IV- лекция.
ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Қола дәуіріндегі Қазақстан территориясының ескерткіштері.
-
Қазақстан территориясындағы Андронов мәдениеті.
-
Қола дәуіріндегі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы.
-
Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастар, діни нанымдар.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Археологические исследования Казахстана. - А.1973.
-
Археологические исследование древнего и средневекового Казахстана.
- А. «Наука».1980.
-
Байпаков К.М.,Ә.Х.Марғұлан. Археология институты. - Алматы. «Ғылым».1998.
-
Байбатша Әділхан. Қазақ даласының ежелгі тарихы. - Алматы. «Санат» 1998.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны (Отан тарихының очерктері).
- Алматы. «Дәнекер».2002.
-
К.Аманжолов. Қазақстан тарихының дәрістер курсы I-кітап. - Алматы. «Білім».2004.
Мақсаты: Қазақстандағы қола дәуіріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қоғамдық және мәдени өміріндегі ірі өзгерістерді қарастыру.
Тірек ұғымдары: Табиғи-климаттық өзгерістер. Еңбек құралындағы өзгерістер. Қоғамдық еңбектегі мамандану, рулық қауым ішіндегі мүлік теңсіздігі. Қола дәуіріне тән ескерткіштер. Андронов мәдениеті. Дәндібай-Беғазы мәдениеті. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Көшпелі тұрмыс пен мәдениеттің қалыптасуы. Кен ісі, металлургия. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Үйдегі кәсіптер. Қоғамдық қатынастар. Діни наным.
Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті. Металл балқытумен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңінің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды — орақ, кетпен, әшекейлер т.б. құралдар. Тарихқа дейінгі соңғы археологиялық кезеңі қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі — Металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы.
Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке — Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Ерте қ.ғ. Солтүстік Қазақстанда Феодоров, ал Орталық Қазақстанда Нура кезеңі деп аталды (б.з.д. XVIII—XVI ғ.ғ.). Орта қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда алакөл, ал Орта Қазақстанда атасу кезеңі деп аталған (б.з.д. XV—XII ғғ.) б.з.д. ХІІ ғ. бастап Андронов мәдениеті көшпелі мәдени қауымдастықтармен ауысып, Батыс Қазақстанда қима, Орта Қазақстанда Беғазы-дандыбай мәдениеті деп аталды (б.з.д. ХІІ—VIIIғғ.).
Андронов тайпаларының шаруашылығы. Андронов мәдениетіне өзендердің арналары мен көлдердің жағалауында кешенді жер және мал шаруашылықтары тән. Андронов тайпалары жартылай жер кепелерде тұрды. Олардың төбесі бұталармен, ањ терілерімен, сабанмен жабылды. Мал шаруашылығы негізінен отрықшы, бақташы болды. Негізінен ешкі, сиыр, түйе өсірді. Өзендердің аңғарында Андронов тайпалары кетпенді жер шаруашылығымен айналысты.
Андронов тайпаларының шаруашылығының ерекше саласы ретінде таукен мен металлургия дамыды. Қола ғасыры кезінде Қазақстан дүниеде алғашқы қола өндірушілердің бірі болды. Қорытылған металл көлемі өте үлкен болды. Тек Жезқазған өңірінде 100 мың т. мыс балқытылды. Ал Орта Қазақстанда 130 т. қалайы өндірілді, бұл 15 мың т. таза қола қорытуға жетерлік. Бұл көрсеткіштер тек зерттелген кендер бойынша ғана.
Андронов мәдениетінің тағы бір ерекшелігі бұл керамиканы пайдалану. Ыдыстардың формалары да әр түрлі болды — құмыра, банка тәріздес. Олар өте бай оюлармен сәнделген. Оюдың геометриялық түрі қолданылды, былайша айтқанда параллель сызықтардан күрделі крест тәрізді фигуралар — меандралар.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстанда ерте қола ғасырына жататын Қыргелді зираты мен Тасты-бұлақ қонысы зерттелген. Орта Қазақстанда Ақшатау, Бугулы обалары, Нура кезеңіне жататын Боғақара қонысы мен Қарабие, Айшырақ, Қарасай Ата су ескерткіштері зерттелген. Шығыс Қазақстанда Қапай, Сарыкөл, Қойтас обалары зерттелген. Солтүстік Қазақстанда Федоров кезеңіне жататын Бурабай, Обалы, Бирек-Көл обалары, алакөл кезеңінің Алексеевское, Ефимовка, Петропавлов қоныстары мен обалары зерттелген. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда андронов мәдениетінің ескерткіштері аз. Мұнда Тау-тары, Қойықты, Қарақұдық обалары зерттелген.
Андронов тайпаларының жерлеу дәстүрі қызық. Өлгендерді көлденең қойылған тас плиталардан жасалған тас қораптарда жерлеген, оның үстінен қорған үйген. Өліктің қасына өте бай безендірілген ыдыстарды, қола мен алтыннан жасалған әшекейлерді қойған. Кейде өлікті өртейтін, онда оның күлін жерлеген.
V- лекция.
ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАЙПАЛАРЫ
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның тайпалары. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
-
Солтүстік және Батыс Қазақстанның тайпалары
-
Шығыс Қазақстан тайпалары.
-
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуіріндегі тайпалар.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Археологические исследования Казахстана. - А.1973.
-
Археологические исследование древнего и средневекового Казахстана.
- А. «Наука».1980.
-
Байпаков К.М.,Ә.Х.Марғұлан. Археология институты. - Алматы. «Ғылым».1998.
-
Байбатша Әділхан. Қазақ даласының ежелгі тарихы. - Алматы. «Санат» 1998.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны (Отан тарихының очерктері).
- Алматы. «Дәнекер».2002.
-
К.Аманжолов. Қазақстан тарихының дәрістер курсы I-кітап. - Алматы. «Білім».2004.
Қазақстанда ауа-райының аридтік сипат алуы, жаңа, прогрессивті шаурашылықтың түрі — көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Қоныстар біртіндеп қыстауларға айналды, ал жер шаурашылығы тек қосалқы мәнге ие болды. Малдың құрамы өзгерді, енді жыл бойы тебіндікте жүретін жылқы мен қой басым болды.
Бұл ХІІ—Хғғ. Орталық Қазақстанда кешенді жер — мал шаруашылығы бар андронов мәдениетінің көшпелі Беѓазы-дандыбай мәдениетіне ауысуына әкелді. Бұл атау Беѓазы және Дандыбай обаларының атымен аталды. Бұл мәдениеттің ерекшелігі оба құрылысының жобасыныњ күрделенуі мен монументальдігі. Сыртқы көрінісі, бай жерлеу инвентары өлгендердің ру басшыларына жататындығын көрсетеді. Бұл жерде біз әлеуметтік жіктеліске түскен, мемлекет құрылуына жақын қоғамды көреміз.
Қоғамдық құрылысы. Метал мен дөңгелекті көлікті пайдалану андронов тайпаларына Қазақстанның кең даласын игеруге мүмкіндік берді. Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына көшу ежелгі қазақстандықтардың негізгі байлығы — жылқы мен қой санының көбейюіне әкелді. Андронов тайпаларының ішінде мүліктік дифференциясы басталды, ал жақсы жайылымдар үшін көрші тайпалармен басталған қақтығыстар қауым ішінен әскери аристократияның — жаунгер-күймешілердің шығуына әкелді. Б.з.д. І мың. басына андронов тайпаларының рулық қауымы ыдырай бастады, оның негізінде үш әлеуметтік топ бөлініп шықты: әскери аристократия, абыздар, қатардағы қауым мүшелері.
Андроновдықтар бірнеше патриархалды отбасынан тұратын рулық қауым болып өмір сүрген. Бірнеше туысқан қауым тайпалар құрады. “Авеста” қасиетті кітабы б.з.д. І млн. Орта Азиямен Қазақстанда өмір сүрген арий, тур, хьон, дана, сайрима, саина, даха тайпалар туралы жазады.
Біртіндеп көшпелі мал шаруашылығының дамуы Қазақстанда мекендеген тайпалардың өндіруші күштерініњ дамуына және саяси жүйенің күрделенуіне әкелді.
VІ- лекция.
ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ТАЙПАЛАР ОДАҚТАРЫ МЕН
МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІКТЕР
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Ертедегі көшпенділер дәуірі. (б.з.б. І мың жыл)
-
Қазақстан аумағындағы тайпалар және олардың қоныстануы туралы жазба деректер.
-
Сақтар (скифтер) массагеттер, дахтар (даилар) исседондар «аримаспы». Сарматтар бірлестіктерінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы.
-
Сақ тайпаларының көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. (Иран, Қытай)
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. «Білім», - Алматы.1994.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері.
- Алматы. «Дәнекер».2002)
-
Қазақ тарихынан. - Алматы. «Жалын», 1997.
-
Байпақов К.М., Марғұлан Ә.Х. Археология Институты. Қысқаша тарихи ғылыми жетістіктері. - Алматы, «Ғылым» 1998.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-кітап. - Алматы, «Білім», 2002.
-
Ермұханов Бейімбет. Қазақстан: тарихи публицистикалық көзқарас.
- Алматы, «Ғылым», 2000.
Мақсаты: Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттердің қалыптасу тарихын көрсету.
Сақтардың орналасуы. Сақ одағындағы тайпалар. Массагеттер. Сарматтар т.б. Бұл тайпалардың көршілермен қарым-қатынасы. Шаруашылығы. Әлеуметтік құрылысы. Мәдениеті. «Есік» және басқа обалар. Аң стиліндегі бұйымдар.
Қазақстан тарихындағы б.з.д. І мың. соңы мен біздің заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады.
Б.з.д. VIII—VII ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі өзгерістерге әкелді. Жетісуда сақ-үйсін, Арал өңірінде — қаңлы, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан этномәдени қауымдастықтар қалыптасты.
Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. І мың. тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады.
Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (масагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон аримаспа бірлестіктері пайда болды.
Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.
VІІ- лекция.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРТЕДЕГІ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштері
-
Шығыс Қазақстан. Майәмір, Берел, Құлжорға кезеңі.
-
Ертедегі темір дәуіріндегі Солтүстік, Орталық Қазақстанның ескерткіштері. Тасмола мәдениеті.
-
Аңдық стиль
-
Батыс Қазақстандағы савромат-сармат мәдениеті.
-
Арал-Каспий даласының тайпалары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. «Білім», - Алматы.1994.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері.
- Алматы. «Дәнекер».2002)
-
Қазақ тарихынан. - Алматы. «Жалын», 1997.
-
Байпақов К.М., Марғұлан Ә.Х. Археология Институты. Қысқаша тарихи ғылыми жетістіктері. - Алматы, «Ғылым» 1998.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-кітап. - Алматы, «Білім», 2002.
-
Ермұханов Бейімбет. Қазақстан: тарихи публицистикалық көзқарас.
- Алматы, «Ғылым», 2000.
Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Қытайда көптеген аң бейнелері жасалды, бірақ олардың ешқайсысы де көне көшпелілердің аң бейнелеріне келмейді. Скиф-сібір аң стилінің қайнар көзі көне көшпелілер қоғамының ішінде, оның әлеуметтік құрылымы мен психикасында, табиғат пен байланысында жатыр. Салт атты жүріс пен қарудың арнайы түрлерінің пайда болуы, көшпелікке ауысқан халықтың қозғалысқа икемділігі көне көшпелі қоғамда атты әскердің пайда болуына әкелді. Соғыстан басқа бұл әлеуметтік топ аңшылықпен де айналысты. Бұл атты аңшылар қоршауға түскен аңдармен арпалысқа түсетін. Ерліктің шыңы болып аңды тірідей байлап алу саналды. Тұяқты аңдар ондайда етбетінен, аяғын бауырыңа басып жатса, ірі жыртқыштар бұралып, байлаулы бауырына тұмсығын тығып жатады. Міне, аң стилінің прообраздары ретінде осы қолға түскен аңдар болды. Әрине бүкіл аң стилінің пайда болуын бірғана жауынгер аңшылардың эстетикалық талғамымен анықтауға қиын. Көшпелі қоғамда рухани мәдениет өте күрделі болған. Осыған байланысты аң стилінде біздер көп фигуралы, қиялдан туған аңдар негізгі бейнеге қосымша бейнелерді қосу сияқты композицияларды байқаймыз. Мұндай бейнелер дүниенің құрылымы туралы көзқарасты, құдайлардың күнін білдірген. Көне көшпелілердің мәдениеті сыртқы әлемінің де ықпалын сезінді. Сондықтанда скиф өнерінде Ассирияның, Мидияның, ахеменидтік Иранның, Ежелгі грецияның ықпалы сезілді. Хун мәдениеті қытайдың көркемсурет өнерінің ықпалында болды. Ал ішкі Азияны алсақ, соның ішінде Қазақстан, сыртқы импульстарден бос болды. Сондықтан да мұнда скиф-сібір аң стилінің өзіндік үлгілері пайда болды. Б.з.д. І мың алғашқы жартысында скиф-сібір аң стилінің қалыптасуынан жердің бірі Қазақстанның территориясы болды. Сөзсіз, бұл Арал теңізінің шығысы мен оңтүстік шығысындағы өңірлерді қамтыды. Тагискен, Улгарак қорғандарын қазу барысында ат әбзелдерінің қола бөлшектері, бұғының аттық, сайгактың, арқардың, қабанның, мысық жыртқыштар мен құс жыртқыштардың бейнесі бар алтын қаптамалар табылған. Бұлар б.з.д. VII—V ғ. жатады. Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениетінің қорғандарында аң стилінің көптеген туындылары да VII—VI ғ. жатады. Солардың ішінде тау ешкілерінің қола мүсіндері, қабан бейнесі бар және басқа аңдардың 5 басы орналасқан мүйіз ілгек, жыртқыш мысықтардың алтын бастырма бейнелері, жыртқыш құстық бейнесі мен бастары бөлек бейнеленген құстардың қола қаптамадағы суреті. Ғалымдардың ойынша, тасмола мәдениетінің ескерткіштерін сақтардың солтүстік және шығыс көршілері — исседон, аримаспы, агрипей тайпалары тастап кетті. Зайса көлінің оңтүстігінде Чілікті алқабында (Шығыс Қазақстан) б.з.д. VII—VІғғ. жататын қорған қазылып, онда көне көшпелілердің алтыннан жасалған аң бейнелерінің классикалық түрлері табылған, солардың ішінде: бұралып жатқан жыртқыштар, жатып бейнеленген бұғылар, қабан, жыртқыш құстар. Чілікті алқабында табылған бұл бұйымдар — көне скиф-сібір аң стилінің туындысы. Әр түрлі мұражайларда Жетісу мен Тань-Шаньда табылған ірі қола бұйымдары сақталып отыр. Бұл қола қазандар, олардың аяқтары ешкі бейнесінде жасалған, және қазанның жақтарында аңдар суреттелген. Бұл ареалға қола шамдар мен құрбандыққа арналған столдар тән, олар жыртқыш, тұяқты, қиял жануарлардың құйылған бейнелерінің композицияларымен безендірілген. Скиф-Сібір аң стилінің бейнелері жартастағы суреттерде - петроглифтер де жиі кездеседі. 1969-70ж. Алматы маңындағы Есік қаласында ең бай сақ қорғаны зерттелді. Биіктігі 6м. жететін қорғанның астында қима бөренелерден жасалған, төбесі мен едені ағашпен төселген бөлме болды. Осы қалада жерленген жас адам сәнді киінген. Оның бешпеті, көйлегі, шалбары, етігі, биік баскиімі көптеген алтын қаптамалармен тігілген. Алтын қаптамамен белдігі, семсері, қанжары да әшекейленген. Сондай-ақ оның төсеніші де алтынмен қапталған. Жалпы сол обадан жалпы 4000 жуық алтын бұйымдар табылды, олардың көбісі аң стилінің шедеврлері. Көптеген ыдыс аяқтың арасында жазуы бар күміс тостақан да табылды. Бұл есік қорғаны б.з.д. V-IIIғ. шектеледі. Егер күміс тостағандағы жазу оқылған болса, онда ғалымдар сақ тайпалырының қай тілдік топқа жатқанын анықтар еді.
VІІІ- лекция.
ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ТҰРМЫСЫ, ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Сақтардың шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы және тұрмысы.
-
Көшпелі және жартылай көшепелі мал шаруашылығына өту.
-
Діни нанымдар мен ғұрыптар.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. «Білім», - Алматы.1994.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері.
- Алматы. «Дәнекер».2002)
-
Қазақ тарихынан. - Алматы. «Жалын», 1997.
-
Байпақов К.М., Марғұлан Ә.Х. Археология Институты. Қысқаша тарихи ғылыми жетістіктері. - Алматы, «Ғылым» 1998.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-кітап. - Алматы, «Білім», 2002.
-
Ермұханов Бейімбет. Қазақстан: тарихи публицистикалық көзқарас. - Алматы, «Ғылым», 2000.
Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.
ІХ- лекция.
ҮЙСІНДЕР.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
1. Үйсіндердің шығу тегі мен орналасу жайлы дерек.
2. Үйсіндердің көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.
3. Үйсіндердің саяси тарихы
4. Шаруашылығы мен мәдениеті.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. «Білім», - Алматы.1994.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері.
- Алматы. «Дәнекер».2002)
-
Қазақ тарихынан. - Алматы. «Жалын», 1997.
-
Байпақов К.М., Марғұлан Ә.Х. Археология Институты. Қысқаша тарихи ғылыми жетістіктері. - Алматы, «Ғылым» 1998.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-кітап. - Алматы, «Білім», 2002.
-
Ермұханов Бейімбет. Қазақстан: тарихи публицистикалық көзқарас.
- Алматы, «Ғылым», 2000.
Мақсаты: Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттердің қалыптасу тарихын көрсету.
1. Үйсіндердің мемлекеттік құрылысы б.з.д. І мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде “Үйсін елі” деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұна Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Мұнда үйсіндер Хұндардың билігін мойындай отырып б.з.д. 177 ж. Жетісу, Шығыс Қазақстан мен Жоңғариядағы сақ тайпаларының ұрпақтарын біріктіріп, өз мемлекетін құрды. Б.з.д. ІІ ғ. үйсіндер Ғұндардан бөлініп Қытаймен жақындаса бастайды. Б.з.д. 53 ж. Үйсіндер екіге бөлінді.
Үйсін мемлекетінің басында “Күнбек” титулы бар билеушісі тұрды. Билік мұрагерлікпен қалып отырды. Б.з.д. 53ж. үйсін мемлекеті бөлінгеннен соң бір-біріне тәуелсіз Ұлы күнбек және кіші күнбек пайда болды. Билеушіден басқа сегіз категориядағы чиновниктер болған. Билеушінің көмекшісі дуглу титулын иемденіп, атқарушы биліктің басшысы болды. Одан төмен екі қолбасы, үш үлес билеушісі, оларды Онхо деп атады. Қолбасының көмекшілері дарту титулымен аталған. Одан басқа күнбектің орда істерін басқаратын, салық жинайтын, заңдардың орындалуын қадағалайтын шиновниктері болған.
Үйсіндердің саяси тарихы. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босынып осы аймақта ең күшті мемлекетердің біріне айналды. Қытайлар ғұндарға қарсы одақтас іздеп үйсіндермен жақындасады да, үйсін күнбегіне өз ханшаларын ұзатады. Осыны уайымдап Ғұндар б.з.д. 80ж. үйсін мемлекетінің шығыс шекараларына шабуыл жасайды, ұзақ ұрыстардан соң Қытаймен үйсіндердің біріккен күштерінен жеңілді. Осыдан кейін Жетісу мен Аспан асты империя арасындағы байланыстар бұрынғыдан да күшейді. Қытай эмисарлары ашықтан-ашық үйсін мемлекетінің ішкі істеріне араласа бастады, ал бұл, өз кезегінде елде Хұндардың жақтастарының күшейюіне әкелді. Б.з.д. 60ж. билікке халықтың ішінде беделі жоқ, тек Қытай горнизондарына арқа сүйеген Найби келді. Оған қарсы билеуші рудан шыққан Өжет көтеріліс жасайды. Найби өлгенмен 15 мыңдық Қытай әскері Өжетті келісім жасауға мәжбүр етті. Б.з.д. 53ж. үйсін мемлекеті екіге бөлінді. Өжетке кіші күнбек титулы мен 40 мың шаңырақ тиді, Ұлы күнбек титулы мен 60 мың шаңырақты Қытайдың қойған адами Янгуйби еншіледі. Ұлы күнбектің ордасы Ыстықкөл жағасында болды, Кіші күнбектікі — елдің солтүстік жағында Жетісуда орналасты.
Үйсіндердің осыдан кейінгі тарихы Ұлы және кіші күнбектердің соғыстарына толы. Біріншісі Қытайға сенпе, екіншісі — Кангар мен Ғұндар сенді. Бірақ Ғұн империясы құлаған соң солтүстік үйсіндердің олармен ара қатысы нашарлап кетті. Б.з.д. 49ж. Өжет шекара бойындағы бірнеше ұрыстарда жеңілді. Б.з.д. 44ж. Ғұндар оңтүстік үйсіндерге шабуыл жасап, олардың астанасы Чигу қаласын тонап кетті. Бұл оқиға үйсіндердің Қытаймен жақындасуына әкеліп, бұл одақ б.з.д. 36ж. солтүстік Ғұндарға қарсы жорық жасады.
Б.з.д. 30ж. Ұлы және Кіші күнбектер арасындағы қатынас тағы да шиеленісті. Өжет өлген соң, оның орнын баласы Жини басты. Алайда Ұлы күнбек Силаби (б.з.д. 33—16ж) оны қуып жіберіп орнына өз адамын отырғызды. Силыби біршама үйсін мемлекетінің тұтастығын орнатты, бірге б.з.д. 17ж. Кіші күнбектін ағасы Уйжинжан оған қарсы соғыс бастады. Силаби өлтірілді Қытай әскерінің араласуы сәтсіз болды. Б.з.д. 12ж. Уйжинжан өлтірілді, оның кіші бауыры 80 мың үйсінмен Кангарларға кетіп екі күнбекке қарсы соғыс ашты.
Екі иелік те өз тәуелсіздіктерінен айрылып, Қытай наместниктерімен басқарылды.
Б.з. ХІғ. Үйсін иеліктері Қытайдан біржолата оқшауланды. IVғ. басында Жетісу моңғол тілдес халық — сянбилердің билігіне түседі. Б.з. IVғ. аяғынан VIғ. дейін даладағы гегемония жужандарға өтті. Жожан империясының орталығы Монғолияда болды. Жожандардың толассыз шапқыншылықтары үйсін тайпаларын Жетісудың жазық өңірлерінен Тянь-Шаньға көшуге мәжбүр етті. 425ж. үйсіндер Қытайға елшілік жіберіп, 436ж. Воэй империясының елшілігін қабылдайды. Осыдан кейін үйсіндер жылда Қытайға елшіліктер мен сыйлықтар жіберіп тұрған. Vғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кету керек, “Үйсін” этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы “Үйсін” деп аталды.
Х- лекция.
ҚАҢЛЫЛАР
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қаңлылардың шығу тегі мен орналасу жайлы дерек.
2. Қаңлылардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.
3. Қаңлылардың саяси тарихы
4. Қаңлылардың шаруашылығы мен мәдениеті
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. «Білім», - Алматы.1994.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері.
- Алматы. «Дәнекер».2002)
-
Қазақ тарихынан. - Алматы. «Жалын», 1997.
-
Байпақов К.М., Марғұлан Ә.Х. Археология Институты. Қысқаша тарихи ғылыми жетістіктері. - Алматы, «Ғылым» 1998.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-кітап. - Алматы, «Білім», 2002.
-
Ермұханов Бейімбет. Қазақстан: тарихи публицистикалық көзқарас. - Алматы, «Ғылым», 2000.
Мақсаты: Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттердің қалыптасу тарихын көрсету.
Кангюй атауы (қытайша Канцзюй) алғашқы рет жазба деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі. Б.з.д. 138ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс Елдеріне жіберді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекетіде бар.
Қытай елшісінің мәмлекетіне қарағанда “Кангюй” Даваньжан солтүстік батысқа 200м жерде тұр. Бұл көшпелі иелік. Әдетте Юечжилерге ұқсайды; 90 мың әскері бар, әлсіздігі нәтижесінде оңтүстіктегі юечжилердің билігін, шығыста ғұндардың билігін мойындайды. Яньцай Кангюйден солтүстік бастыста 2000 м. жерде орналасқан. Бұл да көшпелі иелік, әдетте Кангюймен ұқсас. Әскері 100000 асады, үлкен көлдің жағасында тұр. Бұл солтүстік теңіз”.
“Хань үйінің тарихы” кітабында, “Батыс өңірі туралы мәліметте” Кангюйлер туралы нақтырақ айтылады.
Онда “Кангюй билеушісі Лоюени елінде Битянь қаласында орныққан. Люеннен 7 күндік жерде оның жазғы ордасы болѓан. Халқының саны 120000 шаңырақ, 6000000 жан. 120000 әскері бар”. Осы деректерден Кангюйдің сыртқы саясатының кейбір көріністері белгілі болып отыр. Б.з.д. 45—36ж. олар солтүстік Ғұндарды қолдап, сµйтіп, оларға қарсы үйсін және Қытаймен бірігіп қарсы шыққан. 85ж. Кангюй Қашқардағы Қытай наместнигі Бань Чаоға қарсы болған фергандықтардың көтерілісін қолдады. Сонымен қатар мынадай мәліметтер бар: “Кангюй... такаппар да асау, үлкендер алдында бас июге ешқашан келіспейді. Наместниктерден жіберген чиновниктерді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты алдымен князьдар мен старшиналарға береді, тек содан соң, ғана наместниктің адамдарына береді”.
Кангюй саясатының жалпы баѓыты Ұлы жібек жолының ферғанадан Аралға дейінгі Сырдарьямен өтетін бөлігін өз бақылауында сақтап қалуға тырысу болды. Бұл оларға сәтті болды. Ұлы жібек жолының Сырдарья арқылы солтүстік батысқа, Кавказға, Қаратеңізге, сонымен қатар Иранның оңтүстігі мен таяу Шығыс пен Индияға қатынағаны туралы қаңлылардың және Яньцай-Аланья тұрғындарының қалалары мен некропольдарын, тұрақтарын қазған кезде табылған бұйымдар дәлелдейді, солардың ішінде: Қытай монеталырымен айналары, Индиядан келген коралл моншақтары, Европадан келген қола қапсырмалар, Ираннан әртүрлі тастар бар.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толыќ зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік иран малшы тайпалары, б.з. Іғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Б.А.Литвинскийдің пікірінше, кангюйлер иран тілдес сақтардың тұқымы. Оның ойынша, Кангюй атауы сақ тайпалары бірінің атауы болуы мүмкін, оны аударғанда — “тері киімді адамдар” (немесе сауат).
Кангюй атауы (қытайша Канцзюй) алғашқы рет жазба деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі. Б.з.д. 138ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс Елдеріне жіберді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекетіде бар.
Қытай елшісінің мәмлекетіне қарағанда “Кангюй” Даваньжан солтүстік батысқа 200м жерде тұр. Бұл көшпелі иелік. Әдетте Юечжилерге ұқсайды; 90 мың әскері бар, әлсіздігі нәтижесінде оңтүстіктегі юечжилердің билігін, шығыста ғұндардың билігін мойындайды. Яньцай Кангюйден солтүстік бастыста 2000 м. жерде орналасқан. Бұл да көшпелі иелік, әдетте Кангюймен ұқсас. Әскері 100000 асады, үлкен көлдің жағасында тұр. Бұл солтүстік теңіз”.
“Хань үйінің тарихы” кітабында, “Батыс өңірі туралы мәліметте” Кангюйлер туралы нақтырақ айтылады.
Онда “Кангюй билеушісі Лоюени елінде Битянь қаласында орныққан. Люеннен 7 күндік жерде оның жазғы ордасы болѓан. Халқының саны 120000 шаңырақ, 6000000 жан. 120000 әскері бар”. Осы деректерден Кангюйдің сыртқы саясатының кейбір көріністері белгілі болып отыр. Б.з.д. 45—36ж. олар солтүстік Ғұндарды қолдап, сµйтіп, оларға қарсы үйсін және Қытаймен бірігіп қарсы шыққан. 85ж. Кангюй Қашқардағы Қытай наместнигі Бань Чаоға қарсы болған фергандықтардың көтерілісін қолдады. Сонымен қатар мынадай мәліметтер бар: “Кангюй... такаппар да асау, үлкендер алдында бас июге ешқашан келіспейді. Наместниктерден жіберген чиновниктерді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты алдымен князьдар мен старшиналарға береді, тек содан соң, ғана наместниктің адамдарына береді”.
Кангюй саясатының жалпы бағыты Ұлы жібек жолының Ферғанадан Аралға дейінгі Сырдарьямен өтетін бөлігін өз бақылауында сақтап қалуға тырысу болды. Бұл оларға сәтті болды. Ұлы жібек жолының Сырдарья арқылы солтүстік батысқа, Кавказға, Қаратеңізге, сонымен қатар Иранның оңтүстігі мен таяу Шығыс пен Индияға қатынағаны туралы қаңлылардың және Яньцай-Аланья тұрғындарының қалалары мен некропольдарын, тұрақтарын қазған кезде табылған бұйымдар дәлелдейді, солардың ішінде: Қытай монеталырымен айналары, Индиядан келген коралл моншақтары, Европадан келген қола қапсырмалар, Ираннан әртүрлі тастар бар.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік иран малшы тайпалары, б.з. І ғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Б.А.Литвинскийдің пікірінше, кангюйлер иран тілдес сақтардың тұқымы. Оның ойынша, Кангюй атауы сақ тайпалары бірінің атауы болуы мүмкін, оны аударғанда — “тері киімді адамдар” (немесе сауат)
ХІ- лекция.
ҒҰНДАР.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
1. Ғұн мемлекетінің құрылуы және нығаюы.
2. Ғұндардың этникалық және саяси тарихы
3. Ғұндардың әлеуметтік-экономикалық қатынастары. Шаруашылығы.
Мәдениеті. Діни нанымдары.
4. Ғұндар Еуропада. Ұлы қоныс аудару.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. «Білім», - Алматы.1994.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері.
- Алматы. «Дәнекер».2002)
-
Қазақ тарихынан. - Алматы. «Жалын», 1997.
-
Байпақов К.М., Марғұлан Ә.Х. Археология Институты. Қысқаша тарихи ғылыми жетістіктері. - Алматы, «Ғылым» 1998.
-
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-кітап. - Алматы, «Білім», 2002.
-
Ермұханов Бейімбет. Қазақстан: тарихи публицистикалық көзқарас. - Алматы, «Ғылым», 2000.
Мақсаты: Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттердің қалыптасу тарихын көрсету.
1. Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822 ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін “сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері — дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б.з.д. 188 ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Қытай императоры Гао-ди өз әскерімен бірге Байден тауында қоршауға түсті. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Қытай ғұндарға жылсайын салық төлеуге тиіс еді. Моде өлгеннен кейін бейбіт кезең бірнеше ондаған жылдарға созылды. Оны император Уди бұзды. Соғыс б.з.д. 129ж. басталып, 2 жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қытайлар Ғұндарды Ордостан ығыстырса, б.з.д. 90 ж. Яньшань тауының жанында күйрей жеңілді. Сенгир Хулагу өз бітімінің шарттарын талап етті. Бірақ бейбітшілік ұзақ болмады. Б.з.д. 59 ж. Ғұн мемлекетінде өзара қырқысулар басталады. Сенгирлердің билікке таласына қытай дипломатиясы өршітіп отырды.
Б.з.д. 47 ж. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылары Қытай билігін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай басқыншыларына қарсыласа отырып, кангар еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, біздің заманымыздың шегінде ғұн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшуі басталады. Б.з 93 ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асыруымен тарбағатайға одан кейін Орталық Қазақстан мен Сырдарья жағалауына дейін жетті.
Ғұн мемлекеті. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з. І ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа (бейбітте, соғыста) түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айрылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.
375 ж. төменгі Поволжьеде көшіп жүрген Баламбера бастаған ғұндар Доннан өтіп, остготтардың тайпалық одағына соққы береді. Остготтардан батысқа қарай тұрған вестготтар ғұндардан сақтанып, Дунайдан өтіп Шығыс Рим империясының жеріндегі фракияға тұрақтайды. Сµйтіп “Халықтардың ұлы көші” басталды. Біртіндеп ғұндар ары қарай батысқа ене берді. Шығыс Рим империясының жеріне де жиі-жиі еніп отырған. 305 ж. Ғұндар Константинопольдің дауалдарына дейін жетті, сол жылы олар Месопотамия мен Закавказьеге жорық жасады. Ұйымдаспаған, олжа үшін жүргізілген шапқыншылықтардан енді олар ірі жаулап алуларға көшеді. Әсіресе ғұндардың Рим жеріне шабуылдары Ругиле патшаның тұсында күшейіп, (V ғ. 1-ширегі) Римнің бай дунай провинцияларын басып алады. Осыдан Панония (қазіргі Венгрияның жері) Ғұн мемлекетінің орталығына айналды. Шығыс Рим императоры Ругилеге жылында 350 фунт алтын төлеуге міндетті болды. Римдіктермен жүргізген соғыстардың сәттілігі Ғұн ақсүйектерін байытты, оларда мал мен құлдар көбейді.
Ругила өлгеннен кейін, 434 ж. билік оның жиендеріне ағасы Мундзунаның балаларына — Блезе мен Аттилаға (Еділ) өтті. 437 ж. Ғұндар Бургунд корольдығын талқандады, осы оқиғаның желісі “Песни о Небелунгах” жырында орын алды. 445 ж. Аттила өзінің ағасы Блезуды өлтіріп, дара билейді. Оның билігі қысқа болғанмен, оқиғаларға толы еді.
Аттила өзінің алғашқы соққыларын Шығыс Рим империясына бағыттады да, 448 ж. оған жыл сайын салық төлетті. Сонын герул, осгот пен гепид герман тайпаларын біріктіріп, Батыс Рим империясына қарсы соғыс бастады, Батыс Риммен вестготтар, аландар, бургундтер, франктер одақтас болды. 451 ж. екі әскер арасындағы шайқас Аттиланың жеңілуімен аяқталды, алайда келесі жолы оның әскері Римге жақын императорды қашуға мәжбүр етті. 453 ж. Аттила өлген соң оның мемлекеті ыдырап кетті.
Оның балаларының арасында қырқыс басталды. Ал бұл жағдайды қол астындағы бағынышты тайпалар пайдаланып кетті. Алдымен Паноний мен Карпатта тұратын Ипидтер бас көтерді. Недар өзені бойындағы шайқаста ғұндар жеңіліс тапты. Аттиланың үлкен ұлы Элак өлді. Кіші ұлы Ирнак, қалған ғұндармен Карпаттан батысқа кетіп Қара теңіз жағалауына келді. Осы жерде біртұтас ғұн мемлекеті бөлек-бөлек иеліктерге бөлініп кетті: хазар, утургур, кутургур, сібір. Дунайдан Волгаға дейін қоныстанған бұл тайпалар өзара жиі қақтығысып отырды.
Ғұндардың Қазақстан жеріне жаппай енуінен және ғұн, кангар тайпаларының ары қарай батысқа өтіп кетуімен жергілікті халықтың антропологиялық типінің өзгеруі және түрк тілінің протоқыпшақ диалектісінің таралуына байланысты болды.
ХІІ- лекция.
Түрік қағанатының құрылуы.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Түрік қағанатының құрылуы.
-
Түркілердің тегі туралы деректермен зерттеулер.
-
Өндіргіш күштердің дамуы.
-
Қоғамдық құрылысы, халық кәсібі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы. «Білім», 1994.
-
Байпаков К.М. По следом древних городов Казахстана. - Алматы, 1990.
-
Маргулан А.Х. Казахстан в эпоху феодализма. - Алматы, 1981.
-
Кляшторный С.Г.Султанов Г.И. Казахстан:летопись трех тысячелетии. – Алматы, 1992.
Мақсаты: VI-XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы түрік мемлекетінің саяси тарихының даму заңдылықтарын көрсету.
Тірек ұғымдары: Түркілердің тегі туралы деректер мен зерттеулер. III-V ғ.ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Ашин руы. «Түркі» этнонимі. Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түркілер Жужань империясының құрамында.
Бумын қаған және Түркі қағанатының құрылуы. Батыс Вэй патшалығымен жасырын одақтастық. Анахуаньға қарсы күрес. Шығыс Саясаты. Иштеми қағанның батысқа жорықтары. Таспар қағантұсындағы қағанаттың күшеюі. Византиямен, Иранмен және Қытаймен қатынасы. Жұт, билік үшін қырқыс, VI-ғ. соңында қытайлықтардан жеңілңс табуы. Қағанаттың әлсіреуі,оның батыс және шығыс қағанаттарға бөлінуі.
Түрік қағанатының құрылуының тарихи маңызы. Л.Гумилев («Древние тюрки») ертедегі түркілер мәдениеті жөнінде. Ертедегі түркілердің тарихы мен мәдениетін зерттеудің бүгінгі жағдайы.
1. Түрк қағанатының құрылуы. Үйсіндердің күші қайтқан соң Жетісу үнемі қақтығыстарға ұшырап отырды.
V ғ. Осында келген жожан әскерлері үйсіндерді өз иеліктерін далалық бөліктен Тянь-Шаньға ауыстыруға мәжбүр етті. Бос қалған жерлерге юечжилердің қалдықтары орналаспақшы болды, бірақ 418—419ж. Жожандармен соғыстан соң олар Орта Азияға кетуге мәжбүр болды, ол жерде олар перс және эфталиттермен қақтығысты. Шу мен Талас өзендерінің жоғарғы ағысын кангарлар басып алып, жожандардың батысқа жылжуын тоқтатты.
Жетісу мен Шығыс Қазақстан Жожан мемлекетінің шегі болғандықтан оларға көңіл аз бөлінді. Бірақ дәл осы жерде, Алтайда Жожандарға қарсы тұра алатын күш қалыптаса бастады.
Солтүстік-Шығыс Жетісуда, Ертіс аңғары мен Жоңғарияда мекендеген көптеген теле тайпалары 482ж. Жожандарға қарсы көтеріліс жасап, өз мемлекетін құрды. Ол көп өмір сүрген жоқ, 516ж. телелер қайтадан Жожандарға бағынышты болды. Алтай тайпаларының бірі — ашина — Жожандар үшін темір балқытты. Бұл тайпаға евразия тарихында ерекше бір роль орындау жазылған. Осы ашина қоластындағы халықтарды түрік деп атады. “Түрк” сөзінің өзі — күшті, мықты дегенді білдіреді. А.Н.Кононовтың айтуынша бұл сөз басында саяси мәнге ие болған, онымен ашина тайпасының билеуші руын құраған дала ақсүйектерінің отбасы мүшелерін атаған. Тек кейін ғана түрк қағанына бағынған барлық тайпалардың ортақ атына айналды.
545 ж. теле тайпалары Жожандарға қарсы тағы да көтеріліске шығады. Жаңа мемлекеттің басына ашина-түрктерінің билеушісі Бумын келді. 551ж. ал Қытаймен одақ жасасып, Жожандарды талқандап, Ель-хан титулын қабылдады. 552 ж. Бумин өлген соң таққа оның баласы Қара-Есік хан отырды. Ол да жожандарға жаңадан соққы берді. Жеңістен соң белгісіз жағдайда хан қайтыс болып, оның орнына ағасы Муган-хан келеді. 553ж. жожандар тағы бір рет жеңіледі. Енді түрктер Алтайдан шығысқа қарай бүкіл даланың қожайыны болады. Келесі жылы түрктер батысқа қарай жорыққа аттанады, оны Бумынның кіші бауыры Истеми каган бастайды. Жожандардың шапқыншылығынан әлсіреген үйсіндер қарсылық көрсете алмады, сөйтіп 555ж. Истеми әскері Арал теңізі мен Ташкент маңына жетеді. Бірақ Аралдың солтүстігінде өмір сүрген уар мен хионит тайпалары қатты қарсылық көрсетіп, тек 558 ж. ғана бағындырылды. Түрктер Еділге жетті, бірақ оны өткен жоқ. Сөйтіп қысқа мерзім ішінде Еділден Хинган тауларына дейінгі аралықта үлкен көшпелі империя құрылды.
ХІІІ- лекция.
Түрік қағанаты ДӘУІРІНДЕГІ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Түрік қағанатының қоғамдық-саяси құрылысы.
-
Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі.
-
Түрік қағанатының халықаралық байланысы
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы. «Білім», 1994.
-
Байпаков К.М. По следом древних городов Казахстана. - Алматы, 1990.
-
Маргулан А.Х. Казахстан в эпоху феодализма. - Алматы, 1981.
-
Кляшторный С.Г.Султанов Г.И. Казахстан:летопись трех тысячелетии. – Алматы, 1992.
Жаңа мемлекеттің басында қаған тұрды, қағаннан кейінгі екінші адам, оның туысқаны, “ягбу” титулын иемденді. Тақ мұрагері қызметіне қарамастан тегин деп аталды, ал қағанның барлық туыстары өз аттарына “шад” лауазымын тіркеген. Мұрагерлік үлестік жүйемен берілді. Ол бойынша тақ Әкеден балаға емес, үлкен ағасынан кішісіне немесе Кіші нағашысынан үлкен жиеніне берілді. Мұрагерлікті күтіп, шадтар басқаруға үлес алған.
568ж. түрк мемлекеті 4 үлеске бөлінген, ал 576ж. - сегізге. Қағанның өз ордасы Алтайда орналасқан.
Әлеуметтік жағынан түрктер үш топқа бөлінген — бектер, қара-будун (негізгі қауын), таттар (құлдар) қолға түскен тұтқындар. Түрктерге бағынған теле тайпалары оғыз деп аталды.
Түрк қағанаты пайда болысымен сол кездегі дүниежүзілік империялармен бір қатарға тұрды.
IV ғ. 60ж. түрктер Бэй-Ци және Бэй-Чжой Қытай мемлекеттерінің өзара күресіне араласып, екеуіне де салық төлетті. Тобо-хан қаған айтқан екен: “Оңтүстіктегі екі бала (Чжоу және Ци) бізге бағынышты болса, кедейліктен қорқпауға болады”. 560ж. түрктер Орта Азияда эфталиттермен соғыс кезінде Ташкент пен Зерафия жазығын басып алды. 565ж. Несефи маңындағы ұрыста Истеми-каган бастаған түрктер жеңіп, Соғдыны қағанатқа қосты. 570—576жж. түрктер Солтүстік Кавказда, ал 576ж. Боспорда жаулап алды. Осы жаулап алулардың нәтижесінде Түрік қағанаты Ұлыжібек жолының барлық маңызды бөліктерін өз бақылауына алды, бұл болса керуен саудасынан түрік ақсүйектеріне көп кіріс әкелді. Алайда өзара қырқыстардың нәтижесінде көп ұзамай Түрк қағанатының шаңырағы шайқалды.
Қаған — мемлекет басшысы, әскер басы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерін басқарды, тайпа басшыларын бекітті. Қаған руынан шыққандар ғана мемлекеттегі жоғарғы шендер жабғу, шад, ел тебер атағын алды. Сот қызметін бұйрықтар мен тарқандар атқарды.
Шаруашылықтың негізгі түрін көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар отырықшы егін шаруашылығы құрады. Батыс түрік мемлекетіндігі тайпалардың өзара диалектік айырмасы болғанмен, олар бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Екі түрік қағанатында да орхон жазуы кең таралды. Қытай үстемдігі кезеңінде қол жаулыққа айналған қоғамның саясатына қарсы тайпалар азаттық күресін жүргізіп, оның соңы VIII ғ. басында түркештердің жеңісімен аяқталды.
ХІV- лекция.
Батыс Түрік және Түргеш қағанаты.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Батыс түрік қағанаты.
-
Түргеш қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдық құрылысы.
-
Қазақстан территориясындағы қала, қоныстары
-
Түргеш қағанатының Соғдымен байланысы.
-
Арабтардың Оңтүстік Қазақстанды жаулауы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы. «Білім», 1994.
-
Байпаков К.М. По следом древних городов Казахстана. - Алматы, 1990.
-
Маргулан А.Х. Казахстан в эпоху феодализма. - Алматы, 1981.
-
Кляшторный С.Г.Султанов Г.И. Казахстан:летопись трех тысячелетии. – Алматы, 1992.
Тірек ұғымдары: Батыс түркі қағанаты: территориясы, тайпалары. Жазба деректер. Жегуй және Тон-Жабғу қағандар тұсында қағанаттың күшеюі. Ішкі құрылымы: «он оқ бұдун». Соғдылықтар Батыс түркі қағанаты өмірінде. Дулу және нушиба тайпалары арасындағы күрес. Қытай шапқыншылығы. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарыс және оның ыдырауы.
Түргеш тайпалары туралы жазба дерек мәліметтері. Үш Елік қаған және түргештердің Батыс Түркі мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, қағанаттың уақытша құлдырауы. Қағанның батысқа жорығы туралы Орхон жазбаларының мәліметтері. Сулук қағанның билікке келуі және түргеш мемлекетінің күшеюі, арабтарға қарсы күрес. Сары және қара түргештер арасындағы күрес. Қағандықтағы саяси дағдарыс. Қытай шапқыншылығ. Суябтың, Тараздың талқандалуы.
Батыс Түрік қағанаты (603—704). Түрік әлемінің батыс бөлігін қамтыған Түрік Батыс қағанаты. Шығыс Түркістаннан Әмударияға, Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ далаларына дейінгі аумақта түріктердің ежелгі мекенінде орналасып, астанасы Суяб қаласы, ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Этникалық бірлестік өзегін Шу өзенінен Шығысқа қарай бес тайпа дулу, батыста бес тайпа нушби тайпалары құрады. Бұл он тайпа “он оқ будун” деп аталды.
Орталық биліктің күшейген тұсында Шеғуй қаған (610—615) және Тон жабғу қаған (618—635) шекараны Үндістанның солтүстік батысына дейін кеңейтті. Бірақ Қытай императорларының қыйтұртқы саясаты мен билеуші топтың саяси әлсіздігі ыдыраушылыққа алып келді. Осыны күткен Таң империясы Жетісуды басып алып, билікті бағыншты қағандар арқылы жүргізді.
Түркеш қағанаты (704—756...) Шу-Іле өзендерінің аралығындағы үлкен аймақта өмір сүрген түркеш тайпалары Үштік қаған басшылығымен 704 жылы Жетісуда билікке келді. Түркештер соғдыдан Тұрпан мен Бестолыққа дейінгі аралықта билігін орнатты. Үлкен және кіші ордаға бөлінген түркештер үстемдік үшін күресте сары (Шу және қара (Іле) түркештер болып екіге айрылды. Суябта орналасқан Үлкен орда жеңіліс тауып, билікке орталықтарын Таласқа көшірген Кіші орда өкілдері қара түркештер келді. Таққа Сұлық қаған отырды. Түркештердің ішкі қырқысы кезінде, Орта Азия тарихының жаңа кезеңі бастау алған еді. VIII ғ. Басында арабтар Маураннахрды жаулап ала бастады. Соғды-араб соғыстары кезінде түркеш әскерлері соғдылықтарға көмекке келіп, арабтарға елеулі қарсылық көрсетті. Бірақ, 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қанаған түркештермен соғысын жеңіп шығуы елдегі саяси тұрақсыздықты асқындырып жіберді. Билікке Сұлу қағанның (715—738) келуінен кейін қағанат қайта нығайды. Сұлу қағанның көрші соғды елінде арабтарға қарсы соғысы кезінде ел ішіндегі сары және қара түркештер арасындағы күрес пен оған дем беруші Таң патшалығының саясаты билікті әлсіретіп, сұлу қағанның өз қолбасшылары тарапынан қаза табуына алып келді. Осыны күткен Қытай империясы Суяб, Талас, Шашты жаулап алып, елді үлкен күйзеліске ұшыратты. Түркештердің Қытай езгісіне қарсы күресі, тек сыртқы күштердің көмегі арқылы жеңіске жетті. 751ж. Тараз маңындағы Атлақ қаласының жанында Зияд ибн Салих басқарған араб әскері Гао Сяньчжи бастаған Қытайлықтарды күйрете жеңіп, 50 мың әскерін өлтіріп, 20 мыңын тұтқындайды. Жеңіске Қытай жағында соғысқан Қарлұқтардың арабтарға өтуі өз үлесін қосты. Бұл ірі жеңістің тарихи маңызы, Қытай империясының сан ғасырлар бойы қазақ жерін жаулау ішкі саясатына араласу әрекетін тоқтатып, осыдан кейінгі кезеңде империя әскері Қазақ жеріне енген жоқ.
756ж. ішкі қырқыстар мен соғыстардан әлсіреген түркеш билігін қарлұқ тайпалары жеңіп алды.
ХV- лекция.
ҚАРЛҰҚ МЕМЛЕКЕТІ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Қарлұқ мемлекетінің этникалық, саяси тарихы.
-
Қарлұқтардың қоныстануы.
-
Арабтар мен жүргізген соғыс қимылдары.
-
Қарлұқ мемлекетінің қоғамдық саяси құрылысы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы. «Білім», 1994.
-
Байпаков К.М. По следом древних городов Казахстана. - Алматы, 1990.
-
Маргулан А.Х. Казахстан в эпоху феодализма. - Алматы, 1981.
-
Кляшторный С.Г.Султанов Г.И. Казахстан:летопись трех тысячелетии. – Алматы, 1992.
Тірек ұғымдары: Қарлұқ тайпалары туралы жазба деректер. Қарлұқтардың шығу тегі туралы. Қарлұқтардың Жетісуға келуі. 751 жылғы араб және қытай әскерлерінің Талас бойындағы ұрысы,оған қарлықтардың қатынасуы. Ұрыстың тарихи маңызы. Қарлқтар мен оғыздар. Қарлық мемлекетінің құрылуы, оның сыртқы саясаты. Ұйғыр қағанатымен күрес. Қарлұқ билеушілерінің қаған лауазымын қабылдауы. Саминилерге қарсы күрес. Испиджап, Тараз қалаларын алуы. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдауы. Қарлұқтар мен қарахандар әулеті. Қарлұқтардың шаруашылығы, сауда-саттық қатынастары. Қалалар мен Жібек жолы.
1. Қарлұқ мемлекеті. Алтайдан Балқаш көлінің шығыс жағалауына дейінгі аймақта өмір сүрген Қарлұқ тайпалары Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарына бағынды. 742 жылы Шығыс Түрік билігі үшін болған тайталаста жеңіліс тауып, Жетісу жеріне ауады. Билікке келген 756 жылдан бастап, келесі онжылдықта Қашғарияны, ал VIII ғ. аяғына қарай Ферғананы да жаулап өз билігін орнатты.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрі болды. Ал басқару түрі әскери — әкімшілік жүйесі бойынша жүргізілді. Қарлұқ билеушісі 840ж. дейін жабғы, осы жылдан бастап — Ұйғыр қағанатының құлауымен — ең жоғары билеуші — қаған лауазымын иеленді.
840 жылы Саманилер Испиджабты басып алды, бірақ басқару жүйесіне сол түрік әулеттері иелік етті. Саураннан Талас аймағына дейінгі жерді қамтып жатқан испиджаб аймағы арқылы ислам діні Жетісу аймақтарына тарала бастады. ІХ ғ. соңында Саманилерге қарсы соғысты Жетісу түріктері 904 ж. Мауереннахрға дейінгі жерді аз уақытқа болсада басып алып отырды.
Қарлұқ бірлестігіндегі тайпалардың жеке басқару жүйесі енді бір орталықтан басқаруға кері әсерін тигізіп отырды. Ішкі тартыстар 940 жылдары қарсыластардың жеңісіне алып келді.
ХVI- лекция.
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Оғыз тайпаларының Қазақстан территориясына қоныс аударуы.
-
Оғыз мемлекетінің құрылуы.
-
Оғыз қағанатының этникалық және тайпалық құрамы.
-
Оғыз қағанатының қоғамдық, саяси құрылысы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Мақсаты: VI-XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы түрік мемлекетінің саяси тарихының даму заңдылықтарын көрсету.
Тірек ұғымдары: Оғыз тайпалары туралы жазба деректер. Оғыздар Түркі қағанатының құрамында.Оғыздар Жетісуда. Оғыздардың Сыр бойы және Арал маңына келуі. Печенегтермен күресі. Оғыз хандығы IX-XI ғ.ғ. М.Қашқари оғыздар жөнінде. Оғыз-қыпшық қатынастары. Оғыз тайпаларының шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері.
1. Оғыз мемлекеті. Оғыз тайпалары Түркеш қағанаты құлағаннан кейінгі қарлұқтардың билікке келу барысында Жетісудан Шу өзені аңғарына қоныс аударды. ІХ ғасырда кимектермен және қарлұқтармен бірлесе Сырдарияның орта ағысы мен Арал теңізін, өзіне қаратып алды.
ІХ ғасырдың соңында хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңіп, Жайық пен Еділ аралығын бағындырды. Осы жеңістердің барысында Оғыз тайпалық бірлестігіне Сырдария жазығы мен Арал-Каспий далаларының ежелгі тайпалары, Жетісудың көшпелі тайпалары кірді. Махмұт Қашқаридың дерегі бойынша алғашында онда 24 тайпа болған.
Х ғасыр басында Оғыз даласына батыста Хазарияға дейінгі, Солтүстік Каспий маңы, Оңтүстік Шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм кірді. Мемлекет астанасы Янчикент қаласы болды. Жоғарғы билеуші жабы деп аталды. Монархиялық билік кеңестерде бекітілді. Әскери басшысы — сюбашы маңызды рольге ие болды. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды роль атқарды. 965ж. Киев князімен одақтаса отырып Хазар қағанатын жеңді. Орталық билікке қарсы оғыз тайпаларының көтерілісінде селжуқтар ішінара негізінен жеңіске жеткенмен, жеңіліске ұшырады. Ішкі қыпшақ тайпаларының тегеурінді соққысы оғыз мемлекетін бір жолата құлатты.
ХVІI- лекция.
ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Қимақ тайпаларының Қазақстан территориясында қоныстануы.
-
Қимақ қағанатының құрылуы.
-
Қимақ қағанатының этникалық және тайпалық құрамы.
-
Қимақ қағанатының қоғамдық саяси-құрылысы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Мақсаты: VI-XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы түрік мемлекетінің саяси тарихының даму заңдылықтарын көрсету.
Тірек ұғымдары: Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мемлекеттері. Қимақтардың тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Шаруашылығы,қалалары. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конференциясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Көрші тайпалардың басқыншылығы.қағанаттың әлсіреуі.
1. Қимақ қағанаты. Қазақ даласының саяси аренасында ІХ ғасырда қимақтардың мемлекеті пайда болып, құрамына Алтайдан Сырдарияға дейінгі көптеген тайпалар енді. Бұл мемлекеттің негізін құраушы имақ тайпасы VIIғ. ортасында Шығыс Қазақстанды мекендеді. Жергілікті ертіс тайпаларын бағындырған имақтар конференция құрды. Қорлұқтармен тұргеністердің арасында болғанына қарамастан олар өз тәуілсіздігін сақтап, өз ықпалын көптеген қанғар тайпаларына, руларына билік жүргізді.
Ұйғыр қағанатының 840ж. ыдырауымен қағанат құрамындағы тайпалардың бір бөлігі қимақ одағына енді. Осының арқасында күшті мемлекет пайда болды. Ел басы Х ғасыр басында “қаған” дәрежесіне көтерілді. ІХ ғасырда қимақ мемлекетіне имақ, ланиказ, ажлад, баяндур, татар, қыпшақ тайпалары кірді. Қағанаттың ең ірі және ықпалды тайпасы қыпшақтар болды. Қимақтардың жазу-сызуды пайдаланғанын жазба деректер атап өтеді. Мәдени тұрғыда қимақтар ежелгі түрік наным-сенімдерімен салт-дәстүрлерін ұстаған. Басты дін тәңіршілдікпен бірге шаманистік бағыттағы рухқа, отқа, аспан денелеріне табынушылықтың болғанын айтады. Археоологиялық ескерткіштер мүрдені мұсылманша жерлеумен Әл-Қимақи секілді мұсылман ғұламаларының болуы қимақтар ішінде исламның тарала бастағанын көрсетеді. ХІ ғасырдың басында қағанат ыдырап, қимақтар билігі қыпшақ тайпаларының қолына өтті.
ХVІІI- лекция.
VI-IX ғғ. І-жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
-
Қала мен қоныс құрылысы. Зираттар.
-
Көшпелілердің материалдық мәдениеті.
-
Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.
-
Архитектура және өнер.
-
Наным сенімдер және дін. Тіл, жазу және әдебиет.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Біздердің көпшілігіміз жаңа туған айды көрген аталарымыз бен әжелеріміздің екі қолын кеудесіне басып, үш рет қайталап, оған сәлем беріп жатқанына талай рет назар аударған болармыз, сірә. Сондағы айтар сөздері былайша:
Бісмілла!
Ай көрдік, аман көрдік,
Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа! - деп, басталады да:
"Құдай, өзің жарылқай гөр, жақсылығыңды аяма! Аллау акпар!"- дегенді қосып қояды да, өз істерімен одан әрі айналыса береді. Біздерге алыс уақыт тереңінен жеткен "сәлем беру" әдеттен тыс көрініс болса да, оның астарында және осылайша айту әдет-ғұрпында терең, өзінің ұзақ тарихы бар мән жатыр.
Бұл сәлемдесуге кемінде үш-төрт мың жыл. Ертедегі сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, көк түріктер, түркештер, ұйғырлар, қарлұқтар бір дінге, бір құдайға - Тәңірге (Аспанға) табынды.Тек ұйғырлар аз ғана уақыт аралығында ерте христиандықтың бір түрі манихейлікті ұстанды, кейінірек Тәңірге табынуға қайта оралды. Ежелгі уақыттардан түріктер тәңірге табынушылар еді.
Тәңірге табынушылықта көк аспан, ашық күн, жарық ай ең қасиетті, құдыретті деп есептеледі. Аспан немесе Күн-Тәңір барлық мәндінің бәрінің жаратушысы, құдыретті иесі деп саналады, ал мемлекетті басқарушы, қаған - елдегі жоғары лауазымды адамға аспан құрметтеген (Тәңірқұты) құдырет ретінде табынды. Сондықтан ғұндар көсемдері туралы: "Ол аспан мен жерден, күн мен айдан жаралған оны таққа отырғызды, ол ғұндардың (Тәңірқұты) ұлы, әрі құдыретті басқарушысы,-делінген" ( "Хан әулетінің кітабы", 96 "А"). Үйсіндерде көсемдерін Күнби деп атады, мұнда құдырет немесе аспандық мән бар. Таста қашалған ерте түрік жазуларының біздерге жеткен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл туралы былай деп жазылады: "Жоғарыда аспан пайда болғанда, төменде қара жер көрінді, ал олардың арасында адамзат балалары туындады". Бұл жазулардан таққа ие болу, басқарушы мен халықтың әл-ауқаты Тәңірге деген сенімге сүйенеді деген айқын аңғарылады және де дін мен мемлекеттік саясат қол ұстасып, ажырамай жүрді, екеуі бірге ел мен халықты басқарудың құралы болды. Билеушілердің өздері де, алдымен Тәңірдің (Аспанның) қолдауының, құдырет күшінің арқасында, содан кейін жеке артықшылықтары мен сәттіліктің нәтижесінде олар таққа отырдық, қаған атандық және халықты биледік деп санады.
Сондықтан да біздердің ата-бабаларымыз Аспан мен Тәңірді қасиеттеп, тең мәнді тұлғалар санады, сонымен бірге жерлік бастау мен құнарлылықты кейіптеуші Ұмай жері ерекше қастерленді және сулар, таулар солардың атымен аталғанын байқауға болады. . Ғұндар мен үйсіндер биік, құдыретті тауларды мекендеді, Чиляншан деп аталатын етектері де Тәңір тауларына лайық делінді. Тянь-Шань, Тәңір таулары деген қытай атаулары ғұндардан қалған атаулар, өйткені Тянь дегеніңіз Тәңір деген сөз.
Біздердің әкелеріміз, аталарымыз және бабаларымыз өмірінің көпшілік бөлігін ат үстінде, биік көк аспан астында өткізді, олар жылқы тұяғының дүбірі арқылы жерге құлақ түрді. Тамағын төрт аяқты малдан алды, ал жүрегі мен жанын аспан толықтырды, шексіз аспан әлемі олардың рухани азығы болды, кең дала көлемімен аспанға теңелді, сондай-ақ биікке, аспанға ұмтылған таулардың биік төбелері аспанға сәйкестенді.
Табиғаттың кез-келген құбылысына ат берген ертедегі малшылар ең алдымен оның сыртқы түріне, кейпіне, түсіне және бояуына, табиғаттағы орнына назар аударды. Бірде-бір зат көшпендінің көзінен сырт қала алмады. Ол алдын да, артын да жіті қадағалады. Түріктер аспанды тек құдырет деп қана қоймай, оны сүйді, оған сүйсінді, сонымен бірге одан қорықты, сақтанды. Бұған себеп Күн жылу мен жарық беріп, сонысымен өмір сүргізді, және ол аспанмен күн сайын өтіп, сонысымен көшу үлгісін көрсетті. Түріктер табиғатта Күннен күшті ештеңе жоқ екенін түсінді.
Аттың жалы, түйенің қомындағы өркениет өмір мен өлімнің, гүлдену мен солудың бірыңғай қайталамасы ретінде күннің шығуы мен батуынан үлгі алды. Таңертең, бірінші кезекте, біздің ата-бабаларымыз күнге, оның қалай шыққанына назар аударды, сондай-ақ оңы мен солында және артында не болып жатқанын қырағы байқады. Күннің көзі үйге түсуі үшін, киіз үйдің есігі шығысқа қаратылды. Халық пен әскерді осылайша басқарды, оң және сол қанаттың бектері Шығыс пен Батысқа сәйкес болды, сол қанаттағы бек Шығыста, оң қанаттағы бек - Батыста басқарды. Сол немесе шығыстық бек қағаннан кейінгі бірінші лауазымға ие болды. Әскерлер сапар кезінде немесе шайқас үстінде осындай тәртіпті ұстанды.
Уақыт та Күн қозғалысы бойынша есептелінді. Ал Айдың аспанмен жылжуы жылдық күнтізбе негізіне алынды. Табиғаттағы өзгерістер аспан жұлдыздарының қозғалыстарымен байқалды, ал шаруашылық жұмыстары соларға қарап жүргізілді.
Түрік халықтарында Көк-Аспан сөзімен әрқашан Тәңір-Құдай қатар қойылды. Барлығының, қоғам мен табиғаттың өз жөн-жүйесі, тәртібі болды, жаман мен жақсы, керекті мен керексіз тек Құдай-Тәңір арқылы қаралды, адамның тууы, оның борышы мен міндеттері, адамдық мінездерінің көрінуі, адамдық пен киелілік тек Аспан арқылы, Аспан Құдыреті - Тәңір арқылы қаралды. Әр заттың өзінің мәні, құпия-жұмбағы, өлшем-мөлшері болды. Бұл көзқараспен қарасақ, Тәңір-хандық пен Ислам арасында айырмашылықтан гөрі, ұқсастық басым. Сондықтан 8 ғасырдың соңы мен 9 ғасырдың басында Сырдария мен Жетісу алқаптарына ислам келгенде, түркештер мен караханидтер жаңа дінді онша жатсынбай қабылдады. Ал қараханидтер исламды мүлдем мемлекеттік дін ретінде пайдалана бастады. Тарихи шындық осындай. Ал басқа халықтар бөтен дінді әрқашан жаулықпен қарсы алды, осы үшін қаншама қан төгілді десеңізші. Бәрі салыстырмада білінеді және біз де көшпенді мен отырықшы арасындағы айырмашылықты түсіну үшін осы әдісті қолданайық. Көшпенді бүкіл өмірін ертоқым үстінде өткізеді, малдың артынан жүріп отырады, оның көзі аспанды, табиғатты шарлайды, табиғаттағы өзгерістерді, басқа жыл уақытының келгенін бірінші байқайды және ол үстінде күн жарқырап, Аспан-Тәңірі тұрған алдындағы кең жазықтықты, аспан мен даланы, биік тауларды көреді.
Ал диқан жермен жұмыс істеді, оның екі көзі төменге, өз еңбегінің жемісі отырғызылған орынға қарады. Өсе ме, өспей ме, бақыт па, бақытсыздық па, табиғат апаты ма, ауыртпалық па - бәрі диқан үшін жер мен суға, топырақ пен оның құнарлығына байланысты болды. Сондықтан отырықшы диқан көз алдында тек жерді көрді де, өзіне тастан, балшықтан және ағаштан құдай соғып алды, және де құдайлар мен пұттарды өзі, өз қолымен жасап алды.
Жазу. Көшпенділердің өз әліпбиі болмағандықтан, олар соғдилық жазуды пайдаланған, ал мәтіннің өзі соғдилық әріптермен түрік тілінде жазылды. Мұндай ескерткіштердің ең белгілісі шамамен Маниах елшілігінен кейін 15 жылдан кейін, алғашқы қағандардың бірі Таспара (572-581) құрметіне қорғанға қондырылған Бұғыт жазуы болып табылды. Осы жазуды оқитындарға арналған үндеуден қағанаттың түрік тұрғындарының арасында соғдиялық жазудың кең тарағаны көрініп тұр, жазуда Таспара қағанның отыз жылдық қызметі мен ерліктері туралы баяндалады. Тастың сыртқы бетінде мәтіннің санскриттегі (ертедегі үнділік тіл) аудармасы жазылған. Және де бұл Бұғыт жазуын біз қазір ең ежелгі әдеби мәтін деп айта аламыз, өйткені эпитафия - бейіт тасындағы жазу - әдеби жанр болып табылады!
Дегенмен, Петр І қызметінде тұрған неміс ғалымы Д.Мессершмидт және оның сапарласы, тұтқынға түскен швед офицері И.Старленберг Енисей алқабынан сына жазуларды тапқаннан кейін, 18 ғасырда ертедегі түрік жазу ашылып, ғалымдар әлеміне белгілі болды деп қабылданған. Мәтіндері сына жазулар деп аталды, өйткені скандинавиялық сына жазуларға өте ұқсайды. "Руна" деген құпия жазу дегенді білдіреді. Шоқан Уәлихановтың досы, орыс саяхатшысы Н.М.Ядринцев 1889 жылы жергілікті тұрғындардың көмегімен Солтүстік Моңғолиядан, Орхон өзенінің аңғарынан "сына" жазуы бар тас бағандарды тапты. Бірнеше жылдардан кейін бұл мәтіндерді дат лингвисі В.Томсен шешті. Ол оқыған бірінші сөз "Тәңір-Құдай" болды. . В.Томсен аударған мәтінде Күлтегін және Білге қаған туралы жазу болған.
ХІХ- лекция.
ҚАРАХАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТІ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Территориясы мен халқы.
-
Қараханыдықтар мемлекетінің қалыптасуының этносаяси мәселелері.
-
Феодалдық қатынастардың дамуы.
-
Жер иеленудің түрлері “Икта”.
-
Қарахандықтардың Маверенахрға жасаған әскери жорықтары. Селжүктермен соғыс.
-
Қарахандар мемлекетінің ыдырауы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы. «Білім», 1994.
-
Байпаков К.М. По следом древних городов Казахстана. - Алматы, 1990.
-
Маргулан А.Х. Казахстан в эпоху феодализма. - Алматы, 1981.
-
Кляшторный С.Г.Султанов Г.И. Казахстан:летопись трех тысячелетии. – Алматы, 1992.
Тірек ұғымдары: «Қарахандар» термині. Әулеттің этникалық негізі туралы пікірлер. Яғмалар, Шығылдар. Сатұқ Боғрахан-қарахандар әулетінің негізін қалаушы. Орналасқан жері. Қашғар және Баласағұн қалаларының мемлекет тарихындағы орны. Мұсылман дінінің қағанаттың ресми дінін жариялануы.
Нәсір Елік және Орта Азияда қарахандықтар билігінің орнығуы. Мемлекеттің Батыс және Шығыс қағанатқа бөлінуі. Қағанаттың тоқырауға ұшырауы. Салжұқтардың көтерілуі.
Қарахан мемлекеті. Ортағасырлық мемлекеттердің дамыған кезеңі оныншы ғасырдың 40-шы жылдарында құрылған Қарахан мемлекетінен бастау алады. Жаңа атаудағы бұл мемлекет Жетісу аумағы мен Шығыс Қазақстанның бір бөлігінде қарлұқтар иелігіндегі жергілікті тайпалар бірлестігі негізінде қалыптасты. 912 жылы Сатұқ Боғрахан (915—955) Баласағұн билеушісін құлатып, өзін қаған деп жариялады. Хғ. аяғында қарахандар Бұхарды жаулап алып, бүкіл Сырдария аңғарын өз билігіне қаратты. ХІ—ХІІғғ. Қағанат шекарасы батыстағы Мауреннахрдан Шығыстағы қанғарға дейін жетті. Қарахандардың мемлекеттік құрылымы жердің үлестік жүйесінде құрылды. Ірі үлес орталықтары Тараз, Испиджаб және Баласағұнда болды.
ХІғ. 30—40-шы жылдарында Қағанат екі дербес мемлекетке бөлінді. Шығыс қағанатқа, орталығы Баласағұн мен Тараз, Шаш, Ферғана, Жетісу, Қашғар кірді. Ал, Батыс қағанатқа астанасы Бұқар қаласында болып, Мауереннахрмен қоса Ходжентке дейінгі жерлер енді Қағанаттардағы билік үшін күрестер, сыртқы күштердің мемлекетті басып алуына қолайлы жағдайлар туғызды. 1089 Селжұқтар Самарқанды алып Батыс қағанатты тәуелді етті. Шығыс қағанатты ХІІғ. бірінші жартысында жаулаған қарақытайлар, кейінірек қағанаттың қалған жерімен, Батыс қағанаттағы селжұқтармен қоса жеңіп өзіне қаратты. ХІІІғ. басында Хорезм мемлекетіне қарсы күресте Қарахан мемлекеті толық жойылды.
Қарахан мемлекеті қазақ жері тарихындағы орны ерекше мемлекет. Алдыңғы кезеңдегі мемлекеттерден бөлек, басқару жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізді.
Мемлекет басшысы хақан мемлекетті әкімшілік басқару жүйесі арқылы басқарды. Басқару орталығы хан сарайында орналасып, көшпелі және отырықшы аудандардағы ерекшелікті ескеріп отырды. Мемлекетте әскери-лендік жүйенің ролі жоғары болды. Осыған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтар ендігі жерде қағанның туыс жақындары арқылы жиналатын болды. Иқтамен қатар жер иеленудің үлескерлік (жалға беру) түрі де кең тарады.
Далалық аймақтағы көшпелі шаруашылық халқын басқару ру-тайпа басшылары мен олардың үстінен белгіленген бектер мен ілекхандар арқылы жүргізілді.
Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, ал батыс бөлігіне егін шаруашылығы қатар дамыды. Қазақстанның оңтүстік, Жетісу аудандарында ертеден келе жатқан егіншілік дәстүр Маураннахр шаруашылығымен тығыз байланысқа түсіп, бір мемлекет аясындағы қос шаруашылық-көшпелі және отырықшы өзара ұштасып дамыды.
Экономикалық қатынастар мен сауданың дамуы мәдени-рухани байланыстармен өз жалғасын тапты. VII—VIIIғғ. Соғдылықтардың Жетісуға қоныс аударып түріктену процесі, енді, Қарахан тұсында соғдылықтардың түрік тілі, мәдениетімен етене араласуына алып келді. Екі түрлі халықтың сіңісіп түріктенуіне орталық билік пен ислам дінінің әсері көп болды. Қарахан мемлекетінің Қазақ тарихында ғана емес, жалпы Орталық Азия тарихындағы ерекшелігі, осы дәуір кезеңінде қағанат аясынан Әл-Фараби, Әл-Бируни, Ж.Баласағұни, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бозжани, М.Қашқари және басқа әлемдік өркениет дамуына орасан үлес қосқан ғұламалардың өмір сүруі. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, мемлекеттің рухани-мәдени даму жетістігі.
ХХ- лекция.
Наймандар мен Керейттер
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы наймандар мен керейлер.
-
Наймандар мен қидандар арасындағы соғыстар.
-
Наймандар мен Керейлердің ұлыстарының қоғамдық саяси-құрылысы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу.
- А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Достарыңызбен бөлісу: |