдар жинағы.Пайда болу сыны, деректер, авторын анықтау және т.б. мәселелер болып табылады.

2. Қазіргі жылнаматану проблемалары:

Жылнамаларды зерттеуге байланысты проблемалар шеңбері өте кең.Олардың негізгілері:

А) Жылнамажазушылықтың бастапқы кезеңінің қалпына келтіру проблемасы. ( проблема реконстукциясы).

ә) Жылнамалық ақпараттардың шынайылық және өкілеттілік пробемалары.

Жылнамалық шығармалардың екі түрі белгілі:

А) жылдары көрсетілмеген жылнамалар;

ә) жылдары көрсетілген жылнамалар.

Жылдары көрсетілмеген жылнамаларда ( мысалы, ХІІІғ. Галицко-Волынск жылнамасы, т.б.) уақыты бір-бірімен салыстырмалы түрде ғана айтылған.Сондықтан нақты уақыты көрсетілмеген.Дегенмен, жылнамалардың басым көпшілігінде жылы көрсетілген.Сондықтан жылнама деп аталынған, олар жылдан-жылға жалғасып отырған жазбалар. Онда көптеген нақты даталар: жылы немесе айы, ал кейде аптасы және күні, тіпті сағаты да көрсетіледі. Жылы көрсетілген жылнамаларда уақиғалар уақыты Ежелгі Русьте қалыптасқан жылсанау жүйесі бойынша жүргізілген.Ол жылсанаудың өзіне тән көптеген қиыншылықтарына қарамастан оқиғалардың болған уақытын шамамен дәл көрсете алады.


Бақылау сұрақтары:

1.Тарихи деректердің ерекшеліктері.

2.Жылнамалық материалдың проблемалары.

3.Ғамид ад дин „Жылнамалар жиыны”

4.И.Н.Березиннің аудармалары.

5.Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс жылнамалық тарихының рөлі.

6.Қыдырғали Жалаири „Жами ат-тауарих” материалдар жиыны.

7.”Алтын орда” тарихы

8.Деректің пайда болу сыны,авторын анықтау.

9.Деректердің мазмұнын ашу.

10.Деректерді мазмұндау формасы.
7-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Тарихи повестер.


Жоспар:

1.Жүсіп Баласағұн „Игілік білімі”, Махмуд Қашқари „Дивани лұғат ат- түрік” және т.б.

2.Қазақстан тарихы жайындағы орыс жазбалары.

Лекцияның мәтіні.

1. Көптеген мұсылман ойшылдары дипломатиялық өнер туралы құнды еңбектер жазып қалдырған. Солардың бірі Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу біліг» еңбегі. Жүсіп Баласағұни бұл еңбегінде елші қандай болуы қажет екендігін атап өткен. Жүсіп Баласағұни адал, байсалды, ақылды, дана, көреген, көптеген тілдерді меңгерген кемеңгер адам болуы қажет дейді.

Баласағұни Жүсіп Хас Хажип (1020 ж. ш., Баласағұн қ. - ө.ж. белгісіз) – ақын, ғұлама ғалым. Баласағұнидың біздің заманымызға дейін жеткен ең ірі туындысы 1069 ж. жазылған «Құдатғу білік» («Құт әкелетін білім») поэмасы. Поэманың үш нұсқасы сақталған. Мұның алғашқысы 15 ғасырда Гераттан (Ауғанстан) табылған ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Вена қаласында сақтаулы. Араб әрпімен жазылған 2-нұсқасы Каирдың ұлттық кітапханасында, ал араб әрпімен жазылған 3-нұсқа Наманганнан (Өзбекстан) табылған. Шығарма негізі әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің өзара диалогтары түрінде жазылған. Поэмада көшпенділер өміріне тән образдар мен теңеулер молынан пайдаланылған. Поэма әрі көркем шығарма, әрі адамдарды адамгершілік абзал қасиеттерге баулитын этикалық-дидактикалық, саяси-философиялық трактат. Поэманың идеясы Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарынын көзқарасы» атты трактатымен үндес. Баласағұни осы поэмасы арқылы түркі поэзиясына аруз өлең өлшемін енгізді. Баласағұнидың бұл шығармасы сол кездің өзінде Қытай, Үндістан, араб, парсы оқымыстылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Баласағұнидың поэмасын шетел ғалымдарынан, Т.Танджей, А.Бомбачи, П.Пеллио, А.Кофероглу, Р.Р. Арат, А.Дилачар, М.Копрюлюзаде, орыс шығыстанушыларынан В.В. Радлов, В.В. Бартольд, А.Н, Самойлович, С.Е.Малов, А.Н. Кононов, Л.А. Валитова, А.И. Боролина, И.В. Стеблева, қазақ әдебиетшілерінен X. Сүйіншәлиев, Р. Бердібаев, Қ. Жарықбаев, Ө.Дербісалиев, А. Егеубаев, т.б. зерттеді

Жүсіп Баласағұн «Игілік білімі», «Джувейни», «Дүние жүзін жаулап алу тарихы», Махмұд Қашқари «Дивани лұғат ат-түрік», Мукими «Зафарнме», Махаммед Талиб «Матлаб ат- табибин» және т.б. Ізденіс проблемалары, редакциялау және тізімдер, автор құқығы, қашан, қай жерде жазылды.Жекелеген ескерткіштердің ерекшелігі.Тарихи деректердің орналасқан орны,Иоан Плано Карпини Батыс европалық саяхатшылардың «Шығыс елдеріне саяхат» ХУІІІ шығармалары, Марко Поло, Вилбгелм Рубрук, венгер монахы Юлианның жазбалары. Бұл жазбалардың тарихи маңыздылығы мен ерекшелігі оның негізгі мазмұны мен мәнінде болып табылады.Себебі шығармалардың әлі күнге дейін өз мағынасын жоғалтпауына әсер ететін жағдайлар оның шын өмірді бейнелеуінде,сондай-ақ ғұламалардың өз қоғамын суреттеуде ешқандай әсірелеуді қолданбастан шынайы беруінде болып табылады.

Ежелгі қазақ әдебиетін негізгі топтарға бөлу оның тарихи ерекшелігіне тікелей байланысты.

1. Көне түркі жазба ескерткіштері; орхон ескерткіштерінің мәтіні «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнаме» дастаны.

2. Ислам дәуіріндегі әдебиет немесе Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби жәдігерлер: әл-Фараби өлең өнеріні қағидалары туралы трактат.Жүсіп Баласағұнидың «Құтадағу білік» деген дидактикалық дастаны. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» атты өлеңдер жинағы Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы».

3. Алтын Орда-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет.Бұл дәуірде жазылған ескерткіштер жалпы түркі әдеби тілінің қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: қыпшақтың жазба кітабы (Кодекс Куманикус) Хорезми «Мұхаббат-наме» дастаны.Насыридин Рабғузидің «Қисса-сул Әнбия» немесе «Қиссауи Рабғузи» жинағы.Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа», «Сайфи Сарийдің», «Гүлістан бит-түрік». Құтыптың «Қысырау-Шырын», Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» дастандары.

Сонымен қатар, осы кезеңде тарихи еңбектер де жазылды.Олар қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» және Қадырғали Жалаиридің «Джами ат-тауарих» атты еңбектері.

2. Жалпы қазақ жерінің патша империясының құрамындағы кезінде алдыңғы қатарлы орыс зерттеушілері, ғалымдары, саяси жер аударушылары, солардың ішінде атап айтқанда П.С.Паллас, А.И.Андреев, А.И.Левшин, П.А.Чихачев, И.Завалишин, Н.М.Ядринцев, А.Янушкевич, Н.Я.Коншин, тағы асқаларының жергілікті халықтың тарихын зерттеп, болашағын айқындау үшін атқарған игілікті істерін айтпағанда, көрсетілген уақытта патшалық отарлы үкімет тарапынан қазақ жерін толық өзіне қосып, жаппай орыстандыру, жергілікті халықты кіріптарлыққа түсіріп, тәуелді етудің, тіпті оларды туып-өскен өз жері, өз мекенінен толықтай аластату ісі кең қарқынмен жүргізілгені белгілі.

Осы тұрғыда сол кездегі Ресейлік империялық саясаттың нағыз күшіне еніп тұрғанына қарамастан, қазақ халқының өткен тарихын, тұрмысын, әлеуметтік даму ерекшеліктерін саралап, болашағын болжаған, осы мақсатта көптеген шығармалар жазған Шоқан Уәлихановтың ғылыми пікірлесі, досы Г.Н.Потанин еңбегінің халқымыз үшін маңызын көрсете келе Ахмет Байтұрсынов 1915 жылы:

… « Атақты Сібір ұлы қарт Потанин,

Ер сүйсе сендей сүйсін ел-Отанын.

Қазақсың, қалмақсың деп алалау жоқ,

Отанның тең көресің барша жанын

- деп жазса, Міржақып Дулатов Г.Н.Потанин қызметіне деген халқымыздың ықыласын мынандай өлең жолдарымен одан әрі толықтыра түсті:

Ардақты қарт!Келдік бүгін тойыңа,

Бүгін тізе, етіп құрмет тойыңа.

Қалам артып, қазақ ұлы қарыздар,

Шаттық симай, толқыған сол бойыңа.

Зерттеушіге арналған бұл өлең шумақтары қазақ халқының отарлық езгіге түсіп, мүсәпірлік күн кешкен кезеңіндегі оның тағдырына ортақтасып, болашағынан үміт күткен барша игі мақсаттағы алдыңғы қатарлы орыс азаматтары еңбектеріне берілген баға іспеттес.Қалай дегенмен де аталған орыс ғалымдарының, жиһангерлерінің еңбектерінде империялық езгіге түскен халықтың ауыр халін сипаттап, мүсіркеуден басқа үкіметтен оның жағдайын жақсарту, теңдігін қамтамасыз ету мақсатындағы нақты талап қойылмады.Оның өзіндік себептерінің болғандығы да белгілі.


Бақылау сұрақтары:

1.Жүсіп Баласағұн „Игілік білімі”.

2.Жүсіп Баласағұн „Джувейни”.

3.Жүсіп Баласағұн „Дүние жүзін жаулап алу тарихы”.

4.Махмуд Қашқари „Дивани лұғат ат-түрік”.

5.Мукими „Зафарнаме”.

6.Махаммед Талиб „Матлаб ат-табибин”.

7.Жекелеген ескерткіштердің ерекшелігі

8.Иоан Плано Каприни Батыс Европалық саяхатшылардың „Шығыс елдеріне саяхат” XVIII ғ. Шығармалары.

9.Марко Поло, Вильгелм Рубрук, венгер монахы Юлианның жазбалары.

10.Қазақстан тарихы жайындағы орыс жазбаларының маңызы.
8-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет