Лекция: 30 сағ. СӨЖ: 30 сағ обсөЖ: 30 сағ Барлық сағат саны: 90 сағ



бет3/24
Дата24.04.2016
өлшемі1.25 Mb.
#79160
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Монитор


Монитор (дисплей) - текстік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Монитор түрлі түсті және монохромды (қара-ақ ) болып бөлінеді. Монитор текстік және графикалық режимді қарстыратын видеоадаптер деген арнайы құрылғының басқаруымен жұмыс істейді.

Текстік режимде экран 80 символ не 250 символ сиятын 25 жолға бөлінеді.Бұл жолдардағы орынға кодтар таблицасындағы кезкелген символдарды енгізуге болады.

Графикалық режимде бейне не сурет телевизордағы сияқты белгілі бір түске боялған нүктелердің бірігуі арқылы құрылды. Қазіргі уақытта EGA видеоадаптері бар түрлі түсті монитор кең тараған (Enhanced Graphic Adapter –– жақсартылған графикалық адаптер)

Текстік режимде бұл мониторлардың экранында 16 түстің бірі фонға, жолға енгізілген символға сәйкес болады.

Графикалық режимде бейненің жақсы шығуы видеоадаптердің мүмкіндігіне және қабілетіне байланысты.

Бұл дегеніміз горизонталь және вертикаль бойынша шығарылатын нүктелер саны. Адаптердің мүмкіндігі немесе қабілеттілігі оның жұмыс істеу режиміне байланысты. Бейненің экрандағы ең кіші элементі (нүкте) пиксель деп аталады. Текстік режимде программалық – аппараттық құрылғылармен әр символ үшін пиксельдерден матрица құрылады,бұл матрица символ бейнесінде экранға жазылады. Суреттің, кескіннің экранға жақсы бейнеленуі манитордың физикалық берілгендеріне видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты. текстік режимде компьютер мониторларының бір – бірінен айырмасы сәл ғана, графикалық режимде видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты кескінніңде сапасы артады.


Пернетақта немесе пернелік

ДЭЕМ пернелік тақтасы немесе пернелігі, кез-келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады. Бұл күнде IBM компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандартты бар: 84 және 101 пернелік. Бірақ екі стандартта да пернелерінің қызметі бірдей тек олардың орналасуында кейбір пернелердің екі-екіден болуында ғана аздап айырмашылық бар. IBM мен үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып мынадай топтарға жіктеледі;



алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер:

Латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс,қазақ әріптері цифрлар, тыныс белгілері арифметикалық,логикалық және де басқа символдар “бос орын” белгісі;



Функционалдық пернелер;F1-F12

Єр түрлі қызмет атқаратын пернелер:, enter, tab, ctrl, alt, shift, numlock, capslock scrolllock,pause(break),prtsc,және “+”, “-”, “*”, “/” тәрізді пернелер;

Түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, Pgup, Pgdn, Bascspace және бағыттауыш тілсызық пернелер. Терілген символдар экранның “I” таңбасы яғни курсор тұрған екпінді нүктесіне енгізіледі.

Курсор (сілтеме белігі) - жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба.

Алфавиттік әрбір перне латының не қазақтың (орыстың) бір әріпін енгізе алады.Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші жолдың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша,ал қазақ орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан. Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған. Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындалай алады.Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе ЭЕМ-нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады.



Бағыттауыш ( ) тілсызық пернелер мен Home, End, Pgup, Pgdn пернелерін курсорды басқару пернелері деп аталады. Олардың қызметі:

-пернелері курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту;



Home – курсорды жолдың басына жылжыту;

Pgup - курсорды мәтін бойынша бір рет жоғары көтеру;

Pgdn - курсорды мәтін бойынша бір рет төмен түсіру;

Baskspace пен Delete пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, Baskspace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді. Бір сөзбен, екінші сөз “бос орын” пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына жылжытады. Insert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді, олар: ”Енгізу”-символдарының арасына оларды ығыстыра отырып, жаңа символ енгізу режимі және “Алмастыру”- бұрынғы енгізілген символдарды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырады. Enter – пернесін басу кез-келген команданың енгізіліп біткенін көрсетеді де, енгізіліп ақпаратты компьютермен өңделе бастайды.

Capslock, Scrolllock, Numlock - белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда мүмкін болатын екі тәртіптің бірін орындайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады.Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады.

Қосалқы режимге көшкенде пернеліктегі кішене шам жанып белгі береді.



Capslock - пернесінің негізгі режим – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптерді енгізу.

Numlock- пернесінің негізгі режимі - қосымша цифрлық пернелердің курсорды басқару тәртібін орнату болса, қосалқы - цифрларды теру тәртібін орнату.

Ctrl, Alt, Shift - пернелері тіркелу пернелері болып саналады да басқа пернелермен бірге пайдаланып әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады,сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларын білу керек.

Ctrl,Alt пернелері басқа пернелер қызметін өзгертуге пайдалынады.



Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар:

Сtrl+Alt+Delete-компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды,яғни оператциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады.Көптеген ЭЕМ-дер жүйе блогында Reset батырмасы бар. Соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады.

Ctrl+Break-орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда орындауды доғару,кейде бұл комбинция орнына Ctrl+C пернесінде болады.

Ctrl+S орындалап жатқан әрекетті уақытша тоқтата,тұрып мұның да орнына Pause пернесін басуға болады.

Shift+Prtsc экрандағы бейнені баспа құрылғысына шығару жаңа компьютерлерінде бұл экрандағы бейне буферге алу қызметін атқарады. Мәтіндерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек shift пернесінің тікелей атқаратын қызметі бар,ол бас әріп енгізуді іске асырады.Мысалы Shift+r-R бас әріпін енгізу.Ал цифрлық перненің бетінде жазылған екі символдың жоғарғы жағында көрсетілгенін енгізу үшін Shift пернесін басу қажет.Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps Lock пернесін қолданамыз.

Esc-пернесі (шығу,көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

Tab-мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды.Кейбір программада оның атқаратын қызметі басқашада болуда ықтимал:экрандағы келесі терезеге өту немесе менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с. Пернелікте латын әріптері американдық машинкалардағы секілді,ал қазақ,орыс әріптері біздегі машинанкалар таңбаларына сәйкес орналастырылған. Бұл алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы програмасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылып тұрақты күйде жұмыс жасап отырады.Кейбір драйверлер алфавитті ауыстыру үшін екі Shift пернелерін қатар басуды талап етсе,кейбір Shift+Ctrl пернелерін немесе одан да басқа комбинацияларды пайдалануды талап етеді.



Тышқан

Қазіргі көптеген прогаммалармен жұмыс істеу үшін тышқан немесе оны ауыстыра алатын құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғыларды көрсеткіш (указатель ) құрылғылар деп аталады.




Тышқан алақанға сиятын, екі не үш кнопкасы бар кішкене қорапша. Жүелік блокқа жалғанатын проводымен бірге ол шынында тышқанға ұқсайды.Тышқанды стол бетімен қозғалтқанда компьютер экрандағы тышқанның стрелкасыда қозғалады. Керекті командаға стрелканы әкеліп кнопканың біреуін бассақ, командамыз орындалады. Әдетте тышқанның сол жағындағы кнопка қолданылады.
Лекция№4,5

Ақпараттардың компьютерде өрнектелуі.
Жоспар:

1. Символдарды кодтау. Ақпараттың өлшем бірлігі.

2. Санау жүйелері туралы түсінік.

3. Кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу.



Әдебиеттер:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997


1. Символдарды кодтау. Ақпараттың өлшем бірлігі.

Компьютер есептеу жұмыстарын есептеу мақсатында құрылғанымен онда ақпараттың түрлерін өңдеуге болатыны анықталды. Кез – келген ақпаратты сандық түрде беруге болады. Әр түрлі ақпаратты компьютерде өңдеу үшін ақпаратты сандық түрге айналдыратын және сандық түрден кері түрге айналдыратын құрылғы керек.

Сонымен компьютер сандық түрде ғана берілген ақпаратты ғана өңдей алады. Кез келген ақпаратты компьютерде өңдеу үшін сандық түрге келтіру керек. Текстік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін әрбір әріп қандай да бір санмен кодталады. Экранға немесе принтерге шығарылғанда адамның қабылдауы үшін кодталған сандарға сәйкес әріптер шығарады. Берілген сандар мен әріптер арасындағы сәйкестік символдарды кодтау деп аталады.

Компьютер үшін пайдаланатын код 0 мен 1 цифрларынан тұратын тізбек. 0 мен 1 екілік санау жүйесінің цифрлары. Сандарды компьютерге енгізу және шығару өзімізге үйреншікті ондық санау жүйесінде орындалады. Қажетті басқа өңдеулердің барлығын компьютердегі программа орындайды. Есептеу техникасында ақпараттың өлшем бірлігі ретінде бит және байт алынған. Бір байтта бір символды кодтауға болады. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері де пайдаланылады.

1 байт = 8 бит

1 Кбайт = 1024 байт

1 Мбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт = 1024 Мбайт




2 Санау жүйелері туралы түсінік.

Сан түсінігі - математикадағы сияқты информатикада да басты негіз. Бірақ егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлетін болса, онда информатика үшін сандарды ұсыну әдістерін айналып өтуге болмайды, өйткені тек солар ғана жадтың қажетті қорын, жылдамдықты және есептеуде жіберетін қатені анықтайды.

Күнделікті өмірде біз ондық санау жүйесінен пайдаланағанымыз үшін барлық сандарды ондық санау жүйеде түсінеміз. Біз бала күнімізден ондық санау жүйесіне үйренгенбіз және барлық есептеулерде осы санау жүйесін қолданамыз. Ондық санау жүйесінің принциптерін және оларда түрлі амалар орындау заңдылықтарын негіздеуде біріншілерден болып Ал-Хоразмий өзінің “Хисаб ал Хинд” жазбасында қолданған және оны есептеулерде пайдалануды ұсынған. Оған дейін ғалымдар сандарды сөз арқылы жазып келген және сол кездегі заманға сай Рим цифраларын қолданып келген, бырақ бұл цифралар позицион болмағаны үшін есептеулер қиындықтар туғызған. Сонымен, ондық санау жүйесі араб цифралары деп қабылданған 10 цифрадан олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 дан тұрады. Бүгінгі күнде барлық сандар осы 10 цифралар жәрдемінде жазылады.

Бұл санау жүйеден басқа, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері де бар. Кей деректерге сенсек, ежелгі Вавилондықтарда 60 тық санау жүйесінен де пайдаланған.

Екілік санау жүйесі есептеулерді автоматтандыруда қолдану өте қолайлы. Екілік санау жүйесінің маңызы да электрон есептеу машиналарының дамуымен артты. Екілік санау жүйесі тек 0,1 сандарынан тұрады. Екілік санау жүйесі тек осы екі сан көмегімен сипатталады.

Сегіздік санау жүйесі де ЭЕМ қолданады. Сегіздік санау жүйесі барлық сандар тек сегіз цифралар көмегімен сипатталады олар 0,1,2,3,4,5,6,7.

Оналтылық санау жүйенің де ЭЕМ- да қолдану ерекше. Бұл санау жүйеде ондық санау жүйенің цифраларын және латын әріптерін қолданады. Бұл санау жүйедегі сандарға он алты цифраларда (10 цифра және алты латын әріп) тұрады. Олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,B,C,D,E,F.

Жалпы, санау ж‰йесі дегеніміз сандарды цифрлыќ тањбалар арќылы жазу мен оќу тєсілдерініњ жиынтыѓы. Санау ж‰йесі позициялыќ жєне позициялыќ емес болып екіге бµлінеді.

Ќандай да бір санды ќ±райтын цифрлар тізбегіндегі цифрлардыњ орналасуы µзгергенде сол цифрдыњ мєні де µзгеретін болса, онда оны позициялыќ деп атайды. Б±ѓан араб санау ж‰йесі жатады. Мысалы, 555 санында єр бестіњ мєні орналасу позициясына байланысты µзгереді.

Ќандай да бір санды ќ±райтын цифрлар тізбегіндегі цифрлардыњ орналасуы µзгергесе де цифрлардыњ мєні µзгермейтін болса, онда оны позициялыќ емес деп аталады. Б±ѓан римдік санау ж‰йесі жатады. Мысалы, ХХХ санында 1-ші, 2-ші, 3-ші разрядтыњ мєні 10.



3. Кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу.
Егер сан т‰зетін цифрлар разрядтарыныњ бірліктері оњнан солѓа ќарай есептегенде бір-бірінен т±раќты бір сан есе, мысалы q есе артып отыратын болса, онда сан q санау ж‰йесінде берілген деп, ал q осы ж‰йеніњ негізі деп аталады. Ондыќ санау ж‰йесі ‰шін q=10. Позициялыќ санау ж‰йесінде санды жазу ‰шін 0-ден бастап 9-ѓа дейінгі б‰тін сандар пайдаланады да, олар осы ж‰йеніњ базистік (негіздік) цифрлары деп аталады.

1-кесте


q

Базистік цифрлар

2

8

10



16


0, 1

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, F


Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, он алтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен не сандармен жұмыс істейді (базистік цифрларын 1 – кестеден қараңыз).

Он алтылық санау жүйесіндегі A, B, C, D, F әріптері осы жүйенің сәйкес 10, 11, 12, 13, 14, 15 цифрларын анықтайтын символдар.

Бір санау жүйеден екінші санау жүйеге өтуден алдын ондық санау жүйеге өтіп соң екінші санау жүйеге өткізген қолайлы.

Мысалы: Оналтылық санау жүйеден сегіздік санау жүйеге өту ‰шін алдын оналтылықтан ондыққа соң ондықтан сегіздікке өткізген жөн.

Бірақ бір санау жүйеден екінші санау жүйеге өтуде санның мәні өзгермей қалады тек оның көрінісі ғана өзгеретіне көңіл бөлген дұрыс.

1 – ереже. Кез келген жүйеде берілген кодты не бүтін санды ондыќ санау ж‰йесінде өрнектеу үшін оны

аn * qn + аn-1 * qn-1 +… + а1 * q + а0 * q0

түрінде жазып, есептеуді ондық жүйеде жүргізсе болғаны (q = 2, 16,…). Мысалы, латынша А әрпінің екілік коды (01000001)2 ондық кодта өрнектеу тәсілі мынадай (n =7)

0 * 27 + 1 * 26 + 0 * 25 + 0 * 24 + 0 * 23 + 0 * 22 + 0 * 21 +1 * 20 = 6510


2 – ереже. N – ге тең ондық кодты (не ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды) q санау жүйесінде өрнектеу үшін, алдымен N – ді q – ге бөліп, оны N = q * p1 + r1 түрінде жазып алу керек. (p1 – бөлінді, r1 – қалдық). Егер p1>q болса, оны да q – ге бөліп, p1 = q * p2 + r2 түріне келтіру керек т. с. с. Бұл процесті pk < q болған кезде тоқтатып, соңғы бөлінді мен соңынан басталған қалдықтарды бір – біріне тіркеп жазып шықса болғаны. Яғни

N10 = (pk rk-1 rk-2…r1) ; k >= 1, pk < q

Мысал. 65 ондық кодын екілік және он алтылық жүйелерде өрнектеу керек.
1) 65 = 2 * 32 + 1

32 = 2 * 16 + 0 6510 = 10000012

16 = 2 * 8 + 0

8 = 2 * 4 + 0

4 = 2 * 2 + 0

2 = 2 * 1 + 1

1<2
Бұл кодтың байт түрінде жазылуы: 01000001
2) 64 = 16 * 4 + 1 6510 = 4116

4 < 16

Керісінше, 4116 кодын ондық кодқа айналдыру тәсілі:

4116 = (4 * 161 + 1 * 160)

Лекция 6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет