Ұйымдық жоспар. Бұл бөлім келесідей ақпараттардан тұрады:
1) меншік түрі жөнінде (шаруашылық серіктестіктер бойынша құрылу және серіктестік шарты көрсетіледі, акционерлік қоғамдар бойынша - акционерлер құрамы және оларға тиесілі үлестері, акционерлік қоғамдар бойынша шығарылған акциялар көлемі мен олардың эмиссиясы көрсетіледі);
2) кәсіпорынның ұйымдық күрылымы жөнінде (кәсіпорынды басқарудың үйымдастырушылық сызбасы, бөлімше құрамы мен олардың функциясы, филиалдары мен олардың еншілес кәсіпорындары, олардың бас кәсіпорынмен ұйымдастырушылық өзара байланысы);
3) персонал жөнінде (директорлар кеңесінің мүшелері, қысқа өмірбаяны жайлы анықтамалар, қаржылық кұжаттарға қол қоюға құқығы барлар, жетекші кұрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу, жетекші персоналдардың еңбекақы мәселелері);
4) кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөнінде (кәсіпорынның кұрылуы мен қызмет етуінің кұкықтық аспектілері).
Қаржылық жоспар. «Қаржылық жоспар» бөлімінде қарастырылған материалдарды жинақтап, қүндық өрнекте көрсету қажет. Бұл бөлім негізгі болып табылады, ол бойынша жобаны жүзеге асыру шығындары жоспарланып, оның тиімділігі анықталады. Қаржылық ақпараттардың көлемі мен бөлшектенуі, оның нақты түрлері салалық ерекшелікке, бизнес-жоспар мақсатына қарай, инвестициялар мен кредиторлар талаптарының әр түрлі болуы мүмкін. Бұл бөлімде келесідей сүрақтарға жауап көрсетілуі тиіс: сатылу көлемі мен жалпы пайда, айналым және өндіріс шығындары мен инвестициялардың жалпы көлемі, шығындар мен табыстардың пайыздық ара-қатынасы, жеке және қарыз қорларды пайдалану, олардың көздері мен қарыздарды төлеу мерзімдері, салымның өтелу мерзімі, дивидендтерді төлеуді бастау мерзімі. Қаржылық ресурстарға қажеттілік, жоспарланған қаржылар көздері мен шамаланған қаржыландырудың сызбасы, қарыз алушылардың жауапкершілігі мен жобада кабылданған кепілдіктер жүйесі толық суреттелуі тиіс. Қаржы жоспары екі бөлімнен тұруы мүмкін:
Жоспарлы-есептік құжаттар.
Бизнес-жоспарды жүзеге асырудың тиімділік көрсеткіштерінің есебі.
Тәжірибеде бизнес-жоспардағы қаржылық жоспардың бірінші бөлігі көбінесе негізгі үш құжатпен көрсетіледі: табыс және шығын жоспары, ақша қозғалысы мен кәсіпкерлердің активтер және пассивтерінің жиынтық жоспары.
Табыс және шығын жоспары. Болжам көбінесе алғашқы үш жылға және келесі кезеңдерге жасалады. Ол келесідей көрсеткіштерден тұрады: тауарларды (қызмет көрсету) сатудан түскен табыс; өнім өндірісінің шығындары, сатудан түскен пайда; жалпы өндірістік және коммерциялық шығындар (түрлері бойынша), қауіпсіздендіру; өзіндік құнға енгізілген амортизациялык аударымдар және қаржылық нәтижеге жатқызылатын салықтар, негізгі қарыздан құтылу және несие пайыздарын төлеу (капитал үшін пайыздар), салық алынатын пайда; салыққа төленген пайда, таза пайда. Құжаттың негізгі міндеті - алдағы бірнеше жылдың ішінде жобада көрсетілген көрсеткіштер деңгейінде күтілген пайданың қалыптасуын көрсету (бірінші кезекте сатудан түскен табыс пен шығындар).
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жоспар (кассалы жоспар-бюджет). Ақша каражатгарын болжаудың негізгі мақсаты - түскен және жұмсалған қаражаттардың біртектілігін тексеру, яғни кәсіпорынның кредитор алдындағы міндеттемелерін кәсіпорынның есеп шотындағы ақша каражаттары есебімен дер уақытында төлеуге қабілеттілігін тексеру. Ақша каражаттарын болжау күтілген табыстар мен ақша қаражаттарының төлемдерін табыс пен төлем баптарын нақтылап, кезендер бой-ынша бөліп көрсетеді. Ақша қаражаттары қозғалысын құрудың негізі - сату көлемін болжау болып табылады. Ол кәсіпорынның болашақ табыстарын көрсетеді. Ақша қаражаттарын жоспарлау кезінде - ақша ағындарын, пайыздык және инфляция деңгейінің өзгеріс, салық зандылықтарының өзгерісі факторларын ескеру қажет.
Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің жиынтық теңдестігі. Жиынтық теңдестік кәсіпорынның бірден-бір уақыттағы қаржылық жағдайын сипаттайды, қандай каржыландыру қаражаттары бар екендігін және бұл қаражаттар қалай пайдаланылатындығын көрсетеді. Бұл теңдестік жүзеге асырудың бірінші кезеңінің басы мен аяғында жасалуы керек. Жиынтық теңдестік несие беруші мекемелердің мамандарының үлкен қызығушылығын тудырады, өйткені кәсіпорынның қандай пассивтермен бұл активтерді алуды қалай қаржыландыратындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Қаржыландырудың екінші бөлігі - түскен қаржылық акпараттарды алу, төлемге кабілеттіліктің негізгі көрсеткіштерін есептеу, жоба тиімділігін бағалау, капиталды қандай түрде тарту тиімділігін анықтау және оны толық қанша уақытта қайтаруға болатындығын анықтау, жобадан алынатын тиімділікті анықтау, кәсіпорынның каржылық стратегиясын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |