Тұман қаупі бар телімдерде жүргізушілердің бағдарын жақсарту шараларын қабылдайды.
Олардың ішіндегі маңыздылары:
жарық шағылыстырғыш катафоттары немесе қабыршық (пленка) жолақтары бар бағыттаушы бағандар мен планкалар;
беті рефлекторлы (шағылыстырғыш) немесе көмескі жарық беретін көрсеткіштер және жол белгілері;
тұман, көктайғақ, жауын-шашын туралы ескертетін арнайы сигналдық құрылғылар мен ауыспалы ақпараты бар жарық табло;
жүру бөлігінің бірінші кезектегі таңбалануы;
стационарлық жарықтандыру; төсеме бетін жарықтандыру;
түсті материалдардан жасалған шеттік жолақтарды салу; кедір-бұдырлы беттік өңдеу.
Бұл телімдерде қиылыстар, түйісулер және автобус аялдамаларын орналастыруға болмайды. Егер ондай жағдай болмағанда, оларды қақтығыстар және жолаушыларды қағу аймағын бөлу үшін каналданған қозғалыс жасау қажет.
Жоғары санаттағы жолдардың жел қаупі бар телімдерінде:
желден қорғау құрылымдары (орман алқаптары, дуалдар, торлар, қоршаулар, галереялар және т. б.);
жел қаупі бар учаскелерге кіреберістердегі ескерту дабылы;
желдің әсерінен автомобильдің ауытқуын ескере отырып, қозғалыс жолақтарын кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |