Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет6/9
Дата26.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
#26448
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

  1. Аралас ормандар

  2. Биологиялық әртүрлілікті сақтау.


Лекция № 25 – 26
(2 сағат)
Тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің экологиясы.
Жоспар:


  1. ТМД- ның Қазақстанның Қызыл кітабының ролі.

  2. Өсімдіктерді қорғау тәсілі: қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерді қорғау тәсілі: қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар туралы, ТМД- ның Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар жайында сипаттау.
1.Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді корғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін «патша қазынасы» деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, езен бойынан 3 км-ге дейінгі жердегі ағашты кескендерді қатаң жазалаған.

Мұндай көзқарастар кейіннен басқа да елдерде қолдау тауып, Еуропа, Ресей, Қытай, Үндістан, Жапония елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың бірі — Халықаралық табиғатты және табиғи корларды қорғау одағы (ХТҚО) еді. Ол 1948 жылы құрылды. (ХТҚО 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Дүниежүзілік табиғат қорғау одағы деп аталады.) Мақсаты — дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. «Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, содан соң 1966—1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-нің алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылды. «Қызыл кітапқа» енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.

Одан соң сол жануарлар туралы қарар қабылданып отырды. Мұндай шараларды ұйымдастыруда бұрынғы «Зоология», казіргі «Генеқорлар» институтының қызметкерлерінің де еңбегі зор.

«Қызыл кітапқа» белгілі түрді енгізу үшін ғалымдар өр жануардың не өсімдіктің 5 санатын (категориясын) анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар мынадай болды:

І санат — жойылып бара жаткандар. Бұлар туралы соңғы 50
жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, кызыл қасқыр, кара
күзен, қабылан, қызылқүм аркары, қүдыр, т.б.

ІІ санат — саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып


кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғасы, сарықұтан, жұпар,
құлан, т.б.

ІІІ санат — сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ,


бірак өте сирек кездесетіндер). Мысалы, кар барысы, сілеусін,
жарғанат, бұлдырық, қара түрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат — белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы,


шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т.б.

V санат — қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде


қайта көбейген түрлер). Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға, есімдіктерді жоюға тыйым салынған. «Қызыл кітап» — мемлекеттік күжат. Сондыктан оған енген жан-жануарларды оқып-үйрену, білу баршаның міндеті болып табылады.

«Қызыл кітапқа» енген аң мен қүстарды, өсімдіктерді біле отырып, біз оны зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл кітап» әрбір отбасы мен мектептің кітап сөресінде түруға тиісті. Сол аркылы біз оларды қорғауға үлес қосатын боламыз.

Көрікті ландшафтыларды, табиғи кешендерді қорғаудың бұл формасы біздің елімізде соңғы жылдары қолға алынып отыр. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың қорыктардан біраз айырмашылығы бар. Мұнда табиғатты қорғау мен оның аясында ұйымдаскан түрде тынығу ісі бірдей жүргізіледі. Табиғи саябақ аумағында адам аяғы баспайтын қорықтар аймағы мен тынығу аймағы болады. Онда арнайы маршруттар белгіленіп, турист сокпақтары, аялдамалар мен тынығу пункттері орналасады.

Қазіргі кезде Қазақстанда 7 мемлекеттік ұлттық табиғисаябақ бар. Олар: Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау, Іле Алатауы, Қаркаралы, Қатонқарағай, Шарын. Солардың кейбіреуіне сипаттама берейік.

Алтынемел ұлттық табиғи-тарихи саябағы. Ұлттық табиғи-тарихи саябақтар — табиғат корғауда едәуір орны бар, республика-лық санатқа ие, экологиялық, рекреациялық (тынығу), ғылыми жағынан ерекше қүнды табиғи-тарихи объектілерді көп салалы пайдалануға және қорғауға арналған аймақ. Алтынемел саябағы — 1996 жылы 10 сәуірде Алматы облысының КерБұлак және Панфилов аудандарының аумағында ұйымдастырылған. Ұлттық саябақ Іле өзенінің терісіігінде орналасқан. Жер көлемі—520 мың га. Саябақ аумағына Жетісу Алатауының сілемдері — Шолак, Деге-рес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Қатутау, Ақтау жоталары, әйгілі Әншіқұм кіреді. Саябақта көптеген археологиялық ескерткіштер бар. Сак дәуірінде салынған Бесшатыр қорғанының маңызы зор. Әрі бұл жер — Ұлы Жібек жолы өткен тарихи аймақ. Қорған ежелгі таңбалар мен суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Қазақ халқының ұлы ғалымы әрі саяхатшысы Ш.Уәлихановтың мүражайы да осында. Саябақта өсімдіктерден шырша, үйеңкі, тораңғыл, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Омыртқалы жануарлардың көптеген түрлері мекендейді. Сүтқоректілерден — құлан, қарақұйрық, арқар, таутеке, елік, ақбөкен, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, сусар, қоян; құстардан — бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан — сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. тіршілік етеді. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықша бекеті жұмыс істейді. Орталығы — Басши ауылы. Саябақтың жергілікті және шетелдік туристерге табиғат қорғау жұмыстарын насихаттауда алатын орны зор.

2.Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Павлодар облысындағы Баянауыл таулы орман алқабын сақтап қалу, туризмді реттеу және жаппай тынығу жағдайын жақсарту мақсатында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде ұйымдастырылды (1985). Жоба бойынша табиғи саябақ аумағы 50 мың га алаңды қамтыды.

Орталық Қазақстанның бұл оазисінің Сабындыкөл, Жасыбай мен Торайғыр секілді көрікті көлдерін көмкеріп жатқан жаңпар тасты таулар өсімдіктер әлеміне өте бай. Мұндағы орманның дені — реликті карағайлар. Сондай-ак қайың, көктерек, мойыл, итмұрын да баршылық. Орман ішінде оқта-текте елік, тау беткейлерінде арқар кездесіп қалады.

Қайталанбас көркі бар Баянауыл өлкесі табиғатын тамаша-лаушылар легі жыл бойына әсте толастаған емес. Арнайы демалыс орындарында жылына 2 мыңға жуық адам демалып кайтады. Ал өз бетінше келіп тынығушылар саны 100 мыңнан асып жығылады. Әрине кейбір демалушылар тарапынан бұл аймактың табиғатына нұқсан да келіп жатады. Өрт шарпыған орман алқаптары, лайланып, ластанған көл жағалауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі өкілдерінің сиреуі талайдан ой салып келеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы табиғатқа да, демалып тынығушыларға да колайлы жағдай туғызатын болды.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Соңғы жылдары Қаркаралы жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары ұйымдастырылған (1998) бұл табиғи саябақка жүктелетін негізгі міндет.— Орталық Қазақстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және табиғат корғаудың маңызын көпшілікке насихаттау. Қарқаралы табиғи саябағы 350,5 мың га аймақты қамтып жатыр. Қарқаралы және Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы ауданының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қаркаралы және Кент қорығы аймақтары, Аркалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар бөлігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс ұйымдастыру көзделіп отыр.

Өлкемізде Баянауыл, Қарқаралы сияқты «жер жаннаты» аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бұзбай сақтауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорык сияқты саябақ үшін де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ ұйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылық пен табиғатты қорғау мүддесін сақтай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру — бүгінгі күннің талабы.

Адамзат туып-өскен жерін баққа бөлеуді о бастан-ақ «құрметті парызым» деп білген. Халықтың бейбіт өмірді, бақытты тұрмысты гүлденген баққа оранған жермен бейнелейтіні де сондықтан. Бүгінде жасыл желегі жайқалған гүлзарлар, миуалы жеміс бақтары мен саясы мол еңселі ағаштарға оранған елді мекенді жерлер өлкемізде аз емес. Әсіресе қалаларда ірі-ірі өнеркәсіп орталықтарында көгалдандыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Көгалдандыру ісінде пайдаланылатын өсімдіктердің сан алуан да әсем болуы сол аймақты көркейтіп, түрлендіріп жіберетіндігі белгілі. Бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, негізінен, ботаникалық бақтарда жүргізіледі. Мұндай бақтар — бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде және дүние жүзінің басқа да бөліктерінде өсетін өсімдіктер әлемі өкілдерін жинақтап, оларды зерттей отырып, жаңа іріктемелерді шығарып, өсімдіктерді жерсіндірумен айналысатын ірі ғылыми мекеме. Қазақстанда 5 ботаникалық бақ бар. Олар: Алматыдағы Бас ботаникалық бақ, Ақтаудағы Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағы, Жезқазғандағы Жезқазған ботаникалық бағы, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы Алтай ботаникалык, бағы, Алматы облысының Бақанас ауылындағы Іле ботаникалық бағы. Олар — дүние жүзі өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеудегі көптеген теориялық және практикалық мәселелерді шешуге жұмылдырылған табиғат лабораториялары.

Алматыдағы Қазакстан Республикасы Ұлттык Ғылым академия-сының Бас ботаникалық бағы 1932 жылы қарашада ұйымдас-тырылып, оған 108 га-дай жер бөлініп берілді. Бастапқыда оған республикамызды көгалдандыру үшін кажетті бағалы өсімдіктерді анықтап, оларды мәдени жолмен өсіріп тарату, Қазақстанның жабайы өсімдіктерінің пайдалыларын зерттей отырып, өсімдіктердің жаңа түрлерін әкеліп, жергілікті жағдайда өсіріп, кебейту, биология ғылымының жетістіктерін, табиғат қорғау ісінің озық тәжірибесін насихаттау сияқты міндеттер жүктелген еді. Өзіне жүктелген міндеттерді талапқа сай орындай келе, бұл ботаникалық бақ ірі ғылым орталығына айналды. 1967 жылдан бері Бас ботаникалык бақтың жұмысы ғылыми-зерттеу институттарының атқарып отырған жұмыстары дәрежесіне көтерілді.

Бас ботаникалық бақтың аумағында қазір өсімдіктердің 7 мыңнан астам түрлері мен іріктемелері өсіріледі, соның 1,5 мыңдайы ағаштар мен бүталар, ал 4 мыңнан астамы гүлді өсімдіктер. Ыстық материктерде өсетін есімдіктердің 700-ге жуық түрі, 1969 жылы ашылған өсімдікжайда (оранжерея) тропикалық және субтропикалық өсімдіктер жинақталған. Ботаникалық бақтың 70 га-дай жерінде Қазақстан, Еуропа, Қырым мен Кавказ, Сібір мен Қиыр Шығыс, Солтүстік Америка мен Шығыс Азия есімдіктер әлемі екілдері есетін экспозициялар орналаскан. Қазакстан флорасы экспозицияларында өлкемізде кездесетін өсімдіктердің мыңға жуық түрі өсетін болса, Еуропа, Қырым мен Кавказдың — 200-дей өсімдік түрі, Сібір мен Қиыр Шығыстың — 180, Солтүстік Американың — 270 және Шығыс Азияның 200-ден астам есімдік түрі өсіріледі.

Бақтың әсем гүлдер өскен бөлігі көз тұндырады. Олардың көбі осы ботаникалық бақтың топырағында «дүниеге жолдама алған» жаңа іріктемелер. Мәселен, «Хош иісті Алматы», «Қызыл желкен», «Ботакөз», «Іле Алатауы», «Қыз Жібек» сияқты раушан гүлінің 20 шақты іріктемесі — ғалым-селекционерлердің көп жылғы қажырлы еңбегінің жемісі. Сонымен қатар бақта республика жерінде сирек кездесетін және эндемик өсімдіктердің 50-ден астам түрі егілген. Қызғалдақтардың бірнеше түрі, Шренк тобылғысы, қаратау, піскем жуалары, қотыр кайың, Сиверс алмасы және басқа да «Қызыл кітапқа» тіркелген өсімдіктер биологиясы мұнда жан-жақты зерттелуде.

Бас ботаникалық бақ өзінің құрылған күнінен бастап республи-камызды көгалдандыру ісіне зор үлес косып келеді. Жарты ғасырлық жұмысында бұл ғылыми мекеме өсімдіктердің 700-ге жуық түрін шаруашылык салаларына енгізген екен. Олар қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде елді мекендерді көркейтуде кеңінен пайдаланылуда.

Жел өтінде тербеле өскен жабайы өсімдіктерді зерттеу арқылы оларды генетикалық қор ретінде пайдалана отырып, адамға пайдалы мәдени іріктемелерді өсіруде және табиғат қорғаудың маңызын кеңінен насихаттап, жерімізді жасыл желекке орауда ботаникалык, бақтардың жұмысына баға жетпейді.



Қорықтар — бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аумағы шаруашылық кешендерінен босатылып, онда кен өндіру, құрылыс салу, аң-құс ату, балык аулау, шөп шабу, мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлық-тарына нүқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынады. Сонымен қатар корық аумағына улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты сол аймақтың ерекше ландшафтысы мен географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтағы экологиялык процестердің барлығы адамның араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз табиғат лабораториясы деп те атап жүр. Өйткені мұнда ұзақ жылдар бойы табиғат кешендерін табиғи жағдайда ғылыми зерттеу, табиғат жылнамаларын жүргізу сияқты алуан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жакын тұрған жануарлар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен катар өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары — табиғат кешендері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан табиғат байлықтарын қалпында сақтауда қорықтардың алатын орны ерекше.

Қорықшалар (заказник) — табиғатты, оның өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін немесе табиғат кешенінің белгілі бөлігін қамқорлыққа алудың бір формасы ретінде қорғауға алынған аумак.

Оның қорық сияқты мәртебесі жоқ. Мұнда шаруашылық іс-әрекеттер мен қорғау ісі бірге ұштастырыла береді. Қорғау шараларының негізін сол жерді пайдаланатын шаруашылық саласы жүргізеді. Бұл — қоғамдық табиғи қорықшаға тән жағдай. Ал мемлекеттік қорықшаларда арнайы штатты қорықшылар болады. Мұндай қорықшаларда, негізінен алғанда, кәсіптік маңызы бар және өте сирек кездесетін хайуанат түрлері қорғалады. Қоғамдық қорықшаларда қорықшы болмайды, олар қорғалатын объектілеріне сай: ботаникалық, зоологиялык, геологиялық және ландшафтылық болып жіктеледі. Қорықша 10 жылға немесе тұрақты мерзімге ұйымдастырылады. Олардың барлығы да Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны корғау министрлігінің арнаулы шешімімен құрылады. Қажеттілік туған жағдайда қорықшалардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуға да болады. Қазір республикамызда 6 млн га аймақта ұйымдастырылған 70-ке жуық қорықша бар. Мемлекеттік қорықшалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жанындағы «Орман және аңшылық шаруашылығы» бас басқармасының қарамағына қарайды. Қалған қорықшалардың жұмысына шаруашылықтар тікелей жауап беріп, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бақылау жүргізіп отырады.

Кең-байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), Наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.

Енді аталған қорықтардың бүгінімен танысып, ертеңіне көз жіберіп көрейік.

Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын камтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл корықты ұйымдастырудағы басты мақсат — Батыс Тянь-Шань тауының езіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын — табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы — 30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі — 85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы — Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықшалары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бүрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған Қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан.

Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000—4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала, субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғаттың түрліше көрінісін береді. Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге есетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы, Аксу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайың, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмүрты сиякты ағаштар мен бүталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орманды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30%-ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырымен жорғалаушылардың 9, қосмекенділердің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан ете бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар — аркар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді. Жемтігін аңдыған жыртқыштар — барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай, ұлар, көксуыр сияқты аң-құстардың өсіп-өнуі үшін қорық аумағы өте қолайлы.

Фаунасы мен флорасы осындай бай болғандықтан, олардың биологиясын, тіршілік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жұмыстары қорықты ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап-ақ жақсы жолға қойылған. Қорықта 1935 жылдан бастап ғылыми қызметкерлер зерттеу жұмыстарымен жүйелі әрі тұрақты түрде айналысады. Солардың негізінде табиғи ресурстарды тиімді пайда-лану, қорғау жолдары жүзеге асырылып, табиғат қорғау ісі насихатталып отырады. Қорықтың әсем табиғаты оны тамашалап келушілерді тәнті етеді. Ақсу-Жабағылы қорығы өзінің жарты ғасырлық тарихында республикамыздың табиғатын қорғау ісіне зор үлес қосып, ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы қорықтар қатарына жатқызылған.

Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы оңтүстік астанамыздан не бары 25 км қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1931 жылы 6 мамырда ұйымдастырылған. Бастапқыда қорық көлемі 15 мың га алқапты қамтыса, кейіннен оған тағы біраз жердің қосылуына байланысты 1940 жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аумағы 857 мың га-ға жетіп, ол ерекше маңызы бар қорықтар қатарына қосылды. Қорықтың аумағы Іле Алатауын, Сөгеті жазығынан Қаскелең өзені аңғарына дейінгі аралықты алып жатыр. Оның құрамына Іле өзенінің жағалауы да кіреді. Алайда соғыстан кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, кейіннен жабылып, соңында 1960 жылдың 11 қаңтарында қайта құрылды. Қорықтың жалпы жер көлемі — 73,3 мың га. Оның ең төменгі нүктесі 1000 м болса, ең биік жері — 5017 м Талғар шыңына дейінгі аралықты камтиды. Қорықтың батыс шекарасы Талғар өзенінің сол жақ арнасымен, ал солтүстік шекарасы Талғар езенінің оң жақ арнасымен, Есік көлі қазаншұңқырымен шектеседі. Шығысында Есік өзенімен бойлай барып Шелек өзенінің бастауына, одан әрі Қырғызстан шекарасына тіреледі.

Сонымен катар қорық аймағына Іле өзенінің оң жак жаға-лауындағы шөл далада жатқан Үлкен және Кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бұл бөлігінің аумағы 17850 га жерді алып жатыр. Қорықтың аумағындағы Үлкен және Кіші Қалқан таулары аралығында әйгілі Әншіқұм да орналаскан.

Қорықта табиғат белдемдері анық байқалады. Мұнда аптаған ыстығы бар шөл даланы да, тығыз орман белдемін де, альпі және субалыгі шалғынын да кездестіруге болады. Осындай табиғат белдемдеріне байланысты қорық аумағында өсетін өсімдіктер әлемі мен мекендейтін жануарлар дүниесі көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, қорық аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің — 590 түрі, мүктердің — 107 түрі, қынаның — 77 түрі және саңырауқұлақтардың 190-ға жуық түрі өседі. Ал құстардың—170 түрі, сүткоректілердің — 60 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтың жануарлар дүниесін құрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар, шамамен, 500 елік, 300 қабан, 1000-ға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді.

Алматы қорығында Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының (ХТҚО) «Қызыл кітабына» жойылып кету қаупі бар аң ретінде тіркелген қар барысы мен қарақұйрық мекендейді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелгендерден — ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар күзен, сақалтай, бүркіт сияқты жануарлар қорық жерінде қоныстанса, осы аймақта өсімдіктер әлемінен — Мушкетов түйесіңірі, сиверс алмасы, островский қызғалдағы сияқты түрлері өте сирек кездеседі.

Іле өзенінің бойында жатқан қорық филиалының аумағында шөл және шөлейт аймакка тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері таралған. Үлкен және Кіші Қалқан тауларының аралығында аңның — 43, қүстардың — 85, космекенділердің — 3, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді. Қорықтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін сақтау және зерттеу жұмыстарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы бағыт беріп, қадағалап отырады. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары «Адам және биосфера» (МЭБ) бағдарламасына сай жүргізіледі.



Алакөл мемлекеттік қорығы — Алматы облысының Алакөл ауданы аумағында орналасқан. 1998 жылы құрылды. Жер көлемі — 12,5 мың га. Қорық солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жетісу Алатауы жоталарымен қоршалған. Батыста Балқаш көлі ойысымен шектелсе, оңтүстік-шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көп бөлігін Сасықкөл, Ұялы және тұзды Алакөл көлдері алып жатыр.

Қорықтың климаты қатаң. Әсіресе қыс айларында тұрақты «Сайқан» және «Ебі» желдері үзбей соғып тұрады. Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі өседі. Олардың негізгілері: су папоротнигі, сары дүңгіршек, су түңғиығы.

Алакөл қорығының фаунасы сан алуан. Мұнда сүтқоректілердің, шамамен, 40 түрі бар. Қабан, түлкі, елік, таутеке, т.б. жануарлар мекендейді. Су айдынында құстардың 283 түрі тіркелген. Оларды батпакта және су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға болады. Әсіресе шағала, бірқазан, жағалтай, тырна, көкқұтан, акқулар; балықтардан сазан, алабұға, көксерке кездеседі. Мұнда соңғы жылдары тіркелген қарамойнақ шағаланың орны бөлек. Ол — КСРО-ның «Қызыл кітабына» енген құс.

Алакөл корығының болашағы зор. Оның су құстарын қорғауға, кәсіптік балықтарды көбейтуге пайдасы тиері сөзсіз. Соңғы жылдары Алакөлге шетелдік туристер ағылуда. Болашақта қорық ғылыми-зерттеу лабораториясы болумен ғана шектелмей, еліміздің әлеуметтік, мәдени орталығына айналмак.



Наурызым мемлекеттік қорығы —1934 жылы құрылған. Қорық орманды дала табиғатын сақтауға негізделген. 1960 жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып, тек 1966 жылдың 18 қырқүйегінен бастап мемлекеттік қорык ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны корғау министрлігінің қарауында болды. Арада өткен талай өзгерістер корықта із қалдырмай кеткен жоқ. Мұнда шаруашылык жұмыстары кең етек алумен қатар қарағайлы орман алкабының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан жұмыстар қорықты сақтауға арналған алғышарт іспеттес.

Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі 87,7 мың га. Оның 17662 гр.-сы немесе 19,5%-ы орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Олар — Терсек, Сыпсың және Наурызым реликті қарағайлы орман алқаптары. Сонымен қатар қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер де бар. Аталған көлдер, әсіресе көктем мен күз айларында нағыз «құс базарына» айналады. Мұнда жыл күстары жылы жаққа барар және қайтар жолда тынығу үшін қонады. Селеулі далалар мен ормандар арасында аң мен қүстардың көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, бірқазан, жабайы үйрек, аққу, дуадақ, т.б. Жалпы қорық аумағында құстардың 200-ден астам, сүтқоректілердің — 30, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан астам және омыртқасыздардың 700-ге жуық түрі мекендейді. Ал өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік етеді. Қорықтың мақсаты реликті қарағай ормандарын, сирек кездесетін өсімдіктер әлемі мен көл жағалауын мекендейтін құстарды сақтауға бағытталған. Сонымен Наурызым мемлекеттік қорығы — табиғаттың көркін бұзбай сақтап қалған, қайталанбас бір бұрышы.

Теңіз — Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы — 1958 жылы ұйымдастырылған. Алайда үш жылдан кейін ол орман-аңшылық шаруашылығына айналдырылып, содан 1968 жылы қайтадан қорық болып құрылған. Бастапқыда 15 мың га жерді алып жатса, қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының жер көлемі 258,9 мың га аумақты қамтиды. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда көктем мен күз айларында көл беті қүстардан көрінбей кетеді. Себебі, жыл құстары мұнда соқпай кетпейді. Жылдың қай мезгілі болсын, қорық аумағы — құстардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты қорыққор-қорықтар қатарына жатқызылады. Қорық аумағынан құстардың 294 түрін, сүтқоректілердің 37 түрін, қосмекенділер мен бауыры-мен жорғалаушылардың он шақты түрін кездестіруге болады. Олардың барлығы да адам қамқорлығына алынған. Әсіресе дүние жүзі бойынша сиреп кеткен қоқиқазды корғап, корын молайтуда қорықтың алатын орны ерекше. Топ қүрып тіршілік ететін кокиқаздар қорық жеріне ұя салып, жұмыртқа басады. Үяларын балшықтан соғып, оны жерден биіктеу етіп салады. Соңғы жылдары көл суы деңгейінің төмендеуіне байланысты қоқиқаздар тобы азайып барады. Мысалы, қорық алғаш ұйымдастырылған жылдары қоқиқаз саны 50 мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер-жетпес. Сидиған ұзын сирағы мен имектеу тұмсығы болмаса, қоқиқаз, бір көргенде, алыстан аздап аққуға ұқсайды. Оның басты өзгешелігі — қанатының қызғылт түсті болуы. Сол себепті, қокиқазды қызылқанат немесе қызылқаз деп те атайды.

Қокиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек кездесетін аққу, бұйра бірқазан, қызыл жемсаулы қараша қаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар тіршілік етеді. Көл суы деңгейінің төмендеуі ескеріліп, келешекте оны қалпына келтіру үшін Ертіс — Қарағанды каналынан қорыққа су бүру жоспарланып отыр.

1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығы — Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында орналасқан. Осы екі кыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылыскан Алтайдың ару көлі — Марқакөл адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте орналасқан. Оның жалпы аумағы — 544 км2, ұзындығы — 38 км, көлденеңі—19 км-ге дейін жетеді. Ең терең деген жері 25 м-ге жуық. Көлге тұс-тұстан 27 өзен мен Бұлақ келіп құяды да, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.

Марқакөл мемлекеттік қорығының жер көлемі 75,0 мың га аумақты алып жатыр. Шалқып жатқан Марқакөл жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға түнып түр. Аққайың, тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай орманы бой түзеді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер әлемі де өте бай. Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, майқан немесе қаяз, хариус, талма, теңге балықтар, т.б. Қорықтың жануарлар дүниесі де сан алуан. Мысалы, мұндағы көл айдыны мен оның жағалауындағы тоғайларда сүткоректілердің — 59, құстардың 200-ден астам түрі мекендейді. Биологиялық өнімділігі жағынан еліміз-дегі тау көлдерінің бірде-бірі Марқакөлге тең келе алмайды. Өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің ерекшелігімен қатар, оның жергілікті жердің ауа райын реттеп отыратын қасиеті де бар. Мысалы, жануарлардан қорғалатыны — теңбіл бұғы, марал, елік, бүркіт, аю, ал құстардың көптүрлілігімен ерекшеленеді.

Кенді Алтай өлкесінің көрікті бүрышын сақтап қалу мақсатымен ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығының келешегі зор.

Барсакелмес мемлекеттік қорығы — Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорык 1939 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі—18,3 мың га. Соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы келдер құрғап, олар-дың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне күшті әсерін тигізіп отыр. Бүрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Әсіресе бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорыққа шөлді аймақта тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар — ақбөкен, қарақұйрык және қүлан. Алғашқыда бұл қорық ақбөкендерді қорғау үшін құрылған еді. Мұнда бұл аңды жерсін-діргенге дейін оның 4—5 ешкісі ғана бар болатын, қазір саны едәуір.

Республикамызда коры азайып кеткен қарақұйрықты көбейту мақсатымен аралға әкелініп, 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесі табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті.

Ал 1953—1964 жылдар аралығында 19 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жерсіндірілді. Олардың саны өскендіктен, Маңғыстау және Алматы облыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алынды. Қорықта құстардан — карабауыр бұлдырық, ала қаз, карақал, ителгі, бөктергі, бозторғайлар мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан — жұмырбас және жүгіргіш кесірткелер, ысылдағыш геккон, қалқантұмсық жылан, құршаяндар тіршілік етеді. Ғалымдардың алдында Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайына байланысты корықты сақтап қалу міндеті тұр.

Үстірт мемлекеттік қорығы —1984 жылы Батыс Қазақстандағы Маңғыстау аймағы Ералиев ауданының аумағында құрылған. Қорықтың жалпы жер көлемі — 223,3 мың га. Қорықтың орталығы — 200 шақырым жердегі Жаңаөзен каласы. Қорықтың алып жатқан жері Арал және Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Ауыз су тапшы, жер үсті сулары жоқтың қасы. Қорықтың қүрылуының негізгі мақсаты — шөл белдеуіндегі ерекше табиғи ландшафтыны, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың кайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап қалу. Қорық аумағында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген түз тағыларының 12 түрі кездеседі. Өсіресе халықаралық деңгейде қорғауға алынған қаракүйрық, үстірт қойы, үнді жайрасы, қабылан, қарақалдар корықта қорғалатын негізгі жануарлар. Сол сияқты қорық аймағында құлақты кірпі, ешкіемер, құм тышқандары, қосаяқтар, кесірткелер мен жыландардың да көптеген түрі сақталған. Аталған жануарлардың біразының қазіргі кезде түрлі себептермен сиреп бара жатуы өкінішті-ақ.

Қорыктың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұндағы қатаң климатқа қара сексеуілді ормандар, изен, жусан, жыңғыл, күйреуік, сораң, баялыш, т.б. эфемерлер (көктемдік біржылдық өсімдіктер) бейімделген. Ал сулы жерлері мен Бұлақтар төңірегінде камыс, қоға өсуге колайлы.

Қорықта жиі үшырасатын құмды алқаптардың табиғаты ерекше келеді. Онда өсімдіктерден еркекшөп, жүзгін, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, жыңғыл, қара сексеуіл өседі.

1960 жылдары Үстірттегі қарақұйрықтың саны 100 мың басқа жетсе, 2000 жылдары күрт азайып, 100-ге жуығы ғана қалды. Оның негізгі себептері — олардың табиғи тіршілік ортасының бұзылуы, тарылуы және қаскерлік жағдайлар. Ал үстірт қойлары 1960 жылдары 1300—1500 бас деп есептелсе, қазір бірнеше үйірлері ғана қалған. Кезінде Үстірт жазыгында құланның да кездесетіні тарихтан белгілі болса, қазір бұл жойылған түрге жатады.

Барлық түз тағыларына құрып кету қаупі төніп тұрғандықтан, қорықтың алдына қойған негізгі міндеті — сирек кездесетін аңдар мен құстарды, өсімдіктер әлемін қорғап қалу.

Батыс Алтай мемлекеттік қорығы — Шығыс Қазақстан облысының Риддер және Зырян аудандарының аумақтарын қамтиды.

Қорық 1992 жылы қүрылған. Жер көлемі — 56,1 мың га. Қорық Қазақстандық Алтайдың Линей, Холзун, Коксин атты тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аумағында Ақ және Қара Үлбі өзендері мен Кедрово және Щербақова көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар.

Қорық субальпі, альпі, тайга, аралас орман белдемдері ланд-шафтылары мен онда кездесетін өсімдік түрлерін қорғауға бағытталған. Қорық дәрілік өсімдіктердің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, мұнда орманның бірнеше типі, қылқан жапырақты ағаштардың көптеген түрі шоғырланған. Әсіресе бағалы самырсын, майқарағай, балқарағайлардың орны ерекше.

Батыс Алтай қорығында әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы бар. Орман іші шипалы жеміс-жидек беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Әсіресе субальпі белдем-дерінде марал оты, алтынтамыр, алтай сарғалдағы, бәйшешектерді, т.б. өсімдіктерді кездестіруге болады.

Альпі белдеуінің өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда көп жылдық шөптесін өсімдіктер топталып өседі.

Биік таулы тундра 2000—2200 м биіктікте жатыр. Бұл белдеуде жатаған бүталы өсімдіктер, қияқ, мүк, альпі қырықбуыны, альпі сүттігені, мойыл, т.б. өседі.

Батыс Алтай фаунасының ерекшелігі — мұнда қүстар өте көп тіршілік етеді. Бүркіт, қаршыға, лашын, ителгі, сақалтай, аққүр, саңырау құр, кекілік, шіл, бөдене, ақ дегелек, үкі, жапалақ, көкек сияқты құстарды жиі ұшыратуға болады.

Сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, коңыр аю, Бұлан, құдыр, бұлғын көптеп кездеседі.

Батыс Алтай корығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта қорық экологиялық мониторингіге немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына айналуы мүмкін. Себебі, табиғи ландшафтылар өзінің алғашқы сипатын сақтаған.

Бақылау сұрақтары:


  1. «Қызыл кітапка» енгізілген жануарларды ата?

  2. Алтынемел ұлттық табиғи-тарихи саябағы.

  3. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы.

  4. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы.

  5. Қорықтар.

  6. Алакөл мемлекеттік қорығы.

  7. Наурызым мемлекеттік қорығы.

  8. Үстірт мемлекеттік қорығы.

  9. Барсакелмес мемлекеттік қорығы.

  10. Батыс Алтай мемлекеттік қорығы.

.

Лекция № 27


Тақырыбы:.Жануарлар әлемінің экологиялық жағдайы.
(1 сағат)
Жоспар:
1. ТМД – ның табиғат зоналары және антропогендік факторлардың әсерінен жануарлар әлемінің өзгерісі.

2. Қазақстанның сирек жануарларының Қызыл кітабы.



Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Антропогендік ландшафттар – табиғат комплекстеріне адам баласының тікелей немесе жанама әсер етуіне байланысты өзгерген жерлерді жануарлар дүниесіне экологиялық жағдайдың әсері айтылады.
1.Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе – биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесін қойып отыр. Бұл мәселенің тууына адамзаттың қолымен жасалған экологиялық сауатсыз іс-әрекет нәтижесі себеп. Яғни антропогендік ландшафтының пайда болуы.

Антропогендік ландшафттар – табиғат комплекстеріне адам баласының тікелей немесе жанама әсер етуіне байланысты өзгерген жерлер. Мәселен, кесілген орманның орнына жайылымдардың пайда .болуы. Кейде мұндай антропогендік ландшафттың қайта қалпына келуі мүмкін. Ал, адам баласы ландшафттарды сауатсыз пайдаланған кезде олар дегадацияға ұшырап, тақырлар мен шөлдерге айналып кетеді. Ғылыми деректер бойынша жер шарындағы Сахара, Гоби, Такла-Макан, Қазақстандағы Арал, Семей, Байқоңыр, Балқаш, Каспий, Орта Азиядағы кейбір ірі құм экожүйелері антропогендік ықпалдың тікелей немесе жанама әсерінің нәтижесі екені дәлелденген.

Табиғатқа аса ірі өзгеріс енгізуге себеп болған қуатты өндірістің дамуы. Өндірістің дамуы шаруашылық мақсаттарға алуан түрлі табиғи қорды пайдалануды қажет етті. Өндірістің дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша қоршаған ортаның ластануы сияқты мәселе ала келді. Өндірістен шығатын керексіз заттармен алдымен топырақ, ауа су қоймалары ластанады. Бұл ластану топырақты құнарсыздандырып, өсімдіктерге, жануарларға жағымсыз әсер етеді.

Адамның өндірістік әрекеттерінің процестері нәтижесінде топырақ және өсімдік жамылғысы қатты ластануға ұшырап, топырақ сапасы нашарлайды.

Топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің нашарлауы салдарынан дәнді және бұршақ дақылдарының өсуі тоқтап қалады.

Техногенді зардаптарға онша төтеп бере алмайтын және өзін-өзі қалпына келтіруге шамасы төмен дәрежедегі аумақтық экожүйелерді талдау қоршаған ортаны қорғау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын іздеуге негіз болады. Әрине, техногенді салмақтардың нәтижесінде пайда болған және күн сайын дамып келе жатқан үрдістерге қарсы тұруға табиғи факторлардың шамасы жетпейді. Сондықтан бұл құбылыстар экологиялық жүйенің бұзылуына, табиғаттағы тепе-теңдіктің нашарлауына алып келеді. Бұл үрдістер бір жағдайда, табиғатты қорғауға бағытталған түрлі шараларды қолдануға алып келсе, екінші жағынан, тез арада көп қаржының жұмсалуын талап етеді, бұл біздерге келешекте табиғат апаттарын болдырмауға және оның зардаптарын жоюға мүмкіндік береді.

Жануарлар дүниесіне адамзат әрекеттілігі кері әсерін тигізеді., себебі, кейбір жануарлар түрінің күрт кемуіне немесе жойылып кетуіне әкеледі. Әсіресе, жануарлар дүниесіне кері әсер ету топырақ жамылғысының механикалық бұзылу барысында, жануарлар дүниесіне қорек және пана болатын өсімдік жамылғысы жойылады..

Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылы 16-қаңтардағы қаулысы бойынша бекітілді. Оның омыртқалы жануарларға арналған 1-ші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер - 37, құстар – 43, бауырмен жорғалаушылар – 8, қосмекенділердің – 1 және балықтардың 4 түрі тіркеледі.

Қазақстан Ғылым Академиясы зоология институтының бастамасымен Қызыл кітаптың 2-ші басылымы 1991 жылы дүниеге келіп, оған алғашқы рет омыртқасыз жәндіктер – насекомдар, малюскалар, құрттар енгізілді. Сирек кездесетін жануарардың түрлері туралы жылдан – жылға жаңа мәліметтер жинау қызыл кітаптың 3-ші басылымының (1996ж) жарық көруіне алып келді.

2.Қызыл кітаптың соңғы басылымына тіркелген әрбір жануар қазіргі кездегі санының жағдайына, тіршілігінің зерттелуіне қарай жалпы қабылданған 5 категорияның біріне жатқызылды: 1 – жойылып бара жатқандар (жойылып (бара жатқандар) кетуі мүмкін түрлер мен түршелер); 2 – саны кеміп бара жатқандар (саны тез келіп, нәтижесінде жайылып бара жатқандар категориясына жақындайтындар); 3 – сирек кездесетіндер (әзірге жойылып кету қаупі жоқ, бірақ жалпы саны мен таралу аймағы өте шағын, тіршілік (ету) ортасының сәл-пәл өзгеруі олардың жойылып кетуіне себебін тигізетін түрлер); 4 – анықталмағандар (түрлер жағдайы алаңдататын, бірақ ғылыми мәліметтердің жетіспеуі салдарынан оларды басқа категорияларға жатқызуға болмайтын түрлер); 5 – саны қайта қалпына келгендер (қолға алынған қорғау жұмыстарына байланысты тіршіліктеріне одан әрі қауіп тумайтын, бірақ әлі де болса олардың тіршілігін бақылап отыруды қажет ететін түрлер)..

Кіші аққу – саны қалпына келе бастаған түр. Евразияның тундрасында ұялайды. Қазақстан арқылы көктем мен күзде ұшып өтеді. Қазақстанда санын шектеудің негізгі факторы – қасақылық. Аққуларды қорғаудың, әсіресе аңшылар арасында, үгіт – насихат жұмыстарын күшейту керек.

Қабылан – бұрын Қазақстанда Үстірт пен Қызылқұмда мекендеген, бүгін де бұл жерлерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені, 70-жылдардың ортасынан бастап республика шеңберінде бұл жыртқыштың кездескені жайында анық деректер жоқ. Негізгі себеп – қабыланды және оның ең басты қорегі қарақұйрықтарды тікелей аулап, сандарын азайту. Қолда өсірілген жыртқыштарды табиғи ортаға қайтадан жіберіп, оның санын қалпына келтіру жұмыстарын бастау керек.

Кесел – Қазақстанда тек Қызылқұмда ғана мекендейді. Саны аз және 2 түрлі себептен: тіршілік мекенінің азып-тозуы мен адамзаттың тікелей жоюынан (халық арасында бұл үлкен кесіртке бақытсыздық әкеледі деген сенім бар) саны азаюда. Қызылқұм қорығын ұйымдастыру керек.
Бақылау сұрақтары:


  1. Антропогендік ландшафттар.

  2. Жануарлар дүниесіне адамзат әрекеттілігі.

  3. Техногенді зардаптар.

  4. Топырақтың агрохимиялық қасиеттері.


Лекция № 28
Тақырыбы: Экологиялық мәселелерді ұйымдастыру.
(1 сағат)
Жоспар:


  1. ТМД - ның территорияларында табиғатты қорғау жөнінде комитеттер құру.

  2. Табиғи ортаны қорғауға қатысты ұйымдар мен қоғамдық экологиялық қозғалыстар.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Еліміздің табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселелерін, табиғи ортаны қорғауға қатысты ұйымдар мен қоғамдық экологиялық қозғалыстарды сипаттау.
1.Біздің елімізде халықтың сұранысы мен шаруашылық дамуын қамтамасыз етуге қажетті табиғат байлығы өте көп. Бірақ сақтап, үнемді пайдаланбаса олардың қоры қаншама мол болғанымен, уақыт өте келе таусылуы мүмкін. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың маңызы өте зор. Табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың екі бағыты (мемлекеттік және жалпыхалықтық) бар.

Мемлекеттік бағыт заңдар мен Үкімет қаулыларына сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне назар аудара отырып, 1918 жылы табиғат қорғау жөніндегі арнайы Комитет құрылды. Алғаш рет табиғатты қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға бағытталған заңдар қабылданды. Қазіргі кезде де табиғат қорғауға көп көңіл бөлінеді.

Табиғат және оның ресурстарын қорғау жөніндегі Халықаралық одақтың шешімі бойынша, әрбір ел өз аумағындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдік түрлерін есепке алуы қажет. Біздің елімізде Қызыл кітап 1978 жылы бекітілген. Бұл кітапқа сүтқоректілердің 21 түрі, құстардың 8 түрі енгізілген. Саны қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктер кейіннен есептен алынып тасталды. 1962 жылғы 16 сәуірдегі Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Президиумында "Қазақстан табиғатын қорғау туралы" Жарлық қабылданды. Мұнда пайдалы қазбалар, беткі және жерасты сулары, ормандар, жануарлар мен құстар, ауа, топырақ, сирек кездесетін ландшафтылар және басқалары мемлекет тарапынан қорғалатындығы туралы жарияланды. Жарлыққа қосымша ретінде әртүрлі табиғат байлықтарын пайдалану, топырақ құнарлылығы мен ормандарды сақтау, ресурстарды, ауа мен суды қорғау, сондай ақ балық және аң аулау тәртібі туралы нұсқаулар жиынтығы құрастырылды.

Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жарияланғаннан (1990) кейінгі мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық реформалар жүзеге асырыла бастады.

Кейінгі жылдары жер мен жер қойнауы туралы Кодекстер, "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен пайдалану туралы" және т.б. ресми құжаттар қабылданды.

Табиғат қорғау ісіндегі жалпыхалықтық бағыт азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың табиғат қорғау ісіне белсене араласуымен анықталады. Арнайы құрылған табиғат қорғау мекемелері қатарына Табиғат қорғау комитеті жатады. Бұл комитет ғылыми мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді, табиғат қорғаумен айналысады, қоғамды елдегі экологиялық проблемаларды шешуге жұмылдырады.

Республикада, сонымен қатар, Табиғат қорғау кұрамы жұмыс істейді, оның бөлімшелері көптеген қалалар мен облыстарда бар.

Табиғат қорғау ісінде қоғамның жас мүшелерінің белсенділігі аса маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен республикада жыл сайын жеміс бақтары, орманды саябақтар отырғызылады, дәрілік өсімдіктердің тұқымдары жиналады. Мектептерде "Құс мерекесін", "Орман мен бақ айлығын" өткізу дәстүрге айналды. Көптеген мектептерде "Жас орманшы", "Көгілдір патруль" штабтары құрылған. Республикада "Мектептегі орман шаруашылықтары", "Жасыл патрульдер" жұмыс істейді.

Реcпубликамыз табиғатын қорғауға тікелей атсалыса отырып, әрбір азамат материалдық өндірістің, адамның эстетикалық сұранысы мен денсаулығының, сергектігінің қайнар көзі болып табылатын табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіруге өз үлесін қосады.

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.

Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.

50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.

Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.

2.Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.

Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.

1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.

Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.

Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.

Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.

Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.

Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.

Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.

Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған.

Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.

Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.

Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.

Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.

Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.

Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.


Бақылау сұрақтары:

  1. ТМД - ның территорияларында табиғатты қорғау жөнінде комитеттер құру.

  2. Табиғи ортаны қорғауға қатысты ұйымдар мен қоғамдық экологиялық қозғалыстар.


Лекция № 29 - 30



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет