Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
-
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
-
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
-
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
-
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
-
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
-
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов физической культуры / Под общ. Ред. Матвеева Л.Н. Новикова А.Д. - М,: ФиС , 1976.
Лекция № 11
Гимнастикалық терминология.
Жоспар
Сапқа тұру және сап өзгерту
Гимнастикалық әдістемелік жаттығулардың өзіндік ерекшелігіне сай бейімділігін әдіс-тәсілдердің жиынтығы ретінде қалыптасты. Гимнастикалық жаттығуларға жатқызуға мүмкіндік
беретін сондай өзіндік ерекшеліктерге, қозғалыстардың қатаң түрде регламенттелген бағдарламасы жағдайында үйлесімділік және қозғалыс амалдарының айқын көрінуі жатады.
Мұнда бастапқы және соңғы жағдай қозғалыстардың бағыты мен амплитудасы бұлшық еттердің жұмсалатын күшінің сипаты дәл көрсетіледі. Қозғалыстардың стандартты бағдарламасына қарай қозғалыс дағдыларын үйретуге , қалыптастыруға және орнықтыруға қолайлы жағдайлар қалыптасқан.
Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Организмге жан-жақты әсер ету.
Тірек - қозғалыс аппараттарының барлық бөліктеріне ағзаның әр-түрлі жүйесінің функционалдық жағдайына және жалпылама өмір сүру деңгейіне ықпал ететін жаттығулар таңдап алынады. Қозғалыс дағдылары мен функционалдык дайындыгы сонымен қатар дененің күш қуатын, шыдамдылығын, иілгіштігі мен жылдамдығын жетілдіруші процестерді қосатын міндеттер атқарылады.
-
Гимнастика құралдары - жаттығуларының алуан түрлілігі. Гимнастиканың ғажайыптылығы сонда , оның құралдары яғни алуан түрлі жаттығулардың саны өте көп болады. Дене тәрбиесінде және спорттық біліктілікті арттыру процесінде пайда болатын кез-келген міндетті сауықтыру қолданбалы және спорттық сипаттағы гимнастикалык жаттығулар көмегімен оларды интенсивтіліктің әр-түрлі дәрежесімен қолдана отырып шешуге болады. Алга иілуді бастапқы жағдаймен түрлендіруге болады. Оны иіле тұрып, денені айналдыра қолдың қосымша қозғалысы арқылы орындаған жөн. Бұл жағдайда иілудің әрбір түрі өз алдына жеке бір жаттығу ретінде болады. Себебі оны орындау дербес жеке міндетті шешеді. Гимнастиканың көптеген жаттығулары емес, олардың кешенді жиынтығы қолданылады. Гимнастика сабақтарында жаттығулардың алуан түрлері соның ішінде спорттық құрылымдармен (снарядтар) болатын түрлері де қолданылады. Ал гимнастиканың спорттық түрлеріне көпсайыстық сипат тән. Мұнда спортшылар гимнастиканың әр-түрлі түрлері бойынша дайындықтан өтеді.
-
Жаттығуларды таңдап алу ықпалы.
Белгілі бір сапаны дамыту, бұлшық еттердің жекелеген топтарын жетілдіруден, ағзаның қандайда бір қызметін қалыпқа келтіруден туындайтын міндеттерді гимнастикалық жаттығуларды ,оларды қолдану әдістемелерін таңдап алу арқылы шешуге болады. Кеңістік пен уақыттың және күш-қуаттың сипаттағы жаттығулардың кез-келген бөлігіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер емдік дене тәрбиесінде , және де спорттың өзге де түрлерінде пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
-
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
-
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
-
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
-
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
-
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
-
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов физической культуры / Под общ. Ред. Матвеева Л.Н. Новикова А.Д. - М,: ФиС , 1976.
Лекция № 12
Гимнастикалық терминология, оның маңызы және оқыту әдістемесі» курсының негізгі міндеттері.
Жоспар
1. Алшақтау және жақындау
Эгоизмге , жекешілдікке жағымсыз бәсекелестікке тәрбиелеу біздің еліміздегі дене тәрбиесінің міндеттеріне жауап бермейді. Гимнастиканың әр түрлі ұлттық жүйелерін тарихи тұрғыдан бағалау олардың классикалык мәнін ашып беругe мүмкіндік береді. Гимнастика курсында оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысына , шұғылданушылар ұжымымен тілдесу формалары мен әдістеріне , үгіт насихат жұмысына жататын жалпы педагогикалық сипаттағы жаңа білімдер , ептіліктер мен дағдылар пай да болып одан бұрынғылары дамып отырады.
Бұл жерде қоғамдық-педагогикалық, және оқу-өндірістік іс-тәжірибеге қамқорлық жұмысына ерекше маңыз беріледі. Егер де нақты айтар болсақ, олар мыналар:Мектепте гинастика секциясын ұйымдастыру , әр-түрлі топтармен сабақ жүргізу , гимнастиканың маңызы жөнінде әңгіме өткізу , мейрамдарға гимнастикалық көрсетілімдерді дайындау және т.б.
Педагогикалык факультеттерде гимнастика курсын окыту мынаны қарастырады маманның қолында бұқаралық түрлерінің барлық негізгі құралдары болуы тиіс. Жаттығулары практика жөнінде меңгерілуі тиіс. Жаттығуларды снарядтарда орындау дайындықтың оқу бағдарламасының көлеміне де , сондай ақ спорттық бағдарлама көлеміне де кіреді. Секірулер көркем гимнастиканың жаттығулары , еркін және акробатикалық жаттығулар. Сол көлемде гимнастиканың негізгі қолданыс кұралдарының ішіне кіреді. Мүнда тек студенттердің қандай да бір жаттығуларды үйрететін ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруына да ерекше көңіл бөлінеді. Бұл курстын теориялык бөлімдерін біріктіретін өте ауқымды тарауы.
Команда беру , көрсету, түсіндіру, көмек қабылдау, кателерді түзетү. шұғылданушылардың үлгерімі мен функциналдық жағдайын педагогикалық бақылау, сабақтарда қолға алынатын қауіпсіздік шаралары. Міне мүның бәрі бірден академиялық сабақтардың толық тізімін білдіре бермейді.
Гимнастика түрлері мен сабақтың әр-түрлі формаларын игеру кезінде контингенттің ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілетін жұмыстардағы ептіліктер мен дағдыларын , білімдерін қалыптастырады. Бұл ерекшеліктер: жас ерекшеліктері мен жыныс ерекшерліктері болып табылады.
Жеке қозғалыс дайындығы гимнастикалық жаттыгулар кезінде ептіліктер мен дағдылар деңгейіне жеткізіп игеру кезінде практикалық сабақтарда жүзеге асырылады. Бұдан өзге, міндетті және факултативті сабақтар есебінен жеке спорттық дайындық мүмкіндігі де қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
-
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
-
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
-
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
-
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
-
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
-
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов физической культуры / Под общ. Ред. Матвеева Л.Н. Новикова А.Д. - М,: ФиС , 1976.
Лекция №13
Қимылдар мен тұрақты қалыптарға арналған /атаулардың/ терминдердіңқұралу ережелері.
Жоспар
1.Музыка практикасы.4-ке санау
Дене жаттығуы - шынығудың негізгі құралы.
Дене тәрбиесінің нәтижелілігі барлық құрал -жабдықтарды тиімді қолданғанда ғана жеткілікті нәтиже береді, алайда, дене тәрбиесінде артық салмақтан арылу үшін дене жаттығуына келіп тірелеміз. Оның мынандай себептері бар :
1. Барлық педагогикалық мәселелердің ішінде тек дене тәрбиесі ғана қимыл әрекет пәні болып есептеледі.
2. Дене жаттығуы организмнің морфофункциональды жағдайына ғана ықпал жасап қоймайды, жаттығушының жеке басына да ыкпалы зор.
3. Дене жаттығуы - адам ойының және бет әлпетінің қозғалыс жүйесі.
4. Дене жаттығуы - бүл дене тәрбиесі аясында қоғамдық тарихи тәжирбені, оның ғылым және тәжирбелік жетістіктерге жету тәсілі.
5. Алам қозғалысында табиғи мұқтаждықты қанағаттандыратын да дене жаттығуы.
Дене жаттығуларын анықтау шарттары
Қайталанған дене жаттығулары тиімді болуы да мүмкін, ал керісінше. әр түрлі дене жаттығуларынан бірдей нәтиже байланыстылығының шығуы мүмкін. Бүл дене жаттығуларының өзара үздіксіз дәлелі болып табылады.
Демек шарттарды білу дене жаттығуларының тиімдлігін анықтау, педагогикалық процестерді бағыт - бағдарды көтеруге мүмкіндік береді. Шарттардың көп түрлілігі, классификацияланып, мына төмендегіше болуы да мүмкін.
І.Мұғалім окушының жеке мінез ерекшеліктері аса маңызды етеді.
Оқыту процесі екі жақты процес — мүғалім оқытады, оқушы оқиды, сондықтан кімнің қалай оқытанында, дененің дамуы оқыту мен үйренудің сапасына байланысты.
2.Дене тәрбиесі заңдылығына қарай адам санасының шамасы ғылыми шарттармен бейнеленеді. Неғүрлым дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық, физиологиялык еркшеліктері көбірек анықталса, соғүрлым ( педагогикалық мэселелерді шешу тиімді болмақ.
З.Әдістемелік шарттар дене жаттығуларын орындауда кеңейтілген талаптар тобын біріктіреді.
Дене жаттығуларын үйренуде және оны басқа да педагогикалық мәселелерді шешуге қолдана отырып, тиімді мүмкіндіктерді, яғни шешімін табатын мақсатты білу және үлкен жетістікке жету, екіншіден , оның қүрылымы, үшіншіден, қайталау тәсілдерін игеру шешуші ол атқарады.
Бүл дене жаттығуын жасауда, құралдарды таңдауда және педагогикалық мәселелерді шешудегі дене тәрбие әдістерін анықтайды.
Дене жаттығуларының тиімділігі тек аса кеп жүктемелерден кейін байқалады. Дене жаттығуларының нәтижесі оны орындау тәсілдеріне де байланысты.Оны орындауда кәсіпқойлықты , функциональды өзгерістерді, белгілі бір уакытты сақтауды талап етеді.
.4. Дене тәрбиесінің жүйесі сауықтыру бағытындағы негізгі принциптері гигиеналық шарттар болып табылады. Олардың мақсаты - адам өмірін керекті дене жаттығулар вариантарын жасау. Ал екінші жағынан сол жаттығулардың тиімділігін , гигиеналық нормаларын қадағалау. Дене тәрбиесінің толық мәнді шешімін табуы үшін гигиеналық нормаларын қадағалау. Дене тәрбиесінің толық мәнді шешімін табуы үшін гигиеналық тәртіпке аса көңіл бөлуі керек.
Қанша жерден педагогикалық процесс жаксы ұйымдастырылғанымен режим бүзылған жағдайда жетістікке жету жағы шамалы ғана болмақ, демек дене жаттығуларының тиімділігі, пайдасы болмайды деген сөз.
Гигиеналық шарттар екі салаға бөлінеді:
1) Дене тәрбиесі процесінен белек адам өміріндегі қоғамдық еңбек гигиенасы, демалу , тамақтану нормалары жаттығуларының толық дерлік орындалуын қамтамасыз етеді.
2) Дене тәрбие процесінде гигиеналық нормалардың сақталуы, арнайы тамақтану, ауаның тазалығы тынығу орындары болуы шарт.
5. Метеорологиялық шарттар - дене жаттығуынан көп әсерлі жетістіктерге жету шарттары, іс-қимыл заңдылықтары тобын құрайды.
Адам әр кезде қоршаған ортамен тығыз байланыста. Ауа райының бұзылуы, күннің өтуі, атмосфералық қысымдар бәрі-бәрі адам организіміне әсер етпей қоймайды, сондайда дене жаттығуы тиімді.
Бұның бәрі дене жаттыгуы техникасында баяндалады. Дене тәрбие процесінде табиғи күшті пайдалану екі бағытта жүргізіледі.
1) Табиғи күштың дене жаттығуы үшін әрекеті аса пайдалы. Олар адам организміндегі қозғалысқа ықпал жасап тиімділігін арттырады және толықтырады.
2) Табиғи күш күн көзінде, суда сауықтыру. шынықтыру құралы іспеттес. Табиғи күшті пайдаланудың басты талаптарының бірі дене жаттығуымен қабат жүйелі және кешенді түрде қолдану.
6. Ықпал жасау шарттарының бірі - дене жаттығуларының соңғы нәтижесін анықтау. Сондай-ақ дене тәрбиесінің негізгі құралдарын ғана емес, қосымша - гигеналық, метеорологиялық өлшемдерді де қарастырады. Әрбір құралдың өзіндік мүмкіндіктері мен адам организмін шынықтырудағы ролді анықтайды .
7. Материалдық шарт спорттық жетістіктерге жетуде үлкен рөл атқарады.
(спорттық іргетас, құрал-сайман, киім және т.б.).
Дене жаттығулары
Дене жаттығуларының теориялық қағидаларға сәйкес мұғалімнің педагогикалық мақсатқа сәйкес дене жаттығуларын іріктеу мүмкіндігі бар, Дене жаттығуларының негізгі жүйесін өңдеу; дене жаттығуларының педагогикалық жүйесін толығымен пайдалану, дене жаттығуларына кешенді қосымша қүралдарды тиімді пайдалану.
" Дене жаттығуы " үғымы адамның қимыл- әрекеті және қозғалысымен тікелей байланысты .
Қозғалыс - организмнің моторлы қызметі секілді, денеде және оның бөлігіндегі өзгеріс. Дене тәрбиесі үшін ерікті қозғалыстың маңызы зор.
Әрбірерікті қозғалыстың үш белгісі бар.
1) Ол әрқашанда сана - сезім қызметі болып табылады;
2).Қозғалыс-адам әмірінің ерікті серігі.
Қозғалысты үйрену оқушы еркінің төселу деңгейін жоғарылатады.
Ерікті қимыл сананың әрекеті болып табылады . Жеке қозғалыстар қимылдың әлементтері болып табылады. Қозғалыстардың өзара байланыстары арқылы қимыл - әрекет іске асады. Мысалы, аяқтың, қолдың, дене қозғалысы қимылын секіру түрінде оқушы еркін аткара алады. Бір ғана қозғалыспен әр түрлі қимыл әрекетпен әр түрлі қозғалысты іске асыруға болады. Яғни бұл былай түсіндіріледі бір ғана қимылдан әр түрлі қозғалыс тууы мүмкін және қайталанған қозғалыстар әр түрлі жылдамдықта іске асады.
Алға қойған мақсатты шешу қозғалыс жүйелерінің сапасы мен сәйкестігі қорытындысымен анықталады.
Қимылды іс-әрекеттің нақты тәсілі ретінде жүзеге асыруға болады. Мысалы: Оқушылардың оқу іс-әрекеті дене шынықтыру сабағында қозғалыс , жүйесін меңгеруден тұрады . Сондай-ақ бұл мәселеге мемлекеттік бағдарламаларда қаралған. Әрбір қозғалыстың өзіндік әлеуметтік бейнесі бар. Сондай-ақ оқушы қозғалысты қоғамдық тәжірибе мен білімге сүйене отырып жаттығады. Сонымен қатар, қозғалыс кейбір педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Мысалы: 6 -сынып оқушысы қысқа қашықтықта жүгіруді, ұзындыққа және биіктікке секіруді, доп лақтыруды үйренгеннен кейін өзін жеңіл атлетика бөлімі бойынша «Еңбек және қорғанысқа дайындық» кешенінің талаптарын орындауға дайындайды.
Қозғалыстың көпшілігі оқушы жаттығуының негізінде қалыптасады.
Қозғаушы қимыл әрекет дене жаттығуы деп аталады, ол адамның шынығуы үшін таңдалынған. Әрбір қимыл әрекет дене жаттығуы деп атала бермейді, ол тек дене тәрбиесі мақсатында жасалған міндеттерді шешеуге бағытталған.
"Дене" сөзі істелінген жүмыстың бейнесі , адам денесінің сыртқы бейнесінде және оның бөлігінде көрінеді. Дене жаттығулары , дәлірек айтқанда, ерікті акт, сана қызметі больш табылады .
Ал жаттығу - адамның физикалық жэне психикалык қасиетін арттыруға бағытталған іс-әрекет. Сонымен, дене жаттыгуы . біріншіден, нақты қимыл - әрекет, ал екіншіден, бірнеше рет қайталау процесі.
Дене жаттығуларының бейнелі белгілері.
І.Дене жаттығуымен педагогикалық мақсат жүзеге асады, еңбек қимылымен өндірістік мақсат жүзеге асады.
2.Дене жаттығулары дене тәрбие заңдылықтарына сәйкес орындалады. Еңбек қимылы-әрекеті - өндіріс заңдылыктарына сәйкес орындалады.Еңбек қимылы мен дене жаттығуларының сыртқы үқсастықтарына қарап, бір-бірімен ауыстыруға болмайды.
Барлық козғалыс, қимыл әрекет дене жаттығуы заңдылықтарына бағынады, сондай-ақ оқушы организміне тиімді әсер етеді, ал екінші жағынан, жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
-
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
-
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
-
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
-
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
-
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
-
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов физической культуры / Под общ. Ред. Матвеева Л.Н. Новикова А.Д. - М,: ФиС , 1976.
Лекция №14
Негізгі және қосымша терминдердің сипаттамасы
Жоспар
1. Жалпы дамыту жаттығулары
Бөлшектеп машықтандыру әдісінің педагогикалық артықшылықтары :
1. Қозғалу кимылдарына машықтану процесін женілдетеді. Бұл ретте, шәкірт мақсатқа аз жеке икемдік қимыл қорын келе -келе молайту жолымен жетеді. Соның нәтижесінде оның бойында кажетті қимыл икемділігі қалыптасады. Мұндай тәлім әрбір детальға мүқият назар аудара отырып , түтас алғанда қозғалу- қимылдау әдісіндегі оның атқаратын ролін жете сезіп білуге ықпал етеді. Бүл өз кезегінде жеке элементтер мен түтас қимылдарды жете игеріп меңгеруге жетелейді. Осының нәтижесінле_машықтану мерзімі қысқарып, қозғалудың жалпы мәдениеті арта түседі.
2. Бөліп – бөліп машықтандыру әрбір сабақ барысында үйрету процесін нақтылап оны орнықтыра түседі, өйткені шәкірттердің әрбір элементті табысты меңгеруі көнілде канағаттанушылық сезімін оятады.
3. Қорытындаушы жаттыгулардың мол болуы машықтану сабақтарынын әр алуан болып түрленіп , үйрету процесініц тартымды болуына оң ықпал етеді.
4. Қимыл бөліктерін үйрену барысында жинақталатын козгалысты қимыл машықтарының қомақты қоры балалардың қозгалып, қимылдауда тәжирбесін молайту мәселесін табысты етіп шсшуге мүмкіндік береді.
5. Бөліп - бөліп /үйрету әдісін қолдану естен шыққан машық - дағдыларды тез қалпына келтіруге ықпал етеді.
6. Бұл әдіс үйлестіру жағынан күрделі қимылдарды зерттеуде және жекелеген дене буындарына бұлшық ет топтарына әсер етуде аса қажетті. Сонымен бөліп-бөліп әдісі зерттелінетін қимылдарға творчествалық тұрғыдан талдау жасауға көмектеседі және қимылдарды тек олардың сыртқы түр-тұрпатында сезініп, қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Тұтас үйрету әдісі қимылдарды үйретудің түпкі мақсаты күйінде зерттеуді қарастырады.
Бұл әдіс үйретудің кез-келген кезінде қолданыла береді.
Егер шәкірттердің дайындық деңгейі жоғары болып, жаттығулар қарапайым да жеңіл болса, бүл кезде қорытындаушы жаттығуларды қолдануға қажеттілік болмай, түтас үйрету әдісі үйретудің алғашқы кездерінде ғана қолданылады. Қорытынды, яғни соңғы кезеңде түтас машықтандыру кез-келген қимылдарды игеру кезінде қолданылады. Егер алғашқы кезеңдерде қимылдар дараланған түрде қолданылса, қорытынды кезеңінде олар міндетті түрде түтасымен орындалады. Өйткені онсыз дене жаттығуларының техникасын жеттілдіру мүмкін емес. Кейбір қимылдар шәкірттердің жақсы дайындығымен салыстырғанда тым қарапайым болуы мүмкін, сондықтан мүндай жағдайда бөліп-бөліп үйрету әдісі педагогика түрғысынан алғанда өзін ақтамайды .
Мәжбүрлік - жеңілдету үйрету әдісі "жасанды басқару ортасы " теориялық тұжырымдамасына мінезделінеді. (М.П.Ратов) Оны машықтандыру әдісінің тұтас алғанда вариантты ретінде қарастыруға болады . Бүл ретте қолдан жасалынған және қатаң тәртіппен белгіленген жағдайларда үйретілетін жаттығуларды (немесе оның элементті) ой елесінен өткізіп жаттығушының мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп техникалық жабдықтарды, яғни тренажерларді пайдалану керек. Бүл үйренушіге қорытындының жоспарланған денгейінде жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді.
Бұл әдіс үйренушінің дене дайындығының денгейін көтере отырып, қозғалтқыш дағдыларды қайта жабдықтауда қажет етпейді. Бүл машықтанудың ерте басында – ақ козғалтқыш қимылдық жылдамдық негізінің ырғағы мен бұлшық ет үйлесімділігін реттеу жолымен қол жетеді.
Әрбір тренажерлік жабдық қозғалу қимылының нақты бір түріне арналып жасалынады. Спринтірлік жүгіруге үйретуге арналған "озуды жеңілдетін" тренажері жүзу кезінде шыркөбелек айналу техникасына машықтануға арналған.
Ойын тәсілі
Ойын әдісі дене тәрбиесіндегі ойындарға тән көптеген белгілерімен сипатталынады. Ойын дене тәрбиесінің құралы ғана емес, сонымен қатар ол үйрету мен тәрбиелеудін тиімді әдісі болып табылады. Сондықтан да ойын әдісінін табиғатын үғыну үшін жалпы ойынның мәнін айқындап түсіне білу керек.
Дене тәрбиесіндегі кез келген ойынның мазмүнның негізін адам денесінің дамып , жетілуіне ыкпал ететін қимылдар құрайды. Өйткені , гимнастика , спорт, туризм арасындағы айырмашылық көп жагдайда шартты болып келетінін айта кету керек. Бүл шарттылық олардың дамуы қарқынына карай айкын көріне бастайды. Ойынды белгілі ережелер шегінде орындалатын қимылдарлың жүйесі деп тану керек.
Ойын әдісіне тән сипатты белгілер :
1. Ойын қимылдарындағы айқын көрінетін бәсекелестік пен сезімдідік.
2. Күрес жүргізу шарттарының қимылдарды жасау талаптарының ауытқып өзгеріп отыруы.
3. Қимыл жасауда творчествалық, инициативаға жоғары талаптарды кою. Ойын жағдайларының түрленуі дене жаттығуларының нәтижелігін дербес тандауды талап етеді.
4. Қимылдар мен артык қимыл жүктемесі сипатында қатаң белгіленген уакыт тәртібінің жоқтығы.
5. Әр түрлі қиыл дағдылары мен сапаларының кешенді көрініс табуы.
6. Көп жағдайда ойыншылар арасындағы қарым қатынас қандай бір зат, немесс доп арқылы атқарылады.
.
Жарыс тәсілі
Жарыс тәсілінің өзіне тән белгілері бар. Атап айтқанда жарыс тәсілі арқылы кез-келген дене жаттығуларын орындауға болады. Өзіне тән белгілері бірнеше жолдармен ерекшелінеді:
I Жаттығушылардың күшін салыстырып, олардың кимылын белгілі бір дәрежеге сәйкестендіріп , жеңімпаздарды айқындау.
2. Жарыс тәсілі жаттығушылардың функционалды жэне психикалық мүмкіншіліктерін толық ашудағы және дене дайындығын көтерудегі рөлі өте үлкен.
3. Оқушыларға берілген тапсырмаларды бір жүйеге келтіреді және жаттығуларды жетілдіріп, дене сапасын тәрбиелеу барысында шектеулі жағдайда қолданылады .
Жарыс кезінде пайда болған мәселелер тез шешім қабылдауды талап етеді. Жарыс тәсілі балаларды аз уақыт ішінде жаттығуларды оқып үйренуге мүмкіншілік туғызады. Жарыс тәсілдерін дүрыс пайдалаудың нәтижесінде оқушылардың ептілік, төзімділік, шыдамдылық қасиеттері жетіледі. Егер сабақ барысында, жарысты өткізу кезінде мұғалім қателіктер жіберсе, (олардың мінез-құлқын дүрыс бағаламау) онда тәрбиелеумен түзелмейтін жағдайларға душар болуы мүмкін.
Үйренген қимылдарға, әдістерге сәйкес келетін дене жаттығуларын орындату жақсы нәтижелерге кол жеткізеді. Бүл окыту барысында оқушылардың саналығымен жоғарылатуға, үйретілетін жаңа қозғалыстарды дүрыс кабылдаута жетелеп, оған ұқсас әдістерді тез, әрі жеңіл орындауға септігін титізеді. Мысалы, қар лақтырып ойнаған бала допты нысынаға дәл тигізу машығын қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
-
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
-
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
-
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
-
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
-
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
-
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов физической культуры / Под общ. Ред. Матвеева Л.Н. Новикова А.Д. - М,: ФиС , 1976.
Достарыңызбен бөлісу: |