Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/8
Дата11.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#127842
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Бағдарламаның негізгі мақсаты-этнологияның негізгі теориялық проблемаларымен таныстыру.Бағдарлама этнологияның әдістемелік түсінік аппараты арқылы дүние жүзі халықтарының этнографиясымен таныстырады.Бағдарламаның негізгі мазмұны дүние жүзінің этникалық картасы Қазақстанмен қоса сипаттауға, сондай-ақ халықтардың географиялықорналасу аймағына,этникалық, антропологиялық, тілдік құрамын және шаруашылық-мәдени типін айқындауға арналған.Бағдарламада халықтардың этногенезіне және этникалық тарихына, дәстүрлі және қазіргі мәдениетке, қазіргі этномәдени және этникалық процестерге маңызды орын берілген.

Бағдарлама дүние жүзі халықтарының этнографиясын терең оқып білуге және дүние жүзілік тарихи процестің дамуына талдау жасай отырып, обьективті баға беруге үйретеді.


4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)


Кафедра


Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні

1.

Қазақстан тарихы


Мұрағаттану

Отан және

Шетел тарихы кафедрасы

Хаттама



-----------200 ж.

2.

Археология

Теориялық деректану



5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/

сем


сем



лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

2

4

90

20

6










64

Емтихан


6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.



Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан

тыс сабаќтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ

Этнос және Этнология.Этнология ғылымының тарихы.

1

Кіріспе.Этнологиялық деректер

1













3

2

Этнологиядағы негізгі классификациялар

1




1







3

Австралия және Океания халықтары.

3

Австралия және Тасмания халықтары

1













3

4

Австралия және Тасмания халықтары

1













3

5

Меланезия жәнеЖаңа Гвиня халықтары

1




1







3

6

Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары

1













3

7

Микронезация халықтары

1













3

Азия халықтары

8

Алдыңғы Азия халықтары

1













3

9

Оңтүстік Азия халықтары этникалық тарихы

1













3

10

Оңтүстік Шығыс Азия және шығыс Азия халықтары

1




1







3

11

Африка халықтары

1













3

12

Солтүстік Африка және Шығыс Африка халықтары

1













3

13

Оңтүстік Африка және Батыс Африка халықтары

1




1







3

14

Орталық Африка халықтары және қазіргі Африкадағы этникалық процес стер

1













3

Америка халықтары

15

Америка халықтары

1













3

16

Солтүстік Америка халықтары және Мезоамерика

1




1







3

17

Оңтүстік Америка халықтары және Қазіргі кездегі Америкадағы этникалық процесстер

1













4

Европа халықтары. Орталық Азия халықтары

18

Еуропа халықтары

1













4

19

Батыс, Оңтүстік және Шығыс славян халықтары. Шығыс Еуропаның славян емес халықтары және Прибалтика халықтары

1













4

20

Қазақстан этнографиясы

1




1







4




Барлығы :

20




6







64



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ




  1. лекция. Таќырыбы:

Кіріспе.Этнологиялық деректер


Жоспары:

  1. Этнография пәні және оның міндеттері.

  2. Этнологиялық деректер мен зерттеу жұмыстарының тәсілдері


Лекцияның мақсаты:

Студенттерге этнография пәнін тереңдеп түсіндіру. Жалпы мемлекеттердің әдет-ғұрпын, алт-дәстүрлерін таныстыру.


Лекцияның мәтіні:

1. Этнография “тайпа, халық жазамын” қоғамдық ғылымның иайпалар ме

халықтарды зерттейтін бір саласы Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностың құрамын, қылысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды тарихи және мәдени қарым-қатынастарын күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және семьялық қарам-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді.

Этнография зерттеудің ең негізгі қайнар бұлағы халықтардың қазіргі өмірін тәкелей бақылаудың нәтижесінде жиналатын сан алуан деректер. Этнография зерттеу жүргізудің 2 түрі бар.



  1. Ел ішінде тұрақты немесе ұзақ уақыт бірге тру арқылы зерттеу.

  2. Қысқа мерзімге экспедициялар ұйымдастыру арқылы зерттеу.

Ел арасынан этнографиялық деректер жинаудың әдістері әр түрлі: бірде зерттелетін халық тобымен етене араласып күнделікті іс-әрекеті той думаны, әртүрлі әдет-ғұрыптарын бірге өткізіп жүріп жинаса, 2-шіден халық өмірін жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесу арқылы жинайды.

Халықтардың шығу тегін зерттеуде этнография үнемі археологиялық деретеріне сүйенсе, археология өзінінің зерттеу жұмыстарында археологиялық ескерткішітердің қандай анықтау барысыда әр дайын этнография деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем өнерімен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу этнографияны толықтыра түседі.

Кейбір шетелдерде этнографиялық проблеманы зерттеп танумен айналысатын ғылымды білдіру үшін этнология деген тармин қолданылады. Мұның өзінде этнология кейде теориялық пән ретінде қарастырылады да таза сипаттама ғана беретін ғылымның ролін мтқаруға тиісті этнографияға қарсы қойылады. Советтік ғылымда этнология атауы қолданылмайды. Этнография дүние жүзі халықтарын зерттеуде, олардың сан алуан өмір салалары туралы жазу баяндаумен ғана шектелмей сол деректердің негізінде теориялық баяндамалар, қорытындылар жасайтын тарихи ғылымдарының бір саласы деп есептейді.

2. Адамзат қоғамының дамуы адамдардың оларды қоршаған дүние туралы білімдерінің кеңеюімен көршілес және шалғайдағы халықтар жөніндегі мәліметтерді жинақтаумен қоса жүріп отырады.

Этнография ғылымының жаңадан өрлеу дәуірі географиялық ұлы ашулар мен капиталистік қатынастардың алғашқы дәуірінен XVғ. басталды. Европа теңізшілерінің саяхаттары Америка Африка, Оңтүстік Шығыс Азия, Мұхит аралдары мен Австралия халықтары жайында жинаған көптеген жаңа деректер Этнография қорын молайта тсті. ХІХ ғасырдың ортасында этнография өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. ХІХ ғ-дың 60-70 ж-ры Европа мен америка этнография ғылымында эволюционизм ағымы Э.Тайлор, Дж. Леббок, Дж Мак-Леннан, А. Бастиан, Г.Спенсер, Ю, Липпрт, И.Я. Бахофен, Л.Г. Моргон үстемдік етті. Бұл ағым өз заманында буржуазиялық ғылымдағы буржуазиялық интелигенттерінің сол ездегі мүдде мақсатына сай болды. Олар эволюцияның негізгі қозғаушы күші адам психологиясының жетілуі деп білді. Эволюцияонистер ішінде бәрінен де ғылыми теория тұрғысында жоғары көрсетілгені Америка ғалымы Л.Г. Моргрнның еңбегі. Ол адамзат тарихының жалпы даму кезеңдерін тіршілікке қажетті өнім өндіру әдістерін негізге ала отырып анықтауға тырысты. Мұның өзі материалистік көзқарас болды. К.Маркс пен Ф.Энгельс Л.Г. Моргонның “Ежелгі қоғам” атты басты еңбегін жоғары бағалады. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында эволюционизм ағымы дағдарысқа ұшырап бірнеше жаңа мектептер мен ағымдар шықты. Олардың көпшілігі реакцияшыл бағытта болды. М-лы Германияда Австралия мен Англияда диффузианистік ағым (Ф.Ратцель, Ф. Гребнер, Ю.А. Шмидт) пайда болды. Оның негізгі идеясы мәдениет тарихы оның географиялық қоныс аударуының ( диффузия - миграция) тарихы деп қарады.

Франциядағы Э. Дюркгеймнің “социологиялық” мектебіне біріккен ғалымдар бір сыпыра географиялық еңбектер жазып этнография ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Англияда Б.Маменовский бастаған Дюркгейм мектебіне идеялық жағындағы бар функцияоналды ағым пайда болды. Бұл ағым этнологиялық міндеті тек қазіргі мәдениетті зерттеумен бірге халықтарды дұрыс басқарудың жолын қарастырумен шектелу керек деді. Сондықтан да бұл ағым отарлау саясатының теориялық негізіне айналды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Этнография нені зерттейді?

  2. Этнография тарихы нені зерттейді.?

  3. Этнография қандай тілден шыққан?

  4. Этнографиялық материалдарды қандай жолмен жиналады?

  5. Этнология қандай ғылымға сүйенді?

  6. Этнография пәнін не үшін оқимыз?

  7. Үлес қосқан ғалымдар?

  8. Қазіргі кездегі этнография туралы әдебиеттер?

2- лекция. Таќырыбы: Этнологиядағы негізгі классификациялар

Жоспары:

  1. Географиялық классификация.

  2. Антропологиялық классификация.

  3. Ленгвистикалық классификация.

4.Шаруашылық-мәдени классификация
Лекцияның мақсаты.

Студенттерге дүние жүзі халықтарының қандай тілде сөйлеп, қандай шаруашылықпен айналысатынын, қандай нәсілдер бар екенін түсіндіріп үйрету.


Лекцияның мазмұны:

1. Дүние жүзі халықтарын этнографиялық зерттеп білу және сипаттау оларды ғылыми ттұрғыдан жүйелеп алу, негізінде жасалады. Классификациялау арқылы бір географиялық регионда екендейтін шаруашылық және әлеуметтік даму жағына бір деігейдегі мәдени белгілері ортақ халықтар мен халыөтар тобы айқындалады. Классификация негізінен алынған бұл белгілердің әрқайсысы белгілі бір этникалық құбылыстарды зерттеу кезінде маңызды. Мәселен туыстың шығу тегі мен мәдениеті жағынан айқындау туыстас халықтарды классификациялауға мүмкіндік береді. Мұның өзі этникалық-генетикалық зерттеулерге негіз жасайды. Алайда халықтық толық сипаттамасын, оның дүние жүзінің басқа халықтарының арасындағы орнын тек анағұрлым мәнді және іргелі классификациялық белгілердің жиынтығы ғана бере алады. Бұлардың санатына географиялық анторпологиялық, тілдік және шаруашылық мәдени құрамдарды қосуға болады. Классификациялаудың басқа да мәселен, діни белгілерге қарай бөлетін жанама принциптері де бар. Сөйтіп, дүние жүзі халықтарын жүйелеу этностарды және оларға тән белгілерді сипаттайтын табиғи-ғылыми дәне әлеуметтік құбылыстарды классификациялау жиынтығын негізге алады.

Халықтарды классификациялаудың аталған түолерінің әтбірінің маңызын қарастырамыз.

2. Адамзатты олардың мекендеу жерлеріне сәйкес жекелеген таптар мен халықтарға бөлінуін қарайды. Алайда мұның өзінде бұл классификация олардың шығу тегін арашылық және әлеуметтік қарым-қатынастарының даму деңгейін, мәдени реңктерін ескермейді. Осы себепті де географиялық классификация халықтарды зерттеуден гөрі, оларды сипаттауда көбірек пайдаланылады. Сонымен бірге көршілес қоныстанған, халықтардың көп жағдайда шығу тегі ортақ және мәдениеті ұқсас болып келеді.

Дүние жүзі халықтарын классификациялаудың Совет этнографиясында қабылданған жалпы түрі мынадай:

Ресей халықтары Ресейдің Европаның бөлігі Сібір мен Қиыр Кавказ Орта Азия халықтары болып бөлінеді.

Шетел Азиясының халықтары бұл мейлінше жалпылама ұғым жәе шығу тегі, тарихзи тағдырлары мен мәдениеті жағынан тіпті әр түрлі саны жағынан 2 миллиард адаманан асатын халықтарды қамтиды. Содықтан оны дербес региондар түрінде Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азия аймақтарына бөлуге болады.

Африка халықтары. Африканы шартты түрде Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік Африкаға бөлуге болады.

Австралия мен Мұхиттық аралдардың халықтары бұл территория мынадай аймақмарға бөлінеді. Австралия және Тасмания Полинезия, Микронезия, Меланезия.

Америка халықтары Америка үш ірі аймаққа: Солтүстік Орталық және Оңтүстік аймақтарға бөлінеді. Шетел Европа халықтары.

Антопологиялық топтау.

Антропология адамдар арасындағы әр трүлі табиғи географиялық ортадағы олардың даму барысында қалыптасқан адамдар арасындағы айырмашылығын зерттейді. Бірінен –бірі недәуір алшақ жерлерде әр түрлі табиғи жағдайларда тұратын адамдар топтары арасындағы дене айырмашылықтары ғылымда нәсілдік айырмашылық деп атайды.

Нәсілдер тұқым қуалаушылық морфологиялық және физиологиялық мұра белгілері ортақ, белгілі шекте түрленіп отыратын тегі бір адамдардың тарихи қалыптасқан топтары болып табылады.

Нәсілдері айыруға болатын белгілер әүрлі болып келеді. Олардың кейбірі суреттемелі, басқалары өте-мөте арнаулы болады. Елеулі нәсілдік белгілердің қатарына шаштың формасы және үшінші шаш жамылғысының даму дәрежесі жатады.

Нәсілдік диагностика жасауда тері мен шаштың түсі (пигментациясы) бірталай мән атқарады. Мәселен: солтүстік Европа тұрғындарының кей топтарының пигментациясы әлсіз болады. Терісі мен шаштарының қара болып келуі Африкандықтардың басым бөлігіне тән. Оңтүстік Европаны мекендеуші халықтардың Азияның байырғы халықтарының недәуір бөлігінің шаштары қара бірақ пигментациясы анағұрлым ашық түсті болып келеді.

Нәсілдік белгі ретінде адамның бойына салмағы мен дене пропорциясына бірсыпыра аз мән берілді. Антропологиялық зерттеулер үшін көптеген арнаулы белгілер , гендер, қан группалары. Саусақ терісінің фиенттері (папилярлық фиенттер) тіс формалары туралы деректер және т.б. пайдаланып отырады.

Антропология әдетте шығ тегі жағынан өзара ортақ үлкен төрт нәсілді ажыратады. Олар: ЕВРОПЕЙД, МОНҒОЛОЙД, НЕГРОЙД және АВСТРОЛОЙД нәсілдері . алайда нәсілдік типтердің таралу территориясы бірімен бірі тоғысып жатады. Осының салдарынан ауыспалы , контактылы нәсілдер пайда болады. Оның үстіне ежелгі , сондай-ақ аралас нәсілдер де кездеседі.

Европойдтар бүгінгі кезде барлық континенттерді мекендейді және көптеген 2-ші қатардағы нәсілдерге бөлінеді. Европойдтар арасында ашық пигментті (ақсарылар) қоңыр пигментті (қараторылар) және аралас топтар (қара қоңырлар, қоңыр ақсарылар) көре түседі. Европойдтар кейбір аймақтарда негізінен алғанда Ресейде шетелдік азия мен америкада монглолйдтар мен аралас топтар құрайды.

Монғолойдтардың негізгі қоныстанған аймақтары сібір мен шетелдік Азия кей-кейде монғолойдтарға антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар Американдық үндістерде де қосады. Монғолойдтық нәсіл континенттік тынық мұхиттың арктикалық немесе эскимостық тармақтарға бөлінеді. Монғолойдтар да аралас және ауыспалы типтерді құрайды. Контактылы топтарға Оңтүстік Азияның , полинезиялық және басқа нәсілдік типтер жатады.

Негройд нәсілінің таралу аймақтары африкада. Негройдтар африкадан шыққан адамдар ұрпағы Жаңа дүниеде кең таралған. Негройд нәсіліне негрлер негрилдер букмендер мен готтентоттар жатқызылады.

Австролойд нәсіліне Австралияның байырғы халқы папуастар мен меландиялықтар негритостар мен Оңтүстік шығыс Азия және Шри ланка аралдарының ішкі бөліктерін мекендейтін бойлары аласа веддойдтар жатады.

Негройд, австролойд және европолйд нәсілдері арасында көптеген топтар бар. Олардың қатарына Оңтүстік Азияның дравиттерін эфиоптарды америкадағы, африкадағы және жер шарының басқа да аймақтарындағы аралас топтарды қосуға болады.

3. ТІЛДІК ТОПТАУ.

Тілдік негіз дегеніміз ежелгі тайпалардың немесе халықтардың диалектілерінің нақтылы бірлігі, тұтас тілдер тобының (тілдік семьяның) қайсысы болсын сайып келгенде генетикалық жағынан соған барып тоғысады. Екі немесе одан да көп тілдер (тобының) бір тілдің эвалюциялық салдары болып табылса, онда олар тұтас тілдер деп аталады. Тұтас тілдердің жиынтығы тілдік семья ұғымымен белгіленеді. Мәселен, орыс тілін және ағылшын тілдері өзара тұтас тілдер болып саналады, өйткені олар ортақ индоевропалық тілдік-негізге болып тоғысады. Егер тіл тұтас этникалық территорияда дамитын болса, уақыт озған сайын оның әр түрлі аймақтарында диалектілер деп аталатын кейбір тілдік ерекшеліктер пайда болады.

Тіл тарихи құбылыс ретінде үздіксіз дамып, оның негізгі элементтері: граматикасы, лексикасы, фонетикасы өзгеріске ұшырап отырады.

Лингвистердің есептеуінше , ерте қалыптасқан цивилизациялы аймақтарда тіл бері қойғанда бір рет, ал көп жағдайда одан да жиі алмасып отырған. Мұның өзінде бұрынғы тіл субстрат ретінде жаңа тілдің дамуына ықпал жасайды. Қазіргі заманғы тілдер одан да кейінірек бөлінген. Мәселен славян тілдеріндегі жағдай осылай, олардың тіл негізінен бір кездерде Шығыс Славян тілдері бөлініп шыққан.

Осы заманғы тілдік семьялар қайдағы бір өте ежелгі тіл –негізге барып тоғысады да осы себепті олардың арасында генетикалық туыстық көрінеді деген ғылыми болжам бар. Мәселен үндіевропалық тілдердің өзге семьялармен, көбіне семит-хамит семьясымен өте ежелгі байланыстары жөнінде осындай жорамал айтылады.

4.Шаруашылық мәдени классификация.

Дүние жүзі халықтарының классификациялаудың аталып өткен түрлерінің ішінде тек шаруашылық мәдени классификация ғана меншікті этнографиялық классификацияға жатады және шаруашылық пен мәдениетті этнографиялық әдістер мен зерттеп білуді негізге алады. Этнография үшін классификациялаудың қарастырып отырған түрінің елеулі маңызы бар және этникалық тарихты шаруашылық пен материалдық мәдениеттің пайда болу және даму тарихын халықтар арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды зерттеу үшін, ең ақырында адамзат мәдениетінің глобалдық үздіксіздігімен ортақтастығы айқындап ашу үшін қажет.

Этнографиялық деректер әлеуметтік эканомикалық дамудың бірыңғай деңгейінде және біркелкі табиғи- географиялық орта жағдайында тіпті тарихи өзара байланысы жоқ және әр түрл іэтникалық және тілдік әр түрлі топтарға жататын халықтардың шаруашылық пен материалдық мәдениетінде ұқсас құбылыстар пайда болатынын көрсетеді. Бұл белгілер жағынан ұқсас халықтар шаруашылық- мәдени типтер бойынша классификацияланады.

Шаруашылық мәдени типтер бүкіл адамзат тарихы бойында адамдардың қоршаған ортаға бейімделуі барысында қалыптасады. Мұның өзінде олардың біреулері өте байырғы типтер болса екіншілері кейінірек пайда болған.

Жаңа заманға дейін болған шаруашылық мәдени типтер кейінгі палеолитте қалыптаса бастаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет